Проблемы экономики Казахстана

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 12:26, курсовая работа

Краткое описание

. Жұмысыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құрлымымен анықталады. Бірақ та жұмысыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тау

Файлы: 1 файл

ekonomika referat.docx

— 34.18 Кб (Скачать)

     Дисбаланстің себептерін әртүрлі жағынан түсіндіруге болады. «Инфляция» ұғымының теоретикалық негізі өзінің арсеналында үш негізгі бағыттан тұрады: инфляцияның Кейнс теориясынан; монетаристік сандық тұжырымдамадан; төтенше шығындардың теориясынан.

             Инфляцияның Кейнс теориясы шаруашылық етуші субъектілердің кірістері мен шығындарының талдауынан шығады және жиынтық сұраныстың көбеюіне олардың әсер етуінен шығады, бұл өндіріспен, жұмыспен қамтылудың өсуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге жиынтық сұраныстың өсуі инфляцияның өсуіне себепші болады. Ақшаның монетаристік теориясы инфляцияның себептері ретінде қағаз ақшаларымен айналым арналарының сандай ернелеушілігін көрді. Төтенше шығындар теориясының авторлары (Дж.М. Кейнс, У.Тори, Р.Куэн) бойынша жалақымен байланысты шығындар ғана инфляцияның себебі болады.

            Бағаның өсуінің шын мәніндегі инфляциялық себептерден маңыздыларын бөлуге болады. Біріншіден, айналымға жіберілген ақшалай салмаққа мемлекет жағынан бақылаудың  жоқтығы. Екіншіден, мемлекеттік бюджеттің тапшылығында айқындалатын мемлекеттік шығындардың теңгерімсіздігі. Егер бұл тапшылық жаңа ақшалай массаны басып шығару арқылы толтырса, онда айналымда ақшалар массасының өсуіне әкеліп соқтырады. Экономиканы милитеризациялаумен байланысқан бюджеттік шығындар, әсіресе инфляциялы қауіпті болып табылады. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджеттің хроникалық тапшылықтарының басты себептерінің бірі болып табылады. Үшіншіден, ХХ ғасырда бағалар деңгейінің жаппай жоғарлауы нарық құрлымының өзгеруімен байланысты. Қазіргі замандағы нарық айтарлықтай дәрежеде олигополистік болып табылады. Олигополист бағанның үстінен едәуір билік жасауға ие. Төртіншіден,   кәсіподақтардың қызметі. Мысалы, ұзақ инфляция, 60-шы жылдардың аяғында, 70-ші жылдарда көптеген кәсіподақтарды еңбек келісімшарттарына инфляцияны есепке ала отырып, кірістерін автоматты түрде түзететін өмір қүнының өсіміне түзетулер енгізуге мәжбүр етті. Бесіншіден, экономиканың рационалды емес құрылымы, бір сала екіншісіне залал келтіре отырып шеттен тыс дамуы.

Инфляцияның пайда болу себептері  сыртқы да, ішкі де болуы мүмкін. Сыртқы себептерге көбінесе мыналар жатады: сыртқы саудадан түсетін түсімдердің  қысқаруы, сыртқы саудалық және төлем балансының теріс сельдосы, шикізат пен мұнайға бағаның бірнеше есе өсуімен сүйемелденетін құрылымдық әлемдік дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, экологиялық). Қазақстандағы инфляциялық құбылыс, мысалы, қазақстандық экспорттың маңызды бабын құрайтын жағармайға әлем нарығында бағаның құлауын күшейтті, сондай-ақ астықтардың едәуір импорты жағдайларында астық нарығындағы қолайсыз коньюнктура. Банктердің ұлттық валютаны шетелдіктердікіне айырбастауы қағаз ақшаларының қосымша эмиссиясына қажеттілікті тудырады, бұл инфляцияға апарады.

 

 

2.1 Жұмыссыздық ұғымы және мәні.

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке  қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын  кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез  келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары  сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық  болып ажыратылады

Жұмыссыздық – барлық қоғамда  болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚  АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық  мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық  болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық  қамтылуы – ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық  қамтылу кезіндегі жұмыссыздық  деңгейі оның табиғи деңгейі болып  саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс  күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос  жұмыс орындарының санына тең  болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс  болып есептеледі. Өйткені “фрикциялық” жұмыссыздарға бос жұмыс орнын  табу үшін әрқашан уақыт керек‚ “құрылымдық” жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге  көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс  іздеушілердің саны бос жұмыс  орнынан асып түссе‚ онда жұмыс  күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің “жетіспеушілігі” сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының  саны жұмысқа мұқтаждардың санынан  асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы  тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша  тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына  байланысты құрылымдық жұмыссыздық  құбылысы байқалды. 2000 жылы елдегі жұмыссыздар  саны 1997 жылғы деңгеймен салыстырғанда  біршама (0,2%-ке) төмендеді. Елдегі түбегейлі  әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында  жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық  деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады

 

2.1 Жұмыссыздықтың  түрлері,себептері

Жұмыссыздықтың негізг түрлері :

1Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

2 Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

3 Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

4 Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары  жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

-жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;

-жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

Қазақстанда экономикалық реформалардың  бастауынан ашық жұмыссыздық өсе  бастады, бірақ онымен қатар жасырын  жұмыссыздық та орын ала бастады.

Қазақстандағы еңбек нарығында  ағымдағы, құрылымдық, циклдық жұмыссыздықтың түрлерін көруге болады. Ағымдағы жұмыссыздық  фрикциональдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді, яғни халықтың көпшлігі жыл  бойы кәсіпорындардағы жұмыстан шығып, және уақытша жұмысқа орналаса алмады.

Құрылымдық және циклдық  жұмыссыздық ұзақ мерзімдегі сипатта  болады да, олар жұмыссыздықтың тұрақты  формасына әкеледі, яғни жұмыссыз адам ұзақ уақыт жұмыс таба алмағандықтан  өзінің біліктілігін жоғалтады, еңбек  нарығында бәсекелестік қабілетін  жоғалтады.

Толық жұмысбастылық деген  мағынаның экономикада жоқтық қасы, себебі барлық жұмыс күші жұмыспен толық қамтылған жағдайда да жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейі болуы қалай да болса қажетті және заңды процесс. Толық жұмысбастылық кезінде жұмыссыздықтың деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық қосындысына тең. Ол жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады.

Жұмыспен толық қамту  жағдайындағы қарқынды инфляцияға әкеліп соқпайтын жұмыссыздықтың ең төменгі  дәрежедегі нормасын жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деп аталады. Егерде жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден  артып кетсе, онда бұл жағдай жалпы  ұлттық өнімнің азаюына әкеледі.

Жұмыссыздықтың зардаптары:

1. Жұмыссыздық (циклдық) жағдайында - өндіріс мүмкіншілігін толық пайдаланбағандықтан ұлттық байлықтың азаюына келеді. Бұл жағдайда:

-халықтың сатып алу қабілеті төмендейді,

-қазына – қор қысқарады,

-инвестицияға сұраныс қысқарады,

-өндіріс құлдырайды.

2.Ұзақ мерзімде болатын жұмыссыздық жағдайында жұмыссыз адамдардың біліктілігі жоғалады.

3.Жұмыссыздықтың өсуі қоғамда қылмысты істердің өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әкеледі.

К. Маркстың қорлдану теорисына  сәйкес қосымша құнның капиталға  айналуында капиталдың құрылымында  өзгерістер болады. Қосымша құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған  үлесінің азаюына алып келеді, сондықтан  жұмыс күшінің бір бөлігі өндіріс  саласынан ығыстырылып шығарылады да жұмыссыздық пайда болады.

Қоғамдағы жұмыс жасындағы  халық саны – жасына, денсаулығына қарай еңбекке қабілеті бар жұмыс  күші болып табылады

 

 

 

 

2.3Оукен заңы

Оукен заңы бойынша: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% - ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Оукен заңын мынадай теңдеу арқылы көрсетуге болады:

         

мұнда Ү*- әлуетті ЖҰӨ көлемі;  Ү – нақты ЖҰӨ көлемі; u –  жұмыссыздықтың нақты деңгейі: u*- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі;  Оукен коэффициенті.

Егер нақты жұмыссыздық  табиғи жұмыссыздықтан 1 пайызға жоғары болса, онда нақты өндіріс көлемі әлеуеттіден ? пайызға төмен болады.


Информация о работе Проблемы экономики Казахстана