Гендер ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 12:17, статья

Краткое описание

В данной работе рассказывается о "Гендер ұғымы"

Файлы: 1 файл

Гендер угымы.doc

— 106.00 Кб (Скачать)

 

Тұңғыш рет гендер (тек) ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы енгізді, бұл сөзді өзінің “Жыныс жəне гендер” кітабының атына қолданды. Ол былай жазады: “Сөздіктер “жыныс” сөзінің негізгі мағынасы биологиялық деп айтады, мəселен, “жыныстық қатынастар” немесе “еркек жынысы” сөз тіркестеріндегі сияқты. Осы мағына бойынша “жыныс” сөзі осы жұмыста еркек немесе əйел дегенді жəне адамның еркек немесе əйел болып табылатынын анықтайтын тиісті биологиялық органдарды білдіреді. Алайда бұлардың тікелей биологиялық мағынасы жоқ. Осы психологиялық құбылыстардың кейбіреулері үшін біз “гендер” терминін пайдаланатын боламыз: еркек немесе əйел жынысы туралы айтуға болады, бұл ретте анатомия мен физиологияға жататын ештеңе ескерілмейді”. 
        Əйелдердің білімділік деңгейінің еркектерден гөрі едəуір асып түсетініне (халық санағының нəтижелері көрсеткендей) қарамастан, экономика салалары бойынша жалданып жұмыс істейтін адамдардың жалпы санында əйелдердің анағұрлым төмен үлесі байқалады. Мəселен, 1995-1999 жж. əйелдер жалданып жұмыс істейтіндердің 45,6-дан 47,0-ге дейінгі; 2000 жылы 42,2 % құрады. Жалданып жұмыс істейтін əйелдердің 2000 жылғы ең көп саны анағұрлым төмен жалақылы салаларда шоғырланды – білімде (75,3 %), денсаулық сақтау мен əлеуметтік қызмет көрсетулер саласында (79,2 %), қонақүйлер мен ресторандарда (68,8 %). Салыстыру үшін, жалданып жұмыс істейтін еркектердің көпшілігі мемлекеттік басқаруда (77,4 %), құрылыста – 82,7 %, өнеркəсіпте – 69,1 %, өндіріс пен электр энергиясын, газ, су бөлуде – 72,3 %, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, жалға беру мен қызмет көрсетулерде – 60,8 % шоғырланған. Жалпы əйелдер жалақысының еркектер жалақысына ара салмағы 1999 жылы 67,6 %-ды, 2000 жылы 61,5 %-ды құрады. Бұл ара салмақ (арақатынас) жалданып жұмыс істейтін əйелдердің анағұрлым төмен жалақылы салаларға шоғырлануларымен ғана емес, сонымен бірге олардың жалақыларының еркектердің жалақыларымен салыстырғанда экономикалық əрекеттің барлық түрлері бойынша анағұрлым төмен екендігімен анықталады. Мəселен, өнеркəсіптегі осы ара салмақ 2000 жылы 70,6 %-ға, қаржы қызметінде – 60,4 %-ға, мемлекеттік басқаруда – 78,4 %-ға, білімде – 89,2 %-ға тең болды. Еңбекақыдағы гендерлік теңсіздікке себепші болатын факторлар: - əйелдердің жұмыспен қамтылудағы салалық құрылымдардың сəйкессіздіктері мен деформациясы, соның нəтижесінде əйелдер көбіне төмен жалақылы салаларда жұмыс істейді; - кəсіптік сегрегация – бір салада жұмыс істейтін əйелдер мен еркектердің еңбекақыларындағы айырмашылық, олардың басшылық жұмысқа нақты мүмкіндіктерінің шектеулілігі; - Қазақстанда қос секторлы үлгіні қалыптастыру жəне əйелдерді қосалқы секторға ығыстыру. Сонымен, жаңғыртылған елдерге тəн жұмыспен қамтуды феминизациялау (əйелдердің экономикада өсуі) үдерісі əйелдерді экономиканың төмен ақы төленетін, елеусіз жəне тұрақсыз сегменттеріне ығыстырумен қатар жүргізіледі. Арзан жəне жылжымалы əйел жұмыс күші табиғи жəне ресурсты ұлғайтатын құбылыс ретінде қабылданады. 
        Әйелдердің қызметте өсу жолындағы көзге көрінбейтін тосқауылдар. 
“Шыны меже” термині ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында пайда болды жəне ол көзқарастар мен ұйымдық практикада сіңген қате түсініктердің “көзге көрінбейтін” кешенін білдіреді, ол жоғары басшылық орындарға əйелдердің көтерілулеріне кедергі жасайды. 1990-шы жылдары осы ұғымға “шыны дуалдар (қабырғалар)” термині қосылды, ол əйелдерге қатысты қызмет саласын шектейтін алдын ала пішілген гендерлік теріс ұғымды білдіреді, əйелдер сонда да болса стратегиялық мəні шамалы, демек, маңызы азырақ салалардың басшылары болады. Осы терминдер мына фактіні дұрыс көрсетеді, директивті деңгейдегі жауапты қызмет орындарын алу үшін əйелдерге жасалатын кедергілер көбіне айқын емес болады да, сол себепті оған қарсы ресми түрде де, бейресми түрде де күрес жүргізу қиын болады. Осындай кедергілер қызметкерлер арасында еркектер санының жай көпшілік басымдығы, жазылмаған қағидалар, дəстүрлер мен мінез-құлық нормалары, көп жылдар бойы қалыптасқан байланыстар мен қарым-қатынастардың жиынтық нəтижесі, сондай-ақ қоғамдағы еркектер мен əйелдердің ролі туралы ежелгі жəне терең тамырлары бар түсініктер болса керек. 
        Əйелдерге қатысты кемсітушіліктің бүкіл əлемде орын алатын көріністері қабылданатын шешімдерді іске асыруда өмірдің барлық салаларына гендерлік тəсілді енгізу қажеттілігінің маңызын арттырады (мэйнстриминг). Соңғы кездерде халықаралық ұйымдардыңарнайы бөлімшелерінде осы ұғым өзекті ұғымға айналып келеді. Мэйнстриминг (ағылшынша mainstreaming – main – басты (негізгі), streaming – бағыт, бағдар) дегенде гендерлік теңдік проблемасын саясаттың барлық салаларына барлық – жергілікті, муниципалды жəне ұлттық деңгейлерде инкорпорациялау жəне оны шешуге арналған шаралар əзірлеу ұғынылады. Осы ұғымға мэйлстриминг (ағылшынша malestreaming – male – еркек, еркекке тəн, streaming – бағыт, бағдар) ұғымы қарсы тұрады, ол қазіргі заманғы өркениет жетістіктерін бағалаудағы еркектердің үстем дискурсын жəне экономика құрудың еркекке тəн тəсілін білдіреді. Гендерлік балансталған саясат қоғамдық басқарудың еркекке қатысты (“male”) бағдарларын ығыстыру арқылы негізгі (“main”) бағдарға айналуы тиіс. 
        Гендерлік факторларды есепке алу жəне жыныстардың тең құқықтылығын қолдау тəсілінің пайдасына шешілетін дəлелдер (аргументтер) гендер мен адам дамуының өзара байланысын көрсетеді. 
1. Əділдік жəне теңдік: 
• демократиялық принциптер мен адамның негіз қалаушы құқықтары жыныстар теңдігін талап етеді; 
2. Сенім білдіру жəне жауапкершілік: 
• халықтың тең жарымы еркектерден жəне тең жарымы əйелдерден тұрады, жəне қос жынысқа лайықты түрде назар аудармаған кез келген саясат немесе деректер, түпкі нəтижеде залалды болады жəне сенімін жоғалтады. 
3. Тиімділік жəне орнықтылық: 
• қоғамның дамуы мен тыныс-тіршілігінің барлық аспекттеріне еркектерді де, сондай-ақ əйелдерді де бірдей қатыстыру жалпы бүкіл елдің пайдасына шешіледі; 
• жыныстардың теңдігін қамтамасыз етуге жұмсалған салымдар өтеледі, ол келешекте бүкіл елге пайда келтіріп, елді адамның орнықты даму жолымен ілгері бастырады. 
4. Тұрмыс сапасы: 
• жыныстар теңдігін қамтамасыз ету еркектердің де, əйелдердің де тұрмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік жасайды. 
6. Тізбекті реакция: 
• жыныстар теңдігі артықшылықтардың “тізбекті реакциясына” жетелеуі мүмкін, теңсіздіктің салдарлары да сондай-ақ жеке адамдардан отбасыларға жəне қоғамға ауысуы (берілуі) мүмкін. 
        Білім беру жүйесіндегі гендерлік теңдіктің стандартты өлшемі ұл балалармен салыстырғанда мектепке қабылданған жəне мектеп бітірген (барлық деңгейлерде) қыздардың саны болып табылады. Білім жүйелеріндегі нақты көріністі алу үшін бұл көрсеткіш жеткіліксіз болады. Көптеген елдер ұл балалар мен қыздарды оқуға қабылдаудағы балансқа қол жеткізді, бірақ гендерлік теңсіздік проблемасы осы уақытқа дейін шешілген жоқ. 
        Білім саласындағы гендерлік проблемалар: 
- білім жүйесіндегі басқарушылық харекеттерін көбіне еркектер еншілейді; 
- мұғалімдердің жыныстық сəйкессіздігі (əйелдер санының басымдығы жəне еркек мұғалімдердің, əсіресе бастауыш мектеп деңгейінде жетіспеушілігі); 
- мектеп бағдарла маларындағы, пəндеріндегі жыныстық сегрегация (бөлу), ол алдағы уақытта еңбек рыногындағы сегрегация ға ұшыратуы мүмкін; 
- төмен сыйақы, соның салдары ретінде беделді емес (лайықсыз) жұмыс; 
- мектеп бағдарламаларында гендерлік стереотиптерді (таптаурындарды) жаңғырту. 
        Білім саласындағы гендерлік теңдіктің стандарттық өлшемінен басқа (қыздар мен ұл балаларды бастауыш жəне орта біліммен қамту) білімдегі гендерлік теңдіктің жай-күйі туралы анағұрлым объективті ақпарат алу үшін өзге де көрсеткіштерді талдау қажет. 
• мектеп оқуының барлық деңгейлеріне қабылдау кезіндегі жыныстардың ара салмағы (бастауыш, орта, кəсіптік, жоғары сыныптар), гендерлік алшақтықтардың себептері, əлеуметтік мəртебенің ықпалы; 
• бастауыш, орта жəне жоғары сыныптардағы барлық пəндерге қабылдау кезіндегі жыныстардың ара салмағы (пəндерде жыныс бойынша сегрегация бар ма); 
• барлық деңгейлердегі оқуды бітіргеннен кейінгі жыныстардың ара салмағы (жасөспірімдер мен бойжеткен қыздардың оқу бітірмеу себептері); 
• оқытушылар құрамындағы еркектер мен əйелдердің ара салмағы; 
• білім саласындағы жоғары басқарушылық орындардағы еркектер мен əйелдердің ара салмағы (жалақымен, беделмен байланыс); 
• мектеп басқармалары мен ата-аналар жиналыстарына қатынайтын ата-аналар арасындағы еркектер мен əйелдердің ара салмағы. 
        Адам дамуы индексі де сондай-ақ өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық жөніндегі БҰҰ БасАссамблеясы 2000 жылы мыңжылдық Декларациясын қабылдады, оған Қазақстанды қосқанда, 191 ел қол қойды. Мыңжылдық Декларациясында бүкіл адамзат баласының алдында тұрған 18 ортақ міндет белгіленді, олардың екеуі білім проблемаларына арналған. 3-міндет: 2015 жылға қарай бүкіл əлемнің балаларына, ұл балалар мен қыздарға тең дəрежеде, толық көлемдегі бастауыш мектеп білімін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету. 4-міндет: 2005 жылға қарай қос жыныстағы балаларды бастауыш жəне орта біліммен, ал 2015 жылы – барлық деңгейлердегі біліммен толық жəне тең құқықты қамтуға қол жеткізген абзал. көрсеткіштер арқылы есептеледі. Болжалды өмір сүру ұзақтығы мен денсаулық жөнінде гендерлік айырмашылықтар бар, осы айырмашылықтар əлеуметтік, экономикалық, мəдени жəне өзге факторларға негізделеді. Солардың кейбіреулері: 
- бүкіл дүние жүзінде əйелдер еркектерден ұзақ өмір сүреді. Əйелдердің болжалды өмір сүру ұзақтығы еркектерге қарағанда орта есеппен 7 жасқа артық (бүкіл əлем бойынша шамамен алғанда биологиялық 5 жас айырмашылықпен салыстырғанда); 
- денсаулық сақтаудың осы заманғы жетістіктері (бала туудың жоғары деңгейінің, аналар өлімінің азаюы, контрацептивтік мəдениетті дамыту) əйелдердің мүмкіндіктерін едəуір ұлғайтты; 
        Экономикалық жəне саяси өмірдегі гендерлік теңсіздіктің көріністері:- əйелдер үй шаруашылығына байланысты ақы төленбейтін қызмет түрлеріне анағұрлым көп уақыт бөледі, еркектер қоғамдық өндірістегі ақы төленетін қызметке көбірек уақыт жұмсайды; 
- еңбек рыногында деңгейлес кəсіптік сегрегация орын алады (еркектер мен əйелдерді экономика мен мамандық (кəсіп) бойынша əркелкі бөлу) – дəстүрлі “əйел” мамандықтарына (кəсіптеріне) бір сатыға кем ақы төленеді жəне олар қоғамдағы беделге ие емес; 
- қаржы несиелеріне əйелдердің шектеулі мүмкіндігі; 
- еркектермен салыстырғанда əйелдер арасындағы жұмыссыздықтың анағұрлым жоғары деңгейі; 
- “шыны меже (төбе)” феномені, соның салдарынан, мəселен, əйелдер саясатта еркектерге қарағанда анағұрлым аз ұсынылған.

Гендер түсінігі соңғы кезде елімізде ерекше жиі қолданысқа еніп, елеулі мәселеге айналып келеді. Гендер түсінігі қоғамдағы әйел мен ердің арасындағы олардың әр қайсысының әлеуметтік орнын анықтауға бағытталған ғылыми бағыт. Гендер өз бастауын феминизмнен алады. Феминизм батыс елдеріндегі әйелдердің өз саяси құқығын қорғаудан басталып, “эмансипацияға” (биоәлеуметтік теңдікке жету) одан әрі қарай гендерге ұласты. Қазір оның мағынасы кеңейе түсіп отыр. Оған әкелген жол “әйел” мен “ер” түсініктерінің әлеуметтік кеңістіктерінің кеңеюінен. Бүгінгі күні олардың ара қатынасының ерекше түрлерінің пайда болуы. Және табиғи түрлерінен (гермофродиттер) ғана емес, транссексуалдардың қоғамдағы өз орнын анықтауға жол ашу, құқықтарының қорғалуына күрес жүргізу. Гендерге осының барлығын енгізіп, кең ауқымды қарастыру мәселесі шет елдерден бастау алады.

Ал, Қазақстанға келсек, гендерді әйелдердің әлеуметтік рөлінің  шектелуіне наразылық танытудан  бастап, оларға барлық салаларда еңбек  етуге жол ашуға, белсенділік  көрсетіп, әр түрлі ұйымдарға бірігіп саяси білім мен билікке ұмтылып, белсенді іс-әрекет жасауға ықпал ету. Бұл іс ешбір кедергісіз іске асырылып жатыр деуге болады. Өйткені, қалай болғанда да, исламмен енген теңсіздік кеңес кезеңінде жойыла бастап, мемлекеттің Негізгі Заңы – Конституцияда әйел мен ердің әлеуметтік және саяси теңдігі ресми түрде бекітілген. Бұны қоғамның екі тобы да анық біледі. Сондықтан, гендерлік мәселе деп әйелдің теңдігі жоқ, не болмаса, зорлық бар деп күреске шақыру, менің ойымша орынсыз. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында мұсылмандық дін ерте еніп, сенім ретінде негізделіп қалуына байланысты, осы жерлерде “гендерлік мәселе” бар деп санау да артық. Өйткені, Конституциямызда, діни сенім еркіндігіне жол берілген. Ислам дініне бой ұсынған әйел мен ерлер арасындағы қатынас әлеуметтік деңгейде олардың діни көзқарастарына байланысты реттеледі. Егер мұсылман әйелдерді ерлермен бір сатыға қойып, қоғамдағы рөлдерін өзгертуге шақыру – олардың сенімдерінен бас тартқызу деумен тең. Ғасырлар бойы қалыптасқан діни сананы бұзу оңай шаруа емес. Сондықтан гендер мәселесін қарастырғанда, гендерлік сана ұғымын қарастыру жөн. Бұл – қоғамдық сананың бір қыры. Көп ұлтты мемлекетімізде әр этностың сана сезіміне байланысты ерлер мен әйелдердің қатынысы анықталған. Ал одан бас тартқан жағдайда, мемлекеттік деңгейде әр ұлт өкілі болсын, жыныстық ерекшелік болсын, заңды түрде құқығы қорғалған деуге болады. Сондықтан, елімізде шешілмеген гендер мәселесі бар деуге болады ма? Егер зорлық, зомбылық бар болса, оны тек ер мен әйел мәселесі ретінде қарастырмай, жалпы адамзаттық зорлық ретінде қарастыру жөні бар. Оған әйел-ер деп бөлмей, адами ара қатынас ретінде қарастыру гендерлік мәселені тудырмаудың жолы. Оңтүстіктен басқа аймақтарда гендерлік теңсіздіктен гөрі гендерлік теңдік туралы айтуға болады.

Еуропа елдерінің ортағасырлық кезеңдегі “әйел затына” көзқарасын алып қарастырсақ, “әйел” атауы “жын, пері” ретінде “ведьма”, “оборотень” деп кемітіп, әйелдердің денесіне сайтандар оңай енеді деп, өз әйелдерін инквизиция отына жақты. Біздің елімізде бұның бірі де болмаған. Көшпелі елдердің көркі – қыз, бұлағы – ана саналған.

Жаңа заман еуропалықтардың  өнегесі әйелді ерлердің “қуыршағына” айналдырды. Оларға еркектерге ұнайтындай арнайы киім тігіп, аяғына капрон мен биік өкше киіп жүруін керек етті. Ол енді сұлу, нәзік, қорғансыз болу керек. Аяқ асты талып қалып, атқа мінсе, ерінің көмегінсіз түсе алмау керек, сонда ғана ол ерлердің көңілінен шыға алады.  Бұның барлығы әйелді кемсітіп, оның қажеттілігі, тек ер адамға қажеттілігімен шектелді. Осыған қарсы еуропалық әйелдер күреске шығуы заңды. Өздерінің адами келбетін қайтарып алуға белсене кірісулері батыс тарихында “эмансипация”, “феминизм” түсініктері арқылы көрініс тапты.

Мұндай жағдай біздің елімізде болған жоқ. Қыздардың ары  қорғалды. Жесірлер мен жетімдерге әулет болып қорған бола алды. Әйелді қуыршақ еткен жоқ. Ана сөзінен ешкім асқан жоқ. Батыстағы эмансипация әйелдердің тек саяси құқық алу үшін күреспен шектемей, ары қарай жалғастырды. Еркектің ісінің барлығын бірдей игереміз деп темекі шегіп, хоккей ойнап, штанга көтеріп өз теңдігін күш сынасып жалғастырды. Батыстың әйелдерінің ісіне елігіп қазақ қыздары темекі шегіп, спирттік ішімдіктерге бас бұрып “эмансипацияланған әйелге” ұқсағылары келді. “Эмансипациясыз да” әжелеріміз насыбай атқан. Насыбайды балаларын тауып, оларды өсіріп, немере баққан кезде ғана ермек үшін тартқан. Ұрпаққа зияндарын келтірмеген. Ал қазіргі жастар бала көтермей жатып қандарын никотинмен, алкогольмен уландырады.

Батыс елдерінен Шығысқа  бет бұрсақ, Қытай елінде әйелдің, қыздың сұлулығына көп мән берген. Ерлерге олар көздері аздап қыли болса, аяқтары кішкентай болса ұнаған. Сондықтан қыздарының екі көз арасына шыбық байлап “қыли” қылған, аяғына ағаш кебіс кигізіп көп өсірмеуге тырысқан. Ерлердің көңілін табатын әйелдер тобын дайындау Жапонияда осы кезге дейін сақталған Гейшалар дейтіндер бар. Ерлерін піріндей сыйлау, оның барлық талабын орындау – бұл Шығыс әйелінің бейнесі.

Осы ортада Батыс пен  Шығысты, не болмаса Еуропа мен Азияны жалғастырып тұрған аймақтарда славяндардың және көшпелілердің тайпаларында “әйел – еркек” қарама-қарсылығы болмаған. Славяндарға христиандық, ал көшпелілерге мұсылмандық енгеннен кейін әйелді кемсіту пайда болды деуге болады. Славяндардың әйелі “коня на скаку остановит, в горячую избу войдет” деген сөздерден оның феминдығынан гөрі маскулиндік түр-сипатына жақын екені айқын көрінеді. Өзіміздің аналарымыз “дала амазонкасы” атына ие болғандығы тарихтан белгілі. Көшпелілерде ер мен әйел тең жүріп еңбек еткен, еркін жүріп, еркін өмір сүрген. Атқа да мінген, мал да баққан, шаңырақ та көтерген, ел де билеген, даналығын да таныта білген, өнерін де көрсете білген. Адамзат тарихына енген Тұмар, Айғаным, Домалақ ана, Дина Нұрпейіскеліні, Әлия мен Мәншүктердің аттары осының дәлелі. Қазақтардың санасында қызды ерекше сыйлау дәстүрі бар. Қызды төрге отырғызу, қыздың баласын еркелету оның табиғи орнына байланысты болса, әлеуметтік орны бәйгеге, ойынға, айтысқа, білім үйренуге қатыстыру. Қыздарды жігерлі, қайсарлы, батыл қылып тәрбиелеу ұлдан кем санамауы, өз әулетінің толық мүшесі ретінде қабылдау. Қазақ халқының тілі де басқа халықтардың тіліне қарағанда ер мен әйелге байланысты бірдей сөздерді қолданады. “Он”, “она”, “оно”, “shі”, “he” деп бөлмейді. Жалпы “адамды” басқа әлемнен бөліп алып қарастырады. Ұл мен қыздардың ортақ аттары да жиі кездеседі (Бақыт, Ардақ, Асыл, Жанат, т.с.с.). Жұмысты да бөліп істеуден гөрі бірігіп істеген. Бала бағу тек әйелдің ісі демей, “Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар” деу, бала тәбиесіне екі жақ болып кіріскен. Тамақ пісіру тек әйелдің ісі емес. Қазір де ауылдағы ер азаматтар қуырдақ турап, күріш басудан тартынбайды. Сырым батыр: “Түзде жүрсек батырмыз, үйге келсек қатынбыз, әйел ауру, бала жас, тары түйіп жатырмыз!” дегендей, тары түйіп, киіз басып, қазан көтеріп, диірмен де тартқан. Ер адамды мақтағанда оның “қыз мінезділігін” айтқан. Исламдық тәртіп енгенше “ер” адам мен “әйел” деп қарама қарсы тұрушылық болмағандығына осы сөздер дәлел. Исламмен бірге арабтардың дәстүрлеріне байланысты көзқарастары енгізіліп “ерлер” мен “әйелдердің” ара қатынасына қыздар мен әйелдерді кемсіту, бір саты төмен деп санау ене бастады. Бірнеше әйел алу өріс алып, ер адам әйелдің пірі саналып, әйел ердің иелігі ретінде түсінік қалыптасқан. Енді ұлдарды шаңырақ иесі ретінде биіктетіп, қызға “қырық үйден тыйым” салына бастайды. Бірақ дін қазақтардың түпкі санасын толық жоя алмады. Қазақ әйелдің бетін жабуға өздері де, ер азаматтары да келіспегенге ұқсайды. Орталық Азиядағы әйелдер сияқты қазақ әйелі пәренже киген емес. Киім үлгісіне келсек Еуропада әйелдің киімі етек, ерлердің киімі шалбар деп бөліп тастаған. Қазақтардың әйелдері мен ерлерінің киімдері шалбар кию, басына байлауыш байлау ұл мен қызға ортақ түрлері бар. Атқа мінсең шаш жалбырамайтын, етек ашылмайтын ыңғайлы киім кию әр адамның (ұл, қыз деп бөлмей) мақсаты. Жаңа заман біздің жерімізге жаңалық ретінде Еуропа мәдениетінің “әйелдер” мен “еркектердің” киім үлгісін әкелді. Ерлердің еуропалық костюмі, әйелдердің (ұзындығына қарай “мини”, “миди”, “макси” түрлері бар) етек кию қалалық өмірге жарайтын мәдениетті саналатын киімі біздің өмірімізге әбден сіңіп кетті. Қазіргі заманда мұсылмандылыққа бет бұрған қазақ қыздары мен ұлдары бірі денесін тұмшалап, бетінен басқа жерін киім астына тығып, бірі тақия киіп “мен – мұсылманмын” деп өзін алыстан таныстырғандай болып жүр. Бұл – қоғамымызда әлі де өзіміздің үлгімізден гөрі өзгенің үлгісі басымырақ болғанының салдары.

Жоғарыда айтылған сөзге  қорытынды жасасақ егеменді еліміздің  келешегін ойлау – өзге елдердің мәселелерін шешпей, өзге елдің киімін кимей, санамызды сандырақтатпай, ұлтымыздың адамға деген (әйел, еркек демей) “универсализмін” орнына келтіруіміз қажет. Қазақтардың гендерлік санасы қазіргі заманға сай келетін “адами универсализмінде”. Универсализм дегеніміз ерлердің қабілет, істерін, мүмкіндіктерін, мінез ерекшеліктерін әйелдердің қабілет, істерінің, мүмкіндіктерін, мінезін жекелеп айырып қарастырмай, “адами ортақтыққа” жету. Әйел істейтін істі ерлер істей алмайды, не болмаса ер адам істегенді әйел орындай алмайды демейік. Ер адам болсын әйел адам болсын қабілетіне қарай, жеке қасиетіне қарай даралануы керек. Оның табиғи орнынан гөрі әлеуметтік орны айқындалу тек қоғамға байланысты емес, адамның өзіне де байланысты. Қоғам өзінің әр мүшесін әйел деп, ер деп бөлмей адам болып даралануына барлық жағдай жасау керек. Ал ұлдарымыз бен қыздарымыз өз мүмкіндіктерін дамытуға, қоғамның дамуына үлесін қосуға тырысуы арқылы адами универсалдылыққа жетуге ұмтылуы тиіс.

Швециядағы  гендерлік саясат тарихы

Жалпы, қазіргі заманғы  гендерлік саясат Швецияда 1921 жылдан бастау алған. Осы кезеңнен бастап швед әйелдері барлық деңгейдегі сайлауларға  толықтай қатысу құқына ие болады. Ал 1971 жылғы жаңа салық реформасына сәйкес, отбасындағы жұмыс істемейтіндерге салық салынуы да швед әйелдерінің басым көпшілігіне үйдегі “жылы орнын жұмыс бабына” өзгертуіне себеп болған. Арада он жылдан кейін, 1981 жылы “Тең мүмкіндіктер туралы” алғашқы заң жүзеге аса бастады. 1994 жылы аталған заңның аясы кеңейіп, ендігі жерде әлеуметтік саладағы қызметтерде әйелдерге басымдылық беріле бастады. Соңында, биылғы жылдың бірінші айының бірінші күнінде жыныстық кемсітушілікке қарсы кодекс қабылданып, онсыз да айы оңынан туып жүретін швед әйелдерінің енді жұлдызы да солынан туатын болды.Себебі, бұл кодекс бойынша кез келген мекемеде (қорғаныс және арнайы қызметтерден басқа) қызметкерлердің саны 25-тен асса, мекеме басшысы гендерлік тепе-теңдік жоспарын сақтауы тиіс. Әлбетте, бірінші кезекте әйелдердің қаржы жағынан теперіш көрмеуі қарастырылатыны түсінікті болса керек.

Жалпы Корольдікте төрт бағытқа басымдылық берілетіндігі  байқалады.

Олар:

1. Тақ туралы

2. Басқару реформасы  туралы

3. БАҚ туралы

4. Сөз бостандығы туралы

Швецияда медициналық  тексеруден өту, әсіресе әйелдерге міндетті болып табылады. Осыдан болар Швецияда бала шетінеуі жоқтың қасы болса, 60-тан асқан әйелдердің саны 1,6 миллионнан асып жығылады. 9 миллионнан сәл асатын халқы бар мемлекет үшін бұл өте жоғары көрсеткіш.Швецияда сонау 1200 жылы-ақ “Әйелдердің қауіпсіздігі туралы” заңның пайда болғанын және 1861 жылы әйелдерге жасалған зорлықтың қылмыстық іс ретінде қаралғанын білуге болады.                                                                                                               

Қазіргі заман заңнамаларына қайта оралсақ, 1982 жылғы заң бойынша әйелдерге ерлердің зорлық көрсетуіне байланысты арыз жазуы ендігі жерде міндетті болмады, тіпті олар оны қайта ала қойған күннің өзінде, еркек “сорлы” жазадан құтыла алмайтын еді.

1998 жылғы заң бойынша әйелдердің жеке басын кемсітудің кез келген түрі, нақтыламай-ақ, қандай мазмұнда болғандығына қарамастан, қатаң жазаға ұшырады.

1999 жылғы заң бойынша ерлерге  “әйелдерді жыныстық қарым-қатынасқа  ақшасын төлеп көндіруге” де  тыйым салынды. Одан кейінгі  де осы құралпы заңдар топтамасы, тіпті әйел арақ ішіп мас болып немесе наша тартып нақұрыстанып, еркекпен жыныстық қарым-қатынасқа түссе де жазаға тартылушы, әрине осыған кінәлі “зорлаушы еркек” болып табылды.

Швед парламентіндегі саны жағынан  басым партия – либералдық партия. Тиісінше негізгі билік тұтқалары да солардың қолында. Аталған партияның парламенттегі депутаты Фридрих Малт білім саласын үйлестіруші. Оның айтуынша парламенттегі басымдылыққа ие партия “зебра”, яғни әйелдер мен ерлердің тепе-теңдігін сақтау қағидатын қатаң ұстанатын көрінеді. Тіпті ол өз жұмысын негізінен “еркек үйдің асыраушысы, отбасының қорғаушысы” деген стереотипті жою жолында жүргізіп жатқандығынан да хабардар етті.

Әр елдің салты басқа десек  те, мына жайға күле отырып қанықтық. Себебі, қызық болғанда бізде ер жігіт қалыңдығын таңдап, құда түсіп (немесе түспей) үйленіп жатса, Швецияда көпшілік жағдайда күйеулерін әйелдері “таңдап” үйленеді екен.

 

 

 

 

 


Информация о работе Гендер ұғымы