Араб дағдарысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 22:04, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезеңдегі араб елдеріндегі саяси ахуал өзіне әлем назарын аударып отыр. Барлық мемлекеттердің ақпарат көздері бірінен соң бірі араб елдерін қамтыған жағдайға баға беріп жатыр. Солай дегенімізбен, ақиқатында араб елдеріндегі шиеленіске мүделі елдер өздеріне қажетті ақпаратты әлемге таратып, басқаларды да өз позициясына бейімдеуде. Сондықтан да болар, әлемнің көптеген елдері, оның ішінде Ресей мен Қазақстан да дайын ақпаратты өзгеріс қабылдап, баспасөзде таратуда.

Файлы: 1 файл

Араб дағдарысы.docx

— 29.82 Кб (Скачать)

НАТО-ның біріккен армиясының М.Каддафиді талқандай алмауы және Ливиядағы бүлікшілердің соғыстағы қабілетсіздігі бүліктің сценаристері мен режиссерлерінің елден алыс шетелде болғандығын және Ливияда «жалынды революционерлер» мен ұқыпты қатардағы орындаушылардың аз болғандығын байқатады. Араб елдеріндегі революцияның тууын және оған АҚШ мен оның НАТО-дағы әріптестерінің тікелей араласуын АҚШ-ның 2004 жылдың маусымында Си-Айлендте өткен «сегіздік» саммитіне дайындап, ұсынған «Үлкен Таяу Шығыс» жобасымен де байланыстырады. Авторлар жобаның мақсаты державалардың өмірлік мүделеріне қауіп төндірмейтін және лаңкестіктің тууына негіз болмайтын демократиялық, экономикалық гүлденудегі, ашық және толерантты қоғам құру деп көрсетті. Аталған жоба АҚШ мен оның одақтастарының 1975 жылы дайындағын Хельсинки қорытынды актісін еске түсіреді. Онда да Кеңес Одағы мен Шығыс Европа елдеріне демократияны тарату, адам құқықтарын қамтамасыз ету және түбегейлі экономикалық реформа жүргізуді мақсат етіп қойды. Ресей ғалымдары Хельсинки актісі Кеңес Одағын ыдыратуда жеткілікті роль атқарды. «Үлкен Таяу Шығыс» жобасының жүзеге асырылуы да араб-мұсылман әлемін жіктеп оны ыдыратуға ықпал етеді деп санайды[9].        

   Ливияда Ирак сценарийінің қайталауы мүмкін деген болжам да айтылғаны белгілі. Себебі, екеуінде де «мұнай факторы» басым еді. ХХІ ғасырдың басындағы мәлімет бойынша араб елдерінде әлемдегі сұйық отын қорының 65% шоғырланған. Араб елдеріндегі мұнай бағасы салыстырмалы түрде өте арзан. Сауд Арабиясында бір тонна мұнайды өндіру 2 долларға түссе, ол АҚШ-та 28 долл., Солтүстік теңізде 55 долларға түседі. Араб елдеріндегі арзан мұнай есебінен Жапония мен Батыс Европа елдері сұйық отынға деген қажеттілігінің 60% қамтамасыз етеді. Ал, АҚШ бір өзі әлемде өндірілетін мұнайдың 25% тұтынады.[10, 281]. Сондықтан да, АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастары араб елдерін әлі де № 1 (86) 2012 ұзақ уақыт бойы өз ықпалында ұстауды көздейтіні анық. Тек, бір ғана Парсы шығанағындағы мұнай қоры әлем елдерінің мұнайға сұранысының үштен екісін, ең аз дегенде 80 жылға дейін қамтамасыз ете алады. Әлемде сұйық отынды ең көп тұтынатын ел – АҚШ. Сондықтан, АҚШ-тың сыртқы саясаты мұнай факторымен байланысты екенін мамандар теріске шығармайды. Осындай жағдайда, араб елдеріндегі саяси жағдайды талдағанда мұнай факторына бейтарап қарауға, не оны елеусіз мәселе ретінде ығыстыруға болмайды.


Информация о работе Араб дағдарысы