Арқаулық ұлпалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 15:19, доклад

Краткое описание

арқаулық ұлпалар өсімдікке беріктік, мықтылық қасиет береді

Файлы: 1 файл

арқаулы ұлпа.docx

— 13.56 Кб (Скачать)

Арқаулық ұлпалар

Арқаулық  ұлпалар бірігіп, есімдіктің барлық оргаңдарын сынудан немесе жыртылудан сақтайтын ең жоғарғы беріктікті қамтамасыз етеді. Бұл ұлпалар қабықшалары  қалың, жиі (бірақ барлық уақытта  емес) сүректенетін клеткалардан тұрады. Коп жағдайда бұлар олі клеткалар. Остік органдарда бұлар негізінен  прозенхималық, ал жапырақтар мен жемістерде па-

ренхималық  клеткалар болып келеді. Клеткаларының  формасына, олардың қабықшаларының химиялық құрамына және қалындау ерекшеліктеріне  қарай арқаулық ұлпаларды екі  топқа бөледі: колленхима, склеринхима.

Колленхима. Колленхима тірі, әдетте паренхималық клеткалардан тұрады. Егер клетканың қабықшасының қалыңдауы, оның бүрышынан басталса, ондай колленхиманы бұрыштық деп атайды. Егер клетканың екі қарама-қарсы жатқан қабықшалары қалыңдап, қалған екеуі жұқа күйінде қалып отырса, ондай колленхиманы пластинка тәрізді деп атайды. Колленхиманың қабықшалары созылуға қабілетті, өйткені олардың жұқа бөліктері (участкілері) болады, сондықтанда колленхима жас өсіп келе жатқан органдардың тірегі болып табылады. Колленхима қос жарнақты өсімдіктерге тән.

Склеренхима. Склеренхима клетка қабықшалары бірдей болып қалыңдайтын прозенхималық клеткалардан тұрады. Тек жас клеткалары ғана тірі болады.

Жасы  ұлғая келе бұл клеткалардың ішіндегі заттары өліп, семеді. Бұл құрлықта өсетін өсімдіктердің вегетативтік органдарындағы ең кең таралған арқаулық ұлпа. Клетка қабықшаларының химиялық құрамы бойынша склерен-химаның  екі түрі болады: талшықтар жөне склереидтер. Талшықтардың озінің екі  түрі бар: тін талшықтары және сүректік талшықтар. Тін талшықтарының клеткасының  қабықшалары целлюлозадан тұрады, немесе аздап қана сүректенеді, сүректік талшықтардың (либри форм) клеткасының қабықшалары  барлық уақытта толық сүректелген  болады.

Склереидтер. Склереидтер клетка қабықшалары бірдей қалыңдап сүректелген олі паренхималық клеткалар.

Олар  әдетте жемістерде (тасты клеткалар), жапырақтарда (тірек клеткалар) және басқа да органдарда болады.

Информация о работе Арқаулық ұлпалар