Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 13:10, реферат

Краткое описание

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-кешегі сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп, оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал.

Оглавление

Қолөнер туралы түсінік

Киімді әшекейлеу.

Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.

Ұлттық киімнің негізгі сәндеушісі – ою-өрнек.

Ұлттық киімдер туралы түсінік

Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы мәлімет
Әйелдер киімі
Ерлер киімі

Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Дана курсовой.doc

— 218.00 Кб (Скачать)

      Адам  киімімен өзінің махаббатын, басқаға  деген сыйластық сезімін, көңіліндегі  қуанышын, басқа түскен қайғысын білдіре алады. Киім адамдардың ара қатынасының бір тәсілі десек болады. Қазақтың ұлттық киімінің ішінде жастар киімінің де өз ерекшеліктері бар. Жас деңгейіне қарай бөліну ер адам киімінен гөрі әйел адам киіміне тән. Себебі, қыз, әйел киімі қашанда өзінің ритуалдық функциясын ғасырлар бойы қатаң сақтап отырады.

      Қыз киімі, келіншек киімі, үлкен әйел, кемпірлердің киімі әсіресе бас киімі бір-бірінен  басқа. Ерлер киімінде бұрын бөлектену  онша анық көрінбегенімен, онда да өзіндік  айырмашылықтар бар. Әңгіме арқауы жастар киімі туралы болғандықтан, оның айырмашылығы әр киім түріне қарай, әңгіме барысында айтылып отырады.  
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Орталық Азия зергерлерінің бұйымдары. Тасмағамбетов  И. Алматы, 1997ж.
  2. Қазақтың ою-өрнектері. Шөптібай Байдолдаұлы.
  3. Технология. К. Өстеміров, Н.Адамқұлов, С.Асанова, Д.Әлмағамбетова, Т.Әміреев, А.Копников.
  4. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. С.Кенжеахметов.
  5. Жеті қазына. С.Кенжеахметов.
  6. Қазақ киімі. Д.Жәнібеков. Алматы, 2005 ж.
  7. Интернет жүйесі

Информация о работе Балабақшада ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы