Бас, мойын және туындыларының тері жабындысының морфологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 15:51, реферат

Краткое описание

Бассүйек күмбезі жұқа бассүйекүсті бұлшықетімен, т. epicranius, жабылған. Оның сіңірлі дулыға (бассүйек үстіндегі апоневроз), galea aponeurotica (aponeurosis epicranialis), түрінде ауқымды сіңірлі және бұлшықеттік бөлігі болады. Бұлшықетті бөлігі жеке-жеке үш бұлшықет қарыншасына бөлінеді: 1) алдыңғы немесе маңдайлық қарыншасы, venter frontalis, қас терісінен басталады; 2) артқы немесе шүйделік қарыншасы, venter occipitalis, linae nuchae superior-дан басталады; 3) бүйір қарыншасы құлақ қалқанына: алдынан келетін, m. auricularis anterior, үстінен келетін - m. auricularis superior және артынан келетін - m. auricularis posterior атты, үш кішкене бұлшықетке бөлінеді.

Оглавление

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бас, мойын және оның туындыларының тері жабындысының морфофункциональды мінездемесі
2. Тері сыртқы жабын мүше
3. Тері қабаттары
4. Шаштар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Бас, мойын және оның туындыларының тері жабындысының морфофункцио.doc

— 143.50 Кб (Скачать)

Төртінші шандыр немесе мойынның ішкі шандыры, fascia endocervicalis, мойын ішіндегі ағзаларды (көмей, кеңірдек, қалқанша без, жұтқыншак, өңеш және ірі тамырлар) қаусырып жатады. Ол- екі жапырақшадан тұрады: висцералды жапырақша аталған ағзалардың әрқайсысын қаусырып, олар үшін қынап түзеді; париеталды жапырақша осы ағзалардың барлығын қоса қаусырып, маңызды тамырлар - a. carotis communis et v. jugularis interna, үшін қынап түзеді.

Fascia endocervicalis-тің париеталды және висцералды жапырақ-шалары арасындағы кеңістік ішіндегі ағзалардың алдында орналасқан да, сондықтан spatium previscerale деп, атап айтқанда кеңірдек алдындағысы spatium pretracheale деп аталады. Соңғының құрамында шелмай мен лимфа түйіндерінен басқа қалқанша бездің мойнағы мен қантамырлар (a. thyroidea ima et plexus thyroideus impar) болады, бұларды трахеотомия кезінде жарақаттап алуға болады. Spatium pretracheale алдыңғы кеуде аралығына жалғасады. Мойын ішіндегі ағзаларды қаусыра, париеталды жапырақша, олардың алдыңғы және бүйір жақтарында, сонымен бірге тіласты сүйегі астындағы бұлшықеттердің (mm. sternohyoidei, sternot-hyroidei, thyrohyoidei et omohyoidei) артында жатады.

Бесінші шандыр, омыртқа бағанасының алдындағы шандырлар, fascia prevertebral, омыртқа бағанасының алдыңғы жағынан омыртқа алдындағы және сатылы бұлшықеттерді жауып, омыртқалардың көлденең өсінділерімен бітісіп-өсіп, аталған бұлшықеттер үшін қынаптар түзеді.

Жоғарғы жағында омыртқа бағанасының алдындағы шандыр жүткыншактың артында бассүйек негізінен басталып, мойын арқылы төмен түсіп, артқы көкірек аралыққа барып, fascia endothoracica-мен бітісіп кетеді.

Төртінші мен бесінші шандырлардың арасында, жұтқыншақ пен өңештің артында борпылдақ шелмаймен толған тар саңылау - spatium retropharingae жатады, ол төмен қарай созылып артқы көкірекаралыққа жалғасып кетеді.

Сипатталған 5 шандырдың шығу тектері әр алуан: біреулері -редукцияланған бұлшықеттер (бірінші шандыр - perimysium m. platisma және ұшінші шандыр - редукцияланған m. cleidohyoideus), екіншілері ағзаларды қоршап тұрған шелмайдың тығыздау өнімі болып табылады (төртінші шандырдың париеталды және висцералды жапырақшалары), ал үшіншілерінікі шандырлардың кәдімгі шығу тегіндей (екінші және бесінші шандырлар).

Париж анатомиялық номенклатурасына сәйкес барлық мойын шандырлары fascia cervicalis деген атпен біріктіріледі, ол 3 табақшаға бөлінеді:

1. Беткей табақша, lamina superficialis, бірінші шандырға, fascia colli superficialis, сәйкес келеді (В.Н. Шевкуненко бойынша).

2.   Кеңірдек алдындағы  табақша, lamina pretrachealis, кеңірдек алдыңғы сілекей бездерін, бұлшықеттерді және басқа түзілістерді жауып тұрады да, аты осыған байланысты алынған. Ол екінші және үшінші шандырларға сәйкес келеді (В.Н. Шевкуненко бойынша).

3.   Омыртқа бағанасы  алдындағы табақша, lamina prevertebralis, бесінші шандырға сәйкес келеді (И.Н. Шевкуненко бойынша).

Төртінші шандыр fascia endocervicalis, PNA бойынша сипатталмайды. Мойын шандырлары дәнекер тінді есінділер арқылы вена тамырлары қабырғаларымен мықтап байланысып, вена қаны ағып кетуіне жағдай жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Жандар Керімбек Ермаханов «Тәнтану адам анатомиясы»., «Білім» 2004 жыл. Алматы
  2. Мария Дайырбекова «Адам анатомиясы» Алматы «Медицина баспасы» 2004 жыл.
  3. «Адам анатомиясы» (ІІ кітап) Алшынбай Рақышев., Алматы «Білім» 1995 жыл.
  4. «Адам анатомиясы» Алматы «Рауан» 1992 жыл. Е. Керімбек
  5. Әмина Кузенбаева «Адам анатомиясы» Алматы «Арыс баспасы» 2001 жыл.

 


Информация о работе Бас, мойын және туындыларының тері жабындысының морфологиясы