Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 14:35, практическая работа
Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Баты
Көкқұсты кейінгі жылдары сайрағыш құстарды торда ұстаушылар көбейіп кетті. Ұлттық костюмдер мен бойтұмарларды әшекейлеуге үкінің қауырсындары пайдаланылады. Аталған түрлер жойылу қаупінде болып шыққандықтан, Қызыл кітапқа тіркелді. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым -зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды. “Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның Қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
Екінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда
Үшінші басылым
“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
“Қазақстанның Қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Қызыл кітап[1]-халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қазақстанның қызыл кітабы
"Красная книга Казахстана" - Қазақстан
Республикасы аумағында жойылу қаупі
төнген және сирек кездесетін жануарлар
мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген
арнайы басылым. Қазақ КСР Мин. Кеңесінің
1978 ж. 16 қаңтарындағы қаулысына сәйкес
шыға бастады. Оның омыртқалы жануарларға
арналған 1-бөлімі жеке кітап болып 1978
ж. жарық көрді. "Қ. Қ. к-ның" 2-бөлімі
1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.
"Қ. Қ. к-ның" 1-басылымына тіркелген
өсімдіктер мен жануарлар түрлері 2 категория
бойынша: А категориясы — жойылып кету
қаупі төнген түрлер; Б категориясы сирек
кездесетін түрлер деп берілді. "Қ. Қ.
к-ның" жануарларға арналған 1-басылымында
омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың
4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушы-лардың
8, қүстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі
тіркелді. 1-басылымда тіркелген жануарларға
берілген деректер 10 - 20 жыл бүрынғы зерттеулер
негізінде берілді. Сондықтан, 1985 ж. Қазақстан
ҒА-ның жанынан "Қызыл кітапты" қайта
басып шығару мақсатымен арнайы зоол.
комиссия жүмыс істей бастады.Кітаптың
мүқабасы, 1996 ж. Кітаптың мүқабасы, 1981 ж.
1991 ж. осы комиссия "Қ. Қ. к-ның" толықтырылған
2-басылымын шығарды. Оның таралымы 500 дана
болды. Кітаптың 2-басылымына омыртқалы
жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары
тіркелді. Онда балыктардың 16, қосмекенділердің
3, бауырымен жорғалаушылардың 10, қүстардың
58, сүт-қоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары
туралы мәліметтер берілген. "Қ. Қ. к-ның"
2-басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың
105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің
1, үлулардың 6, қүрттардың 2 түрі туралы
деректер тіркел-ген. 1996 ж. "Қ. Қ. к-ның"
3-басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып,
қазақ тілінде шықты. Бүл 3-басылымның
1-томы "Жануар-лар", оның 1-бөлімі
Омыртқалылар" деп аталды. Онда омыртқалы
жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы ту-ралы
деректер берілген. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымында
тіркелген жануарлар түрлері 5 категория
бойынша: 1-категория - жойылып бара жаткдн;
2-категория - саны жылданжылға күрт азайып
бара жат-кдн; 3-категория — сирек кездесетін;
4-категория — ғыл. түрғыдан толық зерттелмеген;
5-категория — қалпына келтірілген түрлер
деп берілген. "Қ. Қ. к-ның" 3-басылымывда
тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің
қандай отрядқа, кандай түқымдаскд жататъ»
және әрбір жеке түрге қыcқша кдзақша,
ағылшынша деректер берілген. Сонымен
бірге әрбір тіркелген түрдін суреті,
Кдзақстан аумағынла таралуын көрсететін
карта және сол жануардың түріне катысты
акдарат көздері (кітаптар макалалар)
көрсетілген. "Қ. Қ. к-ның" өсімдіктерге
арналғаи 1-басылымында өсімдіктердің
307 түрі тіркелген (1981). Онда жабықтүқымдылардың
288, ашыктүқымдылардың 2, қы рыққүлақ тәрізділердің
3, мүктердің 3, саңырауқүлактардың 10, қыналардың
- 1 түрі берілген.
"Қ. Қ. к-ның" әрі танымдык. әрі тәрбиелік
мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялаі
білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Әдеб.: Красная Книга КазССР. Редкие и находящиеся
под угрозой исчезновения виды животных
и растений, ч. 1. Позвоночные животные,
А.-А., ч. 2, 1978; Растения. А.-А., 1981; Кдзақстан
Қызыл кітабы, т.1. Жануарлар. 1-бөлім. Омыртқалылар.
Қайта өңделіп және толықтырылған, 3-бас,
А., 1996.
Р. Сәтімбекүлы.
Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаянтәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж. “Қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.
“Қазақстанның қызыл кітабының”
үшінші басылымында тіркелген
“Қазақстанның қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.