Адам даму индикаторы АДИ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 09:45, реферат

Краткое описание

Aдам Даму Индексі (АДИ) адамдардың дамуы бойынша мемлекеттерді салыстыратын индекс. Ол бойынша мемлекеттің даму дамымағандығы өлшенеді. Көбінесе АДИ индексіне қарап мемлекеттерді дамыған, дамушы және дамымаған болып бөледі.
АДИ адамның өмір ұзақтығын, білімін, әріп тану және адам басына шаққандағы ЖІӨ өлшемдерін біріктіреді. Индекс адамның жалпы даму деңгейін көрсетеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы АДИ-дың даму деңгейін адамдардың таңдау қыбілеті, білім алу мүмкіншіліктері, денсаулық сақтауға арналған, табыс табу мен жұмыс жағдайлары сияқты факторларды есепке алатын үрдіс деп атайды.
АДИ үш басты қағидалардан тұрады:
• Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді
• Білім деңгейі мен білім бері жүйесі
• Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді
Бұл адам даму индексіне қарасты алдер тізімі. 2011 жылдың желтоқсанның 18 шыққан тізім 2009 жылдағы статистикалық мәліметтер негізінде құрастырылған. Тізім 177 елден құралған.
Елдер АДИ негізінде үш кең категорияға бөлінеді: жоғары, орташа және төмен адам дамуы. 2011 жылдың 18 желтоқсанында жаңа тізбек шықты. Халық арасында статистикалық жаңарту деп аталып кеткен тізбе осы жолы қосымша түіндірмесіз шыққан. Жаңарған тізбек аларман қабілет тепетендігінің (АҚТ) жаңадан шыққанына байланысты басылды. [1] Осы жаңарған тізбекте Қазақстан бірнеше қадам көтеріліп, АДИ индексіне сәйкес орташа дамыған елдері арасынан жоғары дамыған елдері қатарына қосылды.
Даму индикаторлары
Адам дамуының интегралдық көрсеткіштері
1987 жылы БҰҰ-ның дамуды жоспарлау жөніндегі комитеті құрылымдық қайта құрудың адам шығынын 1988 жылғы өз баяндамасында қарауға шешім қабылдады. Осы баяндаманы дайындау кезінде М.Уль-Хаканың басшылығымен жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін «Адам әлеуетінің дамуы: даму стратегиясының ұмытылған өлшемі» деген тақырыппен жарияланған баяндаманың жобасы түрінде К. Гриффин дайындаған еді. Кейін К. Гриффин Джон Найтпен (Griffin K. and Knight J.) бірге жұмыстың нәтижелерін 1989 жылы «Дамуды жоспарлау журналының» арнайы нөмерінде басып шығарды және 1990 жылы кітап түрінде қайта басып шығарды. Бұл жұмыстар адамның дамуына тұжырымдамалық тәсілдеменің негізіне жатқызылды.
Адам әлеуетінің дамуын қазіргі заманға сай ұғынуға принципті әсерін 1989 жылы «Мүмкіндіктерді кеңейту ретінде дамыту» жұмысын жариялаған экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Амартьи Сеннің (Sen A.) теоретикалық әзірлемесі көрсетті. Сен даму процесін материалдық немесе экономикалық әл-ауқатты көтеру ретінде емес, адамның «мүмкіндіктерін» кеңейту процесі, яғни ұзақ өмір сүру мен салауатты өмір салты мүмкіндіктері, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігі, көп жұмыс жасау мүмкіндігі және тағысын-тағылар ретінде қарады. Бұл ретте мүмкіндікті кеңейту процесі адамның таңдау еркіндігін кеңейтуге байланысты. Сонымен адам дамуының тұжырымдамасы экономикалық дамудың

Файлы: 1 файл