Абсентеизм. Пути преодоления

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 14:17, реферат

Краткое описание

Кез келген коғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамасы қандай? Жалпы басқару дегеніміз не? Бұл жөнінде ғылыми әдебиеттерде көптеген анықтамалар берілген. Жүйеге келтіріп қарасақ, бұл анықтамалардың мәні — басқару бір жүйенің екінші бір жүйеге мақсатты түрде бағытталған ықпалы, сөйтіп, ол мақсат пен қызметтің белгілерін қанағаттандыру үшін екінші жүйенің бағытын өзгертеді.

Файлы: 1 файл

алеуметтану.docx

— 17.26 Кб (Скачать)

Кез келген коғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы  нені білдіреді? Оның анықтамасы қандай? Жалпы басқару дегеніміз не? Бұл  жөнінде ғылыми әдебиеттерде көптеген анықтамалар берілген. Жүйеге келтіріп қарасақ, бұл анықтамалардың мәні —  басқару бір жүйенің екінші бір  жүйеге мақсатты түрде бағытталған  ықпалы, сөйтіп, ол мақсат пен қызметтің  белгілерін қанағаттандыру үшін екінші жүйенің бағытын өзгертеді.

Коғамды басқарудың мазмұны, мақсаты мен мүмкіндіктері  ең алдымен коғамдық құрылысқа байланысты болып келеді. Коғамды басқару  дегеніміз — қоғамды реттеу, тәртіптеу, жетілдіру мен дамыту мақсатында қоғамға жасалған ықпал.

«Әлеуметтік басқару» ұғымы мазмұны жағынан  кеп жақты болып келеді. Әлеуметтік басқару теориясын кең мағынада алып қарасақ, онда ол өзінің пәніне қоғамдық өмірдің барлық салаларын: экономикалық, мәдени, білім беру және т. б. басқару  мәселесін сыйғызған. Коғам өмірінің негізгі салаларына сәйкес әлеуметтік басқару объектілерін сұрыптауды үлкен  төрт топқа бөлуге болады:

— материалдық-өндірістік дамытуды басқару;

— әлеуметтік процестерді басқару;

— саяси  саланы басқару;

— коғамның рухани өмірін басқару;

Сонымен катар, әлеуметтану шеңберінде әлеуметтік басқарудың жеке теориясы да даму үстінде. Ол әлеуметтік басқарудың жалпы теориясының  принциптерінен шыққанымен, оны әлеуметтік басқарудың жалпы теориясының қолданбалы жағы деп қарауға болмайды, өйткені  ол — әлеуметтанудың өз алдына тұрған жеке бір саласы.

Әлеуметтік  басқару қоғамдық қатынастар мен  әлеуметтік процестерді саналы түрде (бағдарламалы), ғылыми тұрғыда реттеу болып табылады. Басқару екі деңгейде жүзеге асады. Оның біріншісі қоғамдық – тарихи процестерді басқаруды  қамтамасыз етеді, жалпы әлеуметтік заңдылықтарды көрсетеді және өзі  мемлекеттің әлеуметтік саясатынан көрініп отырады. Ал екінші деңгейі  — әлеуметтік процестерге басшылық ету: жұрттың көшіп-қонуына, кәсіптік құрылымына өзгерістер енгізу мен кадрлардың тұрақсыздығын реттеу, оны жою, еңбек  жағдайын жақсарту, әлеуметтік-психологиялық  ахуалды оңалту және т.б., яғни нақты  әлеуметтік процестерге басшылық жасайды. Басқарудың екінші деңгейіндегі проблемалар  әлеуметтік процестердің жекелеген  тенденцияларын көрсетеді және кәп  жағдайда бұл проблемалар кәсіпорындардың  күші арқылы шешіледі. Осыған орай екінші деңгей «кәсіпорындардағы әлеуметтік басқару» деген атқа ие болды және әлеуметтануда өз алдына басқарудың жеке бағыты ретінде қалыптасты. 
 
 
 
 

Басқару іс- әрекеті негізі.

Басқару іс- әрекеті  негізі.  
Басқару психологиясы әлеуметтік функцияның қазіргі кездегі негізі тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы адамдардың бір- бірімен қарым- қатынасы мәселесін зерттейді. 
Басқару мәселесін құрумен ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика, юриспруденция, психология, педагогика, эргономика, социология т. б. Жалпы басқару теориясы кибернетика мен теория жүйесінде құрастырылады. Кибернетика Kibernetike- ( грек тілінде) басқару өнері. Manedgement - ( латын. Manus- қол )- ағылшын термині «басқару» терминінің синонимі. 
Адам іс- әрекетінің практикасында басқару ғылыми зерттеу пәні болмас бұрын өте көп уақыт ілгері пайда болған. 
Ертедегі Египетте б.з.д. мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру, бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі Египед пирамидалары, ертедегі ацтеск қалалары секілді архитектуралық құрылыстар салынып, Рим- католик шіркеуі белсенді қызмет атқармас еді. 
Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде XX ғасыр басында беки бастады. Басқару үрдісі белгілі бір нәтжеге жету жолындағы адамдардың жолын іс- әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі.Басқару барлық динамикалық жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға, өңдеуге және беруге негізделген. Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі белгісі болып субъектінің мәліметті алып анализдеу негізінде күрделі жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі. 
Басқарудың әлуметтік функцялық теориясының объектісі болып адамдардың құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді іске асыруда, құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы есептеледі. 
Басқарудың күрделі жүйесі екіге бөлінеді: басқарушы және орындыуаушы және оның әрқайсысы көп салалы иерархиялық құрылымнан тұрып әрбір жүйе бөлігі өзінің локальді бағытын құрайы. 
Әлеуметтік басқару жүйесі екі индвидуалды субъектінің белсенді қарым- қатынас үрдісі болып табылады, олардың әрқайсысының реттуші қасиеті бар. 
Басқаруш мен орындаушы субъект бола тұрып мақсатқа бағытталған саналы іс- әкетет атқарады. Олардың іс- әрекетін ақпаратты өңдеудің 4 деңгейінен тұрады. 
1. Ақпаратты жинау ж/е бағалау( афференттік синтез). Түскен ақпараттың бағасы субъектіге тән мотивацияға, оның кәсіптік дайындығына, басқару іс- әрекетінің нәтижесіне байланысты. 
2. Мақсат қою, Әрекет бағдарламасын құру. Бұл кезеңде мақсаттың алдын алу қалыптасады- ол қажетті мүмкін болатын нәтиже бейнесі. 
3. Нақты міндетті шешудегі мақсатқа жетудегі практикалық әрекет. 
4. Нәтиже бағасы ж/е істі орындауды бақылау. Алынған нәтижені алға қойған мақсатпен салыстыру. 
Егер алынған нәтиже мақсатпен сай келсе онда алға қойған мақсат орындалды деуге болады. 
Кез келген әлеуметтік жүйенің жүйе түзуші факторы болып мотив пен мақсат есептеледі, себебі әлеметтік бірлестіктер мен жеке тұлғалардың(басшы мен орындаушы) іс- әрекеттің бьағыты мен мазмұнын көрсетеді. Басқару қатынасының әр түрлілігі ретінде тәртіп пен инициатива көрінеді. 
Бұл қатынас горизанталь бағытта да вертикаль бағытта да көрінеді. 
Әлеуметтік басқару психологиясының негізгі тірегі адамдар, топтар, мекемелер арасындағы қатынастардың психологиялық аспектісі саналады. 
Қазіргі біздің еліміздегі мемлекеттік құрылымның дамуыны нарықтық қатынастың даму кезеңінде басқару мәселесін бөліп көрсету ғылыми талдау мен іс жүзіндегі әрекеттің негізгі сферасы ретінде бөлінеді. Жоғарыда айтқандай ағылшын тіліндегі американдық термин «менеджмент» қлданылады. 
Менеджмент басқарудың жалпы принциптерін қарастыруды мақсат етіп қояды. 
Басқару ғылымының негізгі мектептері. 
Басқару теориясында 4 негізгі жолы бар. 
1. Басқарудың негізгі мектептері көзқарасы тұрғысынан. 
2. процестік 
3. жүйелік 
4. ситуацялық 
Осылардың алғашқы адамдар арасындағы қатынас, басқарудың сандық әдістері,мінез- құлықтық пәндердің ғылыми административтік басқару мектебі. 
Басқару теориясын жалпы тұрғыдан қарау. 
Үрдістік жолы.Бұл жол административтік мектептің негізгі идеясын дамытушы, басқарудың негізгі әмбебап функцяларын басқаруды біртекті үрдісіне айналдыруға ұмтылу негізінде құрылған. А. Файоль негізгі бес басқару функцясын берді: « Басқару - дегеніміз 1.алдын ала болжау, жоспарлау; 2.ұйымдастыру,3. шешім қабылдау 4.координация 5. бақылау.»- дейді. Кейіннен ол функциялар толықтырылып, нақтыланды. 
Жүйелік жол Басқару теориясы « жалпы жүйе теориясы үлкен әсер етті. Әрбір ұйым бұл бірнеше бір- бірімен байланысты тұтас жүйенің функциялануын қамтамасыз ететін бөліктер жиынтығынан тұрады. Басқарушы бүкіл мекемнеі тұтастай оның бөліктерін сырқы әлеммен байланыстыра көре білу керек. 
Ситуациялық жол. Оның негізгі тезисі мекеме- ашық жүйе, ол сыртқы әлеммен үнемі қарым- қатынаста. 4 негізгі этапы бар. 
1. Басшының басқарушылық компонентін қалыптастыру. 
2. Ситуацияға қатысты қандай да бір әдістердің нәтижесін алдын ала көріп, анализдеу. 
3. Ситуацияның адекваттық трактовкасы. Оның негізгі факторын анықтау. Оған әсер етушіні бағалау. 
4. Оң эффектіге жету жолындағы басқару тәсілдерін нақты жағдайлармен сәйкестендіру. Негізгі болып 3- этап есептеледі. 
Басқару теориясының қазіргі жайы. 
Қазіргі д.ж. менеджмент дамуына 3 жол бірге жұмылып бір- бірімен тығыз байланыста. Көптеген концепциялар, трактовка, мектеп, әдістер болуы нәтижені синтездеп, жалпылауда қиындық келтіреді. 
Басқару теориясының әрі қарай дамуы қамтамасыз ететін ситуациялық жол болып табылады. 
Басқару теориясының қазіргі даму сатысында төмендегідей негізгі тенденцияларды бөліп көрсетуге болады. 
1. Ұйымдастырудың материалдық технологиялық базасын көп мән беру. 
2. Басқарудың әрі қарайғы демокритизацисы. Ұйымдастыруды басқару объектісінен өзін- өзі басқару субъектісіне айналдыру. 
3. Менеджмент пен бизнес интернационолизациясы басқарудың жаңа мәселелері. 
Басқару теориясының негізгі бейнесі. Жоғарыда келтірген тенденциялар басқарудың жаңа көзқарасы қалыптасуына әкелді. 
1. Басқарушылық рационализмнен бас тарту. Басқару иілімді, сыртқы орта өзгерісіне бейімделген болу керек. 
2. Басқаруда ситуациялық тұрғыдан келу. Оның негізгі тезисі- мекеменің бүкіл ішкі ұйымдасуы сыртқы әсерге жауап беру. 
3. Басқаруда жүйе теориясын қолдану. 
4. Менеджменттің әлеуметтік жауапкершілігін бүкіл қоғам алдында әрбір жұмыс істелуі жеке тұлға алдында сезіну.(15б Ревская)

Информация о работе Абсентеизм. Пути преодоления