Қазіргі мектептегі оқыту принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 12:16, реферат

Краткое описание

Принциптер нұсқау-көрсетпе (норматив) қызметтерін атқарады. Олар мұғалімге кейбір жағдайларда қандай әрекетке келуі жөнінде тек кеңес немесе сілтеме беріп қоймайды, жалпы заңдылықтар ретінде бұл принциптер педагогикалық әрекеттер бірлігіне негіз қалаумен бірге олардың толық орындалуын талап етеді. Ғасырлар бойы тексеріліп, сыннан өткен бұл принцип талаптарын бұзған мұғалім ешуақытта да оқу мен тәрбиеде жоғары сапаға жете алмайды. Принциптерді білу және оларды оқу-тәрбие үдерісінде толықтай іске асыру педагогикалық шеберліктің негізін құрайды және ол педагогикалық біліктілікті анықтауда алдымен ескеріледі.

Оглавление

І. Кіріспе.......................................................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1 Саналылық және белсенділік принципі.........................................................................6
2.2 Көрнекілікпен оқыту принципі........................................................................................8
2.3 Жүйелілік және бірізділік принципі.............................................................................10
2.4 Беріктік принципі.............................................................................................................14
2.5 Түсініктілік принципі......................................................................................................15
2.6 Ғылымилық принципі....................................................................................................17
2.7 Көңіл-күй принципі.........................................................................................................18
2.8 Теория мен тәжірибені байланыстыру принципі......................................................20
ІІІ Қорытынды...........................................................................................................................22
ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................................23

Файлы: 1 файл

Саналылық және белсенділік принципі.DOC

— 154.00 Кб (Скачать)

               -    Сөздік формада, ауызша не жазбаша өрнектелген материалдарға қарағанда, табиғи күйінде берілген заттар жақсы, жеңіл әрі тез есте қалатынын ескеріп, оларды оқу үдерісінде пайдаланыңыз.

              -  Есіңізде болсын, сәби ойы формалармен, түр-түсті бояулармен, дыбыстармен, түйсіктермен өрнектеледі. Осыдан бала санасы жалпы дерексізденген ұғымдар мен сөздерден құрылмай, оның тікелей қабылдауындағы нақты бейнелерді арқау етеді.

              -  Оқушылар үшін ең маңызды ереже: мүмкін болғанша сезімдік қабылдауды пайдаланыңыз, дәлірек айтсақ, көз қабылдауына - көретінді, құлақ қабылдауына - естілетінді, иіс, дәм қабылдауға - тиісті мүшелерді.

              -  Бір көрнекілікпен шектеліп қалмаңыз: көрнекілік - мақсат емес, оқушының ойын дамыту және оны оқыту құралы.

             -   Оқыту және тәрбиелеу барысында есіңізде болсын: ұғымдар мен дерексізденген тұжырымдар бала санасына нақты деректер, мысалдар және бейнелер негізінде жеткізілсе, тез әрі жеңіл қабылданады; олардың мәнін ашуға әрқилы кернекілік түрлерін пайдалану.

               - Кернекілікті тек сурет ретінде қолданбастан, оны мәселелік жағдайларда өзбетінше білім алу көзі ретінде де пайдаланған жен. Бұл оқушылардыңтиімді ізденісжәнезерттеужұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

              -   Көрнекі құралдар сабақта өтіліп жатқан заттар мен құбылыстар жөнінде өте анық және дұрыс ұғымдарды қалыптастыруға жәрдемін беретінін оқу және тәрбие барысын-да есіңізден шығармаңыз.

              - Оқушы бақылаулары жүйелестіріліп, себептер және салдарлармен сәйкестендірілсін.

              -  Көрнекі құралдарды қолдана отырып, алғашқыда балаларды ондағы берілген бейнелерді тұтастай қабылдауға, кейін бастысын және екінші дәрежелілерін өз алдына, содан соң қайталай тұтастыққа келтіруге үйретіңіз.

               - Әртүрлі көрнекілікті пайдаланыңыз, бірақ көрнекі құралдарыңыздың саны шектен асып кетпесін, себебі бұл баланың зейін шашыраңқылығын пайда етіп, негізгі мән-мағынаны қабылдауға кедергі жасайды.

Көрнекілікті пайдалануда оқушылардың сезімдік тәжірибесіне қозғау салыңыз: бұрын қалыптасқан ұғымдарға арқа сүйеуден енді игеріліп жатқан түсініктер көрнекі нақтылыққа келеді.

               -   Балалармен бірге көрнекі құралдар жасауға қатысып тұрыңыз: ең жақсы және әдемі көрнекі құрал - балалардың өз қолдарымен жасағандары.

Өзіңіз жеткілікті білмейтін нәрсені ешуақытта көрсетуші болмаңыз. Көрнекі құралды пайдалануға мұқият дайындалыңыз.

                  - Осы заман көрнекі құралдарын - теледидар, бейнетаспа, экранды құралдарды және т.б. - ғылыми негізде пайдалануға тырысыңыз; оқудың техникалық құралдарын игеріңіз;

                 -  Көрнекі құралдарын пайдалану барысында балаларды зейінділікке, бақылаушылдыққа, ойлау мәдениетіне, құрастыру шығармашылығына, оқуға мүдделі болуға тәрбиелеңіз.

                -  Көрнекілікті өмірмен байланыстырудың бір жолы ретінде пайдаланыңыз.

                 - Оқушылардың жас деңгейі жоғарылаған сайын көрнекілік орнына дерексізденген рәміздік таңбаларды пайдалануға көбірек ден қойыңыз; осыған байланысты мұғалім түсіндіріп жатқан құбылыстарының мәнін олардың болмыстағы нақты бейнесімен сәйкес болуына көңіл бөлгені жөн.

                 -   Есіңізде болсын, көрнекілік - бала психикасына күшті ықпал жасайтын құрал. Егер ол орынсыз немесе жеткілікті түсініспестікпен қолданылса, балалардың ойын басты мәселелерден шеттетіп жіберуі, сонымен бірге көзделген мақсат көрнекі құралдан көмескіленіп қалуы мүмкін.

                 - Көрнекіл ікті шектен тыс қолдану біл імді тереңнен меңгеруге кедергі жасап, дерексіз (абстракт) ой дамуына, жалпы және жалпыланған заңдылықтардың мәнін түсінуде зиян келтіруі мүмкін.

 

2.3  Жүйелілік және бірізділік принципі

             Бұл принцип келесі ғылыми тұжырымдарды негізге алады: қоршаған орта болмысының айқын бедерлері мида нақты бейнеленсе ғана, оқушы шынайы білім топтай алады; ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудың басты тәсілі - белгілі жолмен ұйымдастырылған оқу; ғылыми білімдер жүйесінің бірізділігі оқу материалының ішкі қисынымен және оқушылардың танымдық мүмкіндіктерімен байланысты; жеке элементтерден тұратын оқу үдерісінің тиімді әрі жоғары нәтижеге жетуі ол үдерісте орынсыз үзілістердің, ескерілмей қалған қажетті сәттердің болмауына және бірізділіктің қандай да себептермен бұзылмауына тәуелді. Егер дағдылар тиісті жаттығулармен жүйелі бекімесе, олар көп ұзамай жойылады; егер оқушылар қисынды ойлауға үйретілмесе, олар өздерінің ойлау іс-әрекетінде үлкен қиыншылықтарға кезігеді; егер оқу ісінде жүйелілік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму үдерісі бәсеңдейді.

            Мұғалім қызметінде жүйелілік және бірізділік принципі көптеген ережелерді орындаумен іске асып барады, олардың арасына аса маңыздылары келесідей:

             -     Оқушылардың білімдер жүйесін қалыпты игеруін қамтамасыз ету үшін сұлбаларды, жоспарларды орынды пайдаланыңыз. Оқу материалын қисынды бітімге келген бөліктерге ажыратыңыз, оларды бірізді іске асырып барыңыз, балаларды өзара кезекті оқу әрекеттерін жасауға үйретіңіз.

              - Егер жауабы табылмайтынына не шешімі шықпайтынына көзіңіз жетсе, ондай сұрақтарды немесе мәселелерді сабаққа қойып әуре болмаңыз.

              -   Материалдың мазмұндық, сондай-ақ оқу тәсілдерінің жүйесін бұзуға жол қоймаңыз, ал егер жүйе себепсіз өзгеріске түсе қалса, үлгермеушіліктің алдын алу үшін олқылықтарды түзетуге тырысыңыз.

              - Әрдайым пән аралық байланыстарды пайдаланыңыз. Мазмұндықтұрғыдан.сондай-ақоқуәдістемелеріндебастауыш мектептің барша сыныптар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етіңіз.

                - Оқу әдістемелерінің жетістіктерін пайдаланыңыз: өз оқушыларыңызбен тірек-конспекттер, оқу материалының құрылымды-мәндік сұлбасын түзіңіз, білімдерді игеру барысын жеңілдететін шараларды қолданыңыз. Оқу барысында жүйелі-лік пен бірізділікті қамтамасыз ету үшін бұрын өтілгендерді жиі қайталап отырыңыз және жетілдіріп барыңыз.

                -   Қысқа және қорытынды қайталауларды сабақтың басында немесе ақырында үй тапсырмаларына байланысты қолданып қана қоймай, оларды бүкіл сабақ барысында негізгі мәселеге орай, сонымен бірге жеке мәселелерді баяндаудан соң да пайдалануды ұмытпаңыз. Жаңа материалдарды өтуді күрделендіретін жағдайлардан сақ болыңыз. Сабақ тақырыбына жасанды ендірілген, оған тікелей қатысы жоқ идеялар (білімдік, дамытушы, тәрбиелік) дәріс нәтижесі мен оқу құндылығын кемітеді. Осыны ескере отырып, аса маңызды болған идея-ларды оқу мазмұнына және балалардың мүмкіндіктеріне орай игертуді, оқу-тәрбие үдерісінің жылдық жоспарына ендіруді алдын-ала көздеңіз.

             -   Өтілгендерді қайталау сабақтың басында білім және ептіліктердің игерілу деңгейін анықтау үшін немесе сабақтың ақырында ұсынылған ақпаратты бекіту үшін ғана орындалмай, бұл жұмыс логикалық бітімге келген оқу бөліктерінің әрбірінен соң сабақ барысында іске асып отыруы шарт.

              -   Оқушылардың ой өрнектеу тәсілдері мен формаларын бақылап баруды естен шығармаңыз. Тұрақты әрі үлкен шыдамдылықпен балаларды дербес еңбектенуге үйретіңіз. Тапсырмаларыңыз дербес орындалуда бірте-бірте күрделенетін болсын, сонымен бірге олардың табысты орындалуы үшін мүмкіндіктер жасаңыз. Істі мүмкін болғанша оқушының өзі орындасын, қажет болса, көмек беріңіз.

              -  Оқудан болар жарқын болашаққа оқушылардың сенімін жеткізіңіз.

              - Сезімдік тәжірибе мен тірек білімдерді орынсыз әрі жиі жаңғыртуға әуесқой болмаңыз, жаңа білімдерді игеруге ғана қажеттерін еске түсіріңіз, әркімге белгілі әшейін біліктерді хабарлау үшін өзі де тығыз сабақ уақытын алмаңыз.

            - Жүйені түсіну - логиканы, ал оны қалыптастыру - сезім мен эмоцияны қажет ететінін үмытпаңыз. Оқу көтеріңкі көңіл және шабытпен жүргізілетін болсын, өмір, әдебиеттің жарқын деректерін пайдаланыңыз: ұғымдар түсіндіреді, бейнелер еліктіреді, ынта әрекетке келтіреді.

             -   Бөлім, курс ақырында міндетті түрде жалпылау және жүйелестіру сабақтарын өткізіңіз.

             -  Оқушылардың ауызша жауаптары мен жазба жұмыстарында жіберілген қателерді тұрақты түрде, үлкен шыдам және тілектестікпен жөндеп отырыңыз, балаларды өз қателерін жүйелі талдастыруға үйретіңіз.

             -   Шаршаған балаларды жасанды жолмен еліктірмеңіз. Олардың жаңа әрекетке, соны тапсырмаларға құмарлығын орынды пайдаланыңыз. Оқушылардың ақыл белсенділігін дамыту және қолдау заңдылықтарын ұстаныңыз, ой жұмысында көтеріңкі мезеттермен бірге шаршап-шалдығу да болатынын ұмытпаңыз.

              -   Шектен тыс "айла" қолданып, оқушылардың бірнеше дәрістерде игеретін материалын бір сабақта өтіп, үйретемін деуден аулақ болыңыз.

              - Есіңізде болсын, білім қалыптастырудағы жүйелілік- оны естен шығармаудың бірден-бір кепілі. ¥мытылған білімдер жүйе негізінде тез қалпына келеді, ол болмаған жерде - қайта жаңғырту үдерісі қиындасады.

              - Я.А.Коменскийдің "Барша нәрсе бірізді ажыралмас байланыста жүргізілуі тиіс: бүгінгі кешегімен бекіп, ертеңгіге жол салуы қажет". - деген кеңесін бір де бір есіңізден шығармаңыз.

 

2.4     Беріктік принципі

             Бұл принципте келесідей заңдылықтар анықталған: білім мазмұнын игеру және оқушылардың танымдық күш-қуатының дамуы - оқу үдерісінің бір-біріне байланысқан екі тарапы; игерілген оқу материалының беріктігі ақылға сай жағдаяттарға, яғни бұл материалдың мазмұны мен құрлымына ғана тәуелді болып қоймай, оқушылардың сол пәнге, материалға, мұғалімге деген субъектив қатынастарына да орайлас; игерілген білімнің берік болуы оқуды ұйымдастыруға, әрқилы оқу түрлері мен әдістерін пайдалануға, сондай-ақ оқу мерзіміне байланысты келеді; оқушылар жады тандамалы сипатқа ие: қандай да материал оларды маңыздылығымен қызықтырса, сол материал берік орнығады және ұзақ сақталады.

          Игерілген білімдердің бекуіне жәрдемші оқу іс-әрекетін түсінуден дәстүрлі оқу жүйесіне жаңа ережелерді ендіру мүмкіндіктері ашылды:

               -   Қазіргі заман оқуында ес мүмкіндіктерінен гөрі ойлау қабілеті көбірек іске қосылады. Сондықтан аса қажетті болмаған білімдік материалдарды жаттауға сарп етпей, балалардың күш-қуатын үнемдеңіз, ес жүктемесін ойлау әрекетіне кедергі болар дәрежеде арттырмаңыз.

              - Қате қабылданған немесе түсініксіз материалдардың есте бекуіне жол қоймаңыз. Бала әр уақыт саналы игерілген және түсінген білімін ғана есте сақтайтын болсын.

                -   Қосалқы сипатқа ие материалды жаттаудан балаларды құтқару үшін, оларды әрқилы анықтама кітаптарымен, сөздіктермен, әмбебап ақпарат құралдарымен пайдалануға үйретіңіз.

               - Есте сақтауға қажет материал қысқа да нұсқа болуы тиіс. Оқушының өзі ойланып, жеңіл есіне келтіретіндерінің бәрін жатталатын материалдар қатарынан шығарып тастаңыз.

              -  Есіңізде болсын, өтілгенді ұмыту үдерісі оқу жұмысы біткен бойда қарқынды жүреді, сондықтан қайталаулар уақыты мен жиілігі ұмытудың психологиялық заңдылықтарымен сәйкестендірілуі қажет.

              -  Қайталаулар жиілігі оқушының ұмыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Қайталаулардың көбі жаңа материалдың өтілу ізімен, яғни ақпараттың ең көп жойылатын мезетінде ұйымдастырылып, ал кейін бұл бекіту жүмыстары бірте-бірте кемиді, бірақ толық тоқтатылмайды.

            - Оқушыларды өз мүмкіндіктеріне сәйкес күш салып, жұмыс істеуге үйретіңіз. Еріншектікке жол бермей, тиімді іс-әрекет желісін қалыптастырыңыз.

            -  Алдын-ала оқу үдерісіне аса қажет екі сапаны - қызығу мен ұнамды қатынас қалыптастырмай, жаңа материал өтуді бастамаңыз.

            - Оқу материалын ұсынуға назар салуды ұмытпаңыз. Өзара қисынды байланыстағы білімдер мен нанымдар жеке-дара, тұтастығы жоқ ақпараттарға қарағанда, берік игеріледі.

           - Оқу қарқыны төмендегенін байқаудан, кейін қалдырмастан оның себебін анықтаңыз. Бұл жағдайдағы себептер түрі келесідей болуы мүмкін: оқу барысына қызығушылықтың болмауы және шаршау. Оларды қайта қалпына келтірудің жолдарын іздестіріңіз. Оқу барысын жасанды жолмен жеделдетпеңіз.

             - Оқушылардың ырықты зейінін аса жүктемеңіз; тікелей тап-сырмалар және көрсетпе беруге құштар болмаңыз. Балаларды өз кеңестеріңізді тыңдап, құлақ салуға үйретіңіз. Оларды өте қызықтырған жәйттер жөнінде ұстамдылықпен әңгімелеңіз. Сабақта балаларды оқу жұмысына еліктіргендей материалдарды байыппен пайдаланыңыз. Кезекті тәрбие "уағызының" орнына - әзіл, ертегі, өнеге хадистер, аңыз-әңгімелер пайдаланыңыз. Балалар сізді түсінері сөзсіз.

              - Оқушылардың бірін-бірі оқыту жүйесін кең пайдаланыңыз, әрі оны үлкен ептілікпен бағдарлап барыңыз. Мұғалім ұзақ уақытын сарп етіп, қалыптастыра алмаған баланың кейбір қасиеттері осы бірін-бірі оқытуда кенеттен жеңіл әрі жылдам пайда болады.

               - Оқушылардың жадықа білетін дамытыңыз есте қалдыруды жеңілдетуші әрқилы тәсілдерді пайдалануға үйретіңіз.

Информация о работе Қазіргі мектептегі оқыту принциптері