Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда дидактикалық ойындардың алатын орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 07:56, реферат

Краткое описание

Бүгінгі таңда дидактикалық ойынның алатын орыны ерекше.Қазіргі оқыту тек білім берумен шетелмей,оқушының әр жақты дамытуға,алдымен ақыл ойды дамытуға бағытталған.
Педагогикада дидактикалық ойындарға анықтама беретін болсақ: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.

Файлы: 1 файл

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда дидактикалық ойындардың алатын орны.docx

— 23.66 Кб (Скачать)

Бастауыш  сынып оқушыларын оқытуда  дидактикалық  ойындардың  алатын орны


                             

    Бүгінгі таңда дидактикалық ойынның алатын орыны ерекше.Қазіргі оқыту тек білім берумен шетелмей,оқушының әр жақты дамытуға,алдымен ақыл ойды дамытуға бағытталған.

      Педагогикада дидактикалық ойындарға анықтама беретін болсақ: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.

Бала ерте жастан бастап қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен және әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиеттері  туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады. В.А.Сухомлинский «Оқытудың табыстылығы мектептегі мұғалімдердің рухани өміріне, ой-өрістерінің кеңдігінде, мәдениеттілігіне байланысты ». Шынында оқушылардың білімділігі тікелей мұғалімге байланысты.

        Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту болып табылады.

     Дидактикалық ойындар балалардың  ақыл – ойын дамытады . Оқушылар ойынның ережесін орындау барысында ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша  болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял – ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де,жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты ажырата бастайды. Ал ең бастысы, оқушыларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру  артқылы мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді. Сондықтан дидактикалық ойын – бастауыш сынып оқушыларын оқытудың ақыл – ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

       Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.

     Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік – танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.

       Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан – ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып – үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.

Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әртүрлі жаңа технологиялар және ақпараттар легі толассыз жаңа нәтижеге ұмтылған инновациялық орта болып табылады.

        Оқыту  процесінде П.А.Гальпериннің ақыл  ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру  теориясы,М.Н.Скаткиннің,И.П.Лернердің  мәселелік оқыту әдісі баланы  дамытуға бағытталған.

 

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда, оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы, оқушыларды іс - әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.

Дидактикалық ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық таңдау) ең алдымен оқушылардың ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік іскерліктерді

( оқу, жазу ), қарым – қатынас  іскерлігін қалыптастыру деңгейін  нақты есепке алу негізінде  анықталады 6 – 7 жасар балаларға  тән көрнекті - әрекеттік және  көрнекті – бейнелік ойлаудың  даму ерекшеліктеріне сүйене  отырып, біз топтық немесе дара  ойындарды пайдалану тиімді деп  есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім  әрбір оқушы арқылы ойынның  мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз  ете алады. Ол үшін ойынға қатынасушыларды  қажетті құрал – жабдықтармен  қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар  жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, тағы басқа сондай болуы  мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына, оның түріне байланысты болу  керек.

Ойынның құралдарына қойылатын талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар т.с.с ) оқушыларға жақсы таныс болуы керек.

Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу, біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден мұғалімнің шеберлігін, үшіншіден оқушылардың психологиялық көңіл – күйінің болуын талап етеді.

Дидактикалық ойындардың оқушыларға пайдасы ойлау қабілетін дамытып, шыдамдылығын, белсенділігін  арттырып,шығармашылық касиетін қалыптастыруға көмек береді.

Бастауыш сыныпта ойындардың өзі кимыл қозғалысты және дидактикалық ойындар деп бөлінеді.Оқушылыра ойындардығ ішінде қимыл қозғалыс ойындарын ұнатады.Ал,дидактикалық ойындар сабақ барысында ойнатвлады.Дидактикалық ойынның өзі бірнеше түрге бөлінеді;

А)Сөздік дидактикалық ойындар

Ә)Рөлді сюжетті ойындар

Б)Драмалық ойындар

В)Шығармашылық ойындар

Г)Әдеби музыкалық ойындар

Әр ойынның өз ерекшеліктерімен дараланады. Дидактикалық ойындардың тиімділігі, олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын – ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында оқушылар түрлі іс - әрекеттерді орындайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс - әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс - әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс - әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың орындаушылықпен (қайта берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта жаңғыртумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс - әрекеттер орындалады. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы сияқты іс - әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек.

Дидактикалық ойынның сабақ барысындағы басты мақсаты - білім беруді ойынмен  ұштастыру. Оқушының ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да  әрекеттерін айқындайды. К.Д.Ушинский «Ойынды үйретуден бөлудің маңыздылығын көрсеткен ». Ойын бір қарағанда жәй әрекет сияқты болғанымен, ол  ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы:

- қисынды ой-қабілетін  дамытады;

- өздігінен жұмыс істеуге  үйренеді;

- есте сақтау қабілеті  дамиды;

- зейіні қалыптасады;

- байқампаздығы артады;

- ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке үйренеді;

- бір-біріне деген сенімдері  артады, достыққа, ынтымақтастыққа  баулиды;

- ең бастысы сабаққа  қызығушылығы артады.

         Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:

1. Тәрбиеші ұлттық дидактикалық  ойындардың неғұрлым көп түрін  білуі тиіс.

2. Дидактикалық ойындарды  балалардың жас ерекшеліктеріне  және қызығушылығына байланысты  іріктей білу.

3. Ойын ережесін өзі  жете біліп, балаларға да түсінікті  етіп жеткізе білу.

4. Барлық ойындардың тәрбиелік  мақсатын анықтап алу.

5. Ойын барысында ережені  сақтауды қатаң түрде қадағалау.

6. Ойынға арналған құрал-саймандарды  даярлау. Қажет болған жағдайда  өз қолымен даярлау немесе  басқа құралдармен алмастыру.

   Дидактикалық ойындардың  нәтижесін А.П.Усова былай түсіндіреді; Дидактикалық ойындар,ойын түріндегі  тапсырмалар, балалардың білімге  деген құштарлығын,қызығушылығын  арттыра туседі, деп айтқан болатын.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

 

1.Р.Қ.Аралбаева Мектепеке дейінгі педагогика Алматы.

2.Ш.Х.Құрманалина.Б.Ж.Мұқанова,Ә.У.Ғалымова,Р.К.Ильсова.

Педогогика  Фолиант баспасы

3.

4.

 


Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда дидактикалық ойындардың алатын орны