Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 04:50, курсовая работа
«Қаржылық есеп-1» пәнінен курстық жұмысты орындау мақсаты өзіндік ізденіс пен ғылыми және оқу әдебиеттерін жалпылап, сонымен қатар кәсіпорында есепті компьютерлендіру бойынша тәжірибелік мәліметтер; белгілі бір шаруашылық операцияларды компьютерлендіру есебінің қолданыстағы тәжірибесін және теориясын өз тұрғысынан бағалау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жетілдіру үшін нақты және объективті ұсыныстар беру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау негізінде неғұрлым терең теориялық және практикалық дайындықтан өту.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
Әдебиеттердің қайнар көздерін таңдау және қолдану
Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары)
Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі
Курстық жұмысты рәсімдеу
Курстық жұмысқа пікір жазу
Курстық жұмысты қорғау мен бағалау
Курстық жұмыстың тақырыптары
Курстық жұмыс тақырыптарын таңдау
Жалпы ұсынылған әдебиеттер санағы
Қазтұтынуодағы
Қарағанды Экономикалық университеті
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП-1
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
күндізгі және сырттай оқитын студенттер үшін
курстық жұмыс тақырыптары мен оны
орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
Қарағанды 2011
Құрастырушы – э.ғ.к., бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының профессоры Китебаева К.А.
Рецензент – бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., профессор Мадиева К.С.
Кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарының отырысында талқыланып бекітілді.
Мәжіліс хат № 1 «17 » қырқүйек 2011 ж.
МАЗМҰНЫ
«Қаржылық есеп-1» мақсаты қаржылық есеп және есептілік принциптерін, ҚР ҚМ 23.05.2007ж. №185 бұйрығымен бекітілген, 01.01.2008ж қолданысқа еңгізілген бухгалтерлік есептің Үлгілік шот жоспарына сәйкес шаруашылық операциялары есебінің техникасын, 28.02.2007ж «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР № 234-III Заңын жүзеге асыру және бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастыруды жүргізу бойынша басқа да нормативті-заң актілерін зерделеу болып табылады.
5В050800 «Есеп және аудит» мамандығанда оқитын студенттер оқу жоспарына сәйкес «Қаржылық есеп-1» пәні бойынша курстық жұмысты орындап қорғайды.
Студент теориялық материалды, берілген әдебиеттерді оқып және ұйымның тәжірибесімен, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жүргізу әдістемесімен танысқаннан кейін, осы алынған мәліметтер негізінде курстық жұмысты орындауға кіріседі.
«Қаржылық есеп-1» пәнінен курстық жұмысты орындау мақсаты өзіндік ізденіс пен ғылыми және оқу әдебиеттерін жалпылап, сонымен қатар кәсіпорында есепті компьютерлендіру бойынша тәжірибелік мәліметтер; белгілі бір шаруашылық операцияларды компьютерлендіру есебінің қолданыстағы тәжірибесін және теориясын өз тұрғысынан бағалау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жетілдіру үшін нақты және объективті ұсыныстар беру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ақпараттарды дайындау негізінде неғұрлым терең теориялық және практикалық дайындықтан өту.
Онымен қатар «Қаржылық есеп-1» пәнінен берілген әдістемелік нұсқаулықтың талаптарына сай жазылған курстық жұмыс болашақ дипломдық жұмыстың негізі болуы тиіс (егер тақырып дипломдық жұмыстың тақырыбы етіп таңдап алынса және ары қарай толықтыру жұмыстары жүргізілсе).
Курстық жұмыстың тақырыбын сырттай оқитын студент көрсетілген кесте бойынша студенттің сынақ кітапшасында (транскрипт) көрсетілген реттік номердің соңғы екі санына сәйкес (жыл номері саналмайды) таңдап алынады. Мысалы, студенттің шифры 023-03. Соңғы сандар оқуға түсу жылы, сондықтан 023 санын негізге алу керек. Кесте бойынша 23 санын іздейміз, қарама-қарсы үш тақырыптың номері көрсетілген: 24, 49, 14. Тақырыптар тізімінде курстық жұмыстың тақырыбын анықтайсыз. Жұмыс істеу орнына, алған теориялық білімге және т.б. байланысты берілгендердің ішінен қажетті тақырыпты таңдайсыз. Шифрмен таңдап алынған курстық жұмыс арнайы бекітуді талап етпейді. Таңдап алынған тақырыпты кесте бойынша берілген басқа да тақырыптарға ауыстыру студенттің өтініші бойынша кафедра меңгерушісінің визасы негізінде рұқсат етіледі.
Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер үшін курстық жұмыстың тақырыбы транскрипттің номерімен байланысты емес. Курстық жұмыстың тақырыптарын бекіту оқытушының жетегімен жүзеге асырылады.
«Қаржылық есеп-1» бойынша курстық жұмыс ХҚЕС және ҰҚЕС еңгізу және көшу талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп бойынша жоғары квалификациялы мамандар дайындайтын оқу үрдісінің бір элементі болып табылады.
Осыған сәйкес курстық
жұмысты орындау мақсаты
- мамандық бойынша теориялық білім мен тәжірибелік білімін жүйелеу, бекіту және тереңдету, оларды ғылыми, экономикалық және басқарушылық шешімдерді қабылдауда, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ақпараттарын пайдаланушылармен қарым-қатынаста қолдану;
- активтердің, міндеттемелер мен капитал қозғалысы барысында пайда болатын әрбір шаруашылық жағдайда өз ой-пікірін қалыптастырып, басқарушылық шешімдірді қабылдау барысында студенттің дайындығын анықтау.
Курстық жұмыс есепті жүргізу әдістемесін, есеп объектілерін тану және бағалау, ағымдағы қаржылық есепте операцияны көрсету және қаржылық есептілікті дайындау бойынша алынған білімді бекітуге мүмкіндік береді. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: теориялық және тәжірибелік. Теориялық бөлім транскрипт номеріне сәйкес таңдап алынған тақырып бойынша ҚР заң акатілерін, оқу және арнайы әдебиеттерді талдау, зерттеу негізінде реферат жазуды көздейді.
Тәжірибелік бөлім белгілі бір мәселелерді шешу мазмұны мен бухгалтерлік жазу беру мен қорытындылауды қамтиды.
Студент тақырыпты таңдап алғаннан кейін тақырыпқа сәйкес әдебиеттерді (негізгі және қосымша) іздейді. Ол үшін университеттің кітапханасында ДК электронды каталогты қолданған абзал. Тақырыптың кілтті сөзі бойынша ДК-де әдебиеттер тізімі көрсетіледі, ол кітаптарды жазып алып, абонементте немесе оқу залында кітаптардың мазмұнымен таныса аласыз. Қажет жағдайда Қарағанды қаласындағы немесе тұрғылықты мекен-жайдағы басқа да кітапханалардың қызметін пайдалануға болады. Не болмаса арнайы әдебиеттерді кітап дүкендерінде немесе авторлардан сатып алуғы болады.
Студент әдебиеттерді таңдауда оны зерттейді. Бұл жұмыс барысында ол жоспардың белгілі бір бөліміне сәйкес келетін ақпараттарды конспектілейді немесе жұмыс жазбаларын жасайды, жазып алған цитаталарға белгіленген тәртіпте сілтеме береді.
Әдебиеттерді зерттеуде қарапайым материалдардан бастап, күрделіге көшу керек. Бастапқыда тақырыпқа қатысты жалпы әдебиеттермен, содан кейән арнайы және қосалқылармен (стандарттар, әдістемелік нұсқаулықтар) танысқан жөн. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасының заң актілерін, ҚР ҚМ бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелігінің департаментінің мәліметтерін негізге алу керек.
Сонымен қатар жұмыста жаңа арнайы әдебиеттерді, баспа беттеріндегі мақалаларды (соңғы жылдағы) және т.б. қолданған дұрыс.
Жинақталған мәліметтерге негізделіп, студент берілгін үлгілік жоспарға сәйкес курстық жұмыстың мазмұнын (жоспарын) құрастырады.
Әдістемелік нұсқаулықтарда
берілген мазмұн (жоспар) курстық жұмыстың
объектісіне, берілген материалдарға
және оқу жұмысында алынған
Курстық жұмыстың мазмұны (жоспары) барлық құрылымдық элементтер тізімімен рәсімделеді: кіріспе, сұрақтардың атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және мәтіндегі бастапқы беттерінің номері көрсетілген қосымшалар.
Студент жұмыстың мазмұнын (жоспарын) құрастырғаннан кейін жұмыстың кіріспеден бастап, әдебиеттер тізімі мен қосымшалармен бірге барлық құрылымдық элементтерін жазу керек.
Курстық жұмыстың кіріспесі 1,5-2 бетте жазылып келесілерді қамтиды: тақырыптың актуалдылығы; жұмыстың мақсаты мен міндеттері; жұмыстың объектісі; әдістемелік негізі мен тәжірибелік маңыздылығы. Осы элементтердің әрбірін кезекпен жеке-жеке қарастыру барысында, студент курстық жұмыстың нақты кіріспесін алады.
Курстық жұмыс құрылымы (жоспары) бойынша сәйкесті сұрақтарды қамту қажет (үлгілік жоспарды қараңыз). Жұмыс мәтінінде олар сұрақтар (мазмұны) бойынша кезектесіп, логикалық, тәжірибелік материалмен байланысты жоғары теориялық деңгейде (мысалдармен және жағдайлармен) жазылу керек.
Сұрақтардың атауы жоспарда
қарастырылған сұрақтармен
Курстық жұмыста студент
жоспардың әрбәр сұрағы бойынша
теориялық негізді баяндау
Теориялық негізін студент рәсімделген құжаттармен, материалды-жауапты тұлғалардың есептерімен, есептік регистрлермен, қаржылық есептілікпен дәлелдейді. Берілген қосымшалар курстық жұмыста қолданылу реті бойынша номерленіп, жұмыстың соңында орналасады.
Курстық жұмыста қолданылатын нақты кәсіпорынның тәжірибелік материалы студент тарапынан тәжірибелік бағалануы тиіс.
Жоспардың сұрақтарына жауап жазу барысында студент оқығандарды теріп жазумен шектелмей, мәтінді өз сөзімен жазу керек. Кітаптардан, оқу құралдарынан, стандарттардан көшіріліп жазылған курстық жұмыс қорғауға жіберілмейді және студентке қайта жөндеуге беріледі.
Курстық жұмыстың мәтінін
цитаталармен әрлендірген дұрыс
емес. Келтірілген цитаталарды
Берілген әдістемелік нұсқаулықтарда курстық жұмыстардың тақырыптарына сай қосымшалар тізімі келтірілген. Студент оларды курстық жұмыстың нақты тақырыбымен байланыстыру керек. Қосымшалардың саны студенттің қалауымен көбейтілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды
зерттеу және нақты мәліметтерді
жинақтау барысында студент заң
актілерін қолдануда құқық
Нақты пайдаланылатын материалды жинақтау мен өңдеу кезінде студент есепті жүргізу барысында анықталған қателіктер мен жетіспеушіліктерді жоюға, есептің әдістемесі мен ұйымдастырылуын жетілдіруге септігін тигізетін ұсыныстарды қалыптастыра білу керек.
Сандық мәліметтер топтастырылған
және жүйелендірілген түрінде
Сандық мәлімет курстық жұмыстың мазмқнына сәйкес болу керек. Берілген материалға тікелей қатысы жоқ мәліметтерді келтіруге болмайды.
Кестелерде және мәтінде
үлкен сандарды толығымен жазған
дұрыс емес. Ол үшін қажетті нақтылыққа
сәйкес өлшем бірліктерін ірілендіру
керек. Жалпы белгіленген сөздерден
басқаларын мәтінде қысқартуға болмайды.
Курстық жұмыс көлемі қосымшаларды
санамағанда компьютерде
Курстық жұмыстың бірінші бетін үлгіге сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымшаны қараңыз). Күндізгі бөлім студенттеріне оны рәсімдеу одан да жеңіл, жұмыс орыны мен мекен-жайы көрсетілмейді.
Сұрақтардың мәнін толығымен ашқан соң қорытынды жазылады. Көлемі бойынша 2,5-3 беттен аспауы тиіс. Қорытындының мәтіні резюме негізінде жазылады, яғни әрбір сұрақ бойынша қысқаша мәлімдеме. Қорытынды мәтіні тақырыпты жетілдіру ұсыныстарымен аяқталады.