Азаматтық туралы заңы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 19:38, реферат

Краткое описание

Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 26.07 Кб (Скачать)

Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі.

Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы. Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді. [[Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия, Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл. терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.)

Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған (1993 жылы 3 қазанда түзетулер мен  толықтырулар енгізілген) “Азаматтық туралы заңы” бойынша Қазақстанда  қандық құқы негізге алынады

Азаматтық құқық  туралы түсінік және оның қайнар көздері

Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға теңес-тірілген Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.

            Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

           Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.

          Жеке мүліктік емес қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.). Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.

        Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді. Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі жене бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.

Азаматтықты тоқтату

Қазақстан Республикасының азаматтығы:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

 

2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

Қазақстан Республикасы азаматтығынан  шығуға адамның осы Заңда белгіленген  тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі. Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін. ҚР азаматтығының тоқтатылуына азаматтықтан шығу мен ҚР азаматтығынан айрылу негіз болып табылады.

 

Азаматтықтан  шығу – бұл ҚР Президентінің атына өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату. ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін.

 

ҚР азаматтығын жоғалту:

а) адамдардың, ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік, әділет органдары немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарында істейтіндер;

б) егер Республика азаматтығы теріс мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;

в) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының  азаматтығы туралы» заңның арнайы жағдайлары ата-анасының азаматтығы өзгерген кезде, асырап алған кезде әр түрлі өмірлік жағдайда баланың мүддесін толық ескере отырып баланың азаматтығын реттеуге арналған. Мұндағы басты принциптер: отбасының барлық мүшелеріне бірдей азаматтықты қамтамасыз етуге тырысу; баланың қалауын ескеру; балада азаматтықтың болмауына жол бермеу; мүмкін жағдайда баланың мүддесіне сай Қазақстандық азаматтықты сақтау.

Ата-анасы  азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың азаматтығы:

-Ата-анасының азаматтығы  өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді.

-Егер баланың ата-анасының  біреуі белгілі болса, осы ата-ананың  азаматтығы өзгерген жағдайда  тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді.

        Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу:

      Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру немесе одан шығу туралы өтініштер арыз берушінің жазбаша өтініші бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде — Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырған өтініш бойынша қаралады.

 

Азаматтықтан  шығу — ҚР-сы Президентінің атына өтініш жазу арқылы азаматтардың өз еркімен азаматтылығының тоқтатылуы болып табылады. Егер азаматтықтан шығу туралы өтініш жасаушы адам ҚР-сы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, ҚР-сы территориясының орналасқан мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделеріне байланысты болса азаматтықтан шығарудан бастартуы мүмкін.Сонымен қатар өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған болса немесе заң жүзінде күшіне еңген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе  ҚР-ның азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

Азаматтық құқықтың қағидалары

Азаматтық құқықтың қағидаларына:

• тараптардың теңдігі;

• шарт еркіндігі және таңдау құқығы;

• еркіндік;

• тәуелсіздік;

• меншікке қолсұқпаушылық;

• біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;

• азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

• бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

• азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.

Аталған қағидаларды азаматтық  құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

Азаматтық құқықтың қайнар көздері

Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.

6-бапта:

«Қазақстан Республикасында  мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс,

Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді.

           Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.

          Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.

Азаматтың құқықтық субъектілерге тоқтала  кететін болсақ, оларды 3 деңгейге бөліп қарастыруымызға болады. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары.

 

1. Бұларға жеке-жеке тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасының азаматтарына он сегіз жасқа Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар.

 

2. Азаматтығы жоқ азаматтар немесе азаматтық алмаған азаматтар.

 

3. Басқа мемлекеттің азаматтарына  тоқталатын болсақ, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіппен айналысатын немесе мемлекетімізде жүрген шетел елшілерін айтамыз.

 

-          аумағына қайтып оралуға;

-          заң құжаттарында тыйым салынбаған  кез келген қызметпен айналысуға;

-          дербес өзі немесе басқа азаматтармен  және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру;

-          заң құжаттарында тыйым салынбаған  кез келген мәміле жасалып, міндеттемелерге қатысу;

-          өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және  өнер шығармаларына, интеллектуалдық  қызметтің өзге де туындыларына  интеллектуалдық меншік құқығы  болуға;

-          материалдық және моральдық зиянның  орнын толтыруды талап етуге  құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

 

Азаматтардың  тұрғылықты жері.

          Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады .

 

 


Информация о работе Азаматтық туралы заңы