Бір жасушалы балдырлар, ұлпалардың қызыметі, Нәруыздар мен нуклеин қышқылдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:23, лекция

Краткое описание

Бiр жасушалы жасыл балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка, жасыл эвглена, вольвокстар жатады. Осылардың iшiнен кең таралғаны –хламидомонада. Ол кiшi iирiм суларда, тоғандарда кездеседi. Кейде, дымқыл жол бетiңдегi иiрiм сулар, тоған сулары ақшыл –жасыл түске боялады. Осындайды «гүлдеген« су деп атайды. Сулардың осылай «гүлдеуi« хламидомонаданың көптеп шоғырлануынан су жасыл түстi болып көрiнедi.

Файлы: 1 файл

Бiр жасушалы балдырлар және олардың өкiлдерi.doc

— 158.00 Кб (Скачать)

          Бiр жасушалы балдырлар және олардың өкiлдерi.        

 Бiр жасушалы жасыл  балдырларға хламидомонада, хлорелла, хлорококка, жасыл эвглена, вольвокстар жатады. Осылардың iшiнен кең таралғаны –хламидомонада. Ол  кiшi iирiм суларда, тоғандарда кездеседi. Кейде, дымқыл жол бетiңдегi иiрiм сулар, тоған сулары ақшыл –жасыл түске боялады. Осындайды «гүлдеген« су деп атайды. Сулардың осылай «гүлдеуi« хламидомонаданың көптеп шоғырлануынан су жасыл түстi болып көрiнедi.

        Хломидомонада жасушасы сопақша немесе алмұрт пiшiндi болып келедi. Оның денесiнiң алдыңғы созылған ұшында денесiн қозғалысқа келтiретiн екi талшығы болады. Бұл жануарлар ағзаларына тән туыстық белгi. Жасушасы сыртынан целлюлозалы қабықшамен  қапталған, iшiнде   цитоплазма, ядро және iрi тостаған тәрiздi хроматофоры бар.

       Жасушаның алдыңғы бөлiмiнде екi жырылғыш вакуоль және жарық сезгiш көзше орналасқан. Жарық сезгiш көзше түскен жарықты қабылдап, хламидомонада сол жерге қарай талшығының көлiгiмен қозғалып барады. Жиырылғыш вакуоль артық суды бөлiп шығарады.

       Хламидомонада тек қана фотосинтез кезiнде пайда болған органикалық заттармен қоректенбейдi, дайын органикалық заттарды бүкiл денесiмен сiңiрiп те қоректенедi. Суда ерiген оттегiмен тыныс алады

       Көбеюi екi жолмен жүредi – жыныстық және жыныссыз. Жаз айларында қолайлы жағдайлар туғанда жыныссыз көбейедi. Бұл үрдiс көбiнесе түнде жүредi, хламидомонада тоқтап талшығын тастайды (жоғалтады), бөлiнiп 2,4 кейде 8 ұсақ жасушаларға (хламидомонадаларға) айналады. Оларды зооспаралар деп атайды. Зооспоралардың талшықтары болғандықтан өз беттерiмен қозғала алады. Сонымен хламидомонаданың жыныссыз көбеюi споралары арқылы жүредi. Споралар аналық жасушаның қабықшасы жарылғаннан кейiн кiшкене хламидомонада түрiнде суға жүрiп шығады. Суда бiраз жүзiп жүрiп аналық жасушаға дейiн үлкейiп өскен соң жыныссыз көбеюге кiрiседi.

    Жынысты көбею күннiң суытып, иiрiм сулардың кеуiп кетуi сияқты қолайсыз кезең басталғанда  жүредi. Аналық жасушада 2 талшықты гаметалар түзiледi.

     Олар аналық жасушаның қабықшасынан шығып басқа хламидомонаданың гаметаларымен жұптасып қосылады. Осының нәтижесiнде тығыз қабықпен қапталған зигота түзедi. Қолайлы жағдай туғанда зигота бөлiнiп одан 4 хламидомонада түзiледi.

    Хлорелла (Chlorella) – бiр жасушалы көзге көрiнбейтiн ұсақ жасыл балдыр.

     Домалақ шар тәрiздi хлорелла жасушасы қабықшамен қапталған, iшiнде цитоплазма, ядро және жасушасын жасыл түске бояп тұратын iрi хроматофор бар.

     Егер бiр тамшы жасылсуды микроскоппен қарасақ көптеген түссiз шар тәрiздi денелердi көруге болады. Олардың iштерiнде жасыл хроматофоры да көрiнедi.

     Бұл хлорелла өсiмдiгi. Хлорелла тек суда ғана кездеспейдi. Жаңбыр жауғаннан соң, немесе тұман түскен кезде ағаштардың дiңiнiң жасыл түспен тұтылғанын байқауға болады. Осындай құбылысты ылғал топырақ бетiнен де көруге болады.

     Хлореллада фотосинтез аса қарқынды жүредi. Сондықтан ол көп мөлшерде оттегiн бөлiп, мол органикалық зат бередi. Көбеюi тек қана жыныссыз жолмен жүредi. Күн сәулесi түсiп тұрған суда қарқынды көбейедi. Жасушасы 4,8,16-бөлiкке бөлiнiп кiшкене шарлар –споралар пайда болады. Осы споралар аналық жасушы қабықшасын жарып шығып суда жүзiп өзбеттерiнше тiршiлiк етедi. Бұл жасыл шарлар суда ерiген минералдық заттар мен көмiр қышқыл газын сiңiрiп өз хроматофорларында органикалық заттар тұзедi.

     Өзiнiң аса кiшi көлемiне қарамастан хлорелла қазiргi ғалымдардың , оның iшiнде тек ботаниктердi ғана емес ғарыш кемесi конструкторларын , ғарышкерлердiң көңiлiн аударуда.

    Екiншi ғарыш кораблiнiң iшiнде басқа да өсiмдiктер мен жануарлар арасында осы хлорелла да болған. Планета аралық саяхат кезiнде ғарышкерлер кабинасында үнемi оттегi мөлшерi тұрақты болып, жаңа дайындалған тағам қажет. Ғарышкерлер кабинасында кiшкене бiр тұйық әлемдегiдей зат айналымы жүрiп тұруы керек.

     Жаңа азық-түлiк алуға шикiзат ретiнде де хлорелла ғалымдарды қызықтырады (мысалы Орта Азияда хлорелланы мал азығына қосады). Өсiмдiк өнiмдерiн алу үшiн теңiздер мен мұхиттарды пайдалану көзделiп отыр, ал олар бiздiң планетамыздың 2/3 бетiн алып жатыр. Хлорелла және де басқа микроскоптық балдырлар мен жануарлар 100 м тереңдiкке дейiнгi су қабатын алып жатыр. Оны планктон деп атайды

                                Жасыл балдырлар 

      Жасыл балдырлар — төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Табиғатта кең тараған. Негізінен тұщы суларды мекендейді. Тұзды және теңіз суларында, топырақта тіршілік ететін түрлері де кездеседі.

      Жасыл балдырлардың 5 класы:

  • вольвокс жасыл балдырлары (Volvocophyceae);
  • хлорококк жасыл балдырлары (протококк) (Chlorococcophyceae, Protococcohyceae);
  • улотрикс жасыл балдырлары (Ulotrіchophyceae);
  • сифонды жасыл балдырлары (Sіphonophyceae);
  • конъюгаттар (Conjugatophyceae).

      Қазақстанда 178 туысы, 700-дей түрі анықталған. Бұлар бір клеткалы, көп клеткалы, колониялы тіршілік етеді. Клеткалары бір не көп ядролы, кейде жалаңаш, көбінесе целлюлозалы және пиктинді қабықшамен қапталған. Кейбір түрлері ірілігіне әрі тарамдалғанына қарамастан клеткаларға бөлінбеген (сифонды жасыл балдырлары). Клеткаларында хлорофилл басым болғандықтан түсі жасыл және жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей каротин, ксантофил пигменттері болады.

     Қор заты – крахмал, кейде май. Жыныссыз (зооспораларымен, жылжымайтын спораларымен), жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия,коньюгация) және вегетативтік (бір клеткалы түрлері – екіге бөліну арқылы, көп клеткалы түрлері – жіпшелерінің бөліктерімен) жолдармен көбейеді. Кейде бір клеткалы және колониялы түрлері (вольвоксты жасыл балдырлары) шамадан тыс көбейіп кетсе, су «гүлдеп» тұрғандай көрінеді. Жасыл балдырларыдың теңіз салаты (Ulva), монострома (Monostroma) түрлері Шығыс Азия елдерінде тағам ретінде пайдаланылады. Бір клеткалы жасыл балдырларды (хлорелла, сценедесмус, т.б.) тағамға, малға жем ретінде, лас суды, ауаны (ғарыш кемелерінде, сүңгуір қайықта) тазарту үшін қолдан өсіреді. [1]

     Жасыл балдырлар - төменгі сатылы өсімдіктер бөлімі. Құрамына біржасушалы, колониальді, көпжасушалы және жасушасыз, (сифонды балдырлар) ағзалар кіреді. Бұл өсімдіктердің 15 мың түрі белгілі. Жасыл балдырлар бөліміне жататын балдырлар өз құрамына барлық хроматофоры бар таза жасыл түсті, көбінесе пиреноидты, азық қоры ретінде крахмал,зооспорагамета, 2 немесе 4 тен кірпікшені біріктіреді. Жасыл балдырлардың көбінде жасушалары бірқатарлы болып келеді. Пигменттері, хлорофил а және в, коротин, ксантофилл және т.б. Вегетативті көбею жолы жасушаның бөлінуі арқылы өтеді. Бір жасушаларда колониялары мен жіпшелерінің құлдырауы арқылы жаңа жіпшелердің жасушасы кері колонияда дамиды. Жыныссыз көбею зооспора немесе апланоспораның қатысуы арқылы өтед

       Жынысты көбею хологами, изогами, гетерогами, оогами, және конъюгация пішіндерінде өтеді. Жасыл балдырлардың көбі тұщы су қоймаларында мекендейді. Кейбір түрлері, теңізде, кейбіреуі ылғалды жерде, таулы жартаста, ағаштар қабығының арасында және т.б. жерлерде мекендейді. Жасыл балдырлар бөлімі келесі кластарға бөлінеді: вольвоксты, протококты, улотриксты, сифонды, конъюгатты.

 

                                 Ұлпалар

      Ұлпалар. Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты жасушалардан құралатындығы сендерге белгілі болды. Жасушалар адам денесінде ретсіз орналаспай, бірімен-бірі жасушааралық зат арқылы байланысып топтанады. Ұлпа - шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі бірдей жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы. Ұлпалар 4 топқа бөлінеді: эпителий,дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.

                       Эпителий ұлпасы


        Эпителий ұлпасы (гр. ері - үстіңгі, беткі) жабын (тері жабыны) ұлпа мүшелердің сыртқы жағын жауып, ішкі мүшелерді (қарын, ішектер, несепағар, мұрын қуысы, ішкі секреция бездері және т. б.) астарлап жатады. Жасушалары бірімен-бірі өте тығыз жанасқан. Мұндай орналасудың қорғаныштық қызмет атқаруда мәні зор. Жасушаларының пітіндері - жалпақ, төрт бұрышты, цилиндр және т. б.

      Эпителий ұлпасы құрылысына қарай бір қабатты, көп қабатты болады. Егер жасушалары бірнеше қабат түзіп орналасса - көп қабатты деп аталады. Мысалы, терінің, сыртқы қабатының жасушалары көп қабатты болғандықтан, қасаңданып түлеп түседі. Оның орнын терең қабатындағы жасушалар толықтырады.

         Жасушаларының пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары 6 топқа бөлінеді:

  1. Жалпақ эпителий (көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды.
  2. Текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады.
  3. Бағана тәрізді эпителийдің жасушалары ұзынша, қарын мен ішектердің ішкі қабатында орналасқан.
  4. Кірпікшелі эпителий бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады. Әсіресе тыныс жолдарындағы кірпікшелі эпителийлер шаңтозаң бөлшектерін және т. б. бөгде заттарды ұстап қалады.
  5. Сезгіш эпителий тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан.
  6. Безді эпителий жасушалары сүт, тер, жас, сілекей, құлық бөледі. Жасушаларының пішіндері бағана және төрт бұрышты.

      Эпителий ұлпасының қызметі:

  1. Қорғаныштық;
  2. Денеде су мөлшерінің бір қалыпты болуын реттеу;
  3. Бастапқы және соңғы кезеңдердегі зат алмасуға қатысу;
  4. Ағза мен сыртқы орта арасындағы зат алмасуды реттеу.

                           Дәнекер ұлпасы


       Өзінің атына сәйкес барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады. Дәнекер ұлпасына - сұйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфа жатады. Дәнекер ұлпасы: тығыз талшықты дәнекер ұлпасы, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықты, қан ұлпасы деп бөлінеді.

1. Тығызталшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді жанасқан. Жасушааралық заттары аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірде, артериялық қантамырларының қабыр-ғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі тығыз орналасып, ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамасыз етеді.

2. Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен-бірі байланысқан жері, көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзіледі. Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты болғанымен серпінділік қасиеті бар.

3. Сүекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бірімен-бірі байланысқан сүйек такташаларынан (пластинка) түзілген. Сүйекті дәнекер ұлпасының жасушалары (остеоциттер) тірі, оларды қантамырлар мен жүйкелер торлал жатады. Қаңқа сүйектері түгелдей осы ұлпадан тұрады. Құрамындағы кальций тұзы сүйекке беріктік қасиет беретіндіктен, ағзада сүйектер тірек қызметін атқарады.

4. Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары тығыз орналасқан. Қантамырларын, жүйкелерді қоршап, мүшелердің арасындағы кеңістікті толтырып тұрады. Теріні бұлшықеттермен байланыстырып, терінің астында борпылдақ қабат түзеді.

5. Қан - сұйық дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан, қанды дәнекер ұлпасына жатқызады.

Қызметі: а) ұлпаларға беріктік қасиет береді (тығыз талшықты ұлпа); ә) сіңірлер мен терінің негізін түзеді (тығыз талшықты ұлпа); б) тірек қызметін атқарады (шеміршекті және сүйекті ұлпа); в) оттек, қоректік заттармен қамтамасыз етеді (қан ұлпасы).

                          Бұлшықет ұлпасы


        Бұлшықет ұлпасы - денедегі бұлшықеттерді түзеді. Бұлшықет ұлпасына төн қасиет оның - жиырылғыштығы, жиыры-луы арқылы ағза мен мүшелерді қозғалысқа келтіреді. Бұлшықет жасушалары ұзын, жіңішке болғандықтан оларды талшықтар деп атайды. Талшықтарында бір-бірімен қатарласа (параллель) орналасқан өте көп жиырылғыш жіңішке миофибриллалар (гр. «myos» - бұлшықет, лат. «fibrilla» - талшық, жіпше) болады. Бұлшықеттердің жиырылғыштық қасиеті осы миофибриллаларға байланысты. Адам ағзасында бұлшықет ұлпасының 2 тобы болады. Олар: көлденеңжолақты және бірыңғайсалалы бұлшықеттер. Қаңқа мен жүректің бұлшықеттері көлденеңжолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Көлденеңжолақты деп аталатын себебі талшықтары екі түрлі: біреуі жіңішке күңгірттеу болса, екіншісі ақшыл жалпақтау (кендеу) болады. Осындай екі түрлі талшықтары бір-бірімен кезектесіл орналасқандықтан бұл бұлшықеттерді көлденеңжолақты дейді. Қаңқаның бұлшықеттері сүйекке бекінеді, оның әрбір талшығы (жасушасы) көп ядролы және ядролары талшығының шетіне орналасады. Талшығының (жасушасының) пішіні цилиндр төрізді, ұзын, ұштары доғал, адамның еркіне сай жиырылады.

     Жүректің бұлшықетіде көлденеңжолақты. Қаңқа бұлшықетінен айырмашылығы талшыңтары тарамдалып өр жерінен бір-бірімен бірігіп торланып жатады. Талшықтары көп ядролы және олар талшығының дөл ортасына орналасқан. Жүректің бұлшықеті адам еркінен тыс жиырылады.

     Бірыңғайсалалы бұлшықет ұлпалары ішкі асқазан, ішектер, қан тамырлары, несепағар, қуық, жатыр және т.б. мүшелерде болады. Талшықтары ұзын, ұршықтың сабы пішіндес, екі ұшы жіңішке үшкір, ортаңғы бөлігі жуаңдау. Талшығының дөл ортасында таяқша төрізді бір ядросы бар. Адам еркінен тыс бояу жиырылады.

Информация о работе Бір жасушалы балдырлар, ұлпалардың қызыметі, Нәруыздар мен нуклеин қышқылдары