Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 11:49, реферат
Жарық. Көптеген жыртқыш өсімдіктер жарықтың мол түскенін қалайды. Кейбір түрі жасанды жарыққа да өссе, кейбірі табиғи жарықты қалайды. Жыртқыш өсімдіктер – жәндіктермен қоректенетін автотропты өсімдіктер. Жәндікқоректі өсімдіктердің негізінен тропиктик аймақтарда кездесетін 6 тұқымдасы, 500- түрі белгілі. Қазақстанда 3 туысы, 6 түрі бар. Жәндікқоректі өсімдіктер өздерінің қорегін аулау үшін олардың организмдері әртүрлі күрделі жағдайларға бейімделген. Мысалы, дүңгіршек жапырақтарының саңылаулары болады, оның қалқаншасы ішке қарай ашылады да, ұсақ жәндіктер оған кіре алғанымен кері шыға алмайды, өсімдікке қорек болады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жыртқыш өсімдіктер түсінігі
Жыртқыш өсімдіктер түрлері
Жыртқыш өсімдіктер сипаттамасы
Жыртқыш өсімдіктерді үй жағдайында өсіру
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жыртқыш өсімдіктер
Табиғат өзінің тылсым сырларымен
қызықты. Оны зерттеп танудағы
ғылыми еңбектер әлі де аз. Бір өсімдіктер
дүниесінің миллиардтаған құпиясы бар.
Соның бірі жыртқыш және паразит өсімдіктер
әлемі. Әрине жыртқыш, паразит деген ұғымдар
тек жануарлар әлемінде емес өсімдіктер
әлемінде де қолданыста бар сөздер. Бұл
өсімдіктердің тарихына үңілетін болсақ
ең алғаш бұл жыртқыш өсімдіктер 18 ғасырда
белгілі бола бастаған. Ең алғаш шыбынжек
жапырақ (мухоловка) өсімдігіне ботаникалық
түсінікті 1769 жылы ағылшын натуралисі
Джон Эллисон өзінің Карл Линнейге жазған
хатында сипаттаған болатын. Бұл хатта
Д. Эллисон өсімдік өзіне қорек ретінде
жәндіктерді ұстағанын сипаттаған болатын.
Ал 1782 жылы неміс дәрігері А.В.Роттың росянка
өсімдігінің жәндікті ұстап қоректенгендігі
туралы жазған жазбасы Д. Эллисонның айтканын
растай түсті. Жыртқыш өсімдіктер – көпжылдық
шөптесін өсімдіктер. Қалың шөптердің
арасында, батпақты жерлерде тіршілік
етеді. Жәндіктерді фосфор, калий қоры
ретінде пайдаланады. Жәндіктерді түрі
өзгерген жапырақтары арқылы аулайды.
Жәндіктерді өздеріне әдемі түстерімен,
иістерімен, шырышты қоспаларымен еліктіреді.
Жапырақтарында жәндіктерді қорытатын
пепсин және органикалық қышқылдар болады. Тамыр
жүйесі жыртқыш өсімдіктерде нашар жетілген,
бірақ мұндай өсімдіктер топырақтағы
су мен жәндіктерден бөлінетін заттардың
арқасында тез өседі, гүлдейді, көбейеді.
Жыртқыш өсімдіктер Артикадан бастап
тропиктік жерлерге дейін, яғни су жағалауынан
бастап биік таулы аймақтарға дейін өседі.
Жыртқыш өсімдіктерді жәндіктерді аулау
механизміне қарай 3 типке бөлеміз:
- Жапырақ тақтасындағы тікенді
тістері арқылы аулау.
- Жапырақтарынан бөлінген шырыш арқылы
аулау
- Құмыра секілді жапырағы арқылы аулау
Суару. Жыртқыш өсімдіктерге біздер пайдаланатын судан гөрі жаңбырдың суы, не арнайы дайындалған (құрамындағы рН – 6,5) су қажет. Біз пайдаланатын судың құрамында минералды тұздар бар, ол өсімдіктің тіршілігін жояды. Бұл өсімдіктердің көбісі батпақты жерлерде өсетін болғандықтан, ылғалды ұнатады. Бірақ кей жағдайда құрғақшылыққа төзімділері де кездеседі.
Қоректенуі. Ашық далалы жерде өскен жыртқыш өсімдіктер өзін – өзі қоректендіре алады. Бірақ бұл өсімдікті қолмен де қоректендіруге болады. Бірақ қорек көлемі шартты мөлшерден асып кетсе өсімдік өліп кетуі де мүмкін.
Жарық. Көптеген жыртқыш өсімдіктер
жарықтың мол түскенін қалайды. Кейбір
түрі жасанды жарыққа да өссе, кейбірі
табиғи жарықты қалайды.
Енді осы өсімдіктерге жеке
тоқталып өтелік:
Дәнел (Альдрованда)
1. Дәнел (альдрованда) – (Аldrovanda)
– шықшөптер тұқымдасына жататын жәндікқоректі
су өсімдіктер туысы. Еуразияның, Австралияның,
Африканың тұщы суларында өсетін 1 түрі
бар. Қазақстанда өзен-көл бетінде қалқып
жүретін 1 түрі – бүршікті дәнел (А. vesіculosa)
бар. Биіктігі 5 – 10 см, тамырсыз жіп тәрізді
сабақтары су бетінде қалқып жүреді. Жапырақтары
7 – 9-дан шоғырланып, жалпақ сағағының
ұшында ұзын біз тәрізді болып жетіледі.
Гүлдері ұсақ ақ түсті, жәндіктермен тозаңданады.
Негізінен қыстап қалған бүрлері арқылы
көбейеді. Ол бүрлерді су құстары таратады.
Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді.
Жемісі – қақырап ашылатын қорапша. Тұқымы
ұсақ, өте көп.
Библис
2. Библис – жыртқыш өсімдіктердің
бір түрі. Желім бөлу арқылы
жәндіктерді еліктіреді. Бөлінген желімге
жәндіктер ғана емес, сонымен қатар бақа
тіптен құстар да ілініп жем болады. Австралия
елінің тұрғындары осы желімді скотч жасауда
пайдаланады.
Саррацения
3. Саррацения – туысқа 9 түр жатады. Туысқа жататын өсімдіктер батпақты жердің өсімдіктері болып табылады. Түсі өте ашық. Тіптен гүл жармаған сарраценияның өзі де адамды өзіне еліктірмей қоймайды. Алқызыл түсті, тәтті шырын бөлетін қармалауыш –жапырақ ертегілердегі гүлді елестетеді. Әдемі гүлге қызыққан жәндік өсімдіктің қорегі болып табылады.
Шыбынжек жапырақ (Венерина мухоловка)
4. Шыбынжек жапырақ (венерина мухоловка) – туысқа тек 1 ғана түр жатады. Табиғатта шыбынжекті солтүстік және оңтүстік Каролина батпақтарынан кездестіруге болады. Ересек өсімдігінде қармалауыш 3см. Жыл мезгілдеріне қарай қармалауыш түрі өзгеріп отырады. Жаз айларында қармалауыш ашық түске боялып үлкен көлемді болады. Ал қыста қорек аз кезде қармалауыш көлемі кішірейеді. Жапырағының айналасын қалың тікендер қаптаған. Әр жапырақта 15-20 тікеннен бар. Ал жапырақ ортасында 3 ұзын қылшық болады. Жәндіктерді бұл жапырақ түрі қызықтырмай қоймас. Егер жапыраққа бір нәрсе ілінсе жабылған жапырақ 30 минуттан кейін, кейде бірнеше күнге дейін ашылмай қалады.
5. Дарлингтония – туысқа жататын
жалғыз түр. Калифорнияның батпақты аймақтарында
өседі. Жыртқыш өсімдіктің жапырағы шабуылға
дайын тұрған кобра жыланына ұқсайды.
Иісі арқылы жәндіктерді өзіне еліктіріп,
оларды қорек қылады.
Жирянка
6. Жирянка – қорегін өзінің
жапырақтары мен еліктіргіш иістері арқылы
ұстайды. Жапырақ ұшына қонған жәндікті
ұстаған жирянка жапырағын ішке орау арқылы
жәндіктің сыртқа шығуын қиындата түседі.
Одан әрі жапырақ қажетті ферменттерді
бөліп, жәндікпен қоректенеді. Қорытып
болғаннан соң жиырып алған жапырағын
ашып, келесі жәндікті аулауға дайын тұрады.
Непентес
7. Непентес - туысқа жататын тропикалық
орманда кездесетін 80 түр жатады. Көп бөлігі
ұзындығы бірнеше метрге жететін лиана
түрінде өседі. Непентес қармалауыштары
ірі жәндіктерді де ұстауға бейім. Ең ірі
непентес бақа, тышқан тіпті құстармен
де қоректенеді. Басқа жыртқыш өсімдіктермен
салыстырғанда непентестің қорек аулау
тәсілі өзгеше. Құмыраға ұқсас жапырақтары
су жинауға өте ыңғайлы болып табылады.
Жапырақ түбі воронкаға ұқсас, жиналған
су содан тамшылып жәндіктерді өзіне еліктіреді.
Құмыраның шырынды бөлігіне жиналған
жәндіктер шырынмен қоректенемін деп
құмыраның ішіне түсіп кетеді де, ақыр
соңында сондағы суға батып өледі. Непентесті
кейде «аңшы кесесі» деп те атайды.
Шықшөп
8. Шықшөп (росянка) –(Drosera)
– өзі аттас тұқымдасқа
Жыртқыш өсімдіктерді үй жайында өсіре алмаймыз деген түсінік бар. Бірақ өсіремін деген адамға бәрі де мүмкін, тек шыдамдылық қажет. Шыбынжек өсімдігіне жарық жыл бойы керек. Егер жарық жетпесе қолмен жарықтандыру керек. Жаз айларында өсімдік суды мол қажет етеді. Бір ескертетіні қайнатылған су мен жаңбыр суын пайдалану керек. Қыс айларында су құюды баяулатқан дұрыс, бірақ кеуіп кетпеуін қадағалау керек. Ауаның өте жоғары ылғалдылығы бұл өсімдікке қажет болып табылады. Непентес жыртқыш өсімдігін қолдан өсіру соншалықты қиын емес. Тек ылғал, ауа мол болу керек. Өсімдіктің кеуіп кетпеуін қадағалап суарып отыру керек. Шықшөп өсімдігін үй жағдайында өсіру қиындау. Бұл өсімдікті қажет болса аквариумға салып өсіру де туындайды. Саррацения өсімдігі аса күтімді қаламай өсе береді. Тек қайнатылған су мен жаңбыр суын пайдаланған жөн. Бөлме жағдайында терезе алдында тұрған дұрыс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі