Жалпы психологияға кірісп

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 10:29, реферат

Краткое описание

Психология ғылым ретінде. Психология гуманитарлы ғылым ретінде. Тұрмыстық және ғылыми психологиялық білімдер. ңПсихологияң терминінің мағынасы. Психология психика және психикалық құбылыстар жөніндегі ғылым ретінде. Психология пәні. Психикалық процестер, психикалық күйлер, психикалық қасиеттерден тұратын психикалық құбылыстарды жіктеу. Психикалық процесстер: танымдық, эмоционалды, ерікті. Психикалық күй психиканың жалпы күйін сипаттау ретінде. Психикалық күйлердің негізгі сипаттамалары: ұзақтығы, бағытталғандығы, тұрақтылығы, қарқындылығы. Тұлғаның психикалық қасиеттері: бағытталғандық, темперамент, қабілеттілік, мінез.

Файлы: 1 файл

ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ.doc

— 1.18 Мб (Скачать)

Конвергенция (жақындау, үйлесу) – өте жақындағы затты көру үшiн оның бiлiгiн (осiн) екi көздiң iшкi бұлшықеттерiнiң жәрдемiмен жақындату кезiндегi екi көздiң көру жолының бiр нүктеде түйiсуi.

Көз аккомодациясы (көздiң жаттығуы) - көз бұршағы дөңестiгiнiң өзгеруi арқылы көздiң әр түрлi қашықтықтағы заттарды анық көру қабiлетi. Мыс: жақындағы затты көргенде көз бұршағының дөңестiгi артады. Аккомодация кезiнде бұршақтың алдыңғы дөңестiгi 10-нан 6 мм-ге, ал артқы дөңестiгi 6 мм 5,5 мм-ге дейiн өзгере алатыны есептелген.

Барлық сезiм мүшелерi тәрiздi көру анализаторының, ондағы көз  құрылымына кiретiн барлық ағзалар қозғалыста болады. Оның ұзақта, жақында қозғалып немесе жылжып бара жатқан нәрселердi көрiп анықтауда маңызы зор. Көз алты бағытта (2 - қиғаш, 4 – тура) бұлшықеттердiң жәрдемiмен тура сыртқа (42о), iшке (45о), жоғары (54о), төмен (57о) қозғалады.

Көздiң өткiрлiгi - көру бұрышы бiр минутқа тең болған жағдайда, көздiң екi нүктенi жеке-жеке көру қабiлетi. Көздiң ең өткiр жерi сары дақ аймағы. Көз өткiрлiгiн  арнайы сандар немесе сөздер жазылған кестенi пайдалану арқылы анықтайды.

Көру түйсiгiнде рецепторлық iс-әрекеттiң барлық негiзгi психофизиологиялық заңдылықтары – адаптация, контрасттылық, әрекеттен кейiнгi бейне, өзара әрекеттесу айқын көрiнiс табады.

Әдетте, адамға бинокулярлық көру тән. Бинокулярлық көру дегенiмiз - екi көзбен бiрдей көру, сәуленiң екi көздегi тор қабыққа бiрдей түсуiнен екi түйсiну сезiмiнiң бiрiгiп, бiр көру түйсiгi, қабылдауының тууы.

Алыстан көргiштiк - көздiң  жарық сәулесiн дұрыс сындырмауынан  туатын ауытқулардың бiр түрi. Бұл  кемiстiк салдарынан бiр заттан шыққан параллель сәулелер фокусы көз iшiнде бағытын өзгертiп, сынғаннан кейiн көз торының арт жағына түседi. Шын мәнiнде, ңалыстан көргiштiкң деген сөз өз мағынасына сәйкес келмейдi, өйткенi ондай адам затты алыстан да, жақыннан да анық көре алмайды. Алыстан көрудi рефракцияны күшейтетiн дөңестi көзiлдiрiк арқылы жүзеге асыра алады.

Сонымен қатар, көру түйсiгiн  қарастырғанда дальтонизм деп аталатын ерекше құбылыстың адамдардың iшiнде  кездесетiнiн айта кеткен жөн. Дальтонизм - түстi ажырата алмаушылық - ағылшын химигi әрi физигi Дж. Дальтон (1766-1844) тапқан көру кемiстiгiнiң бiр түрi. Ол - iштен туа және туғаннан кейiн заттың түсiн, әсiресе қызыл түстi ажырата алмау. Бұл жағдайда науқас адам қызыл түстi жасыл түстен, күлгiн және күрең түстерден ажырата алмайды. Дальтонизммен азап шеккен адам барлық затты тек екi түсте: сары мен көк түсте ғана көредi. Мұндай ауруға әйелдерге қарағанда, ер адамдар көп шалдығады. 

      5. Иiс сезу түйсiгi. Иiс сезу мен дәм сезу химиялық сезгiштiктiң түрлерi болып табылады. Осы кезге шейiн иiс сезу адамда маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе жағымсыз эмоциялық фонды тудырады. Иiс сезу дистанттық рецепторларға жатады.

Иiс сезу түйсiгi мұрынға ауамен бiрге кiретiн әр түрлi заттардың молекулаларының  әсерiнен пайда болады.

       6. Дәм сезу түйсiгi иiс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тәттi және ащы.

Дәм сезуге, әдетте, иiс сезу, ал кейде қысым, жылулық, суықтық және ауырсыну түйсiктерi қосылады.

Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiгiнiң (тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы  үлкен рөл атқарады.

Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерiтiндiсiнiң тәттi дәмiн түйсiну тұздың аз мөлшерiнiң қосындысынан күшейедi.

Дәм сезу түйсiктерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi. Дәм сезу, иiс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердiң табалдырықтарына, мысалы, ол көз бен естудiң жiткiрлiгiне, терi сезгiштiгi мен проприоцепторлар күйiне әсер етедi.

 

 

 

 

 Сезгiштiк және түйсiк табалдырықтары

Абсолюттiк сезгiштiк  және абсолютттiк табалдырық. Төменгi және жоғарғы абсолюттiк табалдырықтар. Айырма сезгiшттiк және айыру табалдырығы. 

Адамның түйсiне алуға қабiлеттiлiгiн сезгiштiк деп атайды.

Абсолюттiк сезгiштiк дегенiмiз – сезiм мүшелерiнiң өте әлсiз тiтiркендiргiштердi түйсiне алуы.

Абсолюттiк табалдырық - сенсорлық табалдырықтардың бiр түрi. Психофизикада абсолюттiк табалдырық деп негiзiнен қабылданбайтын немесе мүлдем қабылданбайтын стимулдар (егер олардың мөлшерi табалдырықтық мөлшерден едәуiр аз болған жағдайда) мен (егер стимул мөлшерi табалдырық мөлшерiнен белгiлi бiр шамадан асқанда) негiзiнен қабылданатын немесе толық қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердiң мәнiн атайды.

Әрбiр түйсiк түрлерi үшiн өз абсолюттiк табалдырықтары болады. Мысалы, қараңғыға бейiмделген көз жарықтың 7 квантына жауап бередi… Көру арқылы адам қараңғы түнде көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жалынын қабылдай алу қабiлетi. Естуде қолсағаттың жүрiсiн тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажырата алу. Дәм сезуде 8 л судағы бiр шай қасық қанттың дәмiн сезу. Иiс сезу 6 бөлмеден тұратын пәтерге бiр тамшы әтiр сепкенде оның иiсiн сезiп қалу. Сипап сезу 1 см биiктiктен шыбынның қанатынын терi үстiне құлауынан пайда болған ауа тербелiсiн сезiну.

Абсолюттiк табалдырық сенсорлық жүйенiң сезiмталдығының модалдылығы ретiнде пайдаланылады.

Алғашқы рет сәл бiлiнерлiк түйсiк туғызатын тiтiркендiргiштiң ең аз күшiн сезгiштiктiң төмеңгi абсолютттiк табалдырығы дейдi.

Тiтiркендiргiштiң осы түрдегi түйсiгiн тағы да туғызатын ең жоғарғы күшiн сезгiштiктiң жоғарғы абсолюттiк табалдырығы дейдi.

Айырма сезгiштiк деп сезiм мүшелерiнiң тiтiркендiргiштердiң арасындағы болмашы айырмашылықты түйсiне алуын айтады. Айырма табалдырығы айырма сезгiштiктi анықтау үшiн пайдаланады. Мысалы, егер алақанға 100 гр салмақ салып, оған тағы 1 гр қосса, салмақтың артқаны бiлiнбейдi. Оны айыра бiлу үшiн шамамен 3-4 гр салмақ қосу керек. Айыру табалдырығы түйсiктiң түрлерiнде әр түрлi болып келедi. Мысалы, жарықты айыратын табалдырықтың күшi 1/100-ге тең.

Осы айталғандар түйсiк табалдырықтарының организм үшiн маңызды бағдарлаушы және, ең алдымен, қорғаныс функциясын атқаратынын байқатады.

 

 

ҚАБЫЛДАУ

 

 

Қабылдау туралы жалпы ұғым

Бiздiң сезiм мүшелерiмiзге әсер ететiн сыртқы құбылыстар субъектiнiң қабылданатын әсерге ешбiр қайта жауабынсыз, белсендiлiгiнсiз түйсiктер түрiндегi субъективтiк эффектiнi тудырады. Түйсiнуге деген қабiлеттiлiк тек бiзге ғана емес, сондай-ақ жүйке жүйесi бар барлық тiрi организмдерге де тән. Ал дүниенi бейнелер түрiнде қабылдау тек адамдар мен жоғары жануарларда ғана кездеседi. Бұл қабiлеттiлiк оларда өмiрлiк тәжiрибе барысында қалыптасып, жетiлiп отырады.

Егер түйсiк сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерi мен сапаларының миымызда бейнеленуi болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуi болып табылады. Сондықтан қабылдау дегенiмiз – ақиқат дүниедегi заттар мен құбылыстардың сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етiп, тұтастай заттық түрде бейнеленуi.

Түйсiктер бiздiң өзiмiзде болатын болса, ал қабылданатын заттардың қасиеттерi мен бейнелерi кеңiстiкте шоғырланады. Түйсiктерден ерекшелейтiн қабылдаудағы бұл процесс объективация деп аталады.

Егер түйсiктер қандай да бiр анализаторға ңбайланып қалғанң сияқты болып, және шеткi органдары – рецепторларға стимул әсер еткенде олар бiрден пайда болатын болса, ал қабылдау нәтижесiнде пайда болатын бейне бiрден бiрнеше анализаторлардың өзара әрекеттесiп, үйлесiмдi жұмыс атқаруының нәтижесiнде қалыптасады. Осы анализаторлардың қайсысы едәуiр белсендi жұмыс атқарып, едәуiр мәндi қасиеттер жөнiнде ақпаратты көп берсе, соған байланысты қабылдау түрлерi де ажыратылады: көру, есту, терi және қозғалыстық қабылдаулар.

Қабылдаудың түйсiктерден едәуiр дамығандығын көрсететiн тағы бiр ерекшелiгi, егер, түйсiктердiң нәтижесiнде белгiлi бiр сезiм (ашықтық, аштылық, тепе-теңдiк, суықтық, дыбыстың жоғарылығы және т.б.) пайда болатын болса, ал қабылдаудың негiзiнде адам санасының затқа, құбылысқа, процеске жатқызатын өзара байланысты түйсiктердiң жиынтығы ретiндегi бейне қалыптасады.

Бiрақ қабылдау мiндеттi түрде түйсiктерге негiзделедi. Түйсiну мен қабылдаудың маңызды ұқсастығы – екеуiнiң де пайда болуы үшiн дүниедегi заттар мен құбылыстардың адамның сыртқы сезiм мүшелерiне  тiкелей әсер етiп отыруы керек.

Сонымен, қабылдау - түйсiкке қарағанда, едәуiр күрделi әрi жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс. Қабылдауға түйсiктермен қатар, ой элементтерi де, елестер мен ұғымдар енiп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсiнiп, қабылдаумен бiрге бiз ол заттардың қайдан пайда болғанын, олардың қасиеттерiнiң қандай екендiгiн елестетiп, түсiнiгiмiздi, ұғымымызды кеңейтiп отырамыз. Сондай-ақ, анық және жақсы қабылданған заттар ғана түсiнiктi болады.

Түйсiну мен қабылдау процестерi болмайынша, дүниедегi заттарды бiлу мүмкiн емес. Адам дүниедегi заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бiрiмен-бiрiн салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерiн ажыратып отырады. Осының нәтижесiнде ғана, адам қабылдау процесiнен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты күрделi психикалық процестерге көшiп отырады. Қабылдау басқа психикалық функциялар сияқты, дүниедегi объективтiк заттардың адамның санасында субъективтiк бейнеленуi болып табылады. Әр адам айналасындағы заттарды өзiнше қабылдайды. Адам қабылдауының мазмұны түгелiмен сыртқы дүниедегi заттардың және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Бiрақ сонымен қатар қабылдау тек сыртқы дүниедегi заттардан тәуелдi болып қоймай, адамның физиологиялық әрекеттерiмен де байланысты.

Қабылдау процесiнде адамның өткендегi тәжiрибесi ерекше маңыз алады. Бұл ерекшелiктi апперцепция деп атайды.

Сыртқы ортадан  адамға дамылсыз ақпарат келiп отырады. Жалпы, адамның қабылдауы эволюциялық  жолмен дамып, қоғамдық тәжiрибе әсерiнен  жетiлiп, күрделенiп, кеңейiп, мазмұны  жағынан байып отырды.

 

  Қабылдаудың физиологиялық негiздерi

  Қабылдаудың (бейне қалыптастырудың) физиологиялық негiзi болып, П.К. Анохин бойынша, функционалдық жүйе жұмысына бiрiгетiн көптеген психофизиологиялық жүйелердiң үйлесiмдi жұмысы. Оған шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыру схемасы да кiредi.

Қабылдау да, түйсiк тәрiздi – рефлекторлық физиологиялық процесс. И.П. Павловтың көрсетуi бойынша, қабылдаудың  негiзiнде рецепторларға қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының әсер етуi нәтижесiнде үлкен ми сыңарларының қабығында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары, яғни шартты рефлекстер жатады. Заттар мен құбылыстар комплекстiк тiтiркендiргiштер ретiнде сипатталады. Анализаторлардың қабықты бөлiмдерiнiң ядроларында осы комплекстiк тiтiркендiргiштердiң күрделi анализi мен синтезi жүредi. Анализ қабылдау объектiсiн фоннан бөлiп алуды қамтамаыз етедi. Анализдiң (немесе талдаудың) негiзiнде қабылдау объектiсiнiң барлық қасиеттерiн тұтас бейнеге келтiру жүзеге асады. Түйсiктермен салыстырғанда, қабылдау - ми қабығының күрделi аналитико-синтетикалық iс-әрекетiнiң ең жоғарғы формасы.

Қабылдаудың негiзiнде  екi түрлi жүйкелiк байланыстар жатады: бiр анализатордың шегiнде қалыптасатын байланыстар және анализатораралық байланыстар. Бiрiншiсi организмге бiр  модалдықтағы комплекстiк тiтiркендiргiштiң  әсер етуi нәтижесiнде пайда болады. Мұндай тiтiркендiргiш ретiнде белгiлi-бiр әуендi алып қарастыруға болады. Оның өзi есту анализаторына әртүрлi жеке дыбыстардың ерекше үйлесiмi ретiнде әсер етедi. Осының нәтижесiнде үлкен ми сыңарлары қабығында интеграция мен күрделi синтез процесi жүредi.

Байланыстың екiншi түрi әртүрлi анализаторлардың шегiнде пайда  болатын байланыстар. Осы ретте, И.М. Сеченов зат пен кеңiстiктi қабылдауды көру, кинестезиялық, сипап  сезу және т.б. түйсiктердiң ассоциациясымен  түсiндiрдi. Бұл ассоциацияларға, сонымен қатар, берiлген зат немесе кеңiстiктiк қатынас белгiленетiн сөздiң есту бейнесi де қосылады.

Қабылдаудың негiзiнде  жататын уақытша жүйкелiк байланыстар  сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерiнiң объективтiк байланыстары негiзiнде қалыптасады.

 

 Қабылдаудың негiзгi ерекшелiктерi

Қабылдаудың тұтастылығы деп объектiнiң кейбiр қабылданатын элементтерiнiң жиынтығын сенсорлық түрде және ойша тұтас бейне күйiне толықтыруды айтады.

Қабылдаудың объектiсi кейбiр  жеке қасиеттерден, жеке бөлiктерден тұрғанымен, бiз оларды бүтiндей, тұтастай қабылдаймыз. Қабылдаудың нәтижесiнде қалыптасатын тұтас бейне түйсiну түрiнде алынатын заттың жеке қасиеттерi мен сапалары жөнiндегi бiлiмдердi жалпылау негiзiнде құрылады.

Қабылдаудың құрылымдылығы қабылдаудың тұтастылығымен тығыз байланысты. Бiз белгiлi бiр объектiнi жеке элементтермен емес, ал тұтас құрылым ретiнде қабылдаймыз. Мысалы, музыканы қабылдағанда, бiз оны жеке ноталар бойынша емес, ал тұтас әуен ретiнде қабылдап, қайта жаңғырта аламыз.

Қабылдаудың заттылығы – қабылдаудың көрнекi бейнесiн сыртқы дүниенiң белгiлi бiр заттарына жатқызу. Бұл объективация актiнде жақсы көрiнiс табады. Осындай объективациялық қасиетiнсiз қабылдау өзiнiң бағдарлаушы және реттеушi қызметiн атқара алмайды. Қабылдаудың заттылығының дамуында адамның практикалық iс-әрекетi маңызды рөл атқарады. Бiз заттарды олардың тәжiрибеде қолданылу қызметi негiзiнде ажыратамыз. Мысалы: ересек адам кiрпiштi жарғыштан оңай ажырата алады. Бұлардың сыртқы пiшiнi бiрдей көрiнгенiмен, олардың кейбiр айрықша қасиеттерiнiң болатынын бiз өткен тәжiрибемiзден бiлуiмiздiң арқасында оларды әр түрлi екi зат ретiнде қабылдаймыз.

Қабылдаудың мағыналылығы. Бұл ерекшелiкте қабылдаудың түйсiктерден негiзгi айырмашылығы жақсы көрiнедi. Объектiлердiң мазмұнын жақсылап түсiнбейiнше, оларды белгiлi тұжырымдар мен сөз арқылы атамайынша, олар толық қабылданбайды. Егер объектiнiң аты сөзбен берiлсе, ол қандай нәрсе болса да, оңай және тез қабылданады.

Информация о работе Жалпы психологияға кірісп