Проблемы экономики Казахстана

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 12:26, курсовая работа

Краткое описание

. Жұмысыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құрлымымен анықталады. Бірақ та жұмысыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тау

Файлы: 1 файл

ekonomika referat.docx

— 34.18 Кб (Скачать)

                                                              Кіріспе.

. Жұмысыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құрлымымен анықталады. Бірақ та жұмысыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.

  Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.

Монетаризімнің Чикаго мектебі  – неошебералистік қозғалыстағы американдық монетаризмнің өзектілігі 50 –ші жылдардың соңы мен 60 –ші  жылдардың басында экономикадан Нобель сыйлығының (1976 ж) лауреаты М. Фридменнің (1912 жылы туған) бірнеше басылымдарымен байланысты еді. Ол және оның жақтаушылары кейномандық ақша емес фактордан (мысалы инфляцияның) гөоі ақша факторын қалады.

Филипистің қисық сызығының  пайда болуы, М. Блауг айытқандай, кенсандық революция кезеңіне тән  қарапайым экономикалық кеңестерге деген экономика ғылымындағы  алғашқы айтулы сенімсіздік 1958 ж. А. У. Фелипстің эмперикалық қисық  сызығымен байланысты еді. М. Блауг  экономикалық саясаттың мақсаты  ретіндегі инфляцияның толық  жұмыспен қамтудың кенсандық идеясын  жалпы еткізді деп жазды.

Конфликтерде бағаның  тұрақтылығы мен жұмысыздық қатар  тұра алмайды; жұмысыздықты азайту инфляцияны жеделтету арқылы мүмкін, ал инфляцияны төмендету жұмысыздықты көбейтеді. Сондықтан бағаның тұрақтылығы мен жұмыспен қамтуға бір мезгілде қол жеткізу идеясының орнына бағаның тұрақтылығын болмаса жұмыспен толық қамтудытаңдау келді.

М. Фридмен және оның жақтаушылары Филипстің конструкциясын зерттей  келе, былай дейді; қисық сызық  тұрақты емес, әсіресе 60- шы жылдардағы әлем елдеріндегі экономикалық ситуацияның  өзгеруінің әсері бар. Бұл кезде қисық сызықтың логикасына қарсы инфляцияның өсуі жұмысыздықты қысқартпай, керісінше ұлғайтты, 70 – шы жылдардың басында бір мезгілде инфляция мен жұмысыздық өсті. Бірақ монетарлық экономикалық ой – пікір келесі АҚШ – тағы республикалық үкіметі тұсында көп жетістікке жетті. Ол кезең рейгономика деп аталып, доллардың нақты нығайту арқылы инфляция баяулайды дейді.

Фридменнің «жұмысыздықтың табиғи нормасымен» байланысты, инетитуционалдың және заң – құқықтың детерминаторға сүйенеді (біріншісінде – кәсіподаққа, екіншісінде – жалақының төменгі  дәрежесі жөнінде заң қабылданды. Ол жұмысыздықтың төменгі дәрежесін негіздеуге көмектесіп, осы кезде белгілі уақытқа дейін инфляция болмайды, М. Блаугтың пікірінше, экономикада тұрақты қайталайтын Т.Ж.Нү – ескі классыкалық доктаринаның қазіргі монетарлық түрі, ақша саны мен ұзақ мерзімдегі бағаның қатаң қарым – қатынасы, ол ставка пайызын тұрақты ұстайды.

Жүргізілген экономикалық өзгерістер көптеген экономикалық қарама – қайшылықтарды  және тепе – теңсіздіктерді туғызды. Олардың негізгілері өскелең бағалар мен ақша масса көлемінің төмен қабілеті бар сұраныс пен өндірістің кірістер мен тұрғындардың нақты қажеттіліктерін және тауар өндірушілердің арасында сәйкестіктің болмауы.

Бұған салааралық қалыптасқан  бағалық тепе – теңсіздіктерді, бюджеттің кірісі мен шығысын, салық  дәрежесін және өндіріс мүддесін жатқызуға блады. Бұл қарама – қайшылықтардың нақты механизімін және нәтижесін анализдемей, экономиканы кризистен шығару шараларын қолдану мүмкін емес. Оларды қарастыруды инфляциядан бастау керек. Себебі ол көпфакторлы және қаржылық экономикалық тұрақсыздықта көрінетін экономикалық тепе – теңсіздігі.

Бағалардың күрт өсуі төлеу  қабілеттінің төмендеуі мен қатар  жүруі – реформа жүргізудің басты  шарты. Алайда инфляцияны тек қана қағаз ақшаның көп мөлшерде болып, құнсыздануы деп қарастыруға болмайды. Инфляция тауар бағаларының өсуінен байқалса да, оны ақшалай құбылыс деп санау қате. Бұл әртүрлі нарықтық шаруашылық саласында ұдайы өндіріс диспорциясын туғызатын «Әлеуметтік – экономикалық» процесс. Осы күнге дейін күшті инфляция тұрақты инвестициялық процеске, тенгенің толық бағалы айырбасталуына қол жеткізуіне кедергі болып, тұрғындардың сатып алу қажеттіліктерін одан әрі түсіреді.

Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы  ынтасы, яғни талаптануы тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жайында  ғана іске асатынын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине бұл, тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама – қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек бұл – тиімді экономиканың негізі.

Еңбек нарығы туралы сөз  бола қалса, егер жұмыс күшінің ұсынымы  сұранымнан көп болса, онда жұсысыздық көбейеді деген ұғым туады. Қандай өркениктті ел болмасын жұмысыздық проблемасын ерекше әлеуметтік қауырттылық әкелетін жағдай есебінде түсінеді. Сондықтан әр ел бұл мәселені шешудің өзіндік жолын іздейді және оның тиімді шешу жолдарын тауып отырады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Инфляция ұғымы және мәні.

Экономикалық құбылыс  ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция» термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру және экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен  көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті.  Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық  шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде  инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Инфляция – бұл күрделі  де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз  ақша айналымына негізделген экономикаға  тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды  арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

1.2 Инфляцияның түрлері,көрсеткіштері

               Инфляцияны әртүрлі белгілері  негізінде жіктейді. Инфляцияның  мыныдай типтері болады.

Баға  өсуінің  қарқыны  бойынша:

1.Бірқалыпты – жылына 10% - ға дейін

2.Шоқырақтау – жылына 20% - дан  200% - ға дейін.

3.Гиперифляция – жылына 1000% - ға дейін.

                Экономика теориясында, жеке алғанда  осы күнгі Кейнсті жақтаушы  экономистер инфляцияның бірқалыпты(баяу) түрін өндірістің дамуына қосымша оңды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден – бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді.  Бірқалыпты инфляция саясаты өндіріс пен нарық жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттен отыруға мүмкіндік береді.

Шоқырақтау (қарқынды) инфляция – экономика үшін едәуір  қиын жағдай, біраз іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.

Гиперинфляция – инфляцияның  ұлттық өндіріс пен жұмыс бастылық, көлеміне күйретерліктей ықпал жасайтындай төтенше тез қарқынды өсуі болып табылады. Гиперинфляциянда бағалардың  жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың  асу қарқыны айналымға  шығарылған  ақша көлімінің өсуінен көп есе артып кетеді.  Мәселе мынада, егер бағалар жайлап, тұрақты өсіп келе жатса халық пен кәсіпорын олардың одан әрі көтеріле түсуіне дайындалады.

Инфляция  ашық және басыңқы  деп ажыратылады. Біріншісі – бағаның өсуі, екіншісі – тауардың жоғарлуы.

Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да, құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрлі тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарлардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.

Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірніше белгі қажет:

1.Бағаның өсу қарқыны  (баға индексі).

2.Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.

3.Инфляцияның күтілуі  және алдын ала болжануы.

Бірінші белгі тұрғысынан жоғарыда аталып кеткендей бояу, секірмелі

және гиперинфляция деп ажыратылады.

 Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады: тең және тең емес. Тең инфляцияда  әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты –өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір – біріне қатысты үнемі өзгеріп тұрады.

Инфляция  теңгермелі  түрде болуы мүмкін, яғни бағалар  бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда  бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі  (ставкасы) де өседі.  Нарықта тепе – теңдік (тұрақтылық)  сақталады. Теңгермелі  емес инфляция кезінде жеке товар топтарына бағы бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.

Үшінші белгіден күтілетін  және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық  келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді нарық жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан зардап шекпейді. Ал  күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10%- ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады.

Тосылған инфляциясы тосын  инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады, немесе  оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын  инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді.  Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар  бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраным мен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен  бағалардың  кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың «инфляциялық, тосу психологиясын» туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ал нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі қаншама тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді; сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт табысын қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

 Басыңқы инфляция жағдайында  бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР (КСРО) – да орын алған. Сондықтан тауарға сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді (бұл нарық шартына сәйкес) және тепе – теңдіктен төмен болады. Содан дефицит пайда болады. Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады. Қажет тауарда іздеуді сатып алушы сатушыға қажетінен көп төлеп бұдан ақша өндірісті айналып өтіп, саудада шоғырланады. Сосын өндірушілерде тауар өндіруге ынта болмайды. Соңында сұраныс пен ұсыныс арасында дисбаланс күшейеді.

Инфляция – қоғамдық ұдайы  өндіріс процесінде сәйкессіздіктен  туындайтын бағаның өсуі ретінде  анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай ақ ақша массасының өсуі  ірі  масштабқа жеткенді, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Өнімнің көтерме бағасы оларды дайындауға кететін шығындардың  өсуімен байланысты өсіп отырады. Экономиканың  әр түрлі секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты болып отырады. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір  тауарлардың бөлшек  саудада болмағанына қарамай төменгі бағалары сақталып қалады.  Мұның барлығы жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкін берері сөзсіз.

Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті  концепция ретінде сұраным инфляциясы және ұсыныс инфляциясы анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері қарастырылады. Сұраным инфляциясы жалпы сұраным арасындағы тепе – теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді.  Бұл жерде мемлекет шығындарының  артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығын, жалпы баға деңгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайды айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі. Мұндай жағдай толық жұмыспен қамтылуда, жалақының өсуінде пайда болады, бұдан жинақталған сұраныс артық болады, ал бұл бағаның өсуіне итермелейді. Ұсыныс инфляциясын сонымен қатар шығын инфляциясы деп те атайды, демек өндіріс шығынының өсуіне және энергия мен шикізатқа бағаны көтереді.

 

                1.3 Инфляцияның себептері.

                Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жургізілетін болса, түптен келгенде, бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіде, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір  елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы қалыптасады.

Информация о работе Проблемы экономики Казахстана