Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 14:43, реферат
Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген әрбір бөлім баланс баптарынан қүралады. Мысалы, үзақ мерзімді активтер бөліміндегі баланс бабы: негізгі күрал, материалдық емес активтер, үзақ мерзімдегі инвестициялар, дебитор сомасы және т. б.
Ағымдағы активтер бөліміндегі баланс баптары: материалдар мен шикізаттар, тауар, касса, есеп айырысу шоты және т. б.
Меншікті капитал бөліміндегі баланс баптары: жарғылық қор, бөлінбеген табыс (пайда), резервтік капитал және т. б.
Ұзақ мерзімдегі міндеттемелер бөліміндегі баптар: банк несиесі, кейінге қалдырылған салық сомасы т. б.
Ағымдағы міндеттемелер бөліміндегі баптар: жабдықтаушылар, бюджетпен есеп айырысу, жүмысшылар еңбек ақысы және т. б.
Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы дпп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.
Баланс туралы түсінікті және оның мағынасын толықтыру үщін, оның барлық экономикалық бөлімдеріне және баптарына түсінік беру қажет. Баланс активінде кәсіпорынның материалдық қоры, яғни мүлкі көрсетіледі. Сол мүліктердің мазмүнына қарай, оның кай шаруашылық кәсіпорын екенін анықтауға болады. Сол үшін баланстың эрбір экономикалық топтағы бөлімдерінің мазмүлына анықтама беріп, оның негізін талдау керек.
Бухгалтерлік баланста актив пен пассивтің қорытынды сомасы тепе-тең болады. Олай болу себебі, активте де және пассивте де негізіндегі бір өлшемдегі көрсеткіштер, тек қана активте мүлік түрінде де, ал пассивінде қаржы көзі ретінде. Жұмыс бабында, баланс- кәсіпорын айнасы, деген түсінік бар. Олай деп айтылу себебі, баланста субъектінің кандай түрлі мүлкі бар, қандай мөлшерде екені, қаржы көзінің күрамы, қаржылық жағдайы көрсетіледі. Сол көрсеткіштерді талдау үшін, мазмұнын түсіну үшін балансты оқи білу керек. Ол үшін біліктілік, бухгалтерлік жүмыс тәжірибесі болу қажет.
Жоғарыда аталып өткендей, экономикалық мағынасы бойынша біртектес баптар топтарға, ал топтар - бөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмүны шаруашылық қорлары мен олардың көздерінің жіктемесіне сэйкес келеді.
Актив құрамы.
1-бөлім. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі:
Материалдық емес активтер- бұл бап бойынша үзақ мерзімді кезең бойы (1 жылдан астам) шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі, есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл-патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.
Негізгі құралдар - бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.
Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:
а) жер;
б) үйлер мен ғимараттар;
в) машиналар мен жабдықтар;
г) жіктемесіне сэйкес негізгі қүралдардың басқа да түрлері;
д) жинақталған тозу;
е) аяқталмаған күрделі қүрылыс.
Бүған қоса түсіндірме жазуларда үзақ мерзімді жалға алынған негізгі қүралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі қүралдар бөлек көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді инвестициялар- кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар және т. б.) жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді (1 жылдан ұзақ) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі. Онда.
а) еншілес серіктестіктерге берілген инвестициялар;
б) тәуелді заңды үйымдарға берілетін инвестициялар;
в) ағымдағы құнды көрсетілген өзге де инвестициялар, бұл олардың
баланстык қүнынан ерекшеленеді.
2-бөлім. Ағымдағы активтер.
Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар (шикізат калдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).
Алдағы кезең шығындары - есепті күннен бастап 1 жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.
Аұша қаражаттары. Пайдаланылуына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер 1 жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосы лады.
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары - мерзімдері 1 жылға дейін.
Дебиторлық берешек - есепті күннен бастап 1 жыл ішінде алынуы мүмкін.
Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:
а) аванстық төлемдер;
б) алуға арналған шоттар мен вексельдер;
в) еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі;
г) лауазымды тұлғалардың дебиторлық берешегі;
д) өзге де дебиторлық берешектер.
Сомасы 1 жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымдағы активтерге толықтай қосылады.
Пассив курамы.
1-бөлім. Меншікті капитал.
Баланс пассивінің 1-ші бөлімінде меншікті капитал туралы акпарат ашылып көрсетіледі. Жарғылық капитал - кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сэйкес, оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен қүралған жарғылық қор.
Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жаргылық капиталда болган өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.
Акционерлік қоғамдарда мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиіс:
а) мәлімделген, шыгарылган және айналымда жүрген (мәлімделген, жазылатын және төленген капитал) акциялардың саны мен сомасы;
б) төленбеген капитал;
в) акцияның номиналдық және ағымдағы күны;
г) оларга ие адамдардың қүкығы, девидендтерді бөлу мен мүлік бөлігін төлеудің шарттары;
д) ерекшеленген акциялар бойынша төленбеген девидендтер;
е) өтелімі төленіп алынған меншікті акциялар;
ж) болашақта шығаруға мәлімделген акциялар.
Өзге меншікті капитал:
а) номинал құнынан артық төленген капитал;
б)негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы.
Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорынның қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.
Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).
2-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, 1 жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:
а) қамтамасыз етілген несиелер;
б) қамтамасыз етілмеген несиелер;
в) еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер,
г) төлемі кейінге қалдырылган салықтар.
Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің мерзімін, өтеудің тэртібін және шартта көзделген баска да талаптарды корсету керек.
3-бөлім. Ағымдағы міндеттемелер.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі 1 жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиісті:
а) қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;
б) ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
в) салықтар бойынша берешек;
г) төлеуге арналған девидендтер;
д) еншілес серіктестіктерге берешек;
е) акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;
ж) өзге де кредиторлық берешектер.
Төлеуге есептелген шығындар - болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.
Алдағы кезеңдердің табыстары - бұл бапта есепті жылы алынған, бірак болашақ есепті кезеңге жатқызылатын қаражаттар көрсетіледі.
Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдық бөлігі ағымдағылардан алынып тасталады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашып көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.
Сонымен өнім өндіру, оның айналысқа түсуі мен бөліну процестерін басқару мен аудиторлық тексеру мақсатында қүрылған, адамдардың шаруашылық қызметі мен нарықтық қатьшастарын сандық және сапалық жағынан үздіксіз тіркеп зерттеуші экономикалық ілімді күнделікті өмірде — «Бухгалтерлік есеп және аудит» пэні деген атақ бойынша эрі қарай сиппаттай беруімізге болады.
Біз бухгалтерлік баланста Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін қарастыдық. Кейбір батыс елдерінде баланстағы тараулардың, баптардың орындары ауысып та келеді.
өзінің жасалу уақытына, қолданылу барысына карай бухгалтерлік баланс эр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан күрылған уақытында, жасалған бухгалтерлік баланс кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның кызметін бастар алдындағы жарғылық капиталды көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни қүрылтайшыларьшың, акционеросы үйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан түрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтері тең болады.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы үйым өз қызметін тоқтатар кезде, таатылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу баланстың өзі әр түрге бөлінеді. Кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның таратылуына кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сэйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансыбелгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай жасалып отырады.
Осы рефератымды жазу барысында бухгалтерлік баланстың мэні мен ерекшелігін терең түсіндім. Қиындықтары материал іздегенде кітаптардың көбінесе орыс тілінде болғандығы. Бұл рефераттың маған берген сабағы өте зор. Өзіндік жұмысты жазу барысында баланс түрлерінің қандай болатындығын білдім.
1) Ержанов М.С., Ержанова A.M. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003г.) - А.: Ержанов и К,2003.
2) Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. -А.: Центраудит-Казахстан,2002.
3) Кеулимжаев К.К. и др. Финансовый учет на предпрятии: Учебник-Ал маты: Экономика, 2003.
4) Сатмурзаев А.А., Абдыкалыков Т.А. Бухгалтерский учет в рыночной экономика. — Алматы: Экономика, 1998.
Нурсейтов Э.О., Нурсейтов Д.Э. Практика бухгалтерских расчетов: Справочник-Алматы: Издательство EM, 2004.
1