Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 22:38, реферат

Краткое описание

Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала (шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады);
-ағымдағы (шығындалу кезінде жүргізіліп, жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге (есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау

Файлы: 1 файл

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері.doc

— 85.50 Кб (Скачать)

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нысандары және  әдістері мен      ұйымдастыру негіздері  

         Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:

      -алдын ала (шығындалуға дейін  жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады);

       -ағымдағы (шығындалу кезінде жүргізіліп, жоспар немесе сметамен салыстырылады);

       -кейінге (есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады).

        Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметі нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады [5].

        Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың  мынадай әдістері пайдаланылады:  тексеріс (барлық құжаттар бойынша  барлық бөлімшелердің қызметін  тексеру), инспекция (кәсіпорынның  қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік  тексеру), қадағалау (кәсіпорында  қаржылық қаражаттардың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды үстеме (ыңғайласпа) тексеру, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына   келтіру, бақылау  мақсатында  салыстыру және басқалары.

      Аталған жалпы әдістер түрлі объектілерге бақылау жүргізудің әдістемелерінде, ережелерінде нақтыланады. Алдын ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырудың негізгі әдісі көзбен  шолып   визуалды   тексеру болып табылады. Мұндай тексерулерге актілер, анықтамалар жасалынбайды. Бүкіл іс тыйым салу және тоқтату туралы жазбаша немесе ауызша жарлық, бұйрық беруге саяды.

      Кейінгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс (ревизия). Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.

      Есептемені  шоттық тексеру−бұл  бухгалтерлік  есептердің,баланстардың, салықтық есеп-қисаптардың ақиқаттығын тексеру. Ол үш кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде есептеменің әртүрлі нысандары көрсеткіштерінің келісушілігі айқындалады; екінші кезеңде жекелеген есептік көрсеткіштерді бухгалтерлік есептің тіркелімдеріндегі жазбалармен салыстыру жүзеге асырылады; үшінші кезеңде бастапқы құжаттардың мәліметтері бойынша есептік тіркелімдердің негізділігі анықталады. Мұндай дәйектілік шоттық тексерулерді бухгалтерлік есеп пен есептеменің қойылымына ба-қылау жасаудың өте тиімді құралы етеді және қаржылық тәртіптің бұзылуларын анықтауға және ескертуге жәрдемдеседі.

     Тақырыптық  тексеру– бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық -қаржылық жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалақыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.

     Экономикалық  талдау– бұл объектінің шаруашылық-қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.

     Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді. Тексерулер мен қарапшығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен, танысу жолымен бір мәселе бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді. Тексеру мен қарап шығудың мақсаты шаруашылық және қаржылық қызметтің жекелеген учаскесінің жай -күйін анықтау болып табылады. Камералық тексеру жергілікті орынға шықпайақ жүзеге асырылады және шаруашылық органның құжаттық тексеруінен бұрын болады.

     Үстеме тексеру– тексеріліп отырған шаруашылық жүргізуші субъектінің әріптестерінде немесе клиенттерінде қаржылық- шаруашылық операциялардың нақтылы бейнелеп көрсетілуін тексеру арқылы бұл операциялардың растығын анықтау әдісі.

       Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі  тексеріс кейінгі бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті әр түрлі бақылаушы органдар, ең алдымен қаржы, сонымен бірге ведомствоға қарасты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органда-ры жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.

     Тексеру  объекті бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі, ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешендік болуы мүмкін.

     Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, қаржыландырудың жеке жоспарлары ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақшалай құжаттар тексеріледі. Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдык құндылықтарды да тексереді. Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.

      Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржылық-шаруашылық қызметтің әйтеуір біржағына. Тақырыптық тексерістер бір моделдегі бірнеше кәсіпорын-дарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда қаржылық-шаруашылық қызметтің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

     Тексерістердің  тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылы ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлық, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және үстеме тексерулер. Көрсетілген тәсілдер тексерістің қойылған мақсаттарына қарай қолданылады.

       Әрбір тексеріс пен тексеру мұқият әзірленуі тиіс, өйткені олардың сапасы осыған байланысты болады. Бұл үшін қажетті заңдарды, қаулыларды, жарлықтарды оқып біліп, зерделейді; бұрынғы тексеріс пен тексеру материалдарымен, анықталған бұзушылықты жоюдың нәтижелерімен танысады; ақпарат органдарының сын материалдарын, өндірістік қызметтердің ерекшеліктерін зерделейді және т.б.   Әзірлік жұмыстың негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмысжоспарыжасалады. Жоспарлар тексерулер мен тексерістердің белгіленген мезгілділігін ескере отырып құрылады. Жоспарларда бақылаудың объектілері, тексерудің немесе тексерістің тақырыбы, бастау мен аяқтаудың уақыты, атқарушылардың саны мен олардың құрамы және т.б. белгіленеді. Аудиттік органдар өзінің жұмысын келісім-шарттар негізінде жүргізеді.

       Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің бүкіл үдерісі бірнеше кезеңдерден тұрады: өкілеттіктерді көрсету; тексерілетін объектінің жауапты жұмыскерлерімен ұйымдық кеңес өткізу; түгенеуді жүргізу; тексерілетін объектімен, оның қызметінің технологиясымен жеке өзінің танысуы; шаруашылық қызметті алдын ала талдау; тікелей құжаттық тексеріс немесе тексеру; тексеріс немесе тексеру материалдарын жүйеге келтіру; акт немесе анықтама жасау; ашылған кемшіліктердің жойылуын тексеру.

       Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексерісакті бұл қаржылық-шаруашылық қызметте жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар  жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.

        Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері

        Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақы-ауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады. Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспарлық-бюджеттік және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау функцияларын орындайды, олар сессияның басталуына дейін алдын ала бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды. Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты орган-дардың бақылаушылық, соның ішінде қаржылық-кредиттік қыз-метін ғана бағалап қоймайды, сонымен бірге өздері де тікелей қар-жылық бақылауды жүзеге асырады. Үкімет мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды.

        Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды  мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің  аппараты,  Қазақстан Республикасының  Парламенті,  Үкіметі,  жергілікті  өкілдікті  органдар  жергілікті әкімшілік  органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитеті   де  жүргізеді [6].

        Құқықтық мемлекет құрылысының тұжырымдамасын негіздей отырып қаржылық бақылауды жүзеге асырудағы заңнамалық органдардың рөлі күшейе түседі. Сондықтан бақылаудың субъектісі ретіндегі Қазақстан Республикасы Парламентінің  функциясы және бақылаудың тиісті түрі парламенттік (депутаттық)бақылау бөлектеліп көрсетіледі. Бұл бақылаудың объектісі:

       мемлекеттік бюджеттің шығыстарын шамдандыратын кез келген шараларды бекіткен кездегі;

     бюджеттегі шығыстардың қабылданған заңдардың мақсаттарына сәйкесті-гін тексеру кезіндегі;

      бюджеттің жасалуына тексеріс кезіндегі мемлекеттің шығыстары болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Парламенті мыналарға бақылауды жүзеге асырады:

      бюджеттік ресурстардың түсу көздеріне, оларды үкіметтің де, заңнамалық органның да үнемді пайдалануына; ақшалай қаражаттардың ысырапқорлығын кесіп тастауға;

     мемлекеттік меншікті пайдаланудың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс тиімділігіне, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алуға және жекешелен-діруге;

       арнаулы қорлар қаражаттарының пайдаланылуына; әр түрлі партияларды қоса, қоғамдық ұйымдардың ақшалай табыстарының көздеріне, жарғылық мақсаттарға сәйкес бұл қаражаттарды пайдалануға. 

       Парламенттің алдын ала бақылауының негізгі мақсаты осы нақты саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлардағы қарастырылған шығыстардың жалпы тұтастығын анықтау болып табылады. Бюджеттің жасалуына тексеріс қаржыландырудың дара жоспарларына кіріктірілген цифралардың дұрыстығын белгілі бір тұрғыдан қарай отырып жүргізіледі. Бұдан басқа, Парламент ағымда-ғы бақылауды және республикалық бюджет туралы қабылданған заң бойынша қаражаттарды иеленушілердің есебін тексерген кезде әсіресе кейінгі  бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл ретте, парламенттік бақылаудың негізгі ныса-ны алдын ала бақылау болуы тиіс.

     Қазақстан Республикасы Парламентінде екі Палатада – Сенат пен Мә-жілісте арнаулы жұмыс органдары қаржы және бюджет бойынша комитеттер бар. Бұл органдар заң жоба жұмыстарын, палаталардың құзырына қатысты мәселелерді алдын ала қарау және әзірлеу үдерісінде қаржылық  бюджеттік қызмет сферасында мемлекеттік бюджет қаражаттарының жұмсалуына бақылау жүргізеді. Қаржылық-бюджеттік мәселелер бойынша сараптамалық бағалаулар мен қорытындыларды шаралар қабылдау үшін палаталар тиісті инстанцияларға – министрліктерге, ведомстволарға, сонымен бірге Үкіметке жібереді.

          Президент жарлықтарының, қаулыларының және өкімдерінің атқарылуын бақылауды ұйымдастыру, аталған актілердің талаптарын лауазымды адамдардың атқармағаны үшін жауапкершілігін күшейту мақсатында Президент аппаратында жұмыс істейтін ұйымдық бақылау бөлімібар. Жалпы Президент аппараты министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің және мемлекеттік басқарудың басқа органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады. Аппарат Президентке ашылған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлап отырады, Президент актілерін тиісті тәртіппен орындамаған кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар жасайды; Президент актілерінің атқарылмауына немесе тиісті тәртіппен атқарылмауына мүмкіндік туғызатын ашылған бұзушылықтарды, себептерді және талаптарды жою жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Үкіметке, әкімшілік басшыларына, мемлекеттік басқарудың басқа органдарына табыс етіп отырады. Өзінің функцияларын жүзеге асыруда Аппаратқа тексерілетін органдардың басшылары мен лауазымды адамдарынан қажетті

Информация о работе Мемлекеттік қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері