Ферменттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 00:58, реферат

Краткое описание

I. Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім

2.1) Суда еритін витаминдер
2.2) Майда еритін витаминдер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

биохимия.docx

— 174.51 Кб (Скачать)

Жоспар.

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім

 

2.1) Суда еритін витаминдер

2.2) Майда еритін витаминдер

 

    1. Қорытынды
    2. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

I. Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты

 Витаминдер деп химиялық табиғаты әр түрлі органикалық заттарды айтады. Витамин латынша vіtа – өмір, тіршілік; vitman – тіршілік амині деген мағынаны білдіреді. Олар тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Организмнің қорғаныштық қабілетін арттыруда витаминдердің атқаратын міндеті өте зор. Егер тамақтану дұрыс жолға қойылмаса, яғни күнделікті пайдаланатын тағамдарымызда организмдерге қажетті витаминдер мөлшері жеткіліксіз болса, онда организм әлсіреп, ол әр түрлі ауруларға шалдығады, оның өсіп-өнуі мен жетілуі нашарлайды. Витаминдер, сол сияқты, жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Организмге тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдататын жәнс реттейтін де витаминдер. Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөледі: 
1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы); 
2)алицикдды витаминдер қатары; 
3)ароматикалық витаминдер қатары; 
4) Гетероциклды витаминдер қатары. Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын, су мен майларда еритін витаминдерге тоқталуды жөн көрдік. 
Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, панготен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит, холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В1, В2, В3, В5, Вб, В12 В5, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді. 
Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлохинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары (А, Д, Е,К) және т.б. кіреді. 
Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғары-латады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам организміне қабылдану мөлшері де түрліше болады.        
Ал витаминдерді көп мөлшерде пайдалану гипервитаминоз құбылысының тууына әкеледі. Тамақ азықтарында, дәрі-дәрмектік өсімдіктер мен басқа да заттардың құрамында кездесетін вита-миндерді түрлі түсті сапалық реакциялар көмегімен ашуға болады. 
2.1. Суда еритін витаминдер 
Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде нерв жүйелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан-ішск трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендсйді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды. 
Азия және оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың арасында «бери-бери» ауруы ерте заманнан-ақ кең етек алып келгені белгілі. Бұл нерв жүйесінің ауруы, әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлппин аралдары, Оңтүстік Америка сияқты күріш дақылы көп пайдаланатын еддерде жиі тараған. Европа елдерінде «бери-бери» ауруы, керісінше өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, олар қара нан, әр түрлі тағамдар мен овощтар жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890—1897 жылдары Ява аралында жүргізілген зертгеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда «бери-бери» ауруларының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумсн ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында «бери-бери» ауруының негізгі себебі күріштің кебігінде көп кездесетін В) витаминінің (тиаминнің) жетіспеушілігінен екені анықталған. 
Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақат-тануының мәні — бұл витамин фосфор қышқылымсн қосылып тиамин-пирофосфат деген зат түзеді. Тиамин (В1 витамині) тиамин-пирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуына пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылы ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде фермент азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды — тиамин пирофосфат және карбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен бөлініп алынды. 
В1 витамині зат алмасуға, әсіресе углеводтардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестсріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттер құрамына кіреді. 
В1 витаминнің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының негізгі себебі де осында. 
«Бери-бери» ауруымен аурғанда адамның жүру қабілеті на-шарлап, кібіртіктеп жүреді, организмнің жалпы әсліреуі байқалады. Тамаққа тәбеті тартпайды, салмақ кемиді. Аяқ-қолдың шаншып немесе сыздап ауруы пайда болады, сол ауырған жерлердің сезіну қабілеті нашарлайды. Бұлшық еттер таратылып, солып қалады. Жүрек қысылып, тамыры жиі соғатын болады. Тиаминнің организмде жетіспеуінің негізгі себептерінің бірі оның тағам құрамында аз болуы. Жоғарыда көрсетілгендей, В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Организм тәулігіне орта есеппен 2—3 миллиграмм тиаминді керек етеді.

Тиамин


 


 

В2 витамині – рибофлавин

1879 жылы алғаш рет В2 витамині сиыр сүтінің пигменті ретінде белгілі болған. Ол көп мөлшерде сүтте, ірімшікте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, жүректе, ашытқыда кездеседі. Ішек бактерияларымен синтезделеді. Тәуліктік қажеттілігі 2 – 4мг.

Рибофлавин өсу витамині. Оны 1953 жылы Кун бөліп алған. Рибофлавин молекуласының негізгі гетероциклді қосылыс – изоаллоксизиннен тұрады. Ондағы 9 – N атомына бес атомды спирт  рибитол байланысқан. Рибофлавин –  изоаллоксазиннің Д – рибитильді туындысы болып табылады, ол тотыққан немесе тотықсыздынғын жағдайда болады. В2 витаминінің биологиялық белсенді түрлері – рибофлавиннің туындылары – флавопротеидтердің коферменттері  ФАД және ФМН болып табылады. ФАД  – флавинадениндинуклеотид және ФМН – флавинмононуклеотид тканьдерде тағаммен түсетін рибофлавиннен  синтезделеді.

 



 

 

 

 

 

РР (В5) витамині – ниацин

 

Антипеллагралық витамин. 1973 жылы Эльвегей бауыр сығындысынан бөліп  алған. Никотин қышықылы  карбоксильді тобы бар пиридиндік қатардың қосылысы никотинамид  оның амиді.

Биологиялық белсенді түрі никотинамидадениннуклеотид (НАД+) және никотинамидадениннуклеотидфосфат (НАДФН·Н+). Олар тотыққан субстраттан флавопротеидке протондар мен электрондарды тасымалдайтын көптеген дегидрогеназа ферменттерінің коферменттері болып табылады.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

В6 витамині – пиридоксин

 

  Антидерматиттік дәрумен. 1934 жылы Дьерди ашқан. В6 термині дәрумендік қабілеті бар 3 – оксипиридиннің үш туысындысы: пиродиксин (пиродоксал), пиридоксаль және пиридоксаминге қолданады.

 

 

Бірақ, заттар алмасуына  фосфорланған түрлері пиридоксальфосфат  пен пиридоксаминофосфат қатысады.

 

 

 

 

 

 

В12 витамині - цианкобламин (кобламиндер)

 

Кобламиндер - құрамында  кобальт  бар күрделі құрылымдар. В12 витаминінің құрылымын 1956 жылы Дороти Ходжкин рентген құрылымдық талдау әдісімен анықтаған.

В12 витаминінің циклді жүйесі порфириндердің циклдік жүйесіне ұқсас, онда бірқатар метильді топтар қосымша орналасқан. Корринді сақинасында көптеген қос байланыстар бар. Адам ағзасында В12 витаминін ішек бактериялары жеткізеді. В12 витамині бауырда, бүйректе өте көп. Өсімдік тектес тағамдарда кобаламиндер аз болады, сондықтан тек өсімдік тағамымен тамақтанатын адамдарда В12 гиповитаминозының белгілері дамиды. Жіңішке ішекте В12 витамині сіңірілуі үшін асқазанның қабат түзу клеткаларымен синтезделетін гликопротеид және Са++ иондары қажет. Ішек қабырғасында цианокобламин гидроксикобламинге  айналады да, плазманың өзгешелік екі белоктары: транскобламин 1 және транскобламин 2 көмегімен қанда тасымалданады. Тканьдерде, әсіресе бауырда және бүйректе, гидроксикобламин коферменттік түрге - яғни метилкобламин мен дезоксиаденозилкобламинге айналады.

В12 витаминінің биологиялық маңызы. Кобаламидті коферменттер  (метилкобламин және дезоксиденозилкобламин) В12 витаминінің туындысы ретніде 2 түрлі ферменттік реакцияларға қатысады:

- кейбір топтарды көміртегінің  бір атаомынан екіншісіне сутегі  атомының орнына молекулаішілік  тасымалдаудың реакциялары. Бұл  тасымалдау 5 - дезоксиаденозилкобламиннің  коферментіне байланысты болады. Ферменттердің бұл тобына диолдегидратаза,  этаноламин -аммиак -лиаза, лизилмутаза,  рибонуклеотидредуктаза, метилмалонил - КоА мутаза жатады.

- метильдік топтарды тасымалдау  реакциялары. Бұл реакцияны катализдейтін  ферменттер метилкобламин коферментін  пайдаланады. Оларға гомоцистеинметилтрансфераза  жатады.

С витамині - аскорбин қышқылы

Аскорбин қышқылы немесе антискорбутты (антицинготты) витамин  өзінің химиялық табиғаты бойынша 2,3 - дегидро - гулон қышқылының лактоны  болып табылады. Оның құрамында "редуктон" топтары бар, олар дегидроаскорбин  қышқылын түзе отырып, жеңіл тотығады. Тканьдерде аскорбин - дегидроаскорбин  қышқылы редокс - жүйесін түзеді. Аскорбин қышқылының дегидроаскорбин  қышқылына тотығуын аскорбат - оксидаза қамтамасыз етеді, бұл құрамында  мыс бар фермент, ол митохондриялардың  тыныс алу тізбегінде С цитохромына  электрондарды тасымалдайды. Дегидроаскорбин  қышқылының тотықсыздануын глутатионның қатысуымен дегидроаскорбатредуктаза іске асырады:

Сүт қоректілердің ішінде тек маймылдар, адамдар және теңіз  шошқасы аскорбин қышқылын тағаммен алуы қажет, басқа түрлер оны өздері синтездей алады. С витаминінің  негізгі қайнар көздері - жеміс, көкөніс, әсіресе цитрустар. Аскорбин қышқылы  көп мөлшерде итмұрында, тәтті бұрышта, қарақатта және т.б бар. Ересек адам үшін аскорбин қышқылының тәуліктік  қажеттілігі  50 - 100мг.

Аскорбин қышқылы көптеген биологиялық қызметтер атқарады, ол ағзаның күшті тотықсыздандырғышы ретінде көптеген биохимиялық процестерге  қатысады:

- аскорбин - дегидроаскорбин  қышқылы редокс - жүйесін түзеді, ол оның антиоксиданттық қасиетін  сипаттайды.

- темірдің 2 валенттік түрінің  ішекте сіңірілуіне қажетті Fe+++  - iн Fe++ дейін тотықсыздануын іске  асырады

- фоль қышқылының тетрагирофоль  қышқылына дейін тотықсыздануына  қатысады

- металдармен комплекс  түзеді . Мысалы, аскорбин қышқылы  темірді оның тасыалдаушы белок  - трансферринмен байланысынан босатады  да, темірдің тканьдерге келіп  түсуін жеңілдетеді.

-  Fe++ және оттегімен  бірге ароматтық емес қосылыстар  үшін ферментативті гидроксильдеуші  реагенті болып табылады, мысалы  фенилаланиннің тирозинге айналу  процесінде.

Сонымен қатар аскорбин қышқылы  мынадай ферменттік гидроксильденуге қатысады:

- Серототинің  түзілуі  арқылы жүретін триптофанның  гидроксильденуі 

- Коллагеннің синтезі  кезіндегі пролин мен лизин  қалдықтарының гидроксильденуі 

- Бүйрек үсті безінің  гормондары синтезі кезіндегі  стероидтардың гидроксильденуі 

- Карнитиннің  синтезі  кезіндегі бета - бутиробетаиннің  гидроксильденуі

Аскорбин қышқылы орталық  жүйке жүйесінің медиаторы болып  табылатын норадреналиннің дофаминнен түзілуін катализдейтін дофамин - бета - гидроксилаза үшін ко - субстрат болып  табылады.

 

2.2. Майда еритін витаминдер

А витамині (ретинол) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың, тырнақтың өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді. Май бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды ақшам соқыр (куриная слепота) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде, кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет

 

D витамині (кальциферол) адамның терісінде күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол кальций мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру мешел (рахит) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

Е витаминi(токоферол) бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқада, сүттің құрамында бар.

 

К витаминi (филлохинон) қанның ұю процестеріне қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі және жапырақты капуста, қалақай және т. б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады. Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан басқа да К витамин жоқ.

 

 

 

 

 

Қорытынды

Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы  үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық  активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің  негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай  Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін  жасалған тәжірибелер нәтижесін  қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі  ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің  қызметіне байланысты. Тағамның құрамында  витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. www.google.kz

www.wikipedia.org

  1. «Биологический энциклопедический словарь.» Гл. ред. М. С. Гиляров; Редкол.: А. А. Бабаев, Г. Г. Винберг, Г. А. Заварзин и др. — 2-е изд., исправл. — М.: Сов. Энциклопедия, 1986.)
  2. Тапбергенов С.О «Медициналық биохимия» Алматы - 2009ж. 117 -139б.
  3. Т.С. Сейтембетов, Б.И. Төлеуов, А.Ж. Сетембетова «Биологиялық химия» Алматы – 2010ж. 84 - 98б

Информация о работе Ферменттер