қазақстанның қызыл кітабы,популяцияның тіршілігіне сүйемелдеу үшін қорық жүйелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 14:35, практическая работа

Краткое описание

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Баты

Файлы: 1 файл

Қызыл кітап.docx

— 46.17 Кб (Скачать)

Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас  Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстанның тұңғыш қорығы. Теңіз деңгейінен 1300 м-ден 4200 м биіктікке дейінгі аралықта орналасқан таулы аймақты алып жатыр. Құрамында Қаратаудағы “Қарабастау” (126 га) және “Әулие” (100 га) телімдері бар. Жерінің ауданы 75,09 мың га (1997 ж). Қорық оңтүстікте және оңтүстік-шығысында көршілес Қырғызстан және Өзбекстан территорияларымен шекаралас жатыр. Қорықтың атауы осы қорықтың аумағында орналасқан екі өзеннің (Ақсу, Жабағылы) атынан шыққан. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы Юнеско жасаған дүние жүзінің қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу-Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді.

 

 

 

 

 
Қорықтың климаты континентті, жыл  мезгілдерінің әр қайсысында жауын-шашын мөлшері әр түрлі түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің (950 мм) 30 %-і қыс мезгілінде, 40 %-і - күзде, небәрі 10 %-і жаз айларында жауады. Жылдық орташа температура +5,6 °С. Ең суық ай - қаңтар айы (-5,4 °С), ең жылы мезгіл шілде айы (+17,2°С).

Қорықтағы өсімдіктер дүниесі  әр алуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктің 1400 (дәрі-дәрмек өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас у қорғасыны; тех. өсімдіктерден арша, рауғаш, итқұмық, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктен: жоңышқа, кекіре бас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден: майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендірмесі, Қаратау сетені түрлері бар) түрі кездеседі. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай. Құстардың 238-дей түрі кездеседі. Олардың 123-і қорықтың аумағында жұмыртқаларын басып шығарады, 24 түрі қыстауға ғана келсе, 85 түрі құстардың мезгілдік миграциясы кезінде ғана кездеседі. Жыртқыш құстардан сақалтай, бүркіт, сұңқар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.) түрі кездеседі. Тұяқты жануарлардың ішінде басқалардан көп кездесетіні - таутекелер. 1952 жылы қорыққа бірнеше марал әкелінген болатын. Жыртқыштардан сирек кездесетіні - барыс. Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу-Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Қорықта жер бетінің өткен тарихынан сыр шертетін көптеген палеонтологиялық ескертіштер бар. Атап айтсақ осыдан 120 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар (балықтар, жәндіктер, тасбақалар, т.б) мен өсімдіктердің таста қалған іздері кездеседі. Олардың жер бетіндегі органикалық әлемнің эволюциясын зерттеуде қосқан үлесі, маңызы зор. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады.

 

   


Информация о работе қазақстанның қызыл кітабы,популяцияның тіршілігіне сүйемелдеу үшін қорық жүйелері