Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)

      Мысалы: өрмекшілер тігіншілердің операциясын  еске түсіретін белгілі-бір операцияларды  жасайды, ал аралар өздерінің  ұяшықтарын жасай отырып, құрылысшыны көз алдына келтіреді. Алайда кез-келген ең жаман маман ең жақсы арадан немесе кез-келген өрмекшіден өзінің алдын-ала құрылған жоспарымен ерекшеленеді. Осылайша, адам арқылы қандай да бір жаңа нәрсені жасау процесін қарастыра отырып, біз адам психикасының тағы бір феноменіне кезігеміз. Оның мәні адамдардың өз санасында шынайы өмірде әзірге жоқ образды жасауында, ал бұндай образды жасауға біздің өткен тәжірибеміз әсер етеді.

      Адам минда бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.

Қиялдың ғылыми техникада  және көркем Шығармада қажетті күрделі  формасы пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана роль атқарады.

Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз  байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз.

Қиялдың образдары адамның  өміріндегі шынайы образдардың жекелеген  жақтарын қайта жасау жолымен  жасалынады. Мысалы: Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалынған кейіпкерлер ( жезтырнақ, дәу ) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді.

Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.

Қиялдардың іс-әрекеті  адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады.

Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиял біздің еңбек іс-әрекетерінің кез-келген түрінде кездеседі, себебі қандай да бір нәрсені жасау үшін, жасалынатын  нәрсе туралы хабардар болуымыз қажет. Онымен қоса біз шығармашылыққа жақындай түссек, қиялдың маңызы да соғұрлым жоғарлай түседі.

Қиялдың физиологиялық  негізі, нерв жүйесінің байланысының актуализациясы, оның ыдырауы қайта  топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып  табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен  сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді.  Бұл жерде көп жағайда гипоталамо-лимбикалық жүйе үлкен роль атқарады.

Қиял көптеген органикалық процесстер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдарың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне т.б. Мысалы: дәмді түскі ас туралы көз алдымызға елестетсек, бізде сілекей бөлінеді, ал күйік туралы ойласақ біздің терімізде ң күйіктің ң шынайы белгілері пайда болғандай болады. Бұндай заңдылық баяғыдан белгілі және психоматикалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бір жағынан қиял адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді. Мысалы: Біз жарыс кезінде стадионда жүгіріп келе жатырмыз деп елестетсек, бұлшық еттеріміздің қозғалғаны да байқалады.

Қиялдың органикалық  процесстерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық  жұмысты атқару кезінде газ алмасу процессінің өзгеруі болып табылады. Мысалы: біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы прибор газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.

Осылайша, қиял адам организімінің  процесстерін реттеуде де және олардың жүріс-тұрысын реттеуде де үлкен рөль атқарады.

 

 

 

 

Қиялдың түрлері

Қиял процессі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз(мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.

Ерікті қиялдың  адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл  түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған  міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде  көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның  өз арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.

Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға  болады.

Қайта жасау  қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. А.С. Пушкиннің ң Полтава ң атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың дауысын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.

Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нәрсені сөзбен емес, схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жерде образды жасау, адамның кеңістіктегі қиялға қабілеттілігімен анықталады. Әрине, бұл қиял түрі адамның ойлау және ес процессмен тығыз байланысты.

Ерікті қиялдың келесі түрі шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялы және шығармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалынған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.

Қиялдың ерекше түрі-арман болып табылады. Қиялдың бұл түрінің мәні жаңа образдарды жеке өзіннің жасауында. Арманның шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылықтар бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі-бір тілек жатады. Екіншіден, арман- шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процессі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау табу т.б. түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді.

Арманның негізгі  ерекшелігі, оның болашақтағы іс-әрекетке бағытталғандығында, яғни арман-өзін қалаған  болашаққа бағытталған қиял. Адам көп жағдайда болашаққа қатысты өз жоспарын құрады да арманында сол ойлағанын жүзеге асыру үшін жолдарды қарастырып, айқындайды. Бұндай жағдайда арман белсенді, ерікті саналы процесс болып табылады.

Бірақ кейбір адамдар  үшін арман тек іс-әрекеттің орнын  ауыстырушы ретінде ғана қолданылады. Олардың армандары тек арман күйінде ғана қалады. Мұндай құбылыстың себептерінің бірі, олардың әрдайым сәтсіздікке ұшырауында. Бірқатар сәтсіздікке ұшырау нәтижесінде адам өз жоспарын жүзеге асырудан бас тартады да, тек армандап ғана жүреді. Мұндай жағдайда арман саналы, ерікті процесс ретінде, бірақ аяқсыз қалатын процесс ретінде көрінеді. Арманның бұл түрі тек негативті құбылыс ретінде қаралмайды. Бұның позитивті мәні организм жүйесін реттеу механизмдерін сақтап, қамтамасыз етуінде. Мысалы: Сәтсіздік көп жағдайда адамның негативті психикалық күйге түсуіне ықпал етеді, яғни дискомфорт немесе депрессивті реакцияға түседі. Өз кезегінде негативті психикалық күй адамның әлеуметтік- психологиялық адаптациясындағы қиындықтарға себепші болатын, дезадаптивті бұзылулар мен қандай да бір аурудың преморбидті сипаттамасын қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде көрінеді. Бұндай жағдайда арман пайда болған проблемалардан уақытша кете тұруды қамтамасыз ететін психологиялық қорғаудың өзіндік формасы түрінде роль атқарады.

Ол негативті  психикалық күйдің нейтрализациясына  және адамның жалпы белсенділігі төмендеген кезде реттеу механизмдердін сақтауды қамтамасыз етуге ықпал  етеді.

Айта кету керек, арманның бұл түрлері белсенді ерікті саналы психикалық процесс болып табылады. Алайда, қиял пассивті формада кездеседі. Ол еріксіз ойынмен сипатталады. Бұған мысал айтып кеткендей түс бола алады.

Егер  ерікті немесе белсенді қиял әдемленіп  жасалынса, яғни ол пассивті қиял ырықты және ырықсыз жасалынылуы мүмкін. Алдын-ала ойланып жасалынған мақстатты түрдегі қиял ерікпен байланысты емес образдарды жасайды. Бұл образдар адамның қиялында көрінеді. Адам өз қиялында өз күтіп жүрген белгілі-бір нәтижені ойлайды. Ал қиял іс-әрекетті алмастыра бастаса, тұлғаның психикалық өмірінде үстем ала бастаса, бұл психикалық дамудың бұзылғандығын көрсетеді. Бұл адамның шынайы өмірден алшақтап, өзі елестететін әлемге кетуіне әсер етеді. Мысалы: мектеп оқушысы сабаққа дайындалмай және дұрыс баға алмағасың, өзіне басқа бір өмірді ойлап табады.

Ырықсыз пассивті қиял сананың іс-әрекеттерінің әлсіреуі, оның бұзылуы кезінде түсте байқалады. Пассивті қиялдың айқын көрінісі, адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады.

 

 

Қиялдағы образды  қайта жасау механизмі.

Қиял процесс барысында дүниеге келетін образдар ештен пайда болмайды.  Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсініктер негізінде қалыптасады.

Образдарды жасау екі  негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.

Бұл образдармен екі  негізгі тип жасалынылуы мүмкін. Біріншіден, бұл образдар жаңа үйлесімдер мен байланыстарға қойылуы мүмкін. Екіншіден, бұл образдарға мүлдем бөлек жаңа мағына берілуі мүмкін. Қай жағдайда болмасын абстракцияланған образдармен синтез деп айтуға болатын операциялар жасалынады. Бұл операциялар қиял образдарын жасаудың екінші этапы болып табылады.

Синтездің қарапайым  формасы сиглютинация болып табылады, яғни жаңа образды қиялда бір объектінің қасиетін екіншісіне қосу арқылы жасау. Аглютинацияға мысалы: кентаврдың образы, қанатты адам т.б.

Аглютинация өнерде және техникалық шығармашылықта кеңінен қолданылады. Мысалы: Монарда да Винчидің жас суретшілерге берген ақылы бәріне аян: ң Егер сен ойдан жасалынған жануарды шынайы етіп көрсеткін келсе, айталық жылан – оның басына иттің басын қой, оған мысықтың көзін, филиннің құлағын, арыстанның қасын, тасбақаның мойынын сал ң. Техникада аглютинацияны қолдану барасында автомобиль-амфибия т.б. пайда болды.

Аглютинация негізінде  жататын процесстер әртүрлі. Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады. Аналитикалық қабылдаудың жетіспеушілігімен байланысты процесстер және оймен байланысты санамен бақыланатын ерікті процесстер кентаврдың образы атқа отырған адам қандай да бір жануар ретінде қабылданған кезде пайда болды. Ал қанатты адам саналы түрде пайда болды. Себебі, ол ауада тез және жеңіл қозғалатын идеяны білдіреді.

Қиялдың образдарын қайта  жасаудың неғұрлым кеңінен таралған әдістерінің бірі, объектінің ұлғайту  немесе кішірейту болып табылады. Мұндай әдістің көмегімен әртүрлі  әдеби кәсіпкерлер жасалынды.

Аглютинация баяғыдан бар, белгілі образдарды жаңа контекстке ендіру көмегімен жүзеге асады. Бұл жағдайда көріністердің арасында жаңа байланыстар орнайды. Осының арқасында образдардың барлық жиынтығы жаңа мағына алады. Бұл процесстің белгілі бір идеясы немесе мақсаты бар. Бұл процесс толықтай бақылауға алынады, егер бұл түс болмаса себебі, түсте сананы бақылау мүмкін емес.

Қиял образдардың  қайта жасаудың неғұрлым өзекті әдістері схематизация және секцентровка болып  табылады.

Схематизация әртүрлі жағдайда орын алуы мүмкін. Біріншіден, схематизация объектіні толықтай қабылданған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл әсіресе балаларда көп кездеседі. Екіншіден,  схематизацияның себебі, объектіні толықтай қабылдау барысында сондай маңызды емес, детальдармен бөліктерді ұмыту болып табылады.

Ең соңғы үшіншіде, схематизацияның себебі объектінің аса мәнді емес немесе қосымша  жақтарынан саналы түрде бұрып әкету. Адам саналы түрде өз назарын объектінің маңызды қажеттері мен белгілеріне  аударады.

Акцентировка образдың неғұрлым мәнді соған тән белгілерін сызып көрсету үшін қажет. Бұл әдіс шығарма образдарын жасауда процесс қолданылады. Бұл күрделі шығармашылық процесс және осы образды жасаушы адамның индивидуальды белгілі бір ерекшеліктерін көрсетеді.

 

 

                              Қиялдың индивидуальды ерекшеліктері және олардың дамуы

Қиял адамдарда әр түрлі дамыған және ол олардың іс-әрекеттерінде, қоғамдық өмірде әр түрлі көрінеді. Қиялдың  индивидуальды ерекшеліктері адамның қиялдың даму деңгейі бойынша және образ типтері бойынша ажыратылатынымен түсіндіріледі.

Қиялдың даму деңгейі  өткен тәжірибенінің мағұлматтары қаншалықты терең және айқын сонымен  қатар олардың жаңалығымен осы  өңдеу нәтижелерінің мәнділігімен сипатталады. Қиялдың күші мен өміршеңділігі  жеңіл бағаланады, егер қиялдың өнімі шындыққа сәйкес келмесе және ғажайып образдар болса, мысалы: сиқырлы ертегілердің авторларындағыдай. Қиялдың әлсіздігі көріністерді өңдеудің төмен деңгейімен сипатталады. Әлсіз қиял ойша есептерді шешуде қиындық туғызыды. Қиялдың дамуы жеткілікті болмаса, эмоциональды тұрғыда өмірде бай және жан-жақты болмайды.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп