Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 23:01, курсовая работа

Краткое описание

Нәтижелерге қайтып келу
Жаңа іздеу
Қазақстан Республикасында кедейліктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысы

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 94.41 Кб (Скачать)

       Ерлер  мен әйелдердiң жұмыспен қамтылуындағы,  олардың еңбекақысындағы айырмашылықтар, еңбек рыногындағы бәсекелестiк  қабiлеттiлiгi әйелдердiң кедейлiгiне  әсер ететiн факторлар болып  табылады. йелдер, әдетте, еңбекақысы  төмен секторларда (денсаулық  сақтау, бiлiм бepу әлеуметтiк қызметтер  саласы, мәдениет) жұмыс iстейдi. 1998 жылы  әйелдердiң орташа жалақысы ерлер  жалақысының 75,8%-iн, 1999 жылы - 67,6%-iн, 2000 жылы 60,5%-ін 2001 жылы - 58,7%-iн құраған.  Ерлер сектор iшiнде мейлiнше жоғары  ақылы қызметтерге ие болып  отырғандықтан, бұл үрдiс дәстүрлi "әйелдер" салаларында да  сақталуда. 

       Ауылдық  жерлерде және шағын қалаларда  әйелдердi жұмыспен қамту проблемасы  мейлiнше өткiр тұр. Жұмыссыз  әйелдердiң үштен бiрi ауылдық  жерде тұрады. Жұмысқа қабылдау  кезiнде орын алып отырған жынысы  және жасы бойынша кемсiтушiлiктер  зейнеткерлiк жасы алдындағы адамдардың, әсiресе, әйелдердiң кедейлiк жағдайын  тереңдетуде. Жұмыс берушiлердiң  ер қызметкерлердi жалдауға көңiл  бөлуiнен, әйелдер жұмысқа орналасу  кезiнде проблемаларға жиi кезiгуде. 2001 жылы ерлер арасындағы жұмыссыздық  деңгейi - 8,9%-ды, әйелдер арасында 12,0%-ды  құрады.

 

1.2.1.3. Шағын бизнес 

 

       Шағын  бизнес кедейлiктi еңсеру проблемаларын  шешу шеңберiнде халықтың әртүрлi санаттарына, соның iшiнде оның  әлеуметтiк осал топтары - жұмыссыздарға,  мүгедектерге, жалғызілікті аналарға, зейнеткepлеpгe, оралмандарға, босқындарға  көмек көрсетуге және жұмыс  орындарын ұсынуға қабiлеттi. Шағын  бизнестiң тұрақты қызметi мемлекеттiк  бюджетке түсетiн салық түсiмдерiнiң  өсуiн қамтамасыз етедi және тиiсiнше,  елдiң әлеуметтік мұқтаждарына  шығыстардың ұлғаюына ықпал етедi. Алайда, Қазақстанда ЖIӨ-де шағын  бизнестiң үлесi күнi бүгiнге дейiн  мардымсыз болып отыр.

       2002 жылғы  1 сәуiрдегi жағдай бойынша Қазақстанда  388 мыңнан аса шағын кәсiпкерлiк  субъектiлерi тiркелген, олар өндiрiлген  өнiмдi сатудан және қызметтер  көрсетуден 238,8 млрд. теңге сомасында  табыс алған. 

       Сонымен  бiрге, қазiргi таңда қажеттi қаражаттың  және жергiлiктi өкiмет органдары  тарапынан ұйымдық қолдаудың  болмау себептерiнен халықтың  кедей жiгiнiң шағын бизнеске  қатысуының төмен деңгейi орын  алып отыр.

 

1.2.1.4. Қоғамдық жұмыстар 

 

       Жұмыссыздық  деңгейi күрт өсiп отырған кезеңдерде  еңбек рыногын реттеуде елеулi  рөл атқармаса да, қоғамдық жұмыстар  жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауда  және еңбек рыногындағы жағдайды  бәсеңсітуде айтарлықтай рөл  атқарады.

       2001 жылы 132,5 мың адам қоғамдық жұмыстарға  қатысты, 1997-2001 жылдар кезеңiнде қоғамдық  жұмыстармен айналысатын жұмыссыздар  саны 113,6 мың адамға немесе алты  есе өстi. Бұл жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақылардың жойылуымен байланысты, мұның өзi бос жұмыс орындарының  тапшылығы жағдайында қоғамдық  жұмыстарды жұмыссыздардың көпшiлiгi  үшiн табыс алудың бiрден бiр  мүмкiндiгi етiп отыр.

       2001 жылы  қалаларды көгалдандырумен және  көркейтумен, сондай-ақ аумақтарды  жинастырумен байланысты жұмыстар  қатысушыларының саны бойынша  мейлiнше бұқаралы болды. Оларға  қоғамдық жұмыстарға қатысқан  жұмыссыздардың жалпы санының  60%-ынан астамы қатысты. 

       Жылына  екi айдан кем еңбек ету кезiндегi еңбекақының төмен деңгейi, сондай-ақ  көпшiлiгiнде тартымсыз дене еңбегi, оның мәнiссіздiгi жұмыссыздардың  қоғамдық жұмыстарға қатысудан  бас тартуының негiзгi себептерi болып  табылады. Сондықтан мұндай жұмыстарға  тек өте мұқтаж адамдар ғана  өтiнiш бередi.

 

1.2.1.5. Кәсiптiк даярлау  және қайта даярлау 

 

       2001 жылы  кәсiптiк даярлау және қайта  даярлау курстарынан өткен жұмыссыздардың  үлес салмағы небары 5,9%-ды құрады. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi уәкiлеттi органдар еңбек рыногының  қажеттiлiктерiне, әсiресе, жаңа технологиялар  қолдануды қажет ететiн мамандықтар  бойынша (мысалы, дәнекерлеушілер,  тас қалаушылар, машинистер, құрылыс  мамандықтары жұмысшыларын) уақытылы  қарайласуға сәтi келе бермейдi. Жұмысшы және инженер-техникалық  мамандықтарға рынок сұранысы  бойынша деректер базасы жоқ,  экономика салалары бойынша білікті  жұмысшылар мен мамандар қажеттiлiгiн  айқындау тұрғысында еңбек рыногына  мониторинг жүргiзiлмейдi, кадрлар  даярлауда кәсіпорындар қорларын  пайдалану жөнінде олармен ынтымақтастық  нашар жолға қойылған.

       Кәсiптiк  курстарды ұйымдастыру жағдайы  аумақтық шашыраңқылықпен, нашар  көлiк қатынасымен және бiлiм  беру ұйымдарынан шалғайлығымен  күрделенiп отырған ауылдық жерлерде  қайта оқытылғандардың үлесi 2001 жылы  барлығы 4,6%-ды құрады. Жастар еңбек  ресурстарын толтырудың нақты  көзi болып отырғанда, оқыған  жастар санының төмендеу үрдiсi  байқалуда. 

       Республика  өңiрлерiнде жұмыспен қамту мәселесi  жөнiндегi уәкiлеттi органдардың қаражаты  есебiнен жұмыссыздарды және қолы  бос халықты оқыту үшiн аймақтық  орталықтар ретiнде мемлекеттiк  кәсiптiк мектептердi (лицейлердi) барынша  пайдалану, олардың оқу-материалдық  базасын жақсарту және инженер-педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн шаралар қабылданбай келедi. Жастарға және жұмыссыз азаматтарға кәсiптiк бiлiм беру және қайта оқыту мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк комиссиялар еңбек рыногы талаптарын ескере отырып, кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды жоспарлауда және ұйымдастыруда әлеуметтiк әрiптестердiң iс-қимыл келiсiмдiлігiн қамтамасыз етпейдi.

 

1.2.1.6. Шағын кредит беру 

 

       Гранттар  немесе шағын кредиттер беру  жолымен табыстары төмен еңбекке  қабiлеттi азаматтарға шағын кредит  беру олардың өзiн-өзi жұмыспен  қамтуын және материалдық жағдайын  жақсартуды қамтамасыз етуге  мүмкiндiк бередi.

       Қазақстан  Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы  12 ақпандағы N 103 қаулысымен бекiтiлген  Қазақстан Республикасының ең  аз қамтамасыз етiлген азаматтарын  шағын несиелендiрудiң 1998-2000 жылдарға  арналған бағдарламасы аз қамтылған  азаматтарға бизнес құруға 400 АҚШ  доллары (баламалы) мөлшерiнде шағым  кредиттер бөлудi көздеген болатын.  Бағдарламаның iске асырылуы пилоттық  облыстарда (Алматы, Жамбыл, Қызылорда,  Оңтүстiк Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс  Қазақстан облыстарында, Қостанай  облысының Арқалық қаласында)  басталды. Сол уақытта қарыз қаражатын  қайтарудың және қаржыландырудың  тұрақты көздерiнiң дәл әзiрленген  тетiктерiнiң болмауы салдарынан  бұл Бағдарлама толық көлемде  орындалмады. 

       Аз қамтылған  азаматтарды қолдау жөнiндегi халықаралық  және отандық ұйымдар, жеке  және үкiметтiк емес ұйымдар  тарабынан гранттар беру арқылы  шағын кредит берудiң оң тәжiрибесi  бар. 

 

1.2.2. леуметтiк сала 

 

1.2.2.1. Демография және  көші-қон 

 

       2002 жылдың  басында Қазақстан халқы 14820,9 мың адамды құрады, соның iшiнде  халықтың 56,3%-ы - қалалық, 43,7%-ы ауылдық  жерде тұрады. 2001 жылы халық саны 21 мың адамға азайды.

       Тұтастай  алғанда республика бойынша 2001 жылы жалпы туу коэффициентi 1000 адамға - 14,9 туылған бала, өлiм коэффициентi 1000 адамға 10,0 жағдай болды. 

       2001 жылы  халықтың табиғи өсiмi 73,2 мың адам  болды, бұл 2000 жылдағыдан 4,1 мың  адамға көп. 

       Ересек  топ (әйелдер үшiн 58 жастан астам  және ерлер үшiн 63 жас) демографиялық  тұрғыдан тiкелей кедейлiк қатерiнде  емес: шын мәнiнде кедей үй шаруашылықтарындағы  қартаң және кәрi халықтың үлесi жалпы ірiктеудегiден төмен. Кедейлер арасында жастармен қатар орта жастағы адамдардың (31-40 жac) үлесі жоғары.

       Қазақстандағы  отбасының орташа мөлшерi 3,6 адамды  құрайды, алайда ол өңiрлер  бойынша ерекшеленедi. Негiзiнен,  жергiлiктi халық тұратын оңтүстiк-батыс  өңiрлерде отбасы құрамы үлкен. 

       2001 жылы  аз қамтылған азаматтардың жалпы  санының табысы ең төменгi күнкөрiс  деңгейiмен төмен табыстары бар  тұрғындардың 48,1%-ы 5 және одан  да көп адамнан тұратын үй  шаруашылықтарында тұрған. Осылайша, көп балалы отбасыларының кедейлер  санатына қосылу қатерi неғұрлым  жоғары.

       2001 жылы  елдiң көшi-қон шығыны 94,3 мың адам  болды, ол 2000 жылдың осы кезеңiмен  салыстырғанда 23,5%-ға кемiдi.

       Мына  облыстар (тиiстi шектес мемлекеттерден  келетiндердiң есебiнен): Маңғыстау,  Оңтүстiк Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қостанай және Шығыс Қазақстан  облыстары мейлiнше көшi-қон қысымын  бастан кешуде.

       Жұмыссыздықтан, экологиялық проблемалардан туындаған  көшi- қон процестерi кедейлiк және  жұмыссыздық деңгейiне айтарлықтай  әсер етедi. Өңiрлердiң экологиялық  қолайсыз жағдайлары (мысалы, бұрынғы  Семей ядролық сынақ полигонының  аумағы, Арал өңiрi), ауыз судың  жетіспеушiлiгi және басқа проблемалар  халықты тұруға неғұрлым қолайлы  аумақтарға өздiгiнен ауысуға  мәжбүр етуде. 

 

1.2.2.2. Халықтың медициналық  көмекпен қамтамасыз етiлуі 

 

       Реформалар  барысында психологиялық күйзелiстiң,  құнарсыз тамақтың және экологияның  жиынтық әсерi, әсiресе, халықтың  кедей жiктерiне тән aуpу түрлерi бойынша олардың күрт өсуiнiң  себебiне айналды. 

       Сәбилердiң  шетiнеу көрсеткiшiнiң төмендеуiне  қарамастан, ол әлi де болса, жоғары  деңгейде қалып отыр, жүктi әйелдердiң  55%-ға жуығы қаны аздықпен ауырады.  Репродукциялық жастағы әйелдер  аборт жасау салдарынан өз  денсаулығына қауiп төндiруде.

       1996 жылмен  салыстырғанда 2001 жылы туберкулез  ауруы 78,3%-ға өстi. Психотроптық  заттарды пайдалану, психикалық  ауытқулар, қатерлi iсiктер, жыныстық  жолдармен берiлетiн аурулар салдарынан  аурушаңдық деңгейi өте жоғары  болып отыр.

       Ауылдағы  денсаулық сақтау жүйесi неғұрлым  күрделi жағдайда тұр. 1990-2000 жылдары  ауылдағы денсаулық сақтау жүйесiнiң  жеткiлiксiз деңгейде қаржыландырылуы  және медицина қызметкерлерiнiң  ауылдан кетуi ауылдағы медициналық  ұйымдар желiсiнiң қысқаруына және  ауылдық жерлердiң медицина кадрларымен  қамтамасыз етiлу деңгейiнiң төмендеуiне  әкеліп соқты. 

       Ауыл  халқына бастапқы медициналық-санитарлық  көмектi жақсарту жөнiнде соңғы  жылдары қабылданған шаралар  ауылдық денсаулық сақтау жүйесiн  дамытуды жақсартудың белгiлi  бiр жолдарын белгiлеуге мүмкiндiк бердi. 2002 жылға қарай барлық елдi мекендер медициналық қызметкерлермен немесе медициналық ұйымдармен қамтамасыз етiлдi.

       Дегенмен  әсiресе, мемлекеттiк секторда медициналық  қызмет көрсету сапасы бұрынғыша  төмен болып отыр. Ақылы медициналық  көмек пен кепiлдi көлемi арасында  дәл айырмасы болмауынан ақысыз  медициналық көмектiң кепiлдi көлемi  ақылы қызметтермен ауыстырылуда, ақылы медициналық қызметтердiң  және дәрi-дәрмек құралдарының  құны жоғары болуы, халықтың  мемлекет кепiлдiк берген ақысыз  медициналық қызметтер тiзбесi туралы  жеткiлiксiз хабардарлығы орын  алуда. 

 

1.2.2.3. Білімге қол жеткізу 

 

       2002 жылы  республиканың 554 елдi мекенiнде  мектептер мүлдем болмаған, 625 ауылда - орта, ал 593 ауылда - негiзгi мектеп болмаған. Осының салдарынан 25,5 мың бала  күнделiктi мектепке жеткiзiп тұруды  қажет етедi. ­сiресе қыс кезiнде  мектепке дейiн күн сайын 3 километрден  40 километрге дейiн жол жүру  қажеттiгi оқушылардың осы санатының  сабаққа келмеуiне әкеп соғуда.

       Мектептен  тыс қалған балалар мен жастар  арасында аз қамтылған және  жағдайы нашар отбасылар өкiлдерi едәуiр үлестi құрайды. Материалдық  жағдайдың тұрақсыздығы, жұмыссыздық  және мәжбүрлi көшi-қон отбасы  жағдайының бюджетiне әсер етуде  және жекелеген отбасыларды балаларының  бiлiм алуына жұмсалатын қаражатты  үнемдеуге мәжбүр етуде. 

       Аз қамтылған  отбасы балалары, жетiм балалар  және денсаулығы әлсiреген балалар  үшiн ыстық тамақпен қамтамасыз  ету мәселесi бiлiмге қол жеткiзумен  байланысты елеулi проблема болып  табылады. Тұтастай алғанда республика  бойынша мектеп асханаларында  аз қамтылған отбасылардың 186 мыңнан  аса оқушысы тегiн тамақтанады,  бұл олардың жалпы санының  12%-ы, 92 мыңнан аса оқушы (5%) арзандатылған  тамақ алып отыр.

       Бiлiм  берудiң барлық сатыларында әйел  жынысындағы оқушыларды қамту  (6-дан 24 жасқа дейiн) 71,6%, ал ерлер  - 70,1% құрайды. Студенттер арасында  қыздардың үлесi жас жiгiттерге  қарағанда, жоғары. Алайда, еңбек  рыногында олардың жұмысқа орналасу  мүмкiндiктерi аз. Жоғары оқу орындарына  түсе алмаған және қалада қалуды  қалайтын ауылдан келген талапкерлер  проблемасы өзектi күйiнде қалып  отыр. Ауылдық жерде алынған бiлiм  деңгейiнiң төмен болуы нәтижесiнде  ауыл жастары жоғары бiлiм алуда  бәсекеге түсе алмайды. 

       "Бiлiм"  мемлекеттiк бағдарламасының iске  асырылуы бiлiм алуға қол жеткiзудi  жақсартуға ықпал еттi. 1999 жылдан  бастап мектепке дейiнгi ұйымдар  және жалпы бiлiм беру мектептерi  санының бiртiндеп өсуi байқалуда.  Алайда, тұтынушылар үшiн бiлiм  алу сапасы және олардың нақты  құны, бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық  базасы және санитарлық жағдайы  әлi де болса халықтың сапалы  бiлiмге қол жеткiзуiнде елеулi  кедергi болып отыр.

 

1.2.2.4. Халықтың әлеуметтiк  осал топтарына мемлекеттiк әлеуметтік  көмек жүйесі 

 

       1999 жылы  атаулы көмек көрсету өлшемi  ретiнде кедейлiк шегiн айқындаған "Ең төмен күнкөрiс деңгейi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  қабылдануына және жергiлiктi өкiмет  органдарына төлемдер мөлшерiн  белгiлеу мүмкiндiгiнiң берiлуiне  байланысты халықты әлеуметтiк  қорғау жүйесiнде белгiлi бiр  жақсару байқалған. Жергiлiктi жерлерде  елдi мекендердiң әлеуметтiк-еңбек  карталарын жасау жолымен күнкөрiсi  төмен отбасыларды есепке алу  және оларды дербестендiру жүзеге  асырыла бастады. 

Информация о работе Қазақстанда кедейшілікпен күресу жолдары