Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 11:15, реферат
Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 4 сәуірде енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат С.Т.Ибрагимов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.А.Бейсенбаев, В.А.Нехорошев, Н.Ғ.Итемгенов, А.М.Жамалов, А.Д.Дүйсекеев, М.Ш.Шаханов.
Айрықша қарым-қатынастағы бірнеше нарық субъектілерінің монополистік қызметінің алдын алу мен жолын кесу үшін “тұлғалар тобы” деген ұғым енгізіледі.
Заң жобасында монополияға қарсы органның нарық субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін айқындау тәртібі белгіленген, сондай-ақ монополияға қарсы органның нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциялары бекітіледі.
Заң жобасында жиынтық үлес бойынша үстем жағдайда ие бірнеше нарық субъектілерін тану үшін сандық және сапалық өлшемдерді өзгерту ұсынылады, сондай-ақ уәкілетті орган тарапынан бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы заңнаманы бұзушылықтарды тексеру жөніндегі нормалар алғаш рет белгіленген.
Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 21 маусымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.
24. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополия субъектілерінің және тиісті тауар рыногында үстем жағдайға ие рынок субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 14 маусымда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Б.Ә.Әбішев, В.А.Доскалов, З.Ө.Алшымбаев, Ғ.М.Шалахметов, А.М.Жамалов, В.А.Нехорошев.
Заң жобасында табиғи монополия субъектілерінің және бәсекелестік салада үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін бақылау мен реттеуді жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің аражігін ажыратуды, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың құрамын және табиғи монополиялар туралы, бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы заңнаманың бұзылуына жол берілгенде қолданылатын әкімшілік жауаптылық шараларын енгізу көзделеді. Заң жобасы Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне: Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Су кодексіне, “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы”, “Мемлекеттік кәсіпорын туралы”, “Банкроттық туралы”, “Шаруа (фермер) қожалығы туралы”, “Жосықсыз бәсеке туралы”, “Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы”, “Коммерциялық емес ұйымдар туралы”, “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы”, “Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік реттеу туралы”, “Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы”, “Байланыс туралы” Қазақстан Республикасы заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 21 маусымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.
25. “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына бір топ депутаттар (М.Б.Тінікеев, Ш.Ә.Оразалинов, С.М.Жалыбин) бастамашы болды. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Т.М.Асанов, М.В.Трошихин, Т.М.Бердіоңғаров, Н.Ғ.Итемгенов, Т.М.Мұхамеджанов, В.Н.Котович.
Заң жобасында өзіне тиесілі тұрғын үйді күтіп-ұстау жөнінде ешқандай шаралар қабылдамаған (пәтерде ұзақ уақыт тұрмағанда, коммуналдық қызмет көрсетулер мен пайдалану шығыстарына ақы төлеу бойынша қарыздары болғанда) меншік иесін көппәтерлі тұрғын үйдегі тұрғынжайға меншік құқығынан сот шешімі бойынша айыру көзделеді.
Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.
26. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйдің жалға берілетін секторын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 5 маусымда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Н.М.Мақашев. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар О.Н.Жақиянов, Ұ.Б.Елеубаев, О.Ш.Қалқабаев, Н.Ғ.Итемгенов, А.Қ.Тшанов, Б.Ө.Әлімжанов.
Заң жобасы республикамызда тұрғын үйдің жалға берілетін секторын дамытуға бағытталған және жергілікті атқарушы органдарға жалпы тұрғын үй қорында мемлекеттік тұрғын үй үлесін көбейтпей-ақ, тұрғындардың белгілі бір санаттарының тұрғын үй проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы жергілікті атқарушы органдардың мемлекет тұрғынжай беру жөнінде міндеттеме алған азаматтар үшін тұрғын үйді жалға алу құқықтарын белгілейді. Жергілікті атқарушы орган тұрғын үйлерді жеке тұрғын үй қорынан да, жалға берілетін үйлерден де жалға алуы мүмкін. Тұрғын үйдің жалға берілетін секторын барынша дамыту үшін заң жобасында оны дамытуға инвестициялық қорларды қатыстыру мүмкіндігі көзделеді.
Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 21 маусымда бірінші оқылымда мақұлдады.
27. “Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 6 маусымда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Е.О.Рахметов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар О.Н.Жақиянов, Ұ.Б.Елеубаев, Ұ.Қараманов, М.Б.Тінікеев, А.Қ.Тшанов, Б.Ө.Әлімжанов.
Заң жобасы салымшылардың үлестік құрылысқа қатысуын реттеудің мәнін, шарт жасасу тетігін, құрылысты жүргізушінің үлестік құрылыс объектісін үлестік құрылысқа қатысушыға беру мерзімдерін, салынып жатқан объектінің сапасына кепілдік беруді, қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тетігін, құрылысты жүргізушіге қойылатын талаптар тізбесін, мемлекеттік реттеу тетігін, шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті айқындауға, сондай-ақ көппәтерлі үйлердің үлестік құрылысы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға бағытталған.
Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 21 маусымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.
28. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 17 маусымда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Е.О.Рахметов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар О.Н.Жақиянов, Ұ.Б.Елеубаев, Ұ.Қараманов, М.Б.Тінікеев, А.Қ.Тшанов, Б.Ө.Әлімжанов.
Заң жобасында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу бөлігінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, «Лицензиялау туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға толықтыру енгізуді, үлескерлердің ақшалай қаражатын тарта отырып, тұрғын үйлер салуды ұйымдастыруға арналған лицензиялауды енгізуді көзделеді.
Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 21 маусымда екі оқылымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.
Заң жобасы жекелеген кенттерді ауылдар (селолар) санатына көшіру қажеттігіне байланысты әзірленді. “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «кент» мәртебесін айқындау үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыстардың, теміржол стансаларының және басқа да экономикалық объектілердің болуы, сондай-ақ тұрғындардың кемінде үштен екісі соларда жұмыспен қамтылуы қажет. Селолық аудандардың әкімшілік қарамағындағы 119 кентте өнеркәсіп кәсіпорындарының болмауына байланысты тұрғындар жеке қосалқы шаруашылықпен және шағын бизнеспен айналысуда, тұрғындар қала тұрғындарына теңестірілгендіктен ауыл тұрғындары үшін көзделген жеңілдіктерді пайдалана алмай отыр. Ұсынылып отырған өзгеріс “ауыл (село)” сияқты елді мекеннің мәртебесін заңды түрде реттеуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.
Заң жобасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жекелеген нормалары арасындағы қайшылықтарды жою және оны Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (Салық кодексінің) ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қолданыстағы ережелері бойынша жекелеген мемлекеттік органдар өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыра алмайды. Бұл Әділет министрлігінің, Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің, Салық комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғап, қарауына, әкімшілік жаза қолдануына мүмкіндік бермей отыр. Осы заң жобасын іске асыру аталған органдардың заңнамада өздері үшін айқындалған функцияларды тиімді әрі уақтылы жүзеге асыруына ықпал ететін болады.
Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.
31. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы 5 маусымда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі - Р.М.Шаекин.
Заң жобасы өнімге және оның өмірлік циклі процестеріне қойылатын міндетті және ұсынылатын талаптарды белгілеу мен қолдану мәселелеріне қатысты жаңа, нарықтық экономикаға және халықаралық практикаға жауап беретін тәсілді енгізу қажеттігіне байланысты енгізіліп отыр.
Заң жобасында 33 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Заң жобасының мақсаттары:
адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қауіпсіз болуды қамтамасыз ететін өнімге және оның өмірлік циклі процестеріне мемлекет қоятын бірыңғай талаптарды белгілеу;
адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңнамалық актілердің қолданысы таралатын қоршаған ортаны, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау үшін жағдай жасау;
Қазақстан Республикасының Үкіметінің және өзге де мемлекеттік органдардың техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өкілеттіктерінің аражігін ажырату;
саудадағы әкімшілік және техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу болып табылады.
Заң жобасы Комитеттің қарауында жатыр.
2005 жылғы 13 - 18 қазан аралығында Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысындағы көшпелі отырысы өткізіліп, онда ауылдардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларына байланысты мәселелер кешені қаралды.
Ауыл тұрғындарымен кездесулер барысында қолданыстағы заңнаманың тұрғындарға денсаулық сақтау, білім беру қызметтерін көрсету, оларды ауыз сумен қамтамасыз ету, телефон байланысы және мақта шаруашылығын дамыту бөлігінде орындалуы талқыланды.
17 қазанда Шымкент қаласында Комитеттің отырысы өткізіліп, онда облыстық Мәслихат депутаттары, облыстың Әкімі, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ Комитеттің көшпелі отырысына шақырылған Энергетика және минералдық ресурстар министрі В.С.Школьник, Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы А.Б.Матишев қатысты.
Отырыс барысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі қатысушыларға ағымдағы айдың бірінші жартысында жанар-жағар май бағасының кенеттен көтерілуінің себептері және оны тұрақтандыру жөнінде Үкімет тарапынан қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Комитет отырысына қатысушылар Министрге және Мәжіліс депутаттарына жанар-жағар майды өндірушілермен аффилиирленген мұнай өнімдерінің айналымы нарығындағы трейдерлік компанияларды жою жөнінде ұсыныстар айтты. Отырыста Үкімет мүшесіне табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арзандатылған жанар-жағар май мен тыңайтқыштар бөлу, сондай-ақ оларды уақтылы әрі толық жеткізілуін бақылау қажеттігі туралы тілектерін білдірді.
2005 жылғы 21 қазанда Комитет өңірлік телерадиокомпанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында журналистер Парламент Мәжілісінің заңнамалық қызметімен, сондай-ақ Парламенттің өңірлік проблемаларды шешу жөніндегі жоспарларымен танысты. Кездесуге Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Зыряновск, Қарағанды, Қызылорда, Лисаковск, Павлодар, Ақсукент, Семей, Теміртау, Түркістан, Шымкент, Екібастұз қалаларының өкілдері қатысты.
2006 жылғы 13 маусымда Комитет төрайымы В.Н.Сухорукова бастаған Комитет мүшелері Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Аграрлық-азық-түлік саясаты комитетінің төрағасы Г.А.Горбунов бастаған Федерация Кеңесінің делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан және Ресей Федерациясы парламенттеріндегі депутаттық қызметпен байланысты мәселелер, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің парламентаралық Ассамблеясы аясында заңнаманы бір ізге салу мәселелері талқыланды.
16 - 18 маусым аралығында Комитеттің Павлодар облысындағы көшпелі отырысы өткізіліп, Комитет мүшелері осы облыста орналастырылған энергетикалық кешендермен танысты