Ф.Энгельс
орта мектебі
Орындаған:9 «А» сынын
оқушылыры
2012-2013 оқу жылы
Қазақстан республикасының
мемлекеттік рәміздері. 1992 жылы 4 тамызда қабылданды.
Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық
айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер
белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде
орналастырылған жанды-жансыз заттардың
бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер
үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты,
өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік
рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде
ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе
беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға
мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парызетеді. Қазақстан Pеспубликасының
мемлекеттiк Елтаңбасы — “Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық
заң күшi бар Жарлығымен белгiленген.
Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң
негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының
бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн
шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтыңсәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң,
қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың,
тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың
бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең
тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған
таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас
талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың
кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң
бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi
өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын,
сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш
етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi
iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық
жұлдызы бар. Елтаңбаның авторы :Жандарбек
Мәлібеков пен Шотаман Уәлиханов .Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
Туы –“Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық
заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Мемлекеттік
ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның
ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған
қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген
тұста — ұлттық оюлармен кестеленген
тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi.
Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР
мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi
бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және
Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады.
Бұлтсыз көк аспанбарлық халықтарда әрқашан
да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың
нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның
түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты
адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi
түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды
бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және
әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң
мәдени-семиотикалық тарихына сүйене
отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс
Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке
ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi
деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын
күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң
және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана
бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар
нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық
бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған
қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын,
қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн
паш етедi. Гимн — бұл дыбыстық рәміз,
әлеуметтік-саяси бірігуде және еліміздегі
азаматтарды этномәдени біртұрпаттылықта
айтарлықтай мағына береді. «Гимн» терминінің
өзі гректің «gimneo» сөзінен алғанда «салтанатты
ән» дегенді білдіреді.
Кез-келген халықтың тарихында
музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың
белгілі бір уақытында халықтың
гимні болған. Осындай ән қазақ
халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншылығы
кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін
көрсетуге арналған «Елім-ай» әні,
оны ХVІІІ ғасырдың атақты батыры,
ақын-сазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы
жазған.
Қазақстан Ресей империясының
құрамында болған кезде қазақтардың
бірыңғай Гимні болмады. Қазақтарды
ұлт-азаттық көтерілістерге қарсы
қайсар ерлікке рухтандыратын ақындар
мен жыраулардың жеке әндері ғана
болды.
Тәуелсіздік алғаннан кейін
қазақтардың бірнеше ұрпақтарының
көпғасырлық арманы — азаттық
пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа
Гимнін әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика
Гимн мәтіні мен әніне конкурс жарияланды.
Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп
түсті. Ең алғаш 1992 жылы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік ән ұраны
жарияланды.Содан кейін 2006 жылы 6 қаңтарда
Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен
отырысында «мемлекеттік нышындар туралы
» жарлыққа түзетулер енгізілді.Еліміздің
жаңа ән ұраны болып атақты ән «Менің Қазақстаным».Әнін
Шәмші Қалдаяқов,сөзін Жұмекен Нәжімеденов
,Нұрсұлтан Назарбаев жазды.Осылайша біздің
еліміздің рәміздері пайда болды.