Бренд

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 18:47, реферат

Краткое описание

Бренд деген не? Сауда маркасы ма? Керемет тауар немесе қызмет пе? өзгеше технология ма? Қазiргi кезде бренд болып табылмайтындарды тiзiп шығу әлдеқайда жеңiл. өйткенi барлық әлемдiк дiндер мен секталар, көркемсурет пен музыка, қалалар мен елдер адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамдардың өзi, телебағдарламалар мен телеарналар уақыттар мен халықтар - осының бәрi бренд болып табылады. Брендке нақтылы анықтама беру өте күрделi.Өйткенi тауар, қызмет көрсету, бiрдеңемен шұғылдану, өмiр сүру деңгейi басқа да көптеген нәрселердiң бәрi бренд болып табылады.

Оглавление

І. Кіріспе

1.1. Бренд түсінігі, құрылу әдістері

ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Қазақстандағы брендингтің ерекшеліктері

2.2. Әлемдік тәжірибедегі бренд

ІІІ. Қорытынды

Файлы: 1 файл

бренд.docx

— 43.74 Кб (Скачать)

Үшбұрыш – үш құрамдас бөлік күшінің, бірлігінің және теңдігінің белгісі, бұл  Банкті, Қоғамды және Клиентті біріктіріп, олардың арасында тұрақты қарым-қатынасты  түзеді. 
Фирмалық белгі сенімді, қолжетімді және Клиентке бағытталған Банкті көрсете отырып, Клиенттердің жинақ ақшаларын сақтауды қамтамасыз етумен құрылым ішіндегі реттелген жұмысты байқатады. 
Банктің жаңа белгісінің негізгі түстері: жасыл және күміс түс. 
Жасыл - өмір сүрудің, дамудың, көркеюдің, айқындықтың, ашықтықтың және қолжетімділіктің түсі, ал күміс түс тұрақтылықты, сенімділікті, консерватизмді және шешімдердің салмақтылығын білдіреді. 
Корпоративті түс композициясы. Банктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталған болатын. 
Брендті жаңарту Delta Bank-ті қазіргі заманға сай банкинг қызметін көрсететін, Клиенттердің бизнесін дамыту мен әл-ауқатын жақсартуға көмектесетін серіктес ретінде қабылдауға бағытталған.  
Әр клиент банктік қызмет көрсетудің кең ауқымымен және жоғарғы сапалы қызмет көрсетумен бірге Банктің сенімді, қолжетімді қаржы институтына айналған ребрендинг тұжырымдамасының мәнін түсінгені маңызды.

Zara - стильді, қолжетімді  бренд

 

Zara маркасының Бренд тарихы 1975 жылдан бастау алады. Амансио Ортега өзінің алғашқы дүкенін Ла-Корунья қаласында ашады. Басында бұнда танымал еуропалық фирмалардың көшірмелері ғана сатылатын, кейін аты әлемге жайылған Zara бренді қалыптасты. 

Бүгінде Ортега Zara, Massimo Dutti және Stradivarius өнімдерін шығаратын Inditex компаниясының басшысы, 73 елде 4,500 дүкені бар әлемдегі ең бай адамдардың бірі. 

Zara-ның ұстанымы тұтынушыларды сәнді әрі қалта көтеретіндей бағаға ие киімдермен қамтамасыз ету. Бұл брендтен киім сатып алу үшін жоғары жалақы алып, бай болуыңыз міндетті емес. Дегенмен бай-батшалардың өзі Zara-ға қол сілтемейді. Себебі, бұл бренд әрдайым сапалы өнімдер ұсынсақ дейді. Ла-Корунья қалашығының көп тұрғыны Zara-да жұмыс жасайды. Zara-ның 26 пайыз өнімі Еуропада, 24 пайызы Азия мен Африка елдерінде жасалады.

Бренд өнімдері тек белгілі бір  шеңбердегі адамдарға емес, жалпы  халыққа, күнделікті көшеге киіп жүруге арналғандықтан, жалпыхалықтық сұранысқа ие болып отыр. Өзі өндіріп, өзі сататын бренд жарнамаға аса құнықпаса керек. Амансио Ортега атақты киножұлдызды дүкен фонында суретке түсуге шақырған бір қызметкерін жұмыстан қуып жіберді деген қауесет бар. 

 

Брендтi өзiне сатып ала отырып, тұтынушы сапасы, мерзiмi көрсетiлген тауар сатып алады. Мұны бiр сөзбен “баға-сапа” деп айтса да болады. Адам өзiнiң жеке құндылығын осылай бақылау керек. Тек жеке құндылықтар ғана бiздiң тұтынуымыздың қалай бiлiнетiнi жайлы iшкi сенiмнен байқалмақ. Тек құндылықтар ғана бiздiң тұтыну шеңберiмiздi айқындайды. Құндылық дегенiмiз, стратегиялық фактор, ол бiздiң ой-танымымызды аннықтайтын фактор, кең ауқымда лап қарасақ ол бiздiң барлық жасаған қадамдарымыз, өмiр сүру деңгейiмiз. Ал жеке құндылықтар брендтi құру жөнiндегi басты бағытымыз болуы керек. құндылық- бiздiң өз ұстанымымызды қалай жүзеге асырудың басты шарты. құндылықтың арқасында бiз тұтынушыға өз ережемiздi айтып, сөзiмiздi өткiзе аламыз. Құндылықпен өмiрге келген бренд сауда белгiсi мен тұтынушылар арасындағы дәнекер бола алады. Бренд белгiлi бiр тауардың белгiлi бiр маркасын жүзеге асыру деген сөз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

  1. Бекболатұлы Ж.   «PR және жарнама»

 

  1. Интернет сайттары

Информация о работе Бренд