Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 22:38, реферат

Краткое описание

Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала (шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады);
-ағымдағы (шығындалу кезінде жүргізіліп, жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге (есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау

Файлы: 1 файл

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері.doc

— 85.50 Кб (Скачать)

ақпараттарды  алуға тиісті өкілеттік берілген.

        Қазақстан Республикасы  Үкіметіне бақылау сферасында кең өкілеттіктер берілген. Үкімет Қазақстан Республикасы дамуының индикативтік жоспарын, экономиканың сфералары мен секторларының, салалардың, өңірлердің даму бағдарламаларын, инвестициялық қызметтің маңызды бағыттарын жасап, қарау үдерісінде алдын ала бақылауды жүзеге асырады. Көрсетілген іс-қимылдарды орындау барысында Үкімет олардың жүзеге асырылуына, сондай-ақ ауқымына, мезгілдігіне, атқарушылар бойынша мақсатты қаржыландырудың толымдылығына ағымдағы бақылау жасайды, мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады.

         Жалпы  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігі, Экономика  және бюджеттік жоспарлау  министрлігі, Ұлттық  банкі жатады. Қаржы  министрлігі,оның Қаржылық  бақылау  комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, қаржыландырудың дара жоспары және қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорттық-импорттық операцияларды валюталықбақылаубо-лып табылады.

    Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:

   - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

   - мәслихаттардың тексеру комиссиялары;

   - Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті берген ішкі бақылау жөніндегі орган; 4) Орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызмет-тері;

  - Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

     Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

    Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

     Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

     Республикалық бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республика-сы бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес бағалауды жүзеге асырады;

    өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;

    бақылау объектілерінің есепке алу мен есептемені жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;

    орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемле-кеттік және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;

    республикалық бюджет қаражаттарын, пайдаланудың Қазақстан Республи-касы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

    Қазақстан Республикасының Парламентіне өткен қаржы жылындағы рес-публикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

    Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге жеке тапсырмаларын орындайды;

    Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының нормативтік құқықтық актілерді сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстар енгізеді;

    республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылауды жүзеге асы-рады;

    республикалық бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы-ның сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдаланудың Қазақ-стан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне  бақылауды жүзеге асырады; сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілері лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды; бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды; сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жүргізеді, мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы типтік қағиданы бекітеді; талдау мен зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау са-ласындағы оқыту бағдарламаларын іске асырады; Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасын жетілдіру жө-ніндегі ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі; Қазақстан Рсепубликасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалуына мо-ниторинг, сондай-ақ бақылау жүргізеді; Қазақстан Республикасы заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады

       Барлық баспалдақтардың өкілетті  органдары  (мәслихаттар, депуттардың жиналыстары) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді қарау және бекіту үдерісінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда – алдын ала және кейінгі нысанда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау олардың қызметінде болғанымен негізгісі болып табылмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылау объекті жергілікті ақшалай қорлар болып келеді.    Мәслихаттың тексеру  комиссиясы  Есеп комитетінің функцияларына ұқсас, бірақ тиісті жергілікті деңгейге қатысты функияларды орындайды.

         Мемлекеттік бақылауды өздерінің өкілеттік шектерінде Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындағы Қазынашылық комитетіде орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады. Бюджеттік тәртіптің негізгі міндеттерінің орындалуы және оны нығайту мақсаттарында министрліктерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жә-не мекемелерде Үкіметтің қаржылық ресурстарын есепке алумен, аударумен және пайдаланумен байланысты ақшалай құжаттарды тексерулерді жүргізуге Қазынашылық органдардың құқығы бар.

Информация о работе Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері