Ферменттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 16:09, реферат

Краткое описание

Ферменттер – бұл биологиялық катализаторлар, организмдегі химиялық реакциялардың жылдамдығын тездететін белоктық заттар. Организмде химиялық реакцияларды жылдамдату – ферменттердің қызметі табиғатта ферменттер барлық организмдердің барлық клеткаларынла қызмет атқарады. Ферменттер тіршілік процесінің негіщзі болып табылады. Сондықтан клетканың атқаратын қызметінің механизмін, клеткадағы зат алмасудың негізін түсіну үшін ферменттерді, атап айтқанда, олардың құрфылымын, қасиеттірін, ерекшелігін, әсер ету механизмін, активті орталығының құрамын және ферменттерге байланысты өзге де мәселелерді жан-жақты білу қажет.

Файлы: 1 файл

Тақырыбы 1.docx

— 70.43 Кб (Скачать)

   Қан тамырларының тромбозын (бітелуін) емдеуде  тромбаны еріту арқылы тромболиттік ферменттерді фибринолизин, тромболитин (трипсин мен гепарин комплексі) қолданылады.

   Дезоксирибонуклеаза (ДНҚ-аза) (мүйізді ірі қараның  ұйқы безінен бөлінген) деполимерлендіруге және іріңді сұйылтуға қабілетті  және көздің вирустық ауруларын, коньюнктивитті емдеуде вирустық нуклеин қышқылдарының  ыдырауын тездету үшін қолданады.

   Аспарагиназа  лейкоздың (ақ қан қатерлі ісігі) кейбір формаларын емдеуге қолданады. Аспарагин лейкоздық жасушада синтезделмейтіндіктен, оны қан сарысуынан алады. Сондықтан науқастың қанына аспарагиназаны қосқанда қан сарысуындағы аспарагин ыдырайды да лейкоз жасушасына қажетті аспарагин құрамды белок синтезделмейді, тоқталады, жасуша өледі.

   Емдеу препараты ретінде кейбір коферменттер де кең қолданылуда. Мысалы, пирожүзім қышқылын және α-кетоқышқылдардың тотығып декарбоксилденуі процессіне қатысатын коферменттер кокарбоксилаза (тиаминпирофосфат) және липой қышқылы көмірсулар алмасуын жақсартумен бірге бірнеше ауруларда (атеросклероз, бауыр зақымдалулары, ацидозда, қан айналысы жетіспеушілігінде) айқын эффект көрсетеді.

   Қазіргі кезде витаминдер олардың коферменттік формалары да рибофлавин, рибофлавинмононуклеотид, никотинамид, кальций пантотенаты, пиридоксин, цианкобаламин препараттары түрінде ауруды емдеу үшін кең қолданылуда.                                         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ферменттер