:B лимфотциттер жүйесідегі өзгерістермен байланысты иммунитет тапшылықты аурулар

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 21:25, реферат

Краткое описание

Цитоплазмасы жіңішке жиек тәрізді, хроматинге бай, жедел жылжи алады. Иммунитетте басты роль атқарады. Екі топқа бөлінеді: В- және Т- лимфоциттер. В- лимфоциттер сүйек майынан шығады, қан иммунитетінің сақталу және дамуын қадағалайды. Т- лимфоциттер тимустан шығады, торша иммунитетін қадағалайды. Лимфоциттердің бірнеше түрлі аралас өсінділері де болады:
1) жетілген лимфоциттер— болашақ реципиенттің сенсибильденген эритроциттерін қолданып алынады;

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
Аутоиммунды аурулар туралы түсінік
Аутоиммунды аурулар туындауындағы апоптоз механизмдерінің бұзылыстарының ролі
Қорытынды
Қолданылған әдебиет

Файлы: 1 файл

В лимфациттер.doc

— 114.00 Кб (Скачать)

               «Астана Медицина Университеті» АҚ

                 Патологиялық физиология кафедрасы 

 

 

 

  СӨЖ

Такырыбы:B лимфотциттер жүйесідегі өзгерістермен байланысты иммунитет тапшылықты аурулар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Туйчибекова Д.С

Топ: 211 ЖМ

Орындаған:   М.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

    1. Кіріспе
    2. Негізгі бөлім
    • Аутоиммунды аурулар туралы түсінік
    • Аутоиммунды аурулар туындауындағы апоптоз механизмдерінің бұзылыстарының ролі 
    1. Қорытынды
    1. Қолданылған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лимфоциттер — қанның ақ торшаларының кішірек (6— 10 мкм), дөңгелек түрі.

Цитоплазмасы жіңішке жиек тәрізді, хроматинге бай, жедел жылжи алады. Иммунитетте басты роль атқарады. Екі топқа бөлінеді: В- және Т- лимфоциттер. В- лимфоциттер сүйек майынан шығады, қан иммунитетінің сақталу және дамуын қадағалайды. Т- лимфоциттер тимустан шығады, торша иммунитетін қадағалайды. Лимфоциттердің бірнеше түрлі аралас өсінділері де болады:

1) жетілген лимфоциттер— болашақ  реципиенттің сенсибильденген эритроциттерін  қолданып алынады;

2) жетілмеген лимфоциттер —  антигенмен кездесіп иммунокомпетенттік  алған кіші лимфоциттер, иммунологиялық  жетілмеген лимфоциттерден шығады.

            3) кіші лимфоциттер — иммунологиялық күші жоқ лимфоциттер.

 

В-лимфоциттер (В-лимфоциты); (грек, bursa — қапшық, яғни қапшық лимфоциттері) - тимусқа (айырша безге) тәуелсіз лимфоциттер.

В-лимфоциттер — сүйектің қызыл кемігі майынан тимусқа соқпай, оның ықпалына түспей қан арқылы тікелей шеткі қан жасау мүшелеріне (лимфатүйіндеріне, көкбауырға, лимфа түйіншелеріне) барып көбейіп, пісіп - жетіліп, белгілі бір антигендерге байланысты маманданып, әсерлі (эффекторлы)плазмоциттерге айналады.

Плазмоциттер организмнің ішкі сүйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сүйығына) антиденелер бөліп, адам мен жануарлар денелеріндегі сұйықтық (гуморальдық) иммунитетті қалыптастырады.

В-лимфоциттер — құстардағы клоака (Фабриций) қапшығы лимфоциттері іспеттес. Адам мен жануарлар денелерінде аталған қапшықтын болмауына байланысты, клоака қапшығының сүйек кемігі майынан келген лимфоциттердің мамандануына ықпал ету қызметін ащы ішектің, оның ішінде мықын ішектің кілегейлі қабығындағы лимфа түйіншелері атқарады деген болжам бар.

В-лимфоциттер организмдегі гуморальдық иммунитетке жауапты.

Б лимфоциттер диаметтрі 8,5 мкм әлсіз боялған ядросы бар лимфоциттер олардың айқын білінетін мөлдір перинуклеарлық зонасы болады. Бұл клеткалар аз өмір сүретін цитоплазмасында гликоген, сілтілік фосфатаза болатын клеткалар. Бұлардың клетка қабықшасында көптеген имуноглубиндік рецепторлар болады.Қалыпты иммундық жүйеде антигенмен әректетеспей тұрған кезде Б- лимфоциттердің 2 түрлі субклассы болады

1) антидене түзуші клетка  бастамалары болатын Т лимфоциттер

2) Б супрессорлар

Б лимфоциттерді антидене түзуші клеткаға айналдыру үшін

Т хелпер 2 -лердің көмегі қажет

Б лимфоциттер-супрессорлар көкбауырда, жілік майында, лимфа түйіндерінде, бадамша безде болады Бұл лимфоциттер Т суперссорлармен бірге иммунологиялық толеанттылықтың дамуына жауап береді.

 

Иммундық тапшылық (ИТ) иммунды жауап механизмінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгерген иммундық статус. Иммундық тапшылықтар: біріншілік (туа пайда болған), екіншілік (жүре пайда болған) болып бөлінеді. Сонымен бірге иммундық жүйесінің өзі де жұқпамен зақымданады (ЖИТС, Т- клеткалық лейкемия). Иммундық тапшылық симптомдары, иммунитет ақауының тереңдігі мен сипаты кең ауқымды өзермелі. Жаңа жіктелуі иммундық ақаудың басымырақ орналасуына және иммундық жүйенің маңызды бөліктеріне сәйкес біріншілік иммунды тапшылық жағдайлары негізгі 4 топқа бөлінеді:

      - антиденелер өндіру  ақаулары;

      - біріккен иммундық  тапшылықтар;

      - фагоцитоз ақауы;

      - комплемент жүйесінің  ақауы;

     Біріншілік иммундық  тапшылық дамуына жауапты көптеген гендер анықталды. Бір иммундық тапшылық жағдайының клиникалық көінісі  бір отбасы мүшелерінің ішінде әртүрлі болып кздеседі. Бұл жағдай гендер мутациясымен түсіндірілген, бірақ зерттеулер нәтижесінде науқастар фенотипі мен генотипінде нақты ауытқулар анықталмады.

      Барлық иммундық  тапшылық жағдайының ішінде (симптомсыз  жүретін IgА жеткіліксідігінен басқа) В-жасушалық антидене өндіру ақауы - 50%, Т-жасушалық ақау – 18%, фагоцитоз жүйесі – 18% және комплемент жүйесі – 2%.  Иммундық тапшылық жағдайының формаларының жалпы жиілігі 1: 10 000.

      Иммундық тапшылық  жағдайының диагностикасы бірінші  ретте ауру тарихына, науқас өміріне, отбасылық анамнезіне иммунологиялық  жеткліксіздіктің клиникалық көрінісіне  және иммунологиялық ақауды анықтауға  негізделеді.

       Иммундық тапшылық жағдайының клиникасы келесі симптомды комплекстер түрінде кездеседі: инфекциялық, аллергиялық, аутоиммундық, онкологиялық.  Иммундық тапшылық жағдайының көпшілік клиникалық белгілері жиі ауыр жүретін инфекциялармен  байланысты және бірінші ретте ЛОР және бронх-өкпе жүйесінің жедел және созылмалы аурулары – бронхиттер, пневмониялар, плевриттер, отиттер, синуситтермен бірігіп жүреді. Тері және шырышты қабаттардың инфекциялық заымданулары жиі кездеседі. Науқастар созылмалы асқазан – ішек ауруларына жоғары дәрежеде бейім келеді. Сирек жағдайда остеомиелит, энцефаломиелит, сепсис, менингит сияқты ауыр инфекциялық аурулардың  дамуы мүмкін. Қоздырғыш түрі иммунологиялық ақау сипатымен анықталады. Мысалы, антиденеөндіру ақауына антибактериалды препараттарға төзімді, жоғары патогенді инкапсулирленген флора ( пневмония стрептококкты, алтын түсті стафилакокк, гемофильді таяқша) тән; шартты – патогенді бактериялар кейбір жағдайда ауыр бактериалды аурулардың негізгі этиологиялық факторы болуы мүмкін. Т - жасушалық жетіспеушілігі басымырақ науқастарда инфекция қоздырғыштары вирустар (цитомегаловирус, Эпштейн - Барр вирусы ж.б.), саңырауқұлақтар (Candida albicans), қарапайымдылар (P. Carinii)  болып табылады. Фагоцитоздық ақауларда – стафилококктар, грамтеріс бактериялар, Candida albicans, Aspergillus; комплемент жүйесінің бірқатар компоненттерінің жетіспеуінде – іріңді бактериялар, Neisseria.

               Иммундық тапшылық жағдайымен  науқастардағы патологиялық жағдайлардың  ерекшеліктері болып бірнеше ауыр созылмалы және қайталамалы инфекциялық аурулардың болуы. Инфекциялық аурулар ауыр барысымен және микробқа қарсы емнің әсері жеткіліксіз болуымен сипатталады. Бірақ созылмалы аурулардың тұрақты ремиссиясына барлық жағдайда жетуге болады, ремиссиялары ұзақ емес, аурулар үздіксіз қайталамалы сипат алуы мүмкін.

              Иммундық тапшылық жағдайында  аллергиялық реакциялар IgA - ның таңдамалы  жетіспеушілігі және Вискотта - Олдрич  синдромы сияқты формаларына  тән.

              Иммундық тапшылық жағдайымен науқастарда әртүрлі аутоиммундық синдромдар: жүйелі қызыл жегі, Шогрен синдромы, созылмалы белсенді гепатит, пернициозды анемия, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения және нейтропения ж.б.  қалыптасуы мүмкін. Иммундық тапшылық жағдайымен  науқастар тобында  қатерлі ісіктер бірнеше рет жоғары, әсіресе атаксия – телеангиоэктазия, Вискотта – Олдрич синдромымен науқастарда жиі кездеседі. Ісіктер типі жалпы популяциядан өзгеше, ең жиі лимфоретикулярлы ісіктер кездеседі.

           Иммундық  тапшылық жағдайының көпшілік формаларына екі немесе одан да көп созылмалы аурулардың бірігуі, созылмалы интоксикация синдромы, физикалық дамудың тоқтауы,  аутоиммунды типті аурулар, шеткері қандағы ауыспалы немесе тұрақты өзгерістер ( анемия, лейкопения, тромбоцитопения ж.б.) тән. Лимфоидты тіннің гипо немесе гиперплазиясы жиі анықталады.

        Гуморальдық  иммунитет ақауы иммундық тапшылық  жағдайының жиі тараған формасына  жатады және иммунологиялық ақаудың  тереңдігі мен сипатына байланысты  бөлінеді: антиденелердің тотальді жетіспеушілігі және қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің бөлек класстарының болмауынан иммуноглобулиндердің субкласстарының жетіспеушілігі және спецификалық антиделердің таңдамалы жетіспеушілігі.

       Біріншілік иммундық  тапшылық жағдайының басқа да жіктелуі бар. Р.М. Хаитов жеті типін бөлді:

       -  антидене  жетіспеушілігімен синдромы;

       -  Т – лимфоциттердің  жетіспеушілігімен синдром;

       -  комплемент  компоненттерінің жетіспеушілік  синдромы;

       -  НК клеткалық  ақау синдромы;

       -  Фагоцитоздық ақау синдромы;

       -  адгезия молекулаларының  ақауы синромы;

       -   біріккен  Т және В  жетіспеушілігі;

       Р.В. Петров және  Ю.М. Лопухинмен  иммундық тапшылық  жағдайының оригинальді жіктелуі  ұсынылды.

       Д.В. Стефани және Ю.Е. Вельтищев біріншілік және екіншілік иммундық тапшылық жағдайын қосатын келесі жіктелуін ұсынды.

        Біріншілік  және екіншілік иммундық тапшылық  жағдайының жалпы жіктелуі

        А. Тұқым қуалайтын  иммундық тапшылық жағдайы

        І. Гуморальдық иммунитеттің тапшылығы (В – лимфоциттер жүйесі )

        1. Агаммаглобулинемия: Брутон ауруы.

        2. Дисиммуноглбулинемия:

        А) жалпы вариабельді  гипогаммаглобулинемия;

        Б ) Іg А – ның селективті тапшылығы

        В )  IgG  және IgA  иммуноглобулиндердің тапшылығы мен IgМ синтезінің көбеюі (гипер IgМ – синдром)

        Г) IgG подкластарының  тапшылығы ( IgG1, IgG2, IgG3, IgG4 жоқ болуы ) және  IgМ деңгейінің көбеюі  неесе көбеймеуі.

    

 ІІ. Жүре пайда болған  иммунды реакциялары тапшылығы ( Т- лимфоциттер жүйесі )     

 

 Лимфоцитарлық дисгенезия  ( Незелов синдромы, ИТ франсуздық түрі ); Айрықша бездің және қарбалас қалқанша бездің гипофункциясы ( Ди – Джорджи );

 ІІІ. Құрама ИТ (ауыр құрама иммунологиялық тапшылық – АҚИТ ).

    1. Ретикулярлы дисгенезия;
    2. Тұқым қуалайтын алимфоцитоз, лимфоцитофтиз (Швейцарлық ИТ түрі);
    3. Жалаңаш лимфоциттер синдромы;
    4. Тимомамен жүретін ИТ
    5. Вискотт – Олдрич синдромы

IV. Интерлейкиндер жүйесінің  және клеткалар кооперацияларының иммунды жауабындағы бұзылыстары;

V. Зат алмасудағы тұқым қуалайтын аномалия

VI. Комплемент жүйесінің  тапшылығы

VII. Фагоцитоздың тапшылығы

    1. Хемотаксис, миграция және дегрануляция бұзылыстары:

 А) Чедиак – Хигаси синдромы;

 Б) гипер IgE синдромы 

2. Микробтардың қорытылу (киллинг) процесінің бұзылуы:

А) септикалық гранулематоз;

Б) нейтрофильдік гранулоциттердің ферментопатиясы; миелопероксидазаның тапшылығы, НАДН – оксидаза тапшылығы, глютатионпероксидаза және глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы;

В) липохромды гистиоцитоз.

3. Опсонизация және жұту кемістіктері:

А) опсонизация тапшылығы

Б) тафтсин тапшылығы

В) LҒА – 1, р 150 , 95, Мас – 1 және басқа мембрана гликопротеиндердің жоқтығы.

VIII. Жергілікті иммунитет  патологиясы.

IX. ИТ жеңіл түрлері (минорлық  немесе теңгерілген иммунитет  жүйесінің аномалиялары)

       

        Иммундық тапшылық жағдайының клинико – лабораториялық белгілері:

  1. лейкоциттердің барлық типінің санының төмендеуі ( лимфоцит, гранулоцит, моноциттер ), кей жағдайларда кейбіреулерінің ( эозинофилия, монцитоз ж.б.);
  2. комплементтердің жалпы деңгейінің төмендеуі (С50), қан сарысуы электрофорезінде гипгаммаглобулинемия;
  3. балаларда рентгенографияда айрықша без көлеңкесінің төмендеуі немесе болмауы.

       Инфекциялық көріністермен  науқастарды зерттегенде әрдайым  бөлінділер мен экссудат флорасының құрамын, қанды тазалыққа тексеру, гемокультура қасиеттерін анықтау қажет. Микроорганизді анытау иммунды жүйенің нақты ақауына әкелуі  мүмкін.Клиникалық көрінісіне қарапиммунды жүйедегі ақауды анықтауға болады.Иммунды статусты бағалағаннан кейін мәләметтерді өңдеп, тұжырым жасайды.Иммундық тапшылық жағдайлар бірнеше клиникалық және лабораториялық белгілердің жиынында,  әсіресе науқасты динамикалық бақылағанда анықталуы мүмкін.

Иммундық тапшылық дәлелі болып иммунды жүйедегі тұрақты бұзылыстар жатады. Вакцинация және иммунизациядан кейін қанда Т – лимфоцитер санының аздап төмндеуі және В – лимфоцитер санының жоғарылауы әрқашан қалыпты иммунды жауап шақырады, ол басылғаннан кейін өрсеткіштер орнына өз деңгейіне түседі. Сондықтан мұндай өзгерістер қалыпты болып саналады. Иммунды жүйедегі бұзылыстарды тек қана иммунокорригирлеуші терапиямен реттеуге болғанда ғана  иммундық тапшылық жағдайы деп айтуға толық негіз бар.

        Аурулар мысалы:

       Агаммаглобулинемия(Гипогаммаглобулинемия) — антиденелер тапшылық синдромы. Бұл иммуноглобулиндер түзілуінің тұқым қуалай бұзылуына байланысты. Агаммаглобулинемия кезінде В-клеткалары қызметінің тапшылығы салдарынақ қан сарысуының құрамында антиденелер болмайды. Жиілігі 1 : 3000000. Көздің дәнекер қабығының, құлақтың, маңдай қуысының, буынның, өкпенің қабыну және ішек-қарын ауруларының белгілерін береді.

Брутон ауруы – иммуноглобулиндердің төмен концентрациясымен сипатталады, IgM және IgA мүлдем болмайды. Ауру жыныспен байланысты. Ауру бала туылу қаупі 50%.Брутон ауруның негізінде В лимфоциттердің белсенуінде және плазмалық жасушаға айналуында ядросы белгі беретін цитоплазмалық тирозикиназа ферментінің ақауы жатыр.Сондықтан иммуноглобулиндердің өндірілуі мүмкін емес.

 

Дисиммуноглобулинемия— бір не бірнеше иммуно-глобулиндер тобының жетіспеуі. Дисиммуноглобулинемия алғашқы, генетикалық және бөгде (басқа аурумен не басқа фактормен туғызылған) болып белінеді

     

Вариабельді иммунды тапшылықтар – иммундық ақауға байланысты уақыт өтісімен клиникалық көрінісі өзгерумен сипатталатын иммунды тапшылықтың үлкен тобы. Бұл топ ауруларына Х – жабысқан лимфопролифеартивті синдром жатады. Оның негізінде Эпштеин – Бар вирусына иммундық жауаптың төмендеуімен сипатталатын иммунды тапшылық жатады.

Барандуна гипогаммаглобулинемия — идиопатиялық 10—12 жастағы балаларда білінөтін иммунитеттің (жұқпалы ауруды қабылдамаушылық) бұзылу түрі. Мұрын қуысына тереңге, кеңірдек тарамына, өкпе жүйесіне микробтардың енуі аурудың қайталануын сипаттайды.

Информация о работе :B лимфотциттер жүйесідегі өзгерістермен байланысты иммунитет тапшылықты аурулар