Баланың психикалық дамуында ойынның алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 17:04, курсовая работа

Краткое описание

Мектепке дейінгі шақта ойын іс –әрекеттің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.

Оглавление

І. Кіріспе: ________________________________________ 3
Ойын іс –әрекетінің жалпы сипаттамасы.
ІІ. Негізгі бөлім:
Ойын жағдайындағы балалардың шынайы қарым – қатынастары __ 5
2.1. 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуында танымдық ойындардың алатын орны____________________________________
2.2. Ойын арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары ____________________________________________________
2.3. Балаларды ойын арқылы адамдармен қарым – қатынасқа және өзара әрекеттестікке үйрету __________________________________
2.4. Ойын үстіндегі қарым –қатынас – әлеуметтік қарым –қатынас негізі _________________________________________________________
2.5. Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін, қызығушылықтарын арттыту ________________
III. Іс –тәжірибелік бөлім__________________________________
Жағдаятты рольдік ойындар әлеуметтік психологияның әдіс-тәсілі ретінде
3.1 Ойын арқылы психологиялық тәрбие берудің маңызы мен мәні _____
3.2 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын рольдік ойындар_______________
3.3 Сөйлеу практикасына арналған рольдік ойындар__________________
Қорытынды:___________________________________________________
Қосымша бет _________________________________________________
Қолданылған әдебиеттер тізімі: _________________________________

Файлы: 1 файл

дипломдык жумыс 2013.docx

— 106.48 Кб (Скачать)

      1. Мазмұнды – бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құс фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, теңізшілер;

      2. Қимыл-қозғалыс ойындары: қу түлкі, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр мен қошақан, ботақан, соқыр теке, жырадағы қасқыр, жерден биік, су, ауа, ер.

     3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр  құстң мекенін тап, түсті тап, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары-төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;

     4. Құрылғы ойындар: лего және басқа конструторларды пайдалану;

     5. Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол;

     6. Драмалық ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рольдерге бөле отырып орындау.

     7. ұлттық ойындар:  орамал тастамақ, сақина салу, асық  ойыны, бәйге, арқан тарту, алшы.

 

      Мектепалды даярлық топ балаларының  «жеке тұлға» ретінде қалыптасуы, адамгершілік сезімі мен талғамының жетілуі, тәрбиелеу мен білім беру ісінің нәтижелі болуы мектепке дейінгі мекемелерде жүйелі, жоспарлы, бірізді жүгізілетін жұмысқа байланысты. Ойын арқылы мектепалды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие еру үшін, ойын үлгілерін іріктеп, бала санасына сіңіріп, тиімді пайдалану әрбір тәрбиешінің біліміне, ұстаздық  шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Балабақшада балалар еңбегін  ұйымдастыру барысында кешенді  ұйымдастырылған ойын түрлері балалардың еңбекке деген қызығушылығы мен  талғамын, танымдық процестерін, тілін  және адамгершілік қаситтерін дамытады. Ойын балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдістерінің бірі болып саналып, балалар өмірде үлкен орын алады. Баланың адамгершілік сапасын, талғамын, қызығушылығын қалыптастыру, мінез-әрекетін тәриелеу, жеке басын жан-жақты дамыту бағытында меңгерілетін білім, дағдылар ойын арқылы іске асырылады.

      Сонымен, 6-7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы адамгершілік тәрбие беруде бұрынғы көзқараста қалып қоймай, ойын түрлерін зор қызығушылықпен, сезіммен меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретн жұмыс мазмұнын, әдістері  мен түрлерін іздестірудің терең мәні бар. Егер мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрлерін дұрыс меңгертетін болсақ, онда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз сөзсіз.

 

 

 

 

3.2 Өзара сөйлесуге жаттықтыратын рольдік ойындар

 

            1. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Әркім ойша белгілі адамның өмірін таңдайды: әнші, актер... Мақсаты: өзін таныстыру, бірін бірі таныстыру. Мысалы. Менің атым Джон Хенри, мен ағылшынмын, Лондонда тұрамын. ...Қатар тұрған тіл үйренуші оны келесі адамға таныстырады. Бұл Джон Хенри, оның ұлты ағылшын... Басқалар түрлі сұрақтар қояды: «Мамандығыңыз кім?»... танысу этикеттерін қолданады. «Өте жақсы», «Танысқаныма қуаныштымын».

           2. Әрбір қатысушы: «Үй, пәтер» тақырыбы бойынша бір затты таңдайды. Не үшін таңдағанын білмейді. Мақсаты: өзін осы зат түрінде елестете отырып, соның атынан сөйлеу. Мысалы: мен телевизормын. Мен үлкенмін. Менің атым SONY. Мен мультфильмді, спорт бағдарламаларын жақсы көремін. Бұл ойында «үй, пәтер» тақырыбы бойынша лексика мен грамматикалық құрылымдар жаттықтырылады.

          3. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Мұғалім доп лақтырады. Допты қағып алған адам сөйлейді. Мақсат: кімді қалай атайтынын әңгімелеу. Мысалы: менің атым Клара. Мамам мені Катя дейді. Ағам, інім...., достарым..., атам..., әжем... ал басқа ойынға қатысушылар «Ал досың сені қалай деп атайды?» деген сияқты сұрақтар беріп отырады.

           4. Барлық қатысушылар айнала тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. Ол былай деуі мүмкін: «Кеше мен көшеде біреуді кездестірдім». Қатысушылар кім екенін анықтауға тырысады: «Сіз менің мамамды кездестірдіңіз», ... Мақсат: болжам, белгілерді айтып, қатысушыларды қызықтыру. 3-4 фразадан кейін жұмбақтың шешімін айтып, жаңа адамды жұмбақтауға кірісу. Мақсаты: өткен шақтың жасалу жолдарын бекіту. Ойынның әр түрлі варианттары болуы мүмкін. Мысалы: Мен кеше бір тамақ жедім... Кеше мен бір кино көрдім.

            5. Еденге бормен үлкен цифр салу керек. Барлық қатысушылар циферблатты айнала тұрады. Мақсаты: белгілі бір сағатта немен айналысатынын айту: егер «А» ойыншы сағат 3-те тұрса, ол сол уақытта не істейтінін айтады. Осындай ретпен әр қатысушы өз жұмыс күнін айтып шығады. «Уақыт», «Жұмыс күні» тақырыптары жаттықтырылады.

            6. Мұғалім қағазға 1 сұрақтан жазады. Қатысушылар жеребе түрінде бір-бір сұрақтан алады. Сұрақтар ерекше мазмұнды болуы қажет. Мысалы: Сіз асханада кітап оқисыз ба? Сіз дәріханада дәрі ішесіз бе? Сұраулы сөйлем түрлері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі жаттықтырылады.

            7. Әрбір қатысушыда кішкене қол айна болуы қажет. Мақсаты: айнаға қарап, кімді көріп отырғанын айту. Мысалы: Бұл – қыз. Оның шашы қара, мұрны ұзын... «Мінез және портрет» тақырыбы жаттықтырылады.

             8. Мұғалім үлкендеу қалтаға әр түрлі пішінді заттар салады. Қатысушылар қалтаға қолын салып, затты таңдайды. Қолын қалтадан алмай, оны сипаттайды. Мақсаты: сипаттаудың көмегімен қатысушылар затты анықтауы қажет. Мысалы: бұл үлкен, дөңгелек, резинадан немесе ағаштан жасалған. 3-4 қатысушы шешімді айтқан соң, заттар қалтадан шығарылады. Сын есім, затты сипаттау жаттықтырылады.

             9. Топ мүшелері қағазға нені жақсы көретінін жазады. Мақсаты: кабинетте бір-біріне сұрақ қоя отырып, өзіне жақын адамды табуы керек. Мысалы: «Мен ағылшын тілінде еркін сөйлеуді жақсы көремін» деп жазады. Осыны сұрақ түрінде береді: «Сіз ағылшын тілінде еркін сөйлеуді жақсы көресіз бе?» Сұраулы сөйлем түрлері жаттықтырылады.

            10. Үстел үстінде әр түрлі заттардың әдемі суреттері жатыр (киім, машина, үй...). Әрбір қатысушы бір суретті таңдап, ауызша армандайды. ...сатып аламын... барамын... Мақсаты: арманнан бас тартқызу. Келер шақтың жасалуы жаттықтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  3.3 Сөйлеу практикасына арналған рольдік  ойындар

 

Жоғалған заттар бюросы:

         Бюро қызметшісі мен ойынға қатысушылар әр түрлі заттардың суреттері бар карточкалар алады. Бұл – олардың жоғалтқан заттары. Ал бюро қызметкеріне әр түрлі заттардың суреттері жапсырылған плакат ұсынылады. Дайындықтан кейін қатысушы бюроның терезесіне келіп, қызметкермен сөйлеседі. Мақсаты: өз затын толық сипаттау, белгілерін атау, қызметкердің сұрақтарына жауап беру. Қызметкер заттың түсін, көлемін (үлкен, кіші), неден жасалғанын сұрайды. Сипатталған затты өзінде бар заттармен салыстырады. Егер ол сәйкес келсе, іздеушіге береді. Бюрода болатын заттардың бірнешеу болғаны дұрыс. Мысалы: 3 қолшатыр, 3 қолғап, 2 сумка. Қызметкер рөлін мұғалімнің өзі ойнай алады.

 

Базарда:

       Топ екіге бөлінеді. Сатушылар мен сатып алушылар. Әрбір қатысушыға бір карточкадан беріледі.

Сатушылардың карточкалары:

              1. Сізде 50 кг-нан 10 қап картоп, 20 кг-нан 5 жәшік банан және 20 кг-нан 4 жәшік апельсин бар. 1 қап картоп – 1500 теңге, 1 жәшік банан – 4000 теңге, 1 жәшік апельсин – 2000 теңге тұрады.

              2. Сізде 50 кг картоп, 10 кг банан бар. 1 кг картоп 80 теңге, 1 кг банан 200 теңге тұрады. 

              3. Сізде 10 кг картоп және 20 кг апельсин бар. 1 кг картоп 70 теңге, 1 кг апельсин -  150 теңге тұрады. 

              4. Сізде 10 кг пияз және 20 кг құлпынай бар. 1 кг пияз – 80 теңге, 1 кгш құлпынай 250 теңге тұрады.

             5. сізде 5кг сәбіз,  5 кг құлпынай және 3 кг пияз бар. 1 кг сәбіз 85 теңге, ал 1 кг құлпынай 200 теңге, 1 кг пияз 90 теңге тұрады.

 

Сатып алушыларға арналған карточкалар:

    1. Сіздің кафеңізге картоп, сәбіз және құлпынайды сатып алғыңыз   

келді. 2000 теңгеңіз бар.

    1. Сізге бүгін қонақ келеді. Дастарханға апельсин және банан сатып алыңыз. Сіздің 500 теңгеңіз бар.

               3. Сізге банан мен пияз керек. Сіздің 400 теңгеңіз бар.

               4. Сіздің қысқа арнап пияз бен картоп сатып алуыңыз керек. Сіздің

                  2500 теңгеңіз бар.

               5. Сіздің картоп пен сәбіз алуыңыз қажет. Сізде 700 теңге бар.

 

Мақсаты: сатып алушылар арзан бағаға сатып алуға тырысады. Ал сатушылар қымбатқа сатуға тырысады. Екі топ та есеп жүргізеді. Әр топтан жеңімпаз анықталады. Жақсы сатып алушы көп және арзанға сатып алуы қажет. Жеңімпазға силық беріледі. Ол тәтті сәбіз не картоп болуы мүмкін. Ойынды әр түрлі мазмұнда өткізуге болады: киім, сүт өнімдері, ет шұжық өнімдері т.б. Затты көрсетілген бағадан төмен сатуға болмайды. Бірақ бағаны көтеруге болады. Ойын уақытында қатысушылар еркін жүріп тұрады.

 

Баспасөз конференциясы:

            Барлық қатысушылар – ағылшын тілді баспасөздің тілшілері. Олар тек ағылшын тілінде сөйлейді. Қазақстаннан келген қонақ қана қазақ тілінде сөйлейді. Ағылшын  тілін жақсы меңгерген, еркін сөйлейтін оқушы аудармашы қызметін атқарады. Ол екі тілде сөйлейді. Ол тілшілердің әңгімесін ағылшын тілінен қазақ тіліне, қонақтың әңгімесін қазақ тілінен ағылшын тіліне аударады. Мақсат: өз газеті үшін қажетті ақпарат алу, қызықты сұрақтар беру. Ойын алдында мұғалім аудару кезінде сөздің негізгі мағынасын жеткізу қажеттігін айтады. Мысалы: Мына ән сізге ұнайды ма? Деген сұраққа «Керемет ұнайды» деген жауап берілсе, аудару кезінде оны «иә» деген бір сөзбен берген дұрыс. Қонақтың сөзі (оның орнында мұғалім болуы да мүмкін) қатысушылардың деңгейіне қарай өте күрделі немесе күрделі әрі түсініксіздеу болғаны дұрыс.

      Ойын мақсаты түсіндірілгеннен кейін, қатысушыларға дайындық үшін уақыт бергені дұрыс. Сұрақ бермес бұрын, әрбір «тілші» өзін таныстырады. Аты-жөнін, газетінің атын айтады. Оны мұғалім алдын-ала ойластырып, карточкаға жазып беріп қойғаны тиімді. Қонақтың ролін өзгертуге болады. Мұғалім алдын-ала қонақтың жасын, отбасын, жағдайын, ұлтын, мамандығын карточкаға жазып бергені дұрысырақ.

 

Аукцион:

     Бұл сабаққа әр бір қатысушы ескі, қажет емес заттарын (түйме, қауашақ, қорап, ручка немесе қаламдарын т.б.) әкеле алады. Әкелінетін заттар бірдей болып қалмас үшін ерекше заттар әкелуді тапсырған дұрыс. Ол заттардың не үшін қажет екенін айтпау керек. Мұғалім аукционда сауданың қалай жүретінін көрсетеді. Ол өз затын ұсынып, оған толық сипаттама береді.: салмағы, өлшемі, формасы, түсі. Сосын бастапқы бағасын айтады. Мысалы: Бұл ағылшын королінің шапанының түймесі, алтынмен апталып, бағалы тастармен көмкерілген. Сарғыш жылтыр түсті. Бастапқы бағасы 5000 доллор. Осымен сауда басталады. Мұғалім ойынды бастап бергеннен кейін, оның орнын кезекпен оқушылар алады. Қалған оқушылар сатып алушылардың ролін атқарады. Мақсат: затты неғұрлым жан-жақты сипаттап, сатып алушыларды қызықтыру. Әрбір қатысушыға ақшаның сомасы жазылған карточкалар үлестіріліп беріледі. Олар сол сомадан артық бағаны айта алмайды. Оқушыларға өз заты туралы аңыз-әңгіме құруға мүмкіндік беру қажет. Ойынды басқаша ұйымдастырушыларға суреттер беріп, үйден сипаттама жаздыртып дайындауға болады. Ескі кітаптар, белгілі бір суреттер, антиквариаттарды сатқызып аукцион ұйымдастыруға болады. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір – қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг тұрғызуға болады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

    1. Немов Р.С Психология. Книга 2.//0 середине детства (5-7 лет) Москва 2003 (559-563 беттер)

 

    1. Э. Біләліва. // Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы дамыту//. Психологияны мектепте және ЖОО –да оқыту    № 1 -2007ж. (11 -13беттер)

 

          3. Лисина М.И. Общение , личность и психика ребенка –М; 1981ж

 

    1. Г. Сабиева.// Ойын әрекеттері арқылы оқушылардың оқуға қызығушылықтарын арттыру//. Педагогикалық кеңес.  № 4 -2006. (10-13 беттер)

 

    1. Ж.Қайырова. // Тиімді қарым –қатынас орнату бейне жаттығуы //.  Мектеп психологиясы// №4 -2006ж.(36-40 беттер )

 

    1. Ә.Дауылбаева.// Танымдық ойындар.// Классный руковадитель. №3-2005ж. (14-17 беттер)

 

    1. А.Тұрсынова. // ойын ойнап, ән салмай// Біздің балабақша.               № 2 -2007ж  (25-26 беттер).

 

    1. Б. Тұрысбекова // Адамдар арасындағы қарым –қатынаста жетістікке жету жолдары //. Психологияны мектепте және ЖОО –да оқыту. № 3 – 2007ж. (8-11 беттер)
    2. С.Фейзулдаева // Балаларды жан жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы.//Бастауыш мектеп. № 8,9 -2007ж, (24-26 беттер)

 

    1.   Ж .Б.  Қоянбаев // Педагогика// 2004 жыл

 

    1. Мектеп   //   №10, 2005.

 

    1.   Бастауыш   мектеп   //   №6, 2004.

 

    1.   Т.В. Аренова Рольдік ойындар – Алматы: Архисема //, 2007, 3 – 23

 

    1.   Аглакова Э. Отбасы және балабақша, №1, 2008.

 

    1.  Төлеуова, М. Интелектуалдық ойын сабақ: Мұғалім тәжірибесінен// Бастауыш мектепте оқыту-Обучение в начальной школе.- 2007.      № 4.-11-12б.
    2. Тұрғанбаева Қ. Ғажайып математика алаңы: // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар.- 2006.- № 3.- 40-41 б.

 

    1.  Петров А.В. // «Ойын әрекеті  арқылы белсенділікке  баулу»       2001 ж (32-34 беттер) 

 

    1.  Н. Құлжанова // «Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту» 

 

    1.   М.Жұмабаев // «Ойын техтонологиясының ерекшеліктері» 2002 ж

Информация о работе Баланың психикалық дамуында ойынның алатын орны