Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгеріс

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 11:15, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 4 сәуірде енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат С.Т.Ибрагимов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.А.Бейсенбаев, В.А.Нехорошев, Н.Ғ.Итемгенов, А.М.Жамалов, А.Д.Дүйсекеев, М.Ш.Шаханов.

Файлы: 1 файл

Ауесбекке керекті материал.doc

— 121.50 Кб (Скачать)


1. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 4 сәуірде енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат С.Т.Ибрагимов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.А.Бейсенбаев, В.А.Нехорошев, Н.Ғ.Итемгенов, А.М.Жамалов, А.Д.Дүйсекеев, М.Ш.Шаханов.

Заң жобасы “Субсидиялар  және өтемақылық шаралар туралы” және “Демпингке қарсы шаралар туралы” Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 1994 жылғы Тарифтер және сауда бойынша Бас Келісімнің VI бабын қолдану жөніндегі келісіміне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді. 

Заң жобасының негізгі мақсаттары ішкі нарықты шетелдік мемлекеттер субсидиялайтын импорттық тауарларды жеткізушілер тарапынан жосықсыз бәсекеден қорғау және отандық өндірушілер үшін теріс салдарларды жою, сондай-ақ отандық өндірушілерді демпингтік тауар импортынан туындайтын жосықсыз бәсекеден қорғау және демпингке қарсы шараларды енгізу жолымен отандық өндірушілер үшін теріс салдарларды жою болып табылады.

Бұл заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 19 қазанда мақұлдап, Сенатқа жіберді. 2005 жылғы 21 желтоқсанда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 9 қаңтарда қол қойды.   

2. “Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 30 маусымда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Н.М.Мақашев. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар М.С.Итеғұлов, Р.Р.Мәдинов, Б.Ә.Өтепбаев, М.Б.Тінікеев, Т.М.Мұхамеджанов, Ғ.М.Шалахметов.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру мақсатында әзірленді және экономика салаларын диверсификациялау мен дамудың шикізаттық бағытынан ауытқу арқылы еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізуді көздейді.   

Заң жобасында Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ынталандырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздері белгіленіп, оны мемлекеттік қолдаудың шаралары айқындалған. 

Заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 28 желтоқсанда мақұлдап, Сенатқа жіберді.

Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы   23 наурызда қол қойды.      

3. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 30 сәуірде енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар С.Ж.Оспанов, Б.Б.Баймағамбетова, Ұ.Қараманов, С.И.Бояркин, А.С.Таспихов, Д.Ж.Нөкетаева.   

Бұл заң жобасын Қазақстан Республикасының Президенті басымдыққа ие деп жариялады.

Жұмыс тобының 27 отырысы өткізілді. 539 түзету енгізілді. Бұл заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты 2005 жылғы  18 ақпандағы Жолдауын,  Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының жекелеген аудандарының әкімдерін эксперимент түрінде сайлауды өткізу туралы” 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1485 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді. 

Заң жобасында мемлекеттік органдар қызметінің мынадай: жол қозғалысы, қоршаған ортаны қорғау, пошта жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығы, жер ресурстарын басқару, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, бәсекені қорғау, халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім және мәдениет, статистика салалары қамтылған.

Заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 16 қарашада мақұлдап, Сенатқа жіберді. 2005 жылғы 21 желтоқсанда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 10 қаңтарда қол қойды.   

4. “Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 26 мамырда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар И.Ф.Чиркалин, В.А.Доскалов, А.Қ.Тшанов, Б.Ө.Әлімжанов, А.М.Жамалов, В.А.Нехорошев.   

Заң жобасында табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қолданудың он екі айлық мерзімін, сондай-ақ тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтік сметаларды бекіту мерзімділігін он екі айдан жиі болмайтындай етіп белгілеу арқылы тарифтар мен тарифтік сметаларды бекітуді тұрақтандыру ұсынылады. Бұл ретте, аталған қолданылу мерзімі мен мерзімділік оңтайландырылған тәртіптегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту жағдайларына қолданылмайды.

“Табиғи монополиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы 2005 жылғы 16 қарашада мақұлданып, Сенатқа жіберілді.                   2005 жылғы 28 желтоқсанда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 14 қаңтарда қол қойды.   

5. “Жеке кәсіпкерлік туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне             2005 жылғы 11 тамызда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.С.Таспихов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Е.Б.Абасов, З.Ө.Алшымбаев, Р.А.Аяшов, О.Аяшев, А.А.Бейсенбаев, С.И.Бояркин. 

Бұл заң жобасын Қазақстан Республикасының Президенті басымдыққа ие деп жариялады.

Заң жобасы жеке кәсіпкерлік саласын реттейтін нормаларды бір ізге салу қажеттігіне байланысты әзірленді. Заң жобасы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді, тексерулер жүргізу тәртібін және тағы басқаларды қоса алғанда, жеке кәсіпкерліктіңбіршама ауқымды мәселелерін қамтиды.  

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары кәсіпкерлікті дамыту, өнімдердің, қызметтердің, процестердің адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау, әкімшілік кедергілерді жою және еліміздің ішінде де, одан тысқары жерлерде де кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылады.    

Заң жобасы кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктерді: кәсіпкерлікті қорғаудың тәсілдерін және оларды мемлекеттік қолдауды, мемлекеттік бақылау принциптерін, мемлекет пен бизнестің өзара іс-әрекетінің тәртібін, коммерциялық құпияның сақталуын, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлердің мемлекет алдындағы жауапкершілігін айқындайды.

Жұмыс тобының 27 отырысы өткізілді.

Заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 7 желтоқсанда мақұлдап, Сенатқа жіберді. 2006 жылғы 12 қаңтарда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті.

Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 31 қаңтарда қол қойды.   

6. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 16 тамызда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.С.Таспихов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар Е.Б.Абасов, З.Ө.Алшымбаев, Р.А.Аяшов, О.Аяшев, А.А.Бейсенбаев, С.И.Бояркин. 

Бұл заң жобасын Қазақстан Республикасының Президенті басымдыққа ие деп жариялады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 64 заңнамалық актісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.    

Заң жобасының реттеу мәні жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау болып табылады.

Заң жобасы бақылау-қадағалау функцияларын, тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуді және олардың мерзімділігін ретке келтіруді көздейді.   

Жұмыс тобының 27 отырысы өткізілді.

Заң жобасын Мәжіліс 2005 жылғы 7 желтоқсанда мақұлдап, Сенатқа жіберді. 2006 жылғы 12 қаңтарда Мәжіліс Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті.

Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 31 қаңтарда қол қойды.   

7. “Электр энергетикасы туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 14 желтоқсанда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Н.М.Мақашев. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар И.Ф.Чиркалин, А.Ә.Түсіпов, С.К.Есжанов, О.Ш.Қалқабаев, К.Ә.Ағатаева, В.Н.Котович.     

Заң жобасында электр энергиясының баланстық нарығын енгізу мерзімдерін түзетуді, уәкілетті органның мемлекеттік энергетикалық қадағалау мәселелері бойынша құзыретін белгілеуді, электр энергиясын орталықтандырылған сату нарығын жетілдіруді, концессиялық келісімдердің негізінде электр энергетикасы объектілерін салуды көздейтін нормалар енгізіледі.  

Жұмыс тобының 6 отырысы өткізілді. Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 25 қаңтарда мақұлдап, Сенатқа жіберді.

2006 жылғы 28 наурызда Сенат заң жобасын Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберді. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы 11 сәуірде қол қойды.   

8. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2006 жылғы  23 ақпанда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Е.И.Тарасенко. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.Ә.Түсіпов, Е.О.Омаров, Ұ.Қ.Қараманов, Н.Ғ.Итемгенов, Т.М.Мұхамеджанов, Д.Ж.Нөкетаева.   

Заң жобасы мәслихаттардағы депутаттық бірлестіктердің қызметін регламенттеу мақсатында әзірленді. Мәслихат депутаттарының саяси партиялар фракциялары түріндегі депутаттық бірлестіктер мен өзге де қоғамдық бірлестіктерді, депутаттық топтарды құру құқығын бекітеді. Заң жобасында фракция және депутаттық топ ұғымдарының анықтамалары қарастырылады.   

Заң жобасы жергілікті өкілді органдардағы депутаттық бірлестіктер қызметін одан әрі дамытуға бағытталған.

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 21 маусымда мақұлдап, Сенатқа жіберді.   

9. “Мемлекеттік монополия туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Парламент депутаттары (Б.Ә.Әбішев, Т.О.Әубәкіров, А.Т.Өтегенов, Т.У.Сыздықов, Б.Қ.Тілеухан, Р.М.Шаекин) бастамашы болып, ол Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы  28 желтоқсанда енгізілді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.А.Бейсенбаев, В.А.Нехорошев, В.Я.Бобров, С.В.Киселев, З.Ө.Алшымбаев, О.Аяшев.  

Заң жобасында мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет түрлерінің тізбесін, уәкілетті органның мемлекеттік монополия саласындағы бақылауды жүзеге асыруы мен қызметті реттеуінің тәртібін белгілеу ұсынылады. Заң жобасы мемлекеттік монополия саласында өз қызметін жүзеге асыратын нарық субъектілерінің, оның ішінде тұтынушылардың, мемлекеттің және мемлекеттік монополия субъектілерінің мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттеу мақсатында әзірленді.      

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 28 маусымда қарайды.   

10. “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасына депутаттар (Б.Ә.Әбішев, Т.О.Әубәкіров, А.Т.Өтегенов, Т.У.Сыздықов, Б.Қ.Тілеухан, Р.М.Шаекин) бастамашы болып, ол Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 2005 жылғы 28 желтоқсанда енгізілді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Ш.Ә.Оразалинов. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар А.А.Бейсенбаев, В.А.Нехорошев, В.Я.Бобров, С.В.Киселев, З.Ө.Алшымбаев, О.Аяшев.  

“Мемлекеттік монополия туралы” негізгі заң жобасы нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшін мына заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады: “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы”, “Мемлекеттік кәсіпорын туралы”, “Күзет қызметі туралы”, “Мемлекеттік сатып алулар туралы”, “Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы”, “Өсімдіктерді қорғау туралы”. Енгізілетін түзетулер Қазақстан Республикасының заңнамасындағы қарама-қайшылықтар мен олқылықтарды жояды.      

Заң жобасын Мәжіліс 2006 жылғы 28 маусымда қарайды.   

11. “Лицензиялау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне             2006 жылғы 26 қаңтарда енгізді. Жұмыс тобының жетекшісі – депутат Р.М.Шаекин. Жұмыс тобының мүшелері: депутаттар И.Ф.Чиркалин, Е.Б.Абасов, Т.М.Мұхамеджанов, В.А.Нехорошев, Н.Ғ.Итемгенов, А.Дүйсекеев.  

Заң жобасында лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың негізгі бағыттары, экономикалық қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін мемлекеттік рұқсат ету жүйесін қалыптастыруға тұжырымдамалық көзқарас енгізілген. Негізгі бағыттар мыналарды:  

қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерінің толыққанды тізбесін;  

лицензия алу кезінде “бір терезе” принципін енгізуді;  

уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының осы функцияларды мемлекеттік емес бірлестіктерге бергені үшін жауапкершілігін нақты регламенттейтін лицензиарлардың бақылау функцияларының тізбесін      қамтиды. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне субсидиялар, өтемақылық және демпингке қарсы шаралар мәселелері бойынша өзгеріс