Абылай хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 05:28, реферат

Краткое описание

Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Оглавление

1 Өмірбаяны
2 Хан тұсындағы сыртқы саясат
3 Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»
4 Тарихи жыр
5 Сыртқы сілтемелер
6 Дереккөздер

Файлы: 1 файл

Абылай хан.docx

— 136.80 Кб (Скачать)

Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың  Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор  Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай  сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық  жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр...

Абылай ханның Ресейге тәуелді  болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас  мемлекеттің ханымын дегенін  дәлелдейтін тағы да генерал-поручик  Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик  және губернатор Иван Реннедорфке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатын мысалға келтірейік:

«...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте  шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті  кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес.

Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса  да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта  көмек беруге дайын еместігін  білдірді.

Осыған байланысты, егер де бізге  біреулер көз алартып, соғыс ашу  қаупі бола қалса, онда сіз бізге  әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы  туралы императорға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз.

Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша  беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.

Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай  алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге  келуіміз керек (Байқадыңыз ба? Екі  мемлекеттің генералитеті деген  мағынада - Б.Н.).

Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан  кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен  өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ  «қарын бөле» болып шығады дегенді  аңғартқан сияқты - Б.Н.). Әскер берсеңіздер  де, бермесеңіздер де маған хабар  беріңіздер. Соңында сізге көп  жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын».

Елде тәртіп орнатпаса, старшындардың  өзара бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді.

Абылай ханға Ресейдің канцлері, Орынбор және Сібір губернаторлары сенімсіздік білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп, бақылап  отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз  анық.

«Құпия хат.

Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу қажет:

1. Олардың жасырын әскерлері  қай жерлерде орналасқан, қандай  мекенде, саны қанша, Ресей  жерінен қашықтығы қанша?

2. Оның тұрақты әскері бар  ма? Қанша, қай жерде? Оның бас  старшындары кім?

3. Абылай сұлтанның негізгі мақсаты  не? Негізгі басшылары кім? Менің  жіберген хатыма жауап болмады.  Ол хат кімнің қолына берілген?

4. Ресейге шабуыл жасайтын әскерлері  бар ма? Шабуыл жасау ойлары  бар ма? Егер болса, не үшін?

5. Қытайды жақтайтын қырғыз-қайсақтар  немесе басқа халықтар бар  ма? Қанша?

6. Қырғыздардың басқадай бөтен  ойлары бар ма? Көрші елдермен  қарым-қатынастары бар ма? Соғыс  қаупі туып тұрған жерлері  жоқ па?

7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент,  Түркістан, тағы басқа да жерлермен  ұрыс-керістері бар ма? Олар өзара  тату болса, тез арада олармен  ымыраласуға ниеттері бар ма?

8. Жазда Абылай сұлтан сырт  жаққа, Көкшетау жағына көшіп  бармақшы. Ол қайда барады, әрі  қарай басқа жерге бармай ма?

9. Батырларды сыртынан бақылау  керек.

10. Қабылан сұлтан Орынбордан  жіберілген аудармашы Гуляевты  қысымға алыпты. Ресей туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқамады ма? Абылай сұлтан, Күлсары батыр, тағы басқаларды бақылауды өте құпия түрде жүргізу керек».

Міне, жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның ресейліктердің айдауымен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның билік жүргізу жүгі аса ауыр болғанын байқайды.

Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім жауларды есепке алмағанда  үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ  тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек.

Абылайдың Ресеймен карым-қатынасының  сан қырын бір мақалада толық  ашып беру мүмкін емес. Сол елдің  мұрағаттарында жатқан баға жетпес қазыналар  негізінде құрастырылған менің 2 томдық «Абылай хан» атты кітабымнан, биыл Алла бұйыртса, баспадан шығатын 3-ші томынан Абылай ханның, оның серіктерінің жүздеген хаттарымен қалың жұрт танысады деген үміттемін.

Болатбек Нәсенов, тарих ғылымдарының докторы, профессор.


Информация о работе Абылай хан