Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 11:29, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды, бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпаратты алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақыстан Республикасының бүкіл шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизімдеріне түбегейлі әсер етті.
КІРІСПЕ............................................................................................................... 4 бет
1 Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны және жіктелуі, ұйымдастыру және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі
1.1. Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны және жіктелуі........................6 бет
1.2. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің аудитін ұйымдастыру және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі..............................................................10 бет
2 . Кредиторлық берешек аудитінің есебі
2.1. Ұйымның қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есебінің аудиті............................................................................................................17 бет
2.2. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу аудиті.............................................................................................................22 бет
2.3. Бюджетпен есеп айрысу міндеттемелерінің аудиті..................................
3.АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
‘Santo” ұйымының 2011 жылғы 25 ақпанына несиелер мен заимдар есебі.
‘Santo” ұйым басқармасының құжаттары негізінде тәуелсіз аудиторлар келесідей қорытынды жасады:
"Біз ‘Santo” ұйым басқармасының 2011 жылғы 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша және көрсетілген күнге аяқталған кезең үшін ұсынылған 1, 2, 3 және 4-нысандар бойынша аудитін жасадық. Есептердің бұл нысандары Компания басшылығының жауапкершілігі болып табылады. Есептердің нысандары бойынша өзіміз жасаған аудит негізіндегі пікіріміз біздің жауапкершілігіміз болып табылады. Біз аудиторлық тексеруді Халықаралық аудит стандартына сәйкес жасадық. Сол стандарттарға сәйкес біз аудитті Есептер нысандарында елеулі ауытқушылық жоқ екендігіне жеткілікті сенімді бола алатындай болу үшін жоспарлап жүргізуге тиіс болдық. Аудит Есептер нысандарында келтірілген сомаларды құжат түрінде растау үшін деректерді ішінара тексеруді қамтиды. Бұдан басқа, аудит қолданылатын бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаттарын және басшылық жасаған елеулі субъективті бағаларды талдауды, сонымен қатар Есептер нысандарының жалпы ұсынылымын талдауды қамтиды. Біз өзіміз жүргізген аудиторлық тексеру өз пікірімізді білдіру үшін жеткілкті негіз береді деп есептейміз. Біздің пікірімізше, жоғарыда көрсетілген Есептер нысандары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2005 жылғы 22 желтоқсанындағы № 427 бұйрығына сәйкес барлық елеулі тұрғыдан тиісінше түрде дайындалған".
Осылайша, бұл оң пікірлі
қорытынды осы акционерлік
Қорытынды
Қорыта келе, менің курстық жұмысымда қарастырылған қысқа мерзімді кредиторлық берешектер есебі. Ұйымның қысқа мерзімді кредиторлық берешегіне аудитті жүргізу, кәсіпорынның өз міндеттемелерін тапсырыс берушілер, мердігерлер, акционерлер, мемлекет алдындағы және т.б. міндеттемелерімен дұрыс және өз уақытында есеп айрысқанын анықтау, яғни тексеру жүргізу ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді.
Кредиторлық берешектерге аудит жүргізу. Кәсіпорын үшін маңызды шаралардың бірі болып келеді. Кредиторлық борыштарға аудиторлық тексеру жүргізгенде аудитордың басты міндеттері:
1. төлем тәртібін сақтау
ережелерін, есеп айырысу кезінде
қолданылған бағаның (тарифтың) негізділігін,
есеп айырысу қаржыларының
2. шаруашылықтың балансында
көрсетілген несиелік борыш
3. есеп айырысуларды ретке
келтіру, несиелік борышты
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуды тексеруден бастап аудитор, жоғарыда аталғандай, несие берушілермен өзара салыстыру (түгендеу) жүргізу қажет. Өзара салыстыру, есеп айырысудың жағдайы туралы қатынас сауалнама арқылы, оған тексерудегі үйымға тиісті борыштарға көшірме- түсініктеме тіркеліп жүргізіледі.
Қатынас сауалнамалар, егер
шоттарда қомақты сомалар көрсетілсе
немесе жабдықтаушылардың сатып
алушылардан талап еткен
Несиелік борыштардың нақтылығын тексеру аудитордың маңызды іс-әрекеттерінің бірі болып табылады, өйткені несиелік борыштар мен операцияларды нақты ақшамен сөндіру (қайтару) залымдыққа, талан-таражға салуға және қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін бұрмалауға мүмкіндік береді. Ұйымның несиелік борышын тексерген кезде, аудитордың басты мақсаты баланста көрсетілген оның көлемінің (шамасының) дәлдігін және дұрыстығын анықтау болып табылады. Бұл үшін, ол баланстағы мәліметтерін Бас кітаптағы, журнал-ордердегі, ведомотардағы және басқа да есеп регистрларындағы, машинажазбаларындағы жазуларымен салыстыруы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер: