Бас, мойын және туындыларының тері жабындысының морфологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 15:51, реферат

Краткое описание

Бассүйек күмбезі жұқа бассүйекүсті бұлшықетімен, т. epicranius, жабылған. Оның сіңірлі дулыға (бассүйек үстіндегі апоневроз), galea aponeurotica (aponeurosis epicranialis), түрінде ауқымды сіңірлі және бұлшықеттік бөлігі болады. Бұлшықетті бөлігі жеке-жеке үш бұлшықет қарыншасына бөлінеді: 1) алдыңғы немесе маңдайлық қарыншасы, venter frontalis, қас терісінен басталады; 2) артқы немесе шүйделік қарыншасы, venter occipitalis, linae nuchae superior-дан басталады; 3) бүйір қарыншасы құлақ қалқанына: алдынан келетін, m. auricularis anterior, үстінен келетін - m. auricularis superior және артынан келетін - m. auricularis posterior атты, үш кішкене бұлшықетке бөлінеді.

Оглавление

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бас, мойын және оның туындыларының тері жабындысының морфофункциональды мінездемесі
2. Тері сыртқы жабын мүше
3. Тері қабаттары
4. Шаштар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Бас, мойын және оның туындыларының тері жабындысының морфофункцио.doc

— 143.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Бас, мойын және оның туындыларының тері жабындысының морфофункциональды мінездемесі
  2. Тері сыртқы жабын мүше
  3. Тері қабаттары
  4. Шаштар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас бұлшық еттері

1. Шайнау бұлшықеттері, бірінші желбезек (төменгі жақсүйектік) доғаның туындылары, n. trigeminus арқылы нервтендіріледі.

2. Мимикалық немесе бет  бұлшықеттері екінші желбезек  доғасының туындылары, п. facialis-пен нервтенеді.

3.  Бассүйек күмбезінің бұлшыкеттері

Шайнау бұлшықеттері. Әрбір жақтағы төрт шайнау бұлшықеті өзара генетикалық (олар бір желбезек доғасынан - төменгі жақсүйектік доғадан пайда болады), морфологиялық (олардың барлығы төменгі жақсүйекке бекиді) және қызметтік жағынан (олар төменгі жақсүйектің шайнау қозғалыстарын жасайды, олардың орналасуы осы қызметтерінен туады) байланысқан.

1. Шайнау бұлшықеті, т. masseter, бетсүйегінің төменгі жиегі мен бетсүйек доғасынан басталып, tuberositas masseterica мен төменгі жақсүйектің тармағының сыртқы бетіне бекиді

2.    Самай бұлшықеті, т. temporalis , жалпак бастамасымен бассүйектің бүкіл самай шүңқыры кеңістігін алып, үстіңгі жағында Ііпеа temporalis-ке жетеді. Бұлшықет будалары желпуіш тәрізді түйісіп, берік сіңір түзіп, ол бетсүйегі доғасы астында келіп, төменгі жаксүйектің processus coroneideus-іне бекиді.

3.  Латералды  қанаттәрізді бұлшықет, т. pterygoideus lateralis, сынатәрізді сүйектің үлкен қанатының төменгі беті мен қанаттәрізді өсіндіден   басталып,   төменгі   жақсүйектің   айдаршықты   өсіндісінің мойнына, сондай-ақ шықшыт буынының қапшығы мен discus articularis-іне бекиді

4. Медиалды қанаттәрізді  бұлшықет, т. pterygoideus medialis, қанаттәрізді өсіндінің fossa pterygoidea-сынан басталып, төменгі жақсүйек бұрышының медиалды бетіндегі аттас бұдырмаққа бекиді.

Қызметі. М. masseter, m. temporalis және m. pterygoideus medialis ауыз ашылғанда төменгі жақсүйекті жоғары жаққа қарай тартады, басқаша айтқанда ауызды жабады. Екі бірдей mm. pterygoidei laterales бір мезгілде жиырылғанда төменгі жақсүйек алға қарай шығады. Кері қозғалысты арттан алға қарай горизонталды жүретін m. Temporalis-тің ең артқы талшықтары жасайды. Егер m. pterygoideus lateralis тек бір жағында ғана жиырылса, онда төменгі жақ-сүйек бүйірге, жиырылған бұлшыкеттің қарама-қарсы жағына қарай ығысады. М. temporalis түсінікті сөз сөйлеуге де көмектеседі, сөз сөйлеген кезде төменгі жақ-сүйекті белгілі бір қалыпта ұстайды.

 

 

Беттің     бұлшықеттері. 

Бастың, бұрын бас пен мойын бұлшыкеттер бас пен мойынайиағы ішіндегі мүшелерге қатысты болған витциралды бұлшық етердің ішін арабіртіндеп мойының тері бұлшықетеріне ,ал одан жекелеген жіңішке будаларға дифференциациялануы нәтижесінде беттің мимикалық бұлшықеттеріне айналады. Теріні қозғалтатын мимикалық бұлшықеттердің онымен аса тығыз байланысы осымен түсіндіріледі. Бұл бұлшықеттердің кұрылысы мен қызметіндегі басқа ерекшеліктерді де осыдан түсінуге болады. Мәселен, мимикалык бұлшықеттер қаңқа бұлшықеттері сияқты сүйекке екі жерден бекімейді, ол міндетті түрде бір немесе екі шетімен теріге немесе шырышты қабыққа бітісіп кетеді. Сондықтан оларда шандыр болмайды да, жиырылып, теріні қимылдатады. Олар босаңсығанда тері өзінің серпімділігінен бұрынғы қалпына қайта келеді, сондықтан бұл жерде қаңқа бұлшықеттеріне қарағанда антагонистердің рөлі едәуір төмен дәрежеде болады.

Мимикалық бұлшықеттер жіңішке және ұсақ бұлшықет будалары болып табылады. Олар ауыз, мұрын, көз бен құлақ қуыстары сияқты табиғи тесіктердің айналасына топталып, олардың жабылып немесе кеңеюіне қатысады.

Қысқыштар, сфинктрлер әдетте тесіктердің айналасында сақина түрінде, ал кеңейткіштер (дилататорлар) - радиарлы орналасады. Тесіктердің пішінін өзгерте және түрлі қатпарлар түзе теріні қимылдатып, мимикалық бұлшықеттер адам бетіне оның қайсыбір көңіл күйіие сәйкес келетін кескін береді. Беттің мұндай өзгерістері мимика дем аталады да, бұлшықеттердің аты осыдан алынған. Негізгі қызметі - түйсікті білдіруден басқа, мимикалық бұлшықеттер сөз сөйлеуге, тамақты шайнауға және т.с.с. қатысады.

Адамда жақсүйек аппаратының қысқарып, еріндерінің түсінікті сөз сөйлеуге қатысуы ауыз айналасындағы мимикалық бұлшықеттердің ерекше дамуына әкеледі және керісінше, жануарларда жақсы дамыған құлақ бұлшықеттері адамда редукцияланып, тек рудименттік бұлшықеттер түрінде ғана сақталады  

Бассүйек күмбезі бұлшықеттері.

1. Бассүйек күмбезі жұқа бассүйекүсті бұлшықетімен, т. epicranius, жабылған. Оның сіңірлі дулыға (бассүйек үстіндегі апоневроз), galea aponeurotica (aponeurosis epicranialis), түрінде ауқымды сіңірлі және бұлшықеттік бөлігі болады. Бұлшықетті бөлігі жеке-жеке үш бұлшықет қарыншасына бөлінеді: 1) алдыңғы немесе маңдайлық қарыншасы, venter frontalis, қас терісінен басталады; 2) артқы немесе шүйделік қарыншасы, venter occipitalis, linae nuchae superior-дан басталады; 3) бүйір қарыншасы құлақ қалқанына: алдынан келетін, m. auricularis anterior, үстінен келетін - m. auricularis superior және артынан келетін - m. auricularis posterior атты, үш кішкене бұлшықетке бөлінеді. Аталған бұлшықеттерідің барлығы апоневрозға қосылып бітіседі. Galea aponeurotica бассүйек күмбезінің ортаңғы бөлігін қаусырып, т. epicranius-тің орталық бөлімін кұрайды.

Қызметі. Бассүйектерінің сүйек қабығымен борпылдақ байланысқан бассүйек үсті апоневрозы бас терісімен тығыз тұтасып өседі, сонықтан ол маңдай және шүйде қарыншаларының әсерінен онымен бірге қозғала алады. Бассүйекүсті апоневрозы, бұлшықеттің шүйделік қарыншасымен бекітілгенде, venter frontalis қасты жоғары көтеріп, оны доға сияқтандырып, маңдайда көлденең қатпарлар (әжімдер) пайда қылады.

Адамның құлақ бұлшықеттерінің қалдыктары - рудименттік мүшелердің классикалық мысалы. Құлағын қимылдата алатын адамдардың өте сирек кездесетіндігі белгілі.

Көз айналасының бұлшықеттері.

2.    Тәкаппарлар  бұлшықеті, т. procerus мұрынның сүйекті арқашығы мен т. nasalis-тің апоневрозынан басталып, маңдай бұлшықетімен қосылып, glabella аумағында теріде аяқталады. Аталған аумақтың терісін төмен түсіріп, мұрын кеңсірігі үстінде көлденең қатпарлар жасайды.

3. Көздің дөңгелек бұлшықеті, т. orbicularis oculi, шеткі көзұялык бөлігімен, pars orbitalis, көзұясының сүйекті жиегінде, ал ішкі қабақтық бөлігімен, pars palpebralis, қабақтарда орналасып, көз саңылауын қоршайды. Тағы да, үшінші, кішкене көзжастық бөлігін, pars lacrimalis, ажыратады, ол көзжасы қабы қабырғасынан пайда болып, оны кеңейтіп,көз жасының көзжасы өзекшелері арқылы жүруіне әсер етеді. Pars palpebralis қабақтарды жабады. Көз ұялық бөлігі, pars orbitalis, қатты жиырылғанда көз сығыраяды.

М. orbicularis oculi құрамындағы pars orbitalis-тің астында жататын, m. corrugator supercilii, қасты түйетін бұлшықетті айырады. Көздің дөңгелек етінің бұл бөлігі қастарды жақындатып, кеңсіріктің үстінде қас аралығында тік қатпар тудырады. Көбінесе, тік қатпарлардан басқа, маңдайдың ортаңғы үштен бір бөлігінде, venter frontalis-тің бір мезгілде әсер етуінен тағы да қысқа көлденең әжімдер пайда болады. Қастардың мұндай қалпы адам қатты қайғырғанда, бір жері ауырғанда пайда болады. і

Ауыз айналасының бұлшықеттері.

4.  Жоғары ерінді  көтеретін бұлшықет, т. levator labii superioris, жоғарғы жақсүйектің көзұяасты жиегінен басталып, негізінен мұрын-ерін қатпарында аяқталады. Одан мұрын қанатына баратын, сондықтан дербес m. levator labii superioris alaeque nasi, деп аталған буда шығады. Ол жиырылғанда жоғарғы ерінді көтеріп, sulcus nasolabialis-ті тереңдетеді, мұрын қанатын жоғары тартып танауды кеңейтеді .

5. Бетсүйектің  кіші бұлшықеті, т. zygomaticus minor, бетсүйектен басталып, мұрын-ерін қатпарына бітісіп, жиырылған кезде оны тереңдетеді.

6.     Бетсүйектің үлкен бұлшықеті, т. zygomaticus major, бетсүйектің facies lateralis-інен езуге және ішінара жоғарғы ерінге барады. Езуді жоғары және латералды тартады, сол кезде мұрын-ерін қатпары аса тереңдейді. Бұлшықет осылай қимылдағанда адам бетінде күлкі пайда болады, сондықтан m. zygomaticus негізінен күлкі бұлшықеті болып табылады.

7.  Күлкі бұлшықеті, т. risorius, езуге баратын кішкене көлденең буда көбіне болмайды. Күлген кезде ауызды кереді; кейбіреулерде бұлшықеттің жақ терісіне бекуінен ол жиырылған кезде езудің бүйір жағынан кішкене шұңқыр пайда болады.

8.   Езуді түсіретін бұлшықет, т. depressor anguli oris, төменгі жақсүйектің төменгі жиегінде tuberculum mentalc-ден латералдылау басталып, езу мен жоғарғы еріннің терісіне бекиді. Езуді төмен тартып, мұрын-ерін қатпарын түзулейді, езу төмен түскенде бетте мұңды пішін пайда болады.

9. Езуді көтеретін бұлшықет, т. levator anguli oris, m. levator labii superior және m. zygomaticus major астында жатады, foramen infraorbitale-нің астында fossa canina-дан басталып, езуді жоғары тартады.

10. Төменгі ерінді түсіретін бұлшықет, т. depressor labii inferioris, төменгі жақсүйек жиегінен басталып, бүкіл төменгі ерін терісіне бекиді.

Төменгі ерінді төмен және аздап латералды тартады, бұл жек көру мимикасы кезінде байқалады.

11. Иек бұлшықеті, т. mentalis, төменгі күрек тістер мен ит тістің juga alveolaria-сынан басталып, иек терісіне бекиді. Иек терісін жоғары көтереді, сол кезде онда кішкентай шұңқырлар түзіледі және төменгі ерінді жоғары көтеріп, оны жоғары ерінге жабыстырады.

12.   Ұрт бұлшықеті, т. buccinator, ауыз куысының бүйірлік қабырғасын кұрайды. Екінші жоғарғы үлкен азу тістің деңгейінде бұлшықет кабаты аркылы шықшыт безінің түтігі, ductus parotideus, өтеді. М. buccinator-дың сыртқы бетін fascia buccopharyngea жабады, оның үстінде ұрттың майлы денесі жатады. Оның басталатын жері -жоғарғы жақсүйектің ұяшықтық өсіндісі, ұрт қыры мен төменгі жақсүйектің ұяшықтық бөлігі, қанат-төменгі жақсүйек жігі. Езу терісі мен шырышты қабығына бекіп, сол жерде ауыздың дөңгелек бұлшықетіне өтеді. Езулерді жанына қарай тартады, ұртты тіске жабыстырады, ұртты қысады, ауыз куысының шырышты қабығын ас шайнау кезінде тістеп алудан сақтайды.

13.   Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, т. orbicularis oris, ауыз саңылауын айнала ерін қабатында орналасады. М. orbicularis oris-тің шеткі бөлігі жиырылғанда еріндер алға қарай шыға сүйірленеді; қызыл ерін көмкермесі астында жатқан бөлігі жиырылғанда, еріндер бір-бірімен тығыз жақындасып, ішке қарай бүгіледі, соның әсерінен қьізыл көмкерме жасырынады. М. orbicularis oris ауызды айнала орналасып, қысқыш (сфинктер), яғни ауызды жабатын бұлшықет қызметін орындайды. Бұл жағынан ол ауыздың радиарлы бұлшықеттеріне, яғни одан радиустар бойымен шығып, ауызды ашатын бұлшыкеттерге антагонистер болып табылады (mm. levatores labii, superiorisetangulioris, depressoreslabii inferioris etanguli oris және т.б

Мұрын айналасының бұлшықеттері

14. Мұрын бұлшықеті, т. nasalis, нашар дамыған, ішінара жоға, өрғы ерінді көтеретін бұлшықетпен жабылған, мұрыпның шеміршекті белігін қысады. Оның pars alaris-ті мұрын қанатын түсіреді де, ал т. depressor septi (nasi) мұрын қалқасының қанаттық (танаулық белігі) шеміршекті бөлігін түсіреді.

Бастың шандырлары. Жоғарыда атап көрсетілгендей бассүйек күмбезін жабатын апоневрозы күмбездің бүйір бөліктерінде борпылдақ-талшықты табақша дәрежесіне дейін едәуір жұқарады. Оның астында аттас бұлшықетті жабатын және жоғарғы жақта Ііпеа temporalis-тен басталатын берік, сіңірлі-ажылтыр самай шандыры, fascia temporalis жатады. Ол төменгі жағында екі табақшаға бөлініп, бетсүйек доғасына бекиді, олардың беткейі доғаның сыртқы бетіне, ал терең табақшасы ішкі жағына бітісіп-өседі. Екеуінің арасында май тінімен толған кеңістік бар. Fascia temporalis бассүйектің самай шұңқырын сүйекті-фиброзды самай бұлшықеті жайғасатын орынға айналдыра тұйықтайды. M masseterter-ді fascia masseterica жоғары, бұлшықетті қаусырап жоғарғы жағынан бетсүйек доғасы төменнен төменгі жақсүйекттің жиегінде,ал артынан және алдынан оның тармағын бекиді.Аталған шандыр артына және өзінің сыртқы беті жағынан шықшыт біз шандырмен, fascia parotidea, байланысқан. Бет аймағында шандыр болмайды, өйткені мимикалық бұлшықеттер тікелей тері астында жатады. Тек жалғыз ғана m. buccinator-дың артқы бөлігін – fascia buccophrungea – жауып жатады, ол алдында борпылдақ бет шелмойынмен қосылып, ал артында raphe prugomandibularis-пен бітісіп жұтқыншақ бұлшықеттердің дәнекер тінді жабына айнала созылады.

Мойын бұлшықеттері құрамына әр текті бұлшықеттер кіреді.

1.   Желбезек  доғаларының туындылары: а) бірінші желбезек доғасының туындылары - m. mylohyoideus, venter anterior m. digastric]; ә) екінші желбезек доғасынын туындылары - m. stylohyoideus, venter posterior m. digastrici, platysma; б) қалған желбезек доғаларының туындылары - m. sternocleidomastoideus.

2. Мойынның аутохтонды бұлшықеттері:

а)  алдыңғы: m. sternohyoideus, m. sternothyroideus, m. thyrohyoideus және m. omohyoideus, сондай-ақ m. geniohyoideus;

ә) бүйірлік: m. scaleni anterior, medius et posterior;

б) алғы-омыртқалық: m. longus colli, m. longus capitis және m. rectus capitis anterior, m. rectus capitis lateralis.

Мойынның аутохтонды бұлшықеттері вентралды бұлшықеттердің қалдығы болып табылады, оның таралуына екі маңызды жағдай әсер етті: қабырғалар мен дене қуысының редукциясы.

Осының себебінен адамда мойынның аутохтонды бұлшықеттерінің бір бөлігі жоғалып, тек сатылы, алғы-омыртқалық және m. geniohyoideus сақталып қалған. Дамуына сәйкес олар жұлынның мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарымен нервтенеді. Тіласты сүйек астындағы бұлшықеттер тіласты аппаратымен байланысқан және ansa cervicalis арқылы нервтендіріледі.

Мойын бұлшықеттері орналасуы (топографиясы) жағынан мынадай топтарға бөлінеді:

1.  Беткей бұлшықеттер (m. platysma, m. sternocleidomastoideus);

2.  Ортаңғы бұлшықеттер немесе тіласты сүйегінің бұлшыкеттері: а)    одан    жоғары    жататын    бұлшықеттер   (mm.    mylohyoideus,

Информация о работе Бас, мойын және туындыларының тері жабындысының морфологиясы