Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)

Қабылдаудың тұрақтылығы  немесе константтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруiне қарамастан, заттардың мөлшерi, формасы, түсi және т.б. қасиеттерiнiң салыстырмалы бiр қалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы, ақ қағаз қараңғы бөлмеде қара болып көрiнсе де, бiз оны ақ түстi ретiнде қабылдаймыз. Сондай-ақ мысалы, құрылысшылар биiк объектiнiң үстiне шығып тұрғанда, адамдардың құмырсқадай кiшкентай болып көрiнгенiмен, олардың мөлшерiн тұрақты қабылдай алады.

Қабылдаудағы  иллюзия. Түрлi себептерге байланысты шындықтағы объектiлердi қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан-алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың сынған сияқты көрiнуi физикалық қасиеттермен түсiндiрiлсе, кейбiр нәрсе жөнiндегi жаңсақ пiкiрлер әр түрлi ерекшелiктерiне байланысты. 

Иллюзияларды адамның  жүйке жүйесiнiң ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың жалған, терiс бейнелерi -  галлюцинациялардан ажырату қажет.

Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжiрибесiнiң мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейдi. Бұл адамға қабылданатын заттар немесе құбылыстар таныс болып, оның бұрыңғы тәжiрибесiнде кездескен болса, онда адам оларды дұрысырақ, тереңiрек қабылдайды.

Апперцепция тұрақты және уақытша болып екi түрге бөлiнедi. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, бiлiмi мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Апперцепция затты түрлi жағынан бағалай алу, адамның оны өзiнше талқылап, өзiнше өз көзқарасын бiлдiре алуы. Әртүрлi иллюзиялардың негiзiнде адам жаңсақ пiкiрде болады. Оны уақытша апперцепция дейдi.

Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және  қозғалысты қабылдау.

Қабылдау түйсiктер сияқты негiзгi анализаторларға байланысты классификациясы бар. Қабылдауда жетекшi рөлдi қандай анализатордың түрi басым болуына байланысты көру, есту, сипап сезу, кинестетикалық, иiс сезу және дәм сезу қабылдауларын бөлiп көрсетедi.

Әдетте қабылдау процесi өзара әрекеттесетiн анализаторлар негiзiнде жүзеге асады. Қозғалыстық қабылдаулар белгiлi-бiр дәрежеде қабылдаулардың барлық түрлерiнде қатысады. Мысалы, сипап сезу қабылдауында тактилдiк және кинестезиялық  анализаторлар қатысады.

Қабылдаудың әр түрлерi таза күйде сирек кездеседi. Олар көбiнесе комбинацияланып, қабылдаудың күрделi түрлерiн құрайды. Мысалы, оқушының мәтiндi қабылдау әрекетiнде көру, есту және кинестезиялық қабылдаулар қатысады.

Қабылдаудың келесi классификациясында материяның тiршiлiк етуiнiң белгiлi бiр формалары – кеңiстiк, уақыт, қозғалыс негiзге алынады.

Қабылданатын объектiнiң ерекшелiктерiне байланысты қабылдаудың келесi түрлерiн бөлiп көрсетедi: заттарды қабылдау, сөйлеудi немесе музыканы қабылдау, адамның адамды қабылдауы. Соңғысы әлеуметтiк перцепция деп аталады. Бұл процесс әлеуметтiк кәсiптерде маңызды қасиет болып табылады.

Кеңiстiктi қабылдау: заттардың формасын, көлемiн, тереңдiгiн және алыстығын, бағытын қабылдау.

Кеңiстiктi қабылдау адамның ортамен өзара әрекеттесуiнде үлкен рөл атқарады және адамның онда бағдарлауының қажеттi шарты болып табылады. Кеңiстiктi қабылдау кеңiстiктiң объективтi көрiнiсiнiң бейнеленуi болып табылады және объекттердiң формасын, көлемiн және өзара орналасуын, олардың рельефiн, қашықтығын және олардың бағытын қабылдаудан тұрады.

Адамның ортамен өзараәрекеттесуi адамның денесiн және оған тән координаттар жүйесiн де қамтиды. Адам затттарды қабылдауы, өзiнiң және олардың кеңiстiктегi орналасу ерекшелiгiн талдау негiзiнде жүзеге асады. Бұл - адамның кеңiстiктiк анализ деп аталатын күрделi аналитикалық-синтездiк iс-әрекетiнiң жемiсi. Кеңiстiктiк бағдарлауда қозғалыстық анализатор ерекше рөл атқарады. Кеңiстiктiк бағдарлаудың арнайы механизмдерiне анализаторлардың iс-әрекетiндегi ми сыңарлары арасындағы жүйкелiк байланыстарды жатқызуға болады. Олар: бинокулярлық көру, бинауралдық есту, бимануалдық сипап сезу, дириникалық иiс сезу және т.б. Заттардың кеңiстiктiк қасиеттерiн бейнелеуде барлық жұп анализаторларға тән болатын функционалдық асимметрия маңызды рөл атқарады. Функциялық ассиметрия анализатордың бiр жағының жетекшi, доминантты болып табылатынын бiлдiредi.

Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдауда олардың көздiң тор қабығында бейнеленуiнiң үлкен маңызы бар. Үлкен заттарға үлкен кескiн, кiшi заттарға кiшi кескiн сәйкес келедi. Адамның көз құрылысының ерекшелiгiне байланысты алыста орналасқан зат, көлемi жағынан бiрдей болғанымен, жақын қашықтықтағы затқа қарағанда, кiшi болып бейнеленедi. Заттардың көлемi мен түрiн қабылдау көру, сипап сезу және бұлшықеттiк-қимылдық түйсiктердiң күрделi үйлесiмi негiзiнде жүзеге асады.

Заттардың аумақтылығы  мен қашықтығын қабылдау. Заттардың аумақтылығын немесе тереңдiгiн қабылдауда бинокулярлық көру (немесе екi көзбен көре қабылдау) негiзгi рөл атқарады.

Монокулярлық көру (бiр көзбен қарау) қашықтықты белгiлi-бiр шек маңында ғана дұрыс анықтай алады. Егер шамалы қашықтықта керулi тұрған жiңiшке жiпке бiр көзбен қарасақ, жоғарыдан тасталған кiшкентай шардың оның алдынан немесе артынан өткенiн айыру қиын. Ал егер екi көзбен қарайтын болсақ, дәл осы құбылысты дұрыс қабылдау бiзге қиын соқпайды.

Бинокулярлық көруде заттың кескiнi диспаранттық нүктелерге, яғни оң және сол көздiң тор қабықтарының толық сәйкес емес нүктелерге келiп түседi. Кескiн сәулесi бiртектес нүктелерге, яғни тор қабықтың  бiр-бiрiне толық дәл келетiн нүктелерiне келiп түссе, онда кескiн жалпақ болып қабылданады. Егер зат бейнесiнiң диспаранттылығы тым үлкен болса, онда бейне қосарлана бастайды. Диспаранттылық белгiлi мөлшерден аспаған жағдайда тереңдiктi қабылдау пайда болады.

Тереңдiктi қабылдауда  көз бұлшықеттерiнiң жиырылуы мен жазылуынан пайда болатын бұлшықеттiк-қозғалыстық түйсiктердiң маңызы аз емес. Саусақты ақырындап мұрынға жақындату, көз бұлшықеттерiнiң тартылуының нәтижесi болатын проприоцептивтiк түйсiктер туғызады. Бұл түйсiктер көз остерiн жақындататын (конвергенция құбылысы), ажырататын (дивергенция құбылысы) бұлшықеттерден және көз бұршағының шапыраштануын өзгертетiн бұлшықеттен шығады.

Заттар қашықтаған сайын кеңiстiктi қабылдауда заттардың орналасуына қарай туатын жарық пен көлеңкенiң өзара орналасуының маңызы үлкен болады. Адам мұндай ерекшелiктердi байқайды да заттың кеңiстiктегi орнын жарық пен көлеңкеге сүйенiп-ақ, дұрыс анықтап берудi үйренедi.

Уақытты қабылдау. Уақытты қабылдау – бұл құбылыстар мен оқиғалардың ұзақтығы мен тiзбегiн бейнелендiру.

И.П. Павлов пен оның iзбасарлары тәжiрибе жүзiнде дәлелдеген адамдарда үнемi жасалынып отыратын уақытқа деген шартты рефлекстер уақытты қабылдау процесiнiң физиологиялық негiзi болып табылады. Уақыттық аралықтар адам организмiнде болатын ырғақты процестермен анықталады. Уақытты дәл, тiкелей қабылдауға көнетiн тек қысқа мерзiмдi интервалдар ғана. Уақыттық аралықтарды дәл бағалауға есту және қимылдық түйсiктер себепшi болатындығы анықталған.

Уақыттың қабылдану  ұзақтығы адам iс-әрекетiнiң мазмұнына тәуелдi. Қызықты, маңызды iстерге толы уақыт зымырап тез өтедi. Егер оқиға қызықсыз, елеусiз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды.

Уақытты бейнелеудегi кейбiр субъективтiлiк адамның жасына да байланысты болады. Мысалы, балалар үшiн уақыт өтпейтiндей көрiнсе, ересектер оның тез өткендей қабылдайды.

Адам уақытты қабылдаудағы субъективтiлiктен практикалық iс-әрекет пен тәжiрибесi негiзiнде арыла алады.

Қозғалысты қабылдау – бұл объектiлердiң кеңiстiктегi орны мен қалпының өзгерiсiн бейнелеу. Қозғалысты қабылдау өмiрлiк маңызға ие. Қоғалысқа көру жүйесiнiң перифериялық бөлiмi сезiмтал келедi. Объект табылғанда, көру аумағының шет жағында оның түскен бейнесi  көздiң рефлекторлық  бұрылысын тудырады, нәтижесiнде объект бейнесi көру аумағының орталығына ауысады, осы жерде бұл обектiнi ажырату мен тану жүзеге асады. Заттың қозғалысын қабылдау, негiзiнен, оның қандай да бiр фонда орын ауыстыру немесе жылжи отырып, көз торының түрлi клеткаларының кезектi қозуын тудырады.

Қозғалысты қабылдауда көру және кинестезиялық анализаторлары негiзгi рөл атқарады. Объект қозғалысының параметрлерi болып табылатындар: жылдамдық, үдеу және бағыт. Адам объекттердiң  кеңiстiктегi орын ауыстыруы жөнiндегi мағлұматты екi жолмен алады: орын ауыстыру немесе қозғалысты тiкелей көру, қабылдау арқылы және белгiлi бiр уақытта басқа орында болған объектiнiң қозғалысы жөнiнде ой қорытындысы негiзiнде.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ес

Естiң  жалпы сипаттамасы мен анықтамасы

     Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында көптеген нәрселердi орындай,жасай алады. Бiздiң қоршаған ортадан алған әсерлерiмiз есiмiзде белгiлi iз қалдырады. Ол iздер жеткiлiктi ұзақ уақытқа сақталады және қажет жағдайда қайта жаңғырады. Сонымен, бұрын қабылданған түрлi әсерлердi, бейнелердi, көңiл-күйлердi, әрекеттердi және бiлiмдердi есте қалдыру, есте сақтауды, қажет кезiнде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп айтамыз.

Адам естiң арқасында бұрынғы бiлiмдерi мен бiлiктерiн жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. Осылайша, ес бiр-бiрiмен байланысты жеке процестерден тұратын күрделi психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмiр тәжiрибесiн жинақтап, сақтап оны пайдалануға мүмкiндiк бередi.Оны түрлi зерттеулерден бiлуге болады. Мысалы, гипнозға еңген адам есiне барлығын түсiре алады (феноменалды ес). Бұл феноменнiң себебiн ес зерттеушiлерi В.С.Ротенберг және Дж.Грезельер гипнозда бейнелеу есi басым болуының себебi мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен деп түсiндiредi. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға операция жасаған кезiнде тоқпен мидың  түрлi орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат арқылы,  пациент наркозда болса да, бұрын естiген және ұмытылып кеткен әңгiмелер мен  әндердi жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен, адамның есте сақтау қабiлетi өте мол. Адам есiнiң көлемi – 10 миллионнан астам белгiлердi сақтай алады, бiрақ қайта жаңғыртудың әр түрлi қиыншылықтарынан және бұл көлемнiң бәрiн саналы кезiнде қолдана бермегендiктен, көп нәрсенi еске түсiре алмаймыз.

Барлық психикалық құбылыстар еске сүйенедi және ес негiзiнде жүзеге асады. Орыс физиологi И.М.Сеченов айтканындай: ''Ес барлық психикалық дамудың негiзiнде жатады''. Егер сезiмдерiмiз, ойларымыз немесе әрекеттерiмiз сақталынбаса, олардың байланысуы мен әрекеттесүi  мүмкiн болмас едi.

   С.Л.Рубинштейн  айтқандай: ''Бiз еске ие болмасақ бiр сәттiк тiршiлiк иесi болар едiк. Бiздiң өткен өмiрiмiз болашағымыз үшiн жоқ болар едi''.

Естiң  жүйке жүйелiк жағынан физиологиялық  негiздерi, ол ми үлкен жарты шарлар қыртысымен күрделi әрекетпен байланысты болады. Сыртқы тiтiркендiргiштер мида өзiндiк ''iздер'' қалдырып отырады. Бұны ашқан И.П.Павлов болды, ол естiң негiздерiн шартты рефлекстермен түсiндiрген. Мысалы,итке тамақ беру алдында  шартты қоздырғыш ретiнде жарықпен әсер етудi қолдансақ,осындай бiрнеше қайталанудан иттiң аузынан сiлекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады. Осы жағдайда иттiң миында екi жүйке орталығы, бiрi - көру, екiншiсi – тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл екеуiнiң арасында уақытша жүйке бекiп, бiр қалыпқа түсүi мүмкiн. Бұл механизм адамдада мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады. Егер адамның желкесiне зақым келетiн болса, ол бұрын қөрген нәрсенi тани алмайды. Егер самайына зақым келсе – адам естiгенiн екiншi рет естiгенде түсiне алмайды. Осылай естiң миының үлкен жарты шарлары қыртысының әрекетiмен байланысты екендiгiн бiлуге болады.

    Ес барлық тiршiлiк иелерiнде болады, бiрақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейiне жеткен. Адамда кездесетiн мнемикалық мүмкiндiктер жер бетiндегi ешқандай жануарда кездеспейдi. Адамға дейiнгi жануарларда екi түрлi ес болады: генетикалық және механикалық ес. Алғашқысында, өмiр сүруге қажеттi биологиялық, психологиялық және мiнез-құлықтық қасиеттердi ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен берiледi. Екiншiсi, үйренуге, өмiр тәжiрибесiн игеруге қабiлеттiлiк формасында көрiнедi. Жануарлардың есте сақтау қабiлеттерi шектеулi.Олар шартты-рефлекторлық, оперативтi үйрену әдiстерi арқылы меңгерiлген нәрселердi ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Естiң  психологиялық теориялары

Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын  әр түрлi жағынан қарастырған әрi түсiндiрген. Солардың iшiнде  алғашқы  рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң  көкейтестiлiгiн осы күнге дейiн  әлi де жоғалтпаған ассоциациялық теория. Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. Артынан психологияда ассоциация принципi деп аталған бұл принциптер мыналар:

1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, ''таң ату'' дегенде қораздың дауысын, ''қоңырау'' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз.

     2. өқсастық  ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн болсақ,

''дөңгелек'' десек шарды және  допты, ''асқар'' десек  тауды, ''ақ'' дегенде ақ қарды немесе сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi мүмкiн.

    3. Контрастық  ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.Мысалы, ''ыстық'' дегенде суықты, ''су''  дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама жасаушылар әр кезде қолданып жатады. Мысалы, ''тазалықты'' бiлдiргiлерi келгенде суды, ақ немесе көк тустердi және жуынғанды көрсетедi.

Осылардың әсерiнен ми қабығында есте сақтау мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi болып саналатын уақытша байланыстар пайда болады.

Ассоциация принципiнiң  нағыз ғылыми негiздемесi мен олардың  заңдылықтарын ашқан И.М.Сеченов  пен И.П.Павлов болды. Павлов бойынша асаоциациялар дегенiмiз бiр немесе бiрнеше тiтiркендiргiштердiң бiр уақытта немесе бiрiнiң артынан бiрi  әрекет етуiнен пайда болатын уақытша байланыс. Қазiргi кезде көптеген зерттеулер ассоциацияларды естiң негiзгi емес, бiр ғана феноменi деп қарастырады.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп