Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2012 в 08:45, контрольная работа
- Пассив
7.Баланстың өзгеріс типтері:
1-тип кәсіпорын құралдары құрамына өзгерістер туғызады және тек қана баланс активінің баптары қозғайды.
2-тип тек қаражат көздері құрамына ғана өзгірістер туғызады.
3-тип шпруашылық құрамдарын және олардың шығу көздерін теңбе-тең сомаға көбейтеді.
4-тип қаражаттың және олардың шығу көздерінің бірдей сомаға азайтылуын сипаттайды.
8.Шоттар – бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздеріне жеке шот ашылады.
9. Корреспонденция – бұл екі жақты жазу әдісі кезінде туындайтын шоттар арасындағы өзара тығыз байланыстылық. Корреспонденция әрбір жазбада корреспонденцияланатын шоттарды жазу жолымен түсіндіріледі.
Шаруашылық операцияларды бейнелеуде шоттардың арасында пайда болған экономикалық өзара байланысты - шот корреспонденциясы деп атайды.
10.
Бухгалтерлік баланстың құрлымы
Актив
Пассив
қысқа мерзімді активтер ұзақ мерзімді активтер меншікті капитал қысқа мерзімді міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер
Атам
заманнан бері келе жатқан дәстүріміз осы ұғымға иланады. Иә, үйлену қашанда оңай. Ал үй болу ше? Ойланып қаламыз.
Шын мәнінде үй болу неге қиын? Бұл, ең
алдымен, қоғам алдындағы жауапкершілік.
Өкінішке қарай, бүгінгі таңда шаңырақ
көтеруге бел буған жастардың көбісі осы
бір жауапкершілікке немқұрайды қарап
кеткендей сезіледі. Некелескен жастардың
бір-бірімен тіл табыса алмай, қазақтың
жалпақ тілімен айтқанда, жараса алмай
ажырасып кетуіне не себеп? Осы мәселе
турасында ой жүгіртіп көрсек.
Жалпы алғанда, ажырасудың себептері бір
күнде пайда бола салмайтыны түсінікті.
Оған түрткі болатын себептер көп. «Үй
болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды».
Ресми деректерге сүйенсек, республикамызда
отбасын құру мен ажырасудың ара қатынасы
4:1-ге сәйкес екен. Бұл әр төрт некенің
біреуі ажырасып тынады деген сөз. Алматы
қаласы мен Ақмола, Қостанай, Қарағанды,
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында
бұл көрсеткіш 3:1-ге тең. Ең өкініштісі,
елімізде бұндай мәліметтер жыл санап
артып барады. Мысалы, 2009 жылы 38 871 неке
бұзылса, 2010 жылы 40 982 отаудың шаңырағы
шайқалған. «АХАЖ органдары тіркеген некеге
тұру саны 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанда
9,6% өсті. Ал ажырасу саны Қазақстанда 2011
жылы 7,8 % ұлғайды. Бұл мәліметке қалайша
көз жұмып қарауға болады? Егер ұрпақ қамын
ойласақ, қазірден бастап ажырасудың алдын
алуға жұмылғанымыз жөн. Ел іргесіне сызат
түсіретін бұл әрекеттің зияны шаш-етектен.
Ең бірінші баланы әкесіз яки анасыз қалдырады.
Ал әке-шешесіз өскен жас ұрпақтың кейінгі
тағдыры не болмақ?
Қазіргі кезде көп айтылып, жазылып жүрген
мәселенің бірі – жастардың ой-санасындағы
сезімге, махаббатқа деген көзқарастың
өзгергендігі. Бұл рас та шығар. Себебі
– махаббаттың таза күйінде өмір сүруіне
әлеуметтік мәселелер ырық бермейді. Ал
оның салдары, отбасы, ошақ қасындағы кикілжіңдерге
соқтырады.
Қазақ халқының салт-дәстүрі мен дүниетанымы
тұрғысынан алғанда екі жасты жарастыруды
ертеде үй іші болып, қауым болып қолға
алатын. Араздасқанды татуластырып, ымыраға
келтіріп, құда-құдағилар жас отбасын
сақтап қалуға мүдделілік танытатын еді.
Осы күнде отбасылық құндылықтардың сан
және сапалық тұрғыдан өзгеріске ұшырағандығын
байқаймыз. Үйленіп, үй болып жатқан жастардың
ертеңгі күнгі тағдырын болжап білмейсің.
Сәні мен салтанаты жарасқан аста-төк
тойдың соңында айырылысып кететіндері
аз кездеспейді. «Үйлену оңай, үй болу
қиын» дегенді дана халқымыз қалай дәл
айтқан?! Бүгіндері үйленудің өзі арзанға
түспейтіні белгілі. Ата-ана қарызданып,
қауғаланып жүріп, бар-жоғын жиып, теріп,
той жасайды. «Тойшыл қазақпыз» деп, «көрпемізге
қарай көсілуді» естен шығарып алатынымыз
тағы бар. Асылы, «үйлену» деген мәселеге
жастар жағы асқан бір жауапкершілікпен
қарап, өмірдегі маңызды қадамды мың ойланып,
жүз толғанып барып жасаса дейсің. Әйтпесе,
бүгін «сүйдім-күйдім» деп отасып алып,
қанша елді әбігерге салып, алыстан ат
терлетіп тойға келтіріп, той қызығы басылып,
артынша «біз бірге тұра алмайтын болдық,
ажырасамыз» деп шыға келетіндерді көргенде
«бұл қалай болды, не болып кетті өзі»
деп, дағдарғандай күйге түсесің. Бәлкім,
үйленер алдында өмір бейне бір романтикалық
сәттерге толы болатын да шығар? Алайда,
үйлену тек жалғыз тоймен аяқтала салатын
дүние емес қой. Отбасын құрудағы жауапсыздық,
некеге жеңіл, атүсті қараушылық, «маған
қыз жоқ па, азар болса тағы үйленермін,
маған жігіт жоқ па, азар болса тағы да
күйеуге тиермін» деген ұшқары ұғымға
салынатындардың тірлігінен бұл мәселе
жетер жеріне жетіп бір-ақ тоқтайды. Мұның
себебі – жаһанданып бара жатқан санамыздан
ежелден қалыптасып қалған киелі де асыл
ұғымдардың жоғала бастауы. Ата-бабамыз
ынтымақ пен бірлікті көздің қарашығындай
сақтаған. Бұл, керек десеңіз, алтын қазықты
«қара шаңырақ» ұғымының басты мәселесі.
Заман көшінен тыс қала алмайтын болғандықтан,
әлемге ортақ ұғым-түсініктер біздің де
ой-санамыздан орын тепті. Бүгінде қазақы
дәстүрді толығымен сақтап отырған отбасын
табудың өзі қиынға соғады. Төл дүниетанымымызға
сай келетін жөн-жоралғылардың көмескіленіп
кеткендігінің ағайын арасындағы қарым-қатысқа
селкеу түсіріп отырғаны шындық. Енесін
сыйламайтын келін, ата-анасына қарайласпайтын
бала, «үлкенді үлкен деп, кішіні кіші»
деп білмейтіндер кездесіп қалатыны жасырын
емес. Қадірлеп, қастерлер салт-сана болмаған
жерде, болашағымыздың көсегесі көгере
қояр ма екен?
Ер мен әйел
Адамзат баласы жер
бетіне пайда болғалы бері, осы
тақырып күн тәртібінен түскен жоқ.
Ер мен әйелдің арасындағы түсінбестіктер
екеуінің бір-біріне именбеуінен, бірін-бірі
мойындамауынан басталатыны хақ. Сол себептен
тарихшылар айтатын «матриархат», «патриархат»
дейтін кезеңдер әрдайым итжығыс түсіп
келе жатыр. Бұл орайда, ер мен әйелдің
табиғаты бір-бірінен қашанда бөлек екенін
баса айтқымыз келеді. Оларды өзара салыстыруға,
теңеуге әсте болмайды. Ол мүмкін де емес.
Ендеше түсінбестік неден туындайды?
Некеге деген адалдықтың, бір-біріне деген
сенім күшінің жоғары болуы – отбасы керегесінің
берік болуына негіз. Ал сенім сетінеп,
үй ішінің шырқы бұзылса, отбасын сақтау
қиынға түседі. Қазіргі кезде айырылысып
кету соншалықты бір қиын дүние болмай
қалды. Ар-ұяттан аттап өтіп, білгенін
істейтіндер көбейді. Отбасын құрса да
өзі үшін, айырылысса да өзі білетіннің
кері туды. Бүгінгі қоғамды осындай түсінік
кезіп жүр. «Еркіндік» дейтін ұғым ерлі-зайыптылардың
санасына берік орнығып алды. Яғни, әйел
де еркін, күйеу де еркін. «Мен не істесем
де өз еркім» дейтін әдет, көп жағдайда
жас шаңырақты шайқалтып кетеді.
Ажырасу ма, әлде…
Ислам діні бойынша, адам баласының сонау қиямет күніне дейінгі ең басты дұшпаны, бұл – шайтан, ібіліс. Адамның сауапты істеріне тоқсауыл болып, оны тура жолдан тайдыруға, көзін байлап адастыруға бейім тұратын, әрдайым адамның жанынан табылатын ол тату-тәтті өмір сүріп отырған отбасыларын да айналып өтпейтін көрінеді. Ер мен әйелдің арасына от салып, олардың ой-ниеттерін өзгертіп, өзінің пасықтық құдіретімен алдап-арбап алуы, ақыр соңында ажырастыруға дейін жеткізетінін көргенде «араларына шайтан кіріп кеткен бе» деп таңданыс білдіріп жатамыз. Бәлкім, бұл сөзде шындық бар шығар? Сүттей ұйып отырған отбасының берекесі қашып, не себеп болғанын ешкім дөп басып айта алмайтын кезде осындай жорамал айтылып қалады. Ашуға бой алдырған ер мен әйелге басу айтып, мәмілеге келтіретін үлкендер болса игі. Бірақ кейде ондайды да көре алмай жатасың. Қызына қолдау көрсетіп, «қайтіп кел» дейтін енелерді де көріп жүрміз. Бұл не сонда? «Ынтымақ-бірліктің ұйытқысы бол» деудің орнына, «Ертең жарың тастап кетеді. Соған дайын бол! Есеңді жіберме» дегені қалай? Халқымыз «Қосағыңмен қоса ағар» демейтін бе еді?
Себеп-салдар
Зерттеушілердің айтуынша,
ажырасудың себептері әртүрлі жағдайдан
туындайды екен. Олардың ішінде мінездердің
сәйкес келмеуі, ерлі-зайыптылардың бір-біріне
деген адалдығы, ата-аналарымен қарым-қатынастың
дұрыс болмауы (ата-аналардың және басқа
да туыстардың араласуы), маскүнемдік,
махаббатсыз үйлену немесе некеге жеңіл
қарау жатады. Психологтардың айтуы бойынша,
ажырасулардың басым бөлігі 40 жасқа дейін
болады екен. Солардың ішіндегі ең көбі
– 25-29 жас арасындағы отбасылар.
Жастар арасында ажырасудың көбеюі тұрмыс
қиыншылығынан ба, әлде басқа да себептер
бар ма? Бір кездері ата-бабамыз перзенттерін
атастырып та қоса берген. Тіпті, қыз бен
жігіт бір-бірін танымаса да, үлкендер
құда түсіп, қыздарын көп ойланбастан,
жөн-жоралғысымен ұзатып жібереді екен.
Сонда балаларын бабаларымыз қалай тәрбиелеген?
Оның арнайы технологиясы бар ма? Бар болса,
ол неге қазір ұмытылып кеткен? Негізі,
ажырасқандар әртүрлі себептерді алға
тартып жатады. Солардың ішінде көп кездесетіні
«мінездерінің жараспауы», «көзге шөп
салу» және ішімдіктің салдары екен. Бейресми
деректерге сенсек, соңғы уақытта қыз-келіншектердің
жеке бастарының мақсаты үшін ауқатты,
бай еркектерге күйеуге шығып, көп ұзамай
қайта ажырасып кету оқиғасы да жиілеп
кеткен. Сондағы арам пиғылды әйелдердің
көздегендері – еркектің жиған-терген
дүниесіне ортақтасып, заң шеңберінде
оның мүлкіне қол салу. Сондай-ақ, перзенттің
болмауы, діни көзқарастың сәйкеспеуі,
тұрмыс тауқыметі, еріксіз үйлену және
ене мен келіннің тіл табыспауы да жұбайлар
арасына өз салқынын тигізіп отыр. Кейбір
кезде жастардың ажырасуына үлкендердің,
көбінесе, екі жақтағы аналардың кесірі
тиіп жатады. Әрине, күйеуімен ренжісіп,
келіспей қалған келіншектің алдымен
шағынатын адамы өзінің шешесі. Сонда
«ішіме сыйған бала сыртыма да сыяды, іздеусіз,
сұраусыз деп ойламасын, бүйтіп сөз естіртіп,
жылатып қоя алмаймын» деп анасы қолтығына
су бүріксе, «Кетсе кете берсін, балама
әйел табылады, ертең-ақ одан артығын келін
етіп аламын» деп енесі сыртқа теуіп жатса,
ұя бұзылып, береке кететіні анық. Сондықтан
да отбасының беріктігін сақтау ер-азаматқа
да, келінге де, ата-аналарға да үлкен азаматтық
борыш екенін ұмытпағанымыз абзал.
«Күйеу – жүз
жылдық,
құда мың жылдық»
Жалпы ажырасу жөнінде сөз қозғаған соң ұлт тарихына, оның ішінде осы мәселеге қатысты жайттарға назар аударып өтсек. Біз ешқашан жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған халықпыз. «Күйеу – жүзжылдық, құда – мың жылдық» ұстанымын ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы қағида етіп ұстанып келген-ді. Өйткені, дін – Исламға берік едік. Ал, Ислам ешқашан адам тағдырымен ойнауды құптамайтыны белгілі. Содан болар, қазақ келіндерінің санасында көрпе-төсегін жинап төркініне кету дейтін ой мүлдем болмайтын. Босаға аттаған күннен бастап өмірінің соңына дейін сол шаңырақтың түтінін түтетіп, отын өшірмейтін. Кеңес үкіметі орнағанға дейін «өз ағамыз» өзбектерден әлдеқайда көп болуымыздың да басты себебі осы еді. Десек те, бүгінде «дін мен діл жағынан озықпыз» деп мақтана алмаймыз. Өйткені, сол бір қызыл үкіметтен кейін белең алған рухани жұтаңдықтан әлі толық ес жия алмай жатырмыз. Әйтпесе, ұлт тамырына балта шабатын, қоғамды іштен ірітетін ажырасуға дәл қазіргідей бейқам қарамайтын едік. Сәт сайын дамып, сан түрлі жаңалықтарға толы өмірімізге жастардың санасына ерекше әсер ететін құбылыстар лек-легімен енуде. Оның жылдамдығы соншалық, санаға салып, елеп-екшеуге де уақыт тапшы. Жастарымыз көзге көрініп, құлаққа естілгеннің бәрін сол күйінде қабылдауда. Содан да болар, жастар арасында, соңғы кездерде, батыс мәдениетіне еліктеу басым. Біз әңгіме етіп отырған ажырасудың бір себебі де «осы көзсіз еліктеуден бе» деген пікірдің қылаң берері заңды сияқты. Тікелей себебі болмағанмен, жанама әсерлері боларына көпшілік дау айта қоймас.
«Отан – отбасынан
басталады»
Отбасының діңгегі
– дін мен діл, ұлттық өре мен
рух. Алайда, қазіргі қазақ отбасыларында
ондай қасиеттер азайып барады. Тіпті,
кейбіреуінде жоқтың қасы. Соның салдарынан
бүгінде кей ата-ана қыздарын адал жар,
аяулы ана, ибалы келін болуға емес, кәсіпкер,
шенеунік болуға тәрбиелеп, байлыққа жетудің
жолдарын үйреткенді оң көреді. Кейін
әлгіндей тәлім алған қыз бала билікке
ұмтылып, дүниеге құмартары айдан анық.
Ондай нәзікжандылар «үшін ана атану,
сүйікті болу» – екінші кезектегі шаруа.
Күйеуге тиген күннің өзінде жарына сөзін
өткізіп, отбасын өзі билеуге ұмтылады.
Ал ері айтқанына көнбесе, олар үшін ажыраса
салу түк емес. Осы мәселеге қатысты өз
ойын білдірген бір кәсіпкер апамыз қыз
баланың дербес болуын ақтамақ болып:
«Егер күйеулері тастап кеткен жағдайда
өмір көшіне ілесіп, өз күнін көре алатындай
болу керек. Сол үшін әйел адамдардың дүние
жиып, билікке құмартуында еш сөкеттік
жоқ», – депті.
Жоғарыдағыдай таяз ойлайтын апаларымыз
ерлердің не үшін әйелдерін тастап кететінін
ойлап көрді ме екен? Бұл еркек кіндіктілер
сүттен ақ, судан таза деген сөз емес. Осыған
байланысты көрші Ресей елінде ажырасқан
еркектер арасында сауалнама жүргізіліпті.
Нәтижесінде, қатысушылардың жартысынан
көбі әйелдері көздеріне шөп салғанын
айтыпты. Сондай-ақ, кейбірі жарының, ең
болмағанда, жұмыртқа қуыруды білмейтінін
айтып, өкпе-назын білдірген. Әрине, біздің
орыстармен қалыбымыз бөлек болса да,
мұндай мәселелерде көп айырмашылық жоқ.
Себебі, біз 70 жыл бір астаудан ас ішіп,
бір тудың астында құдайсыздықты ұрандап
келдік. Оның үстіне қазір де екі елдің
ақпарат кеңістігі мен бағыт-бағдары өзара
қабысып, астасып жатыр. Демек, біздегі
жағдай да көрші елден көп алысқа ұзай
қоймасы анық.
«Келін қайын
ененің топырағынан жаратылған»
Бағзы заманда ата-бабаларымыз
киіз үйде тұратын кезде келін таңертеңгілікте
түңлік ашып, от жағады екен. Шаңырақтан
түтіннің көрінгені сол үйдің түннен түгел
шыққан тыныштығының хабарын паш ететін
белгісіндей болыпты. Бір қарағанда, қарапайым
дағдылы шаруа көрінгенімен, байыптап
ойласаңыз, бір үйлі жанның, тіпті, бір
ауылдың тіршілігін алдымен келін бастаған.
Өйткені, от бар жерде өмір, жылу-береке
бар, ал сол отты жағуды халқымыз келінге
сеніп тапсырған. Әрине, «келін дәл мынандай
болу керек» деп қалыпқа салғандай тақ
еткізіп айта салатын дайын ереже жоқ.
Ол әркімнің дүниеге көзқарасына, эстетикалық
таным-талғамы мен рухани сана-сезіміне
байланысты. Сондықтан да келін болып
келгенде оның жасынан алған тәлім-тәрбиесінің
қандай дәрежеде екендігі айқын көрінеді.
Жаңадан бүршік түйген жас көшетті бір
орыннан екінші орынға ауыстырып тіккенде
жері құнарлы, күтімі оңды болса, жапырақ
жайып жемісін жегізетіні секілді келіннің
де жақсы немесе жаман атануы көп ретте
ененің көрсетер үлгі-өнегесі мен адамгершілік
өресіне өте байланысты. Осы орайда, «келін
қайын ененің топырағынан жаратылған»
деп бекер айтылмаса керек. Ал, ене мен
келіннің жараспауы ұлтымыз үшін ұят саналатын,
дініміз үшін құпталмайтын қылық. Өйткені,
бұрынғы апаларымыз келіндерін қыздарындай
көріп, білмегені болса үйретіп, сол әулеттің
болашақ отанасы қылып тәрбиелейтін еді.
Соған сай келін де енесіне ілтипат көрсетіп,
алдын орамайтын. Сондай-ақ, ене мен келіннің
анасы мен қызындай екенін ескерсек, екеуара
салқындық ислами көзқарасқа қайшы. Бұл
жөнінде қазақ енелерге қаратып: «Келінді
ұлың тапса, ұлыңды өзің таптың. Енді кімге
ренжисің?», – дейді. Демек, ене тырнақ
астынан кір іздемей, келіннің еркелігін
кешіріп, бір сәт өзінің келін болып келген
кезін есіне түсіріп, баласы және әулет
абыройы үшін жас шаңыраққа мейлінше қолдау
білдірсе, саналы ұлт, салиқалы ұрпақ қалыптасуына
айтарлықтай үлес қосқан болар еді. Сол
кезде келін де бар жасауын жинап, «төркінге
кетем» деуін доғарары хақ.
Соңғы кездері ерлі-зайыптының арасына
түсіп, ажырасуға апаратын тағы бір тың
себеп пайда болды. Ол – интернет. Өйткені,
қазір ғаламторда жедел хабарлама арқылы
сөйлесетін бірнеше қызмет түрлері бар.
Соның ішінде біздің елде ең көп тарағаны
– орыстың «мэйл.ру.агент» қызметі. Бүгінде
агент дейтін әлекті пайдаланбайтын қазақ
жоқ десек, артық айтқандық емес. Қызмет
бабымен немесе шұғыл жағдайда пайдаланса,
қанеки? Алтын уақытын өлтіріп, түн ортасында
да компьютер мен ұялы телефонға шұқшиып
отыратындар бар. Агенттің зияны сол, ол
жерде біреумен танысу, достасу оп-оңай.
Суретің мен өзің туралы деректі енгізуде
де еш қиындық жоқ. Агентке еш себепсіз
қосылып, өзіне дос іздейтіндердің ішінде
бала-шағалы жандар да бар. Бірақ, «күйеуім
немесе әйелім бар-ау» деп қысылып жатқан
ешкімді көрмейсің. Сол интернеттен өздеріне
нақсүйерін тауып алатындарын қайтерсің!?
Ондайлар виртуалды сүйіктісімен еш кездеспесе
де, өзінің жарын ұмытып, оған назар аудармай
қоятын көрінеді. Тағы бір түйткілді мәселе
– демография. Бір қазақты екеу ете алмай
жатқан қазіргі кезде ажырасу халық санының
көбеюін тежейді. Оның үстіне ажырасу
бүгінгі қарқынмен өсе берсе, алдағы 10-15
жылдың ішінде 50 пайызға жету қаупі бар.
Жалпы, әйел адамның қызмет қууы жөнінде
«заманақыр болғанда әйел базаршыл, еркек
қазаншыл келер» деген сөз бар. Ойланатындай-ақ
жағдай. Осы орайда сөз атасы Майқы бидің:
«Ақырет жақындағанда әйел би болар, еркек
жасып, и болар», – деп төрелік айтқанын
еске түсірсек те жетіп жатыр емес пе?!