1.1 Аудиторлық тәуекелділік түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 19:08, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Әміршілік – әкімшілік жүйеде кеңінен тараған қоғамдық мүлікті талан – таражға салу нарықтық экономиканың ажырамас атрибуты болып табылатын іскерлік және ұқыптылықпен орын алмастырды.
Қазақстан нарықтық қатынастардың еңгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылырдың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді.
Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми – техникалық саясат, маңызды теориялық және іс – тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік – экоомикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде.
Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейкестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.
Аудит ең алдымен меншік иелерінің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатымен жүзеге асырылады. Ол бухгалтерлік салықтық есеп берулерде көрсетілген ақпарат растығына бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Аудиттің басты мақсаты шаруашылық субъектілерінің активтерінің міндеттемелерінің меншіктік құралдар кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелерін есеп беруде толық рас түрде және дәл көрсетілуіне объективті баға беру. Кәсіпорында қабылданған есеп саясатының қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілеріне сәйкестігін тексеру. Аудитте объективті себеп-салдарға байланысты қате қорытынды берудің ішкі тәуекелі бар.
Аудиторлық тәуекел - аудитор байқамаған қателіктер мен оқылық болуна қарамастан сыртқы есеп деректерінің толықтай рас екендігі туралы қорытынды беру арқылы өзіне алатын қауіп. Аудиторлық қауіп аудитті жоспарлау мен жүргізуде сонымен бірге орындалған процедуралар нәтижесін бағалау кезінде пайдаланады. Аудиторлық қауіп аудитор жоспарлау кезінде де іс-әрекеттерді қорытындылағанда ескеріледі.
Курстық жұмысты орындаудағы негізгі мақсат аудиторлық тәуекелдің мәнін ашып, оның түрлеріне толық сипаттама беріп, аудиторлық тәуекелдің аудитор жұмысындағы маңыздылығын ашып көрсету болып табылады.

Оглавление

Кіріспе.

1. АУДИТОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІЛІК ТҮСІНІГІ
1.1 Аудиторлық тәуекелділік түсінігі
1.2 Аудиторлық тәуекелділік және оның компоненттері

2. АУДИТОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДІЛІК ТҮРЛЕРІ
2.1 Бөлінбейтін тәуекелділік
2.2 Бақылау тәуекелділігі
2.3 Айқындамау тәуекелдігі
2.4 Маңыздылық деңгейі мен аудиторлық тәуекелдікті бағалау

Файлы: 1 файл