Касипорыннын акша

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 04:50, курсовая работа

Краткое описание

«Қаржылық есеп-1» пәнінен курстық жұмысты орындау мақсаты өзіндік ізденіс пен ғылыми және оқу әдебиеттерін жалпылап, сонымен қатар кәсіпорында есепті компьютерлендіру бойынша тәжірибелік мәліметтер; белгілі бір шаруашылық операцияларды компьютерлендіру есебінің қолданыстағы тәжірибесін және теориясын өз тұрғысынан бағалау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жетілдіру үшін нақты және объективті ұсыныстар беру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау негізінде неғұрлым терең теориялық және практикалық дайындықтан өту.

Оглавление

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
Әдебиеттердің қайнар көздерін таңдау және қолдану
Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары)
Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі
Курстық жұмысты рәсімдеу
Курстық жұмысқа пікір жазу
Курстық жұмысты қорғау мен бағалау
Курстық жұмыстың тақырыптары
Курстық жұмыс тақырыптарын таңдау
Жалпы ұсынылған әдебиеттер санағы

Файлы: 1 файл

ФИНУЧЕТ (каз).docx

— 138.98 Кб (Скачать)

Қорытынды мәтінінің соңғы  бетінде студенттің қолы мен жұмысты  аяқтау күні қойылады.

Ары қарай пайдаланылған  әдебиеттер тізімі беріледі. Ол 15-тен кем болмауы тиіс. Олардың реті келесі бөлімдер мен жалғасымдылықты қамту тиіс.

  1. Заңдар мен басқа да нормативті актілер – мәнділігі мен мерзімі бойынша беріледі.
  2. Кітаптар, монографиялар, оқу құралдары авторлардың аты-жөні бойынша алфавиттік ретте.
  3. Соңғы екі жылдағы анықтамалық әдебиет.
  4. Баспасөз беттерінде жарияланған мәлімет (автордың аты-жөні, мақаланың аты мен қайнар көзі, авторлар бойынша алфавиттік ретте)-соңғы екі жылдағы мәліметтер болған дұрыс.

Қосымшалар мәтінде берілуіне  байланысты номерленіп, негізгі мәтінмен бірге ары қарай жалғастырылып бет номері қойылады; беттер кіріспедегі 3 номерден бастап соңғы қосымшаға дейін сандарды үзбей қойылады.

Курстық жұмыстың құрылымдық элементтері:

- Титулды бет (қосымшаны қараңыз)

- Мазмұны (қосымшаны қараңыз)

- Кіріспе

- Теориялық бөлім

- Тәжірибелік бөлім

- Қорытынды

- Қолданылған әдебиеттер тізімі

- Қосымшалар

 

6. Курстық жұмысты рәсімдеу

 

Курстық жұмысты студент А-4 форматындағы беттерде оқытушының ескертулеріне арналған жолдар қалдырып орындайды. Оның мәтіні парақтың бір бетінде, міндетті түрде компьютерде теріледі. Парақтың екі жағынан орын қалдырылады, 2,5 см сол жақтан, 1,5 см оң жақтан, жоғарыдан және төменне 2 см, мәтін шрифті 14, интервал 1,0. Курстық жұмыстың барлық беттері номерленуі тиіс. Мәтіндегі әрбір сұрақтың атауы жоспарға сәйкес болуы тиіс.

Жаңа сұрақты алдыңғы  сұрақ біткен бетте, егер ол бетте  сұрақтың атауынан басқа мәтіннің бірнеше  жолдары сыйса бастауға болады. Сұрақтардың атауы негізгі мәтіннен бөлініп көрсетілуі тиіс.

 

 

 

    1. Курстық жұмысқа пікір жазу

 

Толықтай рәсімделген  курстық жұмысты студент белгіленген  мерзімде университеттің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасына тапсырады.

Курстық жұмыстың сапасы теориялық  және тәжірибелік мазмұнын есепке ала  отырып пікір жазушымен бағаланады.

Пікір жазуға берілген курстық  жұмысты тексеру кезінде жетіспеушіліктер анықталады: мазмұнның төмен теориялық  деңгейі (ол қате және ескі мәліметтер келтірілсе, мәтін толығымен немесе орталай кітаптардан, оқу құралдарынан, мақалалардан көшіріліп алынса); мәтінде жалпы қабылданғандардан басқа қысқартылған сөздер көп болса, грамматикалық және стилистикалық қателіктермен болса; курстық жұмыстың белгілі бір құрылымдық бөлімі жоқ болса (жоспар, қосымша, қолданылған әдебиеттер тізімі); титулдық бет дұрыс рәсімделмесе; шаруашылық операцияларды компьютерлендіру мен есепті ұйымдастыру бойынша қорытындылар болмаса; есепті жетілдіру мен оны компьютерлендіру барысында ұсыныстар берілмесе. Осы келтірілген жетіспеушіліктер анықталса, курстық жұмыс қайта орындауға беріледі.

Курстық жұмыс студентке келесі жағдайларда да жөндеуге беріледі:

а) егер жұмыс берілген әдістемелік нұсқаулықта көрсетілген тақырыпқа сай орындалмаса және тақырыпты таңдау кестесі бойынша студентпен бекітілмесе;

б) егер тақырыпты ауыстыру кафедра меңгерушісімен рұқсат етілмесе;

в) егер курстық жұмыс тақырыбы толығымен ашылмаса немесе мазмұнында елеулі қателіктер болса.

Жағымсыз сын пікір  қалыптастырған курстық жұмыс оқытушы-рецензенттің ескертулері негізінде студентпен қайта өңделеді. Қайта өңделген курстық  жұмысқа қорғауға жібермеген сын-пікірмен бірге тапсыру қажет.

 

    1. Курстық жұмысты қорғау мен оны бағалау

 

Қорғауға оң сын-пікір  берілген курстық жұмыс жіберіледі.

Курстық жұмыс «Қаржылық  есеп-1» курсы бойынша емтихан  күніне дейін студентпен қорғалады. Кафедрамен белгіленген комиссия алдында студент 10 минут ішінде орындаған жұмыстың негізгі мазмұнын түсіндіреді. Студенттің жұмысты қорғау барысында сұрақтарға жауап беруіне, оқытушының берген сын-пікіріне байланысты комиссия жұмысты бағалайды, ол баға транскриптке қойылады. Қанағатсыз бағаланған курстық жұмыс қайта қорғауға жіберіледі. Курстық жұмыс бойынша транскриптте баға болмаса, студент «Қаржылық есеп-1» курсынан емтихан тапсыруға жіберілмейді.

 

 

9. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ

 

  1. Бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау және алдағы уақытта ҚР-да  есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары.
  2. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысандары.
  3. Қаржылық және басқарушылық есептер сипаттамалары.
  4. 2 «Қорлар» халықаралық қаржылық есеп стандартының сипаттамасы, оның пайдалану аясы және мазмұны.
  5. Ұлттық қаржылық есептілік стандартының сипаттамасы, оның мәні мен мағынасы.
  6. Қорларды сақтау орындарында есепке алу
  7. Материалдық қорлардың кәсіпорын бухгалтериясындағы есебі.
  8. Материалдық қорларды түгендеу және нәтижесін ксепке алу.
  9. Негізгі құралдардың келіп түсуін есепке алу.
  10. Негізгі құралдардың шығысының (босатылу) есебі.
  11. Негізгі құралдарды жөндеулері және капитализациялау есебі.
  12. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеп анықтау, оның есебі және олардың құнсызданулары.
  13. Жалға алынған негізгі құралдардың есебі.
  14. Материалдық емес активтердің есебі.
  15. Сатып алушы мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектер есебі.
  16. Қызметкерлердің есеп берілетін сома бойынша  дебиторлық берешегінің есебі.
  17. Өзге дебиторлық берешектер есебі.
  18. Күмәнді талаптарға құрылған резервтің есебі.
  19. Еншілес кәсіпорындар мен дебиторлық және кредиторлық берешектерінің есебі
  20. Қауымдасқан және бірлескен іс қызметтегі кәсіпорындардың  дебиторлық берешектерінің есебі.
  21. Болашақ кезеңнің шығымдары мен кірістерін есепке алу.
  22. Банктегі арнайы және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттар           есебі.
  23. Банктік ағымдық валюталық операциялардың ақша қаражаттар есебі.
  24. Жарғылық капитал есебі.
  25. Басқа да меншікті капитал және резервтер есебі.
  26. Банктік және банктен тыс мекемелер заемдарының есебі.
  27. Қосылған құн салығы бойынша бюджетпен есеп айырысудың есебі.
  28. Әлеуметтік салық пен әлеуметті аударымдар бойынша бюджетке есеп айырысу есебі.
  29. Жеке табыс салығы бойынша міндеттемелер есебі
  30. Басқада салықтар бойынша міндеттемелер  есебі.
  31. Жеткізушілер мен медігерлерге кредиторлық берешек есебі
  32. Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек есебі
  33. Еңбекақыдан ұсталымдар есебі және түрлері.
  34. Еңбек ақы төлеу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек есебін  компьютерлендіру
  35. Басқадай табыстар мен шығыстар есебі
  36. Өткізілген өнімдер мен көрсетілген қызметтерден табыс пен өзіндік құн есебі
  37. Өткізілген тауарлар және көрсетілген қызметтерге кеткен шығыстар есебі.
  38.   Қорытынды және бөлінбеген пайданың есебі (жабылмаған зиян)
  39. Кәсіпорынның есептік және салықтық саясаты, міндеті мен мазмұны
  40. Кассадағы және банктік шоттардағы есепті компьютеризациялау
  41. Бухгалтерлік есеп үлгісінің мінездемесі және оның жетілдіру жолдары
  42. Қорларды компьютеризациялау
  43. Ұйымның қаржылық есептілігі
  44. Вексельдерді қолдану бойынша төлемдердің есебі
  45. Ұйымдар мен кәсіпкерлерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы.
  46. Активтердің құнсыздануының есебі.
  47. Активтерді қайта бағалау
  48. Жылжымайтын инвестициялар есебі.
  49. Қаржылық құралдар есебі.
  50. Қаржылық жалдау есебі.
  51. Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік.
  52. Корпоративтік табыс салық есебі
  53. Қаржылық есептіліктің өзгеде үлгілер және түсініктеме хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.Курстық жұмыс тақырыбын таңдау кестесі

 

Студенттің реттік номерінің  екі соңғы сандары

Курстық жұмыс тақырыбының  номері

00

25

50

75

1

26

51

01

26

51

76

2

27

52

02

27

52

77

3

28

53

03

28

53

78

4

29

9

04

29

54

79

5

30

10

05

30

55

80

6

31

11

06

31

56

81

7

32

12

07

32

57

82

8

33

13

08

33

58

83

9

34

14

09

34

59

84

10

35

15

10

35

60

85

11

36

16

11

36

61

86

12

37

17

12

37

62

87

13

38

18

13

38

63

88

14

39

19

14

39

64

89

15

40

20

15

40

65

90

16

41

21

16

41

66

91

17

42

22

17

42

67

92

18

43

23

18

43

68

93

19

44

24

19

44

69

94

20

45

25

20

45

70

95

21

46

26

21

46

71

96

22

47

27

22

47

72

97

23

48

28

23

48

73

98

24

49

29

24

49

74

99

25

50

30


 

 

11. Курстық жұмыстар  тақырыптарына үлгілік жоспар.

 

1 Тақырып. Бухгалтерлік  есеп жүйесін реформалау және  алдағы уақытта ҚР-да есеп пен қаржылық есептілікті жетілдірудің бағыттары.

 

                          Теориялық бөлім.

Кіріспе

  1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті реформалау.
  2. ҚР бухгалтерлік есепті басқару органдарын реформалау.
  3. Реформалау нәтижелері және алдағы уақытта ҚР-да бухгалтерлік есепті жетілдірудің бағыттары.

 

 

                               Тәжірибелік бөлім. 

Тапсырма:

- Негізгі құрал объектілерін  жою нәтижесін есептеу. 

-Ағымдағы бухгалтерлік  есепте негізгі құрал объектілерін  жою бойынша операцияларды көрсету. 

    Тапсырма мазмұны: 

Ағымдағы құны бойынша  баланстан көлік құралдары есептен  шығарылды– 1935000 теңге; жинақталған  амортизация сомасы – 1223000 теңге; көлік  құралдарын бөлшектеу кезінде қосалқы  бөлшектер алынды – 400000 теңге; көлік  құралдарын бөлшектеумен айналысқан жұмыскерлерге  еңбекақы есептелді – 300000 теңге; әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар есептелді (ставка бойынша).

 

Қорытынды

Әдебиеттер 

 

 

2 Тақырып. Нарықтық  экономика жағдайында кәсіпорындарда  бухгалтерлік есепті ұйымдастыру  нысандары.

                                 Теориялық бөлім.

Кіріспе

  1. Кәсіпорынның (шаруашылық субъектінің) бухгалтериясының ұйым- дық құрылымы.
  2. Қаржылық және басқарушылық бухгалтерияның құрылуы және қызметтері.
  3. Қазіргі заманғы нарық сұранысы жағдайында кәсіпоын бухгалтерия- сы құрылымын дамыту бағыттары.

 

                                         Тәжірибелік бөлім. 

Тапсырма:

- Негізгі құралдардың  баланстық құнын есептеу. 

- Жою бойынша шығындарды  есептеу. 

- Жоюдан алынған табыстарды  есептеу. 

- Жоюдың қаржылық нәтижесін  анықтау. 

- Ағымдағы есеп шоттарында  жазулар беру. 

Тапсырма мазмұны:

Қойма ғимараты есептен шығарылды, ағымдағы құны – 185430 теңге; жинақталған  амортизация сомасы – 175130 теңге; жою  бойынша еңбекақы шығындары – 5300 теңге; әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар – 11%, негізгі құралдарды жөндеу бойынша резерв сомасы – 495000 теңге.

Шаруашылық операциялар:

  1. Есептелген еңбекақы – 5300;
  2. Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар – 11%;
  3. Құрылыс материалдары кіріске алынды - 3200;
  4. Резервке аударымдар жасалды – 13000;
  5. Негізгі құралдарға жөндеу жүргізілді:

- қосалқы бөлшектер құны - 196000;

- жұмсалған құрылыс материалдары құны - 85300;

- еңбекақы - 115000;

- әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар – 11%;

- үстеме шығыстар құны - 108200;

 

Қорытынды

Әдебиеттер 

 

3 Тақырып. Қаржылық және басқарушылық есептер сипаттамалары.

                                Теориялық бөлім.

Кіріспе

  1. Қаржылық және басқарушлық есеп – кәсіпорынның ақпараттық жүйесінің құрамдық бөлігі.
  2. Қаржылық және басқарушылық есеп сипаттамасы.
  3. Нарық жағдайында қаржылық және басқарушылық есептердің ерекшеліктері.

 

                              Тәжірибелік бөлім. 

Тапсырма:

Есептеу және негізгі құралдардың  амортизациясын есептеудің оңтайлы  әдісін таңдау және жүргізілген есептеулер негізінде амортизация есептеудің сол немесе өзге әдісінің тиімділігін  түсіндіру.  Тозу және амортизация  ұғымдарын түсіндіру.  

Тапсырма мазмұны:

Негізгі құралдардың тозуы  және амортизациясы есебі:

- «Ксерокс» көшірме аппараты  ағымдағы құны – 60000 теңге,  қуаты 500000 көшірме 5 жыл пайдалану  мерзіміне; бір жылда 110000 көшірме  басып шығарылған; амортизацияның  жылдық нормасы 20%.

 

Қорытынды 

Әдебиеттер 

 

4 Тақырып.  «Қорлар  2» халықаралық қаржылық есеп  стандарты  сипаттамасы, оның  пайдалану аясы және мазмұны. 

                             

                                        Теориялық бөлім.

Кіріспе

  1. 2 «Қорлар» халықаралық стандартының рөлі және қажеттілігі.
  2. 2 «Қорлар» стандартының құрылымы және мазмұны.
  3. 2 «Қорлар» халықаралық стандартын енгізуді алдағы уақытта дамыту бағыттары.

Информация о работе Касипорыннын акша