Алаш партиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 19:19, доклад

Краткое описание

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады.

Файлы: 1 файл

Алаш партиясы.docx

— 16.62 Кб (Скачать)

Алаш  партиясы

1917 жылдың 21 қараша күні  «Қазақ» газетінде  Алаш партиясы  бағдарламасының  жобасы және сиез  материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады.

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда  Орынбор қаласында  Екінші жалпықазақ  сиезі өтеді. Сиездегі  қаралған аса маңызды  мәселелер: қазақ-қырғыз  автономиясы; милиция  құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б.. 

Бұл сиезде автономияны  жариялау мерзімі  туралы қызу тартыстар  бірнеше күнге  созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы  азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында  медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде  оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді  құру керектігін тілге  тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын  бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде  оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық  ұлттық кеңеспен бірге  болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа  да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі  кітаптар; барлық қырғыз-қазақ  мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының  Ережелерін жасау; қазақ  тілінде жазу үлгілерін  енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа  кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын  баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар  басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты  облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген. Міне, өздеріңіз көріп  отырғандай, жаңадан  құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы  сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған  тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана  тіліндегі оқулықтарды  жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда  жаңаша бетбұрыс, бұл  болашаққа деген  сенім еді. Білімді  жастар, еліне салауатты  да сауатты қызмет етеріне деген  үміт болатын-ды [9]. Орынбордан қайтып оралған бойында  Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер  қазақтың батыс аймағын  басқаратын үкімет құруға кірісті. «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметі  – XX ғасырдың басында  Жайық өңірінде орнаған  мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында  Жымпитыда өткен  ІҮ Орал облыстық қазақ  сиезінің қарарымен  құрылды. «Ойыл уэлаяты» уақытша үкіметінің атқарған істері: жерге  жекеменшікті жойып, оны халықтың меншігі  деп жариялады; халық  сайлаған уәлаяттық, уездік соттар іске кірісті; ақша-финанс жүйесі жасалынды; халыққа  өз саясатын жеткізу, түсіндіру үшін газет  шығарылды (оның редакторы  болып Ахмет Мәметов  жұмыс атқарды. Ол М.Мәметованың әкесі, көрнекті Алашорда қайраткерлерінің бірі); жерді пайдалану, салық, дін, сот, білім, әскер істері жөнінде  қаулы-қарарлар қабылдады. 

Осыған  қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу  туралы мәселе айқын  жолға қойылды. Білім  беру ана тілінде  болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ  тілінде болуына  ерекше назар аударған [10].

Алаш  партиясының жетекшілері 

1918 жылы 1 сәуірде Халел  және Жаһанша Досмұхамедовтер  Мәскеуге барып,  Орталық Кеңес  өкіметінің басшысы  В.И.Ленинмен және  Ұлт істері жөніндегі  халық комиссары  И.В.Сталинмен кездеседі.  «Алашорда» атты  ұлттық автономиялық  үкімет құрылғанын, «Алашорда» үкіметінің  төрағасы Ә.Бөкейханов  екенін мәлімдейді. Бірақ «Алашорда»  мемлекетінің қойған  талап-тілектерін  Орталық Кеңес  өкіметі толықтай  мойындамайды. Дегенмен  де РКФСР-дің ұлт  істері жөніндегі  комиссариатының  құрамында қазақ  бөлімі құрылады [11]. «Тіл адамның даңқын  асырады. Адам  ол арқылы бақыт  табады» деп Жүсіп  Баласағұнның «Құдатғу  білік» еңбегінде  жазғандай [12] тіл  саясатын көтерген XX ғасырдың басындағы  Алаш қайраткерлерінің  қазақ қоғамындағы  басты ағымдарының  бірі – автономиялық  басқару жүйесіндегі  мемлекеттік құрылыс  болса, екіншісі  – Мемлекеттік  тіл саясаты еді.  Ана тіліне деген  үлкен жауапкершілік  еді. Алаштың арыстарының  бірі – Ахмет  Байтұрсынов «Дүниеде  ешбір тіл өз-өзінен  шықпайды. Тіл деген  нәрсе қалың елдің  күндегі тұрмыс  қазанында қайнап, пісіп дүниеге  келеді,» - десе [13], Күнбатыс Алашордасының  идеологы саналған  Ғ.Қараш: «Тіл болмаса,  ұлт та болмайды, яғни ұлт бүтіндей  өлген, жоғалған  ұлт болады. Ең  әуелі ана тілі  қажет. Егер ана  тілін білмесең, онда  сен ол ұлттың  баласы емессің.  Ана тілін білмей  тұрып, ұлт білімін  ала алмайсың. Ұлт  білімі болмаса,  онда әдебиеттің  болмайтындығы өзі-ақ  белгілі. Әдебиеті  жоқ ұлттың өнері  де өршімейді», - деген  [14]. Батыс Алашорда  үкіметі жетекшілерінің  бірі Х.Досмұхамедұлы  тіл туралы: «Біздің  тәжірибемізде қазақ  тілі – бай  тіл. Тек сөздерін  ғылым жолына салып  реттесе, ешбір  жұрттың тілінен  кем болмайды», - деген  пікірді айтқан

Информация о работе Алаш партиясы