Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 13:14, курсовая работа

Краткое описание

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекс, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 162 Өкімімен, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 495 бұйрығымен бекітілген. Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

Оглавление

Кіріспе 4
1 Гигиенаның негізгі бағыттары. 7
1.1 Гигиена ғылымының қолданатын әдістері. 7
1.2 Денсаулықтың гигиеналық негіздері. 9
2 Мектеп гигиенасы................................................................................................11
2.1 Мектеп кешені мен жеріне қойылатын гигиеналық талаптар................... 11
3 Оқушылар гигиенасы 21
3.1 Оқушылардың сақтану гигиенасы. 21
3.2 Оқушылардың гигиеналақ шынығуының негіздері 22
3.3 Оқушылардың жеке бас гигиенасы 25
4 Адамның негізгі дене мүшелерінің гигиеналық күтімі 23
4.1 Тәуліктік 26
4.2 Дене тазалығы 27
4.3 Есту және көз гигиенасы 28
4.4 Шаш және тырнақ күтімі 29
4.5 Аяқ және қол күтімі 30
4.6 Тіс, ауыз гигиенасы 31
4.7 Киім-кешек және аяқ киім гигиенасы 32
Қорытынды 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 35

Файлы: 1 файл

Курсовая Педагогика.doc

— 315.50 Кб (Скачать)

1.  Таңертең қай сағатта ұйқыдан ояну керек, үнемі бір мезгілде ояну керек. Бір мезгілде ұйықтау керек.

2. Таңертеңгі физкультура,  гимнастика, шынықтыру үрдістері қай сағатта жасалынуы керек.

3.  Тамақ ішу белгілі бір уақытта ішілу керек. Тамақты кез келген уақытта ішу ешқандай нәтиже бермейді. Денсаулықты нығайтпайды. Күніне белгілі уақытта 4-5 рет тамақ ішуге болады.

4. Белгілі бір уақытта  ғана сабаққа дайындалу керек.

5. Аптасына 1,5-2 сағат бойы спортпен айналысу керек, белгілі 5 түрлі спорт түрімен шүғылдану керек. Бұл жаттығуларды да белгілі бір уақытта атқаруы тиіс.

6.  Сабақ оқығанда  үздіксіз отырып алып оқымай 3-5 минут дем алыс жасап отыру  керек. Гимнастика жасаған дұрыс. Оны дағдыға айналдыру керек.

7.  Күніне 1,5-2 сағат  жаяу жүру керек. Таза ауада жүрген кезде ауық-ауық физикалық жаттығулар жасап қою керек.

8.  Ұйықтау мезгілі 8 сағат болуы керек. Ұйқы дем алудың ең бір маңызды түрі екенін естен шығармау қажет. [12]

 

4.2 Дене тазалығы

 

 

Дене тазалығы дегеніміз  — алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық-биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі.

Жұмыс жасап, күнделікті тұрмыста шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитттуындатады, Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы-дерматит дерті дамиды. Басқадай ірінді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын мккробтар көбейеді. Ішек-қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гелатит вирустары жиналады. Жұқпалы дерттердін таралуында қол кірінің қаншалықты роль атқаратыны көптеген адамдарға белгілі.

Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Бет пен мойынды таңертең төсекке ұйықтар алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже береді. [25]

Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп талатын сабынды, лонолині бар сабындарды пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында, күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5 % формалин ерітіндісімен сіңгек мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты жене дененің басқа бір тәлікгері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, жапон офуросы, синтезы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта-жігері арта түседі. Денені сауықтырады. Әсіресе Сібірде тұратын орыс халқының моншасы. Олар ыстық моншаға түсуі, буланып қайың, емен жапырақтарынан жасалған сыпыртқыштармен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунап, кейіннен моншаға қайтадан түседі, дене жақсы шынығады, денсаулық артады. [33]

 

4.3 Есту және көз гигиенасы

 

 

Есту талдағышының қызметіне  қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек. Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қантамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады, ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің кызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс нервтерінің кабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті шұғыл төмендейді (90 децибелдік шу — көлік ағылып жатқан көшенің шуына барабар).

Мектепке дейінгі балалар  мекемелеріндегі айқай-шудың мөлшері - 40-100 децибел, ал мектеп бөлмелеріндегі айқай-шу одан артығырақ болады. Ер балалардың шеберханасындағы шудың шамасы 60-110 децибел, сынып бөлмесінде - 40-90 децибел. 40 децибел шамасындағы шу балаларға зақым келтірмейді. 50 дсцибелден асқанда балалардың еңбек кабілеті төмендейді. Әсіресе 60 децибелдегі шу оқушылардың зейінін төмендетіп, еңбек кабілетін нашарлатады. Осыған байланысты баланың еңбек шеберханасында шулы жұмыспен көп шұғылданбағаны жөн. [9]

Адам көру мүшесі арқылы сыртқы ортаны танып, зерттеп отырады. Сыртқы ортадан кабылдайтын ақпараттың 80-90% көру мүшесі арқылы болады. Көзді әр түрлі механикалық заттардың әсерінен сақтау қажет. Кітапты жарық жақсы түсетін бөлмеде, оқу керек. Оқыған кезде кітап көзден 30-35 см қашықгықта болып, жарық сол жақтан түсу керек. Көзге тым жарқыраған жарық, жүріп келе жатқан транспорттың ішінде отырып оқу, жатып оқу, үңіліп оқу, темекі тарту, алкоголь әрекеттері, кір қолмен, сүлгімен қол орамалмен үстау, желмен ауаға көтерілген шаң-тозаң зиянды әсерін тигізеді, ауру туғызады. Үй тұрмысында, мектепте, далада қимыл кезінде көзге зақым келуі мүмкін. Күнделікті тұрмыста қолданылатын электр күралдары мен газбен әртүрлі сұйықтық, катты денелер, әйнектермен жұмыс істеген кезде барынша мүқият болу керек. Егер жарақат пайда болса, оған микроб түсіп, көздің жүмысын нашарлатады, сондықтан көзге қауіпті жұмыстарды істегенде жай шыны салынған көзілдірік кию қажет. Егер көзге қоқым түссе, онда оны дымқыл қолорамалмен немесе мақтамен сүртіп алған дүрыс. Ал көз қатты жарақаттанған болса, онда көзді таза таңғышпен байлап, зардап шегушіні тез арада ауруханаға жеткізген жөн. Дәрігердің көмегінсіз көз дәрілерін өз бетімен қолдануға болмайды. [3]

4.4 Шаш және тырнақ күтімі

 

 

Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді  қажет етеді. Шаш қорғаныс ролін атқарады.

Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойған да дұрыс. Ол шашты қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуъш отырудың қажетіжоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты   6-10 күн өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жуу үшін белгілі бір шампуньды пайдалану керек, су жылы болғаны дүрыс. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. ІІІаш бір түрлі түске өзгереді. Жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампуньмен жуған дұрыс. Ұзын шашты өте ұқыпты жуу керек. Шашты таратып отыру керек. Майлы шашты сабынды спиртпен жуу керек. Әсіресе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын шашты дезинфекциялайды. Шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият түрде жуу керек. Шампуньннің микробтарын түгелімен кетіру үшін, шаш жарқырап тұру үшін шашқа 1 литр суға асханалық қасықпен 2 қасық 8 %-ті сірке қышқылын қосып, шашты шаю керек.

Содан кейін тарақпен тарау керек. Тарақтың жүзі өткір болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты таза ұстау керек. Ыстық сумен сабындап үнемі жуып отыру керек. Әрбір адамньщ өзінің тарағы болуы тиіс. [5]

Аяқ жөне қол саусақтарын  өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір: кездерде газет-журналдарда жасанды тырнақ өсіреміз деген хабарландыру жүреді. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақ алу гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптаға тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланды. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті, микроскопиялык саңырауқұлақтар (көкзендер) өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді. [29]

 

4.5 Аяқ және қол күтімі

 

 

Адамның аяғы — оның астындағы көлігі. Аяқ жүруге ыңғайланған адам аяғымен алыс қашықтыққа жүруі мүмкін. Мен 1942 жылы 400-500 километр қашықтық жерді жалаң аяқ жүріп өткенмін. Аяғымдағы бәтіңкем тозып қалады деп оны шешіп алып мойныма іліп алдым. Бұл Ұлы Отан соғысының жүріп жатқан кез еді. Менің жаяу жүрген 400-500 шақырым жер иен дала болатын, ұшқан құс, жүгірген аң кездескен емес. Түнде мен маяланған шөптің немесе бидайдың маялап қойған сабанына кіріп кетіп, сонда ұйықтайтынмын. Таң атысымен жүгіріп отыратынмын. 7 күн, 7 түн ішінде мен ыстық тамақ ішпедім. Тек біреудің пісіріп берген аз ғана наны болған сонымен қорек еттім. Шай ішпедім. Ол аймақта халық өте сирек тұратын. Ауылға баруға, маған болмайтын еді. Сондай алыс қашықты аяғыммен жүріп шықтым. Менің аяғым Берлиннің көшесін таптады. Вухаресті көрді. Софик қаласын аралады. Болгарияның раушан гүлін өсіретін алаңдарда болдым. Алтын Праганы басты. Ұзақ уақыт суық сазды Санкт-Петербургте өтті. Аязды Москвада жүрді. Орал тауларын аралады. Қостанай даласын шарлады. Мен үнемі аяғымды ерекше күтімге алып жүремін. Тізеге массаж жасап, уқалап қойған дұрыс. Массажды күнделікті жасап отыру керек. Ұйықтар алдында аяқты сабындап жылы сумен жуып, орамалмен құрғатып сүрту керек. Ерінбеген қажет. Табанды ағаштан жасалған массажермен ұрғылау керек. Жазда үнемі жалаңаяқ жүрген дұрыс. Аяққа таза мақтадан носкилер киген жөн, шұлықтың резинкалары аяқты қыспау керек. Қан айналасына тосқауыл жасайтындай болған жөн.

Адам өмірінде адамның  қолы ерекше роль атқарады. Өмірімізде қолданатын барлық заттар адам қолымен жасалған. Тіпті, адам атом бомбалары,    механизмдер, автокөліктерді, ұшақтар,  компьютерлер адам қолымен жасаған. [10]

Бұрын адам төрт аяқтап жүрген, кейін ағаштарға өрмелеп, ағаш басындағы жемістерді алып жеймін деп адамның қолы жетілген, қолымен бірге тіл шықты. Ақыл-ой дамыды. Адамзат баласы басқа жануарлар дүниесінен бөлініп ете жоғары деңгейге көтеріле түсті.

Адамның қолы әрқашанда  ашық, сондықтан да қол күтіміне ерекше көңіл бөлінгені дүрыс. Қолдың терісі үнемі жуа бергендіктен жарылады. Жұмыстан кейін жылы сумен сабындап щетканы пайдаланып жуып отыру керек. Жақсылап сүртіп кептіріп, кожаға арналған крем немесе гель жағу керек . Өте кір жұмыстар істеу үшін (үй ішін тазалау, үйдің жанындағы бау-бақшаларда жүмыс істеу үшні қолғап киіледі немесе қолды қорғайтын крем жағып алады. Күнде қолды кешке ұйықтардың алдында арнаулы қоректік кремді жаққан дұрыс. Әсімдік майларын қолға жағып отырған жөн. Майлағаннан кейін мақтадан тоқылған жүқа қолғап киіп алған дұрыс. Өте қатты терлейтін кол болса, онда дәрігерге көрінуге болады. Әлсіз сірке қышқылымен қолды жуып, аздаған ұнтақ сеуіп қойған жөн. Қол қызыл болса, қан айналымы дүрыс болмағаны, адамның қолының ауыратынының белгісі. Оны арнаулы түрде емдеген дұрыс. Ол үшін шөптен жасалған қайнатпа мен жуу керек, немесе булау керек. Қолға массаж жасап отыру керек. [17]

       

4.6 Тіс, ауыз гигиенасы

 

 

Адамның тісі — оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі толық түсіп қалған адамдардың түрі қандай жаман десеңізші. Тісі түсіп қалу тісті ауыз қуысының гигиенасын сактамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады.

1. Белгілі бір дағды  бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасы өте қолайлы болуы керек. синтетикалық материалдардан жасалған болуы тиіс. 3-4 айда жаңа (щеткалар сатып алып, ескілерін тастау керек.

2. Қызыл иекті де  қолмен ысқьшап массажды үнемі  жасап отырған

дүрыс, Ерінбеу керек.

3. Тісті төменнен жоғары  немесе керісікше тіс тазалаган  жөн. Тіс -азалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек.

4. Тіс тәулігіне екі  рет тазартылуы керек. (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып түруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді.

5.  Тіс щеткаларын  сабындап таза сумен мұқият түрде жуу керек. Спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды.

     Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологаялық-физиологиялық белсенді заттар енгізеді, (тұздар-фермениттер-биологиялық катализаторлар,  микроэлементтер — Мп, Си, Ғе, Со, Ті және фтор, кальций-хлорофторіл-жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндірледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем-домдық көптеген тіс пасталары шығарылады. Қазіргі кезде олардың сапасы өте жоғары. Өйткені бәсекелестік күшті жетілген кез. Сапасыз зат шығарсаңыз өзіңіз далада қаласыз. Сіздің шығарған затыңызды ешкім де алмай қояды.

Информация о работе Оқушыларға гигиеналық тәрбие беру