Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 13:52, курсовая работа

Краткое описание

Менің тақырыбының аты “Қазақстан Республикасындағы және шет мемлекеттеріндегі Шағын кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері”.

Бұл тақырыптың таңдау себебім: дамыған елдердегі Шағын кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, оның нысандары, қызмет ерекшеліктері; Қазақстан жеріндегі Шағын Шағын кәсіпкерліктің маңызы мен мәні туралы, менің курстық жұмыстың бастапқы мақсаты болып еді.

Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлік белсенді дамып келеді. Экономикалық жүйенің Шағын кәсіпкерлік түрі кәсіпкерді ең маңызды тұлға санына-экономикалық процесс субъектісіне айналдырды. Өз қызығушылығымен әрекет ете отырып, кәсіпкер біздің қажеттілігімізді қанағаттандырады, біздің өмірімізді гүлдендіреді, оны қолайлы жасайды. Біз кәсіпкерді құрметтеуіміз қажет: ол біз қызығушылық білдірген тауарларды өндіреді, ол бізге оларды жеткізеді, біздің көпшілігімізге көмек береді.

Оглавление

Кіріспе.....................................................................................................8

1. Шағын кәсіпкерліктің түсінігі және оның негізгі түрлері..............9
Шағын кәсіпкерліктің мәні, мақсаты, ерекшеліктері................................9
Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы орны............................................14

1.3. Шағын кәсіпкерлік қызмет түрлері..........................................................16

2. “Рахат” Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану...............20

2.1. Қазақстан Республикасындағы тамақ өнімдерін өндіру жөнінде............20

2.2 “Рахат” Акционерлік Қоғамының технико-экономикалық талдау...........23

2.3. “Рахат” АҚ-ның маркетингтік қызметін талдау........................................27

3. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары..................................................................................30

3.1. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың

мемлекеттік саясаты..............................................................................................30

3.2. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қалыптастыру

жүйесі және оны дамыту перспективалары........................................................33

Қорытынды ...........................................................................................................36

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................37

Файлы: 1 файл

Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі.doc

— 271.50 Кб (Скачать)

   Әрі қарай, ШБО-ларды өзінің сауда жүйесі, лизингтік қызметі бар бір жүйеге келу ұсынылады. Ал оның ең басында бизнесті дамытудың ұлттық орталығы тұрмақ. Алайда, бұл жерде де Қазақстанның Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы сияқты үлкен құрылым барлық қаржыны тиісті қайтарымсыз өзі жұтып қою қаупі сақталады. Көзделгеніндей, орталықтың (ШБҰО) жарғылық капиталын қалыптастырғаннан кейін оған ШБҰО желісін құру үшін мақсатты қаржылар немесе несие ресурстары беріледі. Және де одан әрі ШБҰО-ның инвестициялары акцияларды сатып алу және нақты бизнес-бағдарламалар арқылы шағын бизнес орталықтарының жарғылық қорларына орналыстырылады. Аймақтық орталықтарды қаржыландырудың бағдарламада ұсынылып отырған үлгісі орталықтардың қалыптасуының бастапқы және одан кейінгі кезеңдерінде де шығынды болатын тәрізді. Қаржы тұрақсыздығы, инфляция жағдайында осыншалықты ебедейсіз, далиған жүйе құру жол беруге болмайтын ысырапқорлық. Қаржыландырудың мұндай үлгісіне қатысу одан әрі өзін-өзі ақтауға күмән тұғызып, мемлекет тарапынан негізсіз несие беру мүмкін болатын жолдар қалдырады. Өзінің сауда үйлері арқылы тауар өткізу, баға саясаты жөнінде ұсыныстар әзірлеу баға белгілеудің объективтілігіне күмән туғызады.

   Бизнес  – инкубатор рөлінде қызмет ететін ШБҰО-лардың жобалар бойынша үлесі 25% аса алмайды. Кәсіпорынның қалыптасу кезінде шығындар ШБО жүйесі нақты жобаға тартқан қаржы есебінен жабылады. Біздіңше, бұл орайда ШБО-ларды нақты бизнес-бағдарламалар бойынша қаржыландыруды емес, қайта Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының орталықтандырылған несие ресурстарын тікелей өндірушілерге беру ұсынылады. Бұл ретте ШБО-лардың жобалар мен жарғылық қордағы үлесі инкубацияланатын кәсіпорын акциясының 25% дейін құрайтының ескеруге болады. Сонымен бірге ШЮО-лар тікелей салатын қаржы бөлек есептелуі тиіс.

   Бұған дейін құрылған шағын бизнес орталықтарының өкілдерімен кездесулерде мәлім болғанындай, ШБО-лардың мәртебесі мәселесінің зор маңызы бар. Біздің пайымдауымызша, шағын бизнес дамытудың аймақтық орталығы мемлекеттік акционерлік қоғам болуы тиіс. Бұл жаңа қатысушыларды, жаңа жобаларды, қаржыны таратуға ғана емес, ШБО құру процессінің және кызметінің демократиялығын қамтамасыз еткен болар еді.

   Қосымша тік құрылымдардың болуы мемлекеттің  Шағын кәсіпкерлікке тиімді қолдау жасауына мүмкіндік бермейді. Ал экономиканың және меншік секторын дамытуды,  нарық инфрақұрлымын экономика министрлігі, Қазақстанның Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы, сондай-ақ бизнес дамытудың ұлттық орталығы қабат басқаруы олардың бір-бірінің қызметін қажетсіз қайталануына әкеліп соқтырады. Бұл арада әңгіме басқару немесе бизнесті дамытудың ұлттық орталығы арасында тандау жасау туралы емес, тиімділік тұрғысында болып отыр.

   Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры мен Шағын кәсіпкерлік құрылымдардың Ұлттық орталықтың үстінен құрылтайшылық жасауы республика көлемінде алғанда жөнсіз әрі дұрыс емес. Қосымша қаржы тарту ниеті мемлекеттік қаржыны орынсыз жұмсау мүмкіндігін ұлғайтады. Дегенмен, акционерлендіру схемасы жағдайында мемлекет қаржысын тікелей шағын бизнес орталығына тарту нақты бағдарламаларға инвестициялардың көбірек келуіне ғана көмектесіп қоймайды, сондай-ақ өзара түсініктік пен бірігу үлгісін табуға да жәрдемдеседі. ШБО-лар бірте-бірте қалыптасу кезеңінен өтуі тиіс. Және де басы артық құрылымдарды, штаттарды, бөлімшелерді жасанды түрде көбейтуге жол беруге болмайтынын да ұғыну керек. Бастапқы кезенде қолда барды және таяу болашақта қайтарым беретіндерін ғана пайдалану маңызды. Біздіңше кейбір жекелеген бағдарламаларды жүзеге асыру үшін ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын олардың жағынан (немесе қызмет істеп тұрған Шағын кәсіпкерлік фирмалармен бірлесіп) шағын еншілес кәсіпорындар, франчайзинг құру арқылы пайдалануға болады. Кәсіпкерге тұс-тұстан қолдау көрсетуге қазір мүмкіндік жоқ және ол оңдай сипат алмауы тиіс. [3. 189 – 192 беттер] 
 

Қорытынды 

      Жалпы қорытындылай келе, Шағын кәсіпкерлік қай ел болмасын экономиканың дамуының негізгі тұтқасы деуге болады.Ол өркениетті елдерде бұл саланы дамыту басты назардағы мселені құрайды. Мысалы, АҚШ-та Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 53%, Германияда 63%, Жапонияда 73%, Ұлыбританияда 75%, Италияда 80% жетіп отыр. Ал бұл салада қазір Ресейде 10%, Беларусияда 8% шамасында, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 6%-дан аспай отыр. Жалпы бүгінгі таңда Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау ел экономикасының реформалаудың басым бағыттарының бірі. Сондықтан, бұл жұмыстар Шағын Шағын кәсіпкерліктің дамыған, өркениеттегі елдердегі даму сипаты мен барысын сипаттай келіп, оның негізгі ұйымдастыру шаралары мен әдістері кеңінен талқыланды. Сонымен бірге, АҚШ-та және Германиядағы Шағын Шағын кәсіпкерліктің дамуы мен қалыптасуы туралы мәселелер жүзеге асырылуы мен іске асыруы сияқты маңызды шаралар зерттелінді. Бұл елдердегі Шағын кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау іс шараларының қалыптасу ерекшеліктері мен оның тиімділігі қарастырылды. Оған мысалы, АҚШ-ғы әртүрлі Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қорғауға байланысты бағдарламалар мен атқару жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, ол шағын бизнестің әкімшілігі арқылы қолдау табатындығы айқындалды.

      Сонымен қорыта айтқанда Шағын кәсіпкерлік – ел экономикасының дамуының негізгі тұтқасы деуге болады. Өокениетті елдерде бұл саланы дамытуға басты назар аударады және Шағын кәсіпкерлік негізгі саланы құрайды. Дегенмен, бүгінгі таңда Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен оны қолдау Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларының басым бағыттарының бірі болып саналады. Сонымен қатар, осы ғылыми жұмыстың қолданбалы мәнділігі Шағын кәсіпкерлік қызметті ғылыми негізде жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасына байланыстыру мәселесі кең талқыланды. Бұл тұрғыда:

  • қызметтің тиімділігі мен ұтымдылығын арттыру;
  • шағын кәсіпорындар қызметінің барлық істерінің нормативтік құқықтық актілерін қалыптастыратын базаны құру;
  • салық салу жүйесін тиімді тұрақтандыру;
  • Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметін мейлінше бақылап, басқару арқылы проблемаларын шешу, яғни тиімді менеджментті іске асыру сияқты мәселелер жатыр.

      Қорытындылай  келе, дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы  шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99%-ға дейін мөлшерін қамтып, жалпы ұлттық өнімнің 50%-тен астам жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуде икемділігі оларды ғылыми – техникалық прогрестің негшізгі бір қозғаушы күшіне айналуда.  

     Пайдаланылған әдебиеттер көздері: 

  1. Под ред. Жатканбаева  Е. Б. «Малое предпринимательство» , Алматы 2001 г.
  2. Казахстан и мировой опыт рыночной трансформации, Арынов Е. М. – 2003 ж.
  3. Ғылыми-практикалық халықаралық конференция материалдары боиынша; Алматы – 1999 ж. және 2001ж.
  4. Жатқанбаев Е. Б. «Основы смешанной экономики» Алматы-1992 г.
  5. Катенова С.Д. «Факторы и особенности развития малого предпринимательство» (Материалы международной научно – практической конференции Алматы КазГУМО 1999 г.)
  6. Назарбаев Н. А. «Қазақстан - 2030» Алматы 2002 г.
  7. «Вестник предпринимателя» 2004г.
  8. «Аль-Пари» журнал 2000ж.
  9. ҚР-ның статистикалық жылнамалар жинағы 1997-2001 ж.ж.
  10. Берденалиев «Экономиканың басқару негіздері » Алм. 2002ж.
  11. Бусыгин А.В. «Предпринимательство» Москва 2001
  12. «Малый и средний бизнес»: законодательство РК, сборник законодательно-правовых актов. – Алм. 2003
  13. «Континент» журнал 2005
  14. «Казахстанская правда» газета 2001ж
  15. «Қаржы-қаражат» 1999

Информация о работе Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі