Ақша – несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 14:05, курсовая работа

Краткое описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Оглавление

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І –Тарау. Төлем балансы және оның мәні
1.1. Төлем айналымы түсінігі
1.2. Төлем айналымы әрекет етуі бойынша қатынастарды реттеу
ІІ – Тарау. Төлем айналымы және ақша-несие саясаты
2.1. Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері
2.2. Ақша-несие саясатын жүргізудегі аспектілер
2.3. Валюталық саясат және оның төлем балансындағы маңызы
ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары.
3.1. Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны.

Файлы: 1 файл

Ақша - несие саясаты.doc

— 113.50 Кб (Скачать)

  Институционалдық жағынан қарасақ несие жүйесі валюта қаржы мекемелерінің кешені, оны мемлекет экономиканы реттеп атқару үшін белсенді пайдаланады. Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

  Мемлекеттік бюджет тапшылығы оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттігін туғызады. Бұл ресурстар мемлекет ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы несие институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады.

  Мемлекеттік несие жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы.

  Ақша-несие жүйесінде мемлекет мынадай рольдер атқара алады: несие беруші, қарыз алушы және кепіл.

  Мемлекеттік несие ақша-несие қаражаттарын қайтару шарты негізінде қайта бөлу қызметін атқарады. Бұл халықтың жеке шаруашылық субъектілерінің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақтарды ұйымдастырудың бір нысаны болып табылады [17].

  Мемлекеттік несие бос ақша қаражаттарын мемлекеттік билік органдарының қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қатынастар. Несие көмегімен орташа жинақтар мемлекетте жинақталады және оның қажеттіліктерін өтеуге бағытталады.



Информация о работе Ақша – несие саясаты