Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 18:58, реферат
Ақша ағымы – қаржылық жыл ішінде банктің табатын және
төлейтін ақшалай қаражаттар сомаларының арасындағы айырмасы болып табылады.
Ақшалай ағымның бағалануы көрінісі ең қолайлы және тиімді анализдік инвестициялық проектте жүреді. Көптеген ақшалай ағымдары 2 элементтен тұрады: қажетті инвестиция, ақша ағымдарының шыққан шығындармен байланысты. Алдыңғы болжанған болжаммен бағаның көбінесе басқа мамандықпен сонымен қатар маркетингпен бухгалтерлер, кәсіпкерлермен, шығарушылар. Ең басты қаржылық процесте көрсетіледі:
Осы жобаның негативті және позитивті ақша ағымдары қандай?
Үлкен бастапқы инвестиция қандай әсер тигізеді және тым көп деген қанша болады?
Соңында, Сізге шын мәнінде керегі жобаларды салыстыруға қолданатын қорытынды сандар болады. Сол қорытындыға жету үшін талдауыңызға ақшаның уақыт құндылығын енгізуіңіз керек.
Менің әкем маған былай деп айтқан: «Балам, ақшаңды мүмкіндігінше тезірек қайтарып алып, барынша ұзағырақ ұстағаның дұрыстау болады». Өсе келгенше, мен айтқан сөздің мағынасын түсіндім. Сол ақшаны өспелі пайыз ставкасымен салуыңызға болады, яғни сол ақша Cізге қосымша ақша жасайды — , және тағы қосымша. Басқаша айтқанда, ақшаның қашан шығып және кіріп жатқаны ақшаның қаншасы шығып және кіріп жатқаны сияқты маңызды.
БЕТТІҢ ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫ
NPV және IRR арқылы сұрақтарға жауап беру
Осы сұрақтардың барлығына жауап беруге көмек ретінде қолдануыңызға болатын екі қаржылық әдіс бар: дисконтталған таза кіріс (NPV) және табыстылықтың ішкі нормасы (IRR). NPV мен IRR әдістерінің екеуі де дисконтталған ақша ағымы әдістері деп те аталады, өйткені олар уақыт құндылығын капиталды инвестициялау жобасының бағалауына енгізеді. NPV мен IRR әдістерінің екеуі де болашақ төлемдеріне (негативті ақша ағымы), кірістерге (позитивті ақша ағымы), шығындарға (негативті ақша ағымы) және "ұтысы жоқ ағымдарға" (нөлдік ақша ағымы) негізделеді.
NPV
NPV әдісі ақша ағымдарының таза мәнін қайтарады — бүгінгі доллармен көрсетіледі. Ақшаның уақыт құндылығына байланысты бүгін алынған доллар ертеңгі алынған доллардан құндылау болады. NPV әдісі әр ақша ағымының таза кірісін есептеп, барлығын бірге қосып, дисконтталған таза кірісті шығарады.
NPV формуласы мынадай:
Бұл жерде n деген ақша ағымдарының саны, ал i деген дисконт ставкасының пайызы.
IRR
IRR әдісі NPV әдісіне негізделеді. Оны NPV әдісінің арнайы жағдайы деп санауыңызға болады. Бұл жағдайда, есептелетін табыс нормасы 0 (нөл) дисконтталған таза кіріске сәйкес пайыз ставкасы болып табылады.
NPV(IRR(values),values) = 0
Тізбекте барлық негативті ақша ағымдары барлық позитивті ақша ағымдарынан ерте кездессе немесе жобаның ақша ағымдарының тізбегіде тек бір негативті ақша ағымы болса, IRR бірегей мән қайтарады. Капиталды инвестициялау жобаларының көбісі үлкен негативті ақша ағымынан басталып (бастапқы инвестиция), бір қатар позитивті ақша ағымдарымен жалғасады. Сол себептен, онда бірегей IRR нормасы болады. Алайда, кейбір кезде біреуден көп жарамды IRR норма болуы немесе олардың біреуі де болмауы мүмкін.
ЖОБАЛАРДЫ САЛЫСТЫРУ
NPV әдісі жобаңыз қалаған пайда нормаңыздан (минималды табыс ставкасы деп те аталады) көбірек немесе азырақ пайда әкелетінін анықтайды және жобаңыз пайдалы не пайдасыз болатынын білуге жақсы көмек береді. IRR әдісі NPV әдісінен бір қадам алда болып, жобаның бір арнайы пайда нормасын анықтайды. NPV мен IRR әдістерінің екеуі де бәсекелі жобаларды салыстыру үшін қолдануыңызға болатын сандар береді және бизнесіңізге ең тәуірін таңдайды.
БЕТТІҢ ЖОҒАРҒЫ ЖАҒЫ
Лайықты Excel функциясын таңдау
NPV мен IRR есебіне Office Excel бағдарламасының қай функцияларын қолдануыңызға болады? Ол үшін бес функция берілген: NPV, XNPV, IRR, XIRR және MIRR. Таңдауыңыз қалаған қаржы әдісіңізге, яғни ақша ағымдары тұрақты мерзімі бойынша болатыны не болмайтынына және мерзімді болатыны не болмайтынына, байланысты болады.
ЕСКЕРІМ Ақша ағымдары негативті, позитивті немесе нөлдік мәндер ретінде белгіленеді. Осы функцияларды қолданған кезіңізде бірінші қадамның басындағы дереу ақша ағымдарын және қадамдардың соңындағы басқа да ақша ағымдарын қалай қолданатыныңызға арнайы көңіл бөліңіз.