Йдана Жарнама Назгуль апай

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 10:28, курсовая работа

Краткое описание

Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. "Жарнама" тілінен аударғанда "айқайлау" (reclamare) ұғымын сипаттайды. АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы жарнама дегеніміз тауарларды, қызметтерді, идеяларды тұтынушыларға карай жылжытуына арналған "кез-келген" әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиімді тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып, әлуетті тұтынушылардың назарларын жарнамалау аудару үшін орындалатын ақылы қызметтер деп анықталған.

Файлы: 1 файл

Айдана Жарнама Назгуль апай .docx

— 29.77 Кб (Скачать)

Негізінен  бағанда  40 белгіден  артық қолданбаған  жөн. Ұзақ қатарлы  мәтінде келесі  қатарды  табу  қиын. Сондай- ақ  ол  беттердің бүгілуін  қиындатады, жарнамалық  хабарламаның  боз  және  ашық  түсті  элементтерін   жоғары,  қара  және ауыр  түсті   бөлігін  төменге  орналастырған  жөн. Егер  жарнама  бір  беттен аз  болса онда  тік  орналастырған  жөн. Дизайнды  дайындау  кезінде  пайдаланатын сызық түрлері:

  қиғаш сызықтар -  тартымды  қозғалыс жасау үшін, жылдамдық  пен

қуат;

- тік  сызықтар - үстемдік, ұлылық пен  күшқуат;

- көлденең  сызықтар –  тыныштықты және  байсалдылықты   сенімділік 

және жайлылықты сезіну  үшін;

  • оқырман  үшін  табиғи «Маршрут» көзқарасын белгілеу  пайдалы.

Мысалы безендіру  тақырыбынан  өтіп,  тауардың ерекшелігіне немесе атауына, содан соң төмен жағына  жарнама  мәтінін және соңына логотип  немесе  тауар  белгісін орналастыру  қажет;

  • тиімді  жарнама барлық  бетті, жолақпен  қоса  «жиектеу» көрнекті

болып есептеледі. Егер  оны  орындау  қиын  болса жарнаманың  айналасына  жіңішке  рамка  жасау  керек, ол элементтердің өзара  әрекетіне  септігін  тигізеді және  жұмыстың  аяқталғандығын  білдіреді.

  • «жиектеу» жарнамасында мәтін  беттің шетіне  дейін  жетпеуі керек: ол

бүгілу мен «кесілуі»  мүмкін. Мәтін мен ішкі  жиек  арасында  1см қалдыру керек. Логотипті  ортаның  төменгі  немесе оң жақтың  төменгі  жағына орналастырған  жөн. Ол  көзге  түсетіндей көлемді  болуы  керек

  • Жарнама мәтінінде төмендегі жағдайлар болмағаны жөн:

- тақырып  бөлшектеніп  немесе  бас  әріптермен  жазылу;

     - кері  шрифт;

     - курсив немесе  шрифтің сәндік  түрлері;

- суреттің  үстіне  түскен  мәтін  немесе  тақырып;

- әріптер мен  сөздердің   өте  алшақ   арақашықтығы; бәрі  жинақы  болуы

керек;

- элементтердің   қатаң   орналасуы қабылдауды  қиындатады, элементтердің  өзара жеңіл   асимметриясы;

- мәтін  пайдалануда  сүйір кескін - оқуды төмендетеді,  мәтіннің  сол  жағы

тегіс болуы керек. Айтылған  ұсыныстар мен  талаптарды  жүзеге асыру  үшін, шрифтің  көлемі мен   басқа   көркем элементтер және  олардың  ара  қашықтығын  білу керек. Анық  көрсетілген  жақсы  оқылатын болуы  шарт.

 

 Қашықтықтан  оқу

Ұсынылатын 

шрифт  көлемі

1 м................................

7 мм

3 м...............................

15 мм

5 м...............................

25 мм

10 м............................

40 мм

15 м..............................

70 мм


 

Мамандар жарнаманы  қабылдаудың  композициялық – графикалық

әдістерін  ұсынады.

«Нәтижелі» тәсіл  - жарнама беруші  фирманың  қол жеткізген

нәтижелерін графика  түрінде  көрнекі  көрсетуде қолданылады. Осы мақсатта:

  • жарнама материалында  тауар  іс-әрекетте  көрсетіледі;
  • тауардың  белгілі  сипатының  бір  бөлігі немесе тұтынушы жағымды жағын көрсетеді;
  • нәтиже салыстыру түрінде көрсетіледі «Болғаны - болады», «Оларда – Сізде» , «Бәсекелестерде -  бізде».

 Көбіне артықшылық  жөнінде қысқа әрі  нұсқа  түсіндірме  жасалады

 Тұтынушыны  жаңа  ұстанымға  бағыттау тәсілі

  • белсенді  жеңімпаз кейіпкер  немесе тауар, қызмет  көрсетіліп,

қасында  болу кезінде  «бізге  қосылыңдар» деген  ұрандар  айтылады. Кейде  осындай  кейіпкер немесе  тауар,  қызмет тікелей  мағынада  шектен  шығып кетеді.

  • Тұтынушы   графика   құралдары арқылы белсенді қызметкер,

қожайын  ретінде көрсетеді;

  • әрбір адам  қолға  үйреткен жануар, жануарлардың  сүп- сүйкімді ,

мамық төлдері, бала қатысатын  жарнама  материалдарында әрбір  жөні  түзу  адам автоматты  түрде  өзін   «қожайын», «ата- ана» ретінде  психологиялық ұтымды жағынан  қарайды.

 

Жарнаманы  безендіру  технологиясы

Әсіресе  жарнамалық  хабарламада  мына  талаптарға сай  келетін

безендіру  ерекше  рөл  атқарады. Мәселен:

- Жарнамадағы  өнімге  белгілі қызығушылық  танытатын  және

оқырманның назар  аударатын;

  • тауардың  артықшылығын көрсетіп, оны  қолданудағы  нәтижелері

немесе әрекеттерді көзбен  шолып көрсету;

  • бірнеше   ұсақ  безендіруден  гөрі , бір  ғана  көлемді  безендіру

пайдаланған  жөн;

  • мүмкіндікке  қарай суреттер емес  фотосуреттер пайдаланған  дұрыс.

Көркемсурет жәй суретке  қарағанда оқырмандардың назарын  аударады. Көркесуретке фотосурет, қолмен салынған карикатуралық сурет, компьютермен құрастырылған суреттер ж.т.б бейне  көріністерді жатқызуға болады. Осылардың  ішінде фотосурет  шынайы көрінеді, адамның көңілінде  сенім  ұялатады. Бірақ фотосурет  адамды тауар  артықшылығын назарын   «тартпауы» керек. Бір  жарнамадағы  сурет  немесе  фотосуретті бірге  қолданбаған  жөн.

 

 

 

 

 

 

 

Жарнама мәтінінің  тілі

Жарнама тілі – бұл ауызша құралдың бірі. Бұны   көбінесе ой тәсілдерінің жиыны мен стилистикалық  реңктерді, акцентерді қолдана отырып баяндауға болады. Жарнама мәтін  композйциясын әр түрлі етіп салуға болады және әр түрліғып абзацтарға да бөлуге болады сонымен қатар сөйлемдерді, сөздерді адамға тартатындай етіп құрастырып жазуға болады. Өте жақсы жарнама мәтіндерінде « барлығы керекмет үйлесімді болу қажет. Жарнама мәтіндерін зерттеу  нәтижелерінде  жарнаманы  қабылдауға кері әсер ететін  қателер  анықталып жатады. Мамандар жарнамалық  хабарламаларда  мәтіндегі лингвистиканы  жетілдіру үшін  бұқаралық ақпарат  құралдарында бірнеше  ұсыныстар жасап  отыр:

  • ойды жүйелеу және жеңілдету. Қарапайым  және тіке айту. Күнделікті

сөздер мен қысқа  сөйлемдерді  пайдалану. Оның  мағынасын кез  келген  адам бірден  түсіну керек. Техникалық  және басқа  да  жаргон түрлерін  пайдаланбау;

  • хабарламаны   шабытты және еліктіретіндей етіп  көрсету. Егер ол

әуесқойлықты  оятса,  тіпті  қызығушылық  тудырса  одан да  жақсы  болар еді. Түрі ұзақ созылыңқы  түсіндірмелерден, сондай-ақ   мақұлдаулардан аулақ болу қажет;

  • Тұтынушыны осы тауар мен қызметтен түсетін пайдаға бағдарлауы

керек;

  • Нақты  және түрткі  болатындай етіп  айту  қажет. Сұраулы

сөйлемдерден гөрі келісу сөйлемдерін  «Сізге  неге  біздің  дүкенге  кірмеске?» деген сияқты  сөйлемнің  орнына «дәл  қазір  біздің  дүкендегі  тауарды көріңіз» сөйлемін пайдаланған  дұрыс;

  • Адал  да  шыншыл болу. Тауарды  өтірік  насихаттау дұрыс емес,

мұндай жағдайда қателіктің орнын толтыру өте қиынға соғады;

  • Мұнтаздай  болу.  Безендіру  арқылы  назар аудару - нәтижелі іс емес.

Оны  қолданған  көрермен мен  оқырман тауар  немесе  жарнама  тартымсыздығын   жарнама  берушінің  соңғы  үміті  деп  болжайды.

  • Ойша  бейне  тудыратын сөйлемдер мен  сөздерді  пайдалану;
  • Сенімді  болу, көрерменге, оқырманға әсіресе тікелей сатып алу

кезінде қалай, қайтіп  тауарды  сату-сатып алуға  болатынын айту  керек.

 


Информация о работе Йдана Жарнама Назгуль апай