АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 08:57, курсовая работа

Краткое описание

Дүние жүзінде қолданылып жүрген Қонституциялардың ішіндегi ең ежелгісі — АҚШ Конституциясы өкіметiтің Федералдық құрылысын бекітті, оның үш тармағын жасап, олардың әрқайсысына басқалар жөніндегі өкілеттік билігін («баланстар мен шектеулер» жүйесін) белгіледі. Конституция олардың құқықтары мен міндеттері белгілеп беріп, қалған құқықтарды штаттардың үкіметіне қалдырды. Конституцияға бірнеше рет түзетулер еңгізіліп, ол өзгеріп отырған қоғам өмірінің талаптарымен сәйкестенді, алайда ол бұрынғыша «елдің ең жоғарі заңы» ретінде қалып отыр. Барлық үкімет және билік құрылымдары — федералдық деңгейде, штаттар мен муниципалиттерде конституцияның негізгі қағидаларын сәйкес жұмыс істеуге тиіс.

Оглавление

КІРІСПЕ...................................................................................................................

1 Территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың теориялық негіздері............................................
1.1 Территориалды басқарудың мазмұны мен мәні................................5
1.2 Муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу қағидалары және
ерекшеліктері...............................................................................................11
1.3Территориялық басқару жүйесі. «Жергілікті басқару» және «жергілікті өзін-өзі басқару» категориялары
2 АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері....................
2.1 АҚШ-тың жергілікті жерлердегі территориялық басқарудың ерекшеліктері..............................................................................................15
АҚШ-та муниципалды менеджменттің ұйымдастырылу барысын талдау.............................................................................................................17

АҚШ менеджментіндегі стратегиялық ерекшелігі,территориялдық бөлініс
пен басқарудың жағымды әрі жағымсыз жақтары.........................................
3.1 АҚШ территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың тиімділігі,басқа елдерге ықпалы мен әсері................................




ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................................

Файлы: 1 файл

курсовая мун мен.docx

— 253.71 Кб (Скачать)

Америкадағы барлық билік  ету деңгейлері арқылы өтетін байланыстырушы желі барлық саяси қайраткерлердің, ресми адамдардың, мекемелер мен  үкімет топтарының «есеп беретіндігі» болып табылады.

Бұл қылмыстар, өрттер, үйлену тойлары мен ажырасулар, сот тыңдаулары, меншікке салынатын салықтар және т. б. жөніндегі ақпараттар мен мағлұматтараы  жұртшылық ашық біледі деген сөз. Бір шағын қалада жаңа мектеп салатын  болса немесе полиция үшін жаңа автомобиль сатып алатын болса, онда жергілікті газеттер олардың құны туралы және қандай компания қандай бағаға ұсыныс жасағаны туралы хабар жарияланады. Кейбір қалаларда қалалық кеңестердің  мәжілістері тікелей радио арқылы беріледі.

Әдетте, американың кез келген деңгейдегі саяси қайраткері қоғамдық пікірге зор көңіл бөледі. Қатардағы  азаматтар өздеріне қатысты шешімдерді кабылдауға белсенді түрде және тікелей  атсалысады. Кейбір, Калифорния сияқты штаттарда азаматтар штатта өтетіп сайлауларға ұсыныс жасай алады. Ол ұсыныс сайлау бюллетеніне жазылады. Егер ұсыныс сайлаушылардан қолдау тапса, ол заң ретінде кабылданады. Америка  демократиясының бұл «төменнен  бастау алатын» ерекшелігі Жаңа Англия штаттарындағы қалалық жиналыстарда да немесе мектеп кеңестерінің ашық тыңдауларында  да көрініс тауып отыр.

Жоғарыда айтылғандарды  корыта келе, Американын үкіметтік  мекемелер жүйесі әр алуан деп  тұжырым жасауға болады. Бұл жүйе халықтың мұқтажы мен қажетін  жергілікті деңгейде шешуге тырысады, ал конституция Американың бүкіл  аумағындағы әрбір азаматтың  негізгі қүқықтарына кепілдік береді. Бұл, мысалы, азаматтардың кұкықтары  жолындағы қозғалыс пен нәсіліне, тұрылықты жеріне немесе штаттардың сайлау заңдарына қарамастан барлық американдықтардың тең құқығы жолындағы күрес үшін маңызды болды. Демек, штаттардың үкіметтері өз аумақтарындағы сайлауларға және ұлттық сайлауларға тіркеу тәртібіне бақылау жасағандарымен олар жеке адамның конституциялық кұқына қайшы келетін заңдар шығара алмайды.

Қонгресс федералдық үкіметтің  заңдылық тармағы болып табылады, ол сенаттан және өкілдер палатасынан  тұрады. Әр штаттан екі сенатордан сайланады, олар 100-ге жуық. Сенаторлардың  үштен бірі әр екі жыл сайын 6 жылға  қайта сайланады. Сенаторлар штаттың  барлық  халқының және оның мүддесін білдіреді.

Өкілдер палатасына 435 адам мүше. Олар әр екі жыл сайын екі  кезеңге сайланады және конгрестің сайлауы өткізілген округтер халқының өкілі болып табылады. Әр штат екі  округке бөлінген. Штат өкілдерінің  саны оньщі халқының санына қарай  анықталады. Мысалы, Калифорния бұл  — халқы ең көп штат, 52 өкілі  бар, ал Делавэр штаты болса онын өкілі біреу-ақ. Сенатордың немесе өкілдің  екінші рет сайлану мүмкіндігіне шек қойылмайды.

Іс жүзінде Құрама Штаттарындағы  барлық сайлаулар «жеңіскерге бәрі тиесілі» деген принципке негізделген. Яғни жеңіске жету үшін сайлау округінен  ен көп дауыс алсаң жеткілікті.

Конгресс елдің барлық заңын қабылдайды және оның әр палатасының  заңдық инициатива жасауға құқы бар. Әр палата басқа палата мақұлдаған заңдарға қарсы дауыс та бере алады. Өйткені заң жобасы оны екі  палатада да мақұлдаған жағдайда күшіне енеді, бұл жағдайда олардың арасында ымыраға келудің болуы қажетті  нәрсе. Конгресс салық салу жөнінде  шешім қабылдайды және қаржынын, қалайша  жұмсалатынын белгілеп береді. Сонымен  қатар ол штаттар мен шетелдер арасындағы сауданы реттеп отырады. Қонгресс сондай-ақ шетелдіктерді американ азаматтығына алу тәртібін белгілейді.

Құрама Штаттардың президенті әр төрт жыл сайын екі толық  мерзімнен аспайтын уақытқа сайланады. Сенаторлар мен өкілдер сияқты ол да тура дауыс беру жолымен сайланады (штаттардағы сайлаушылардың  коллегиясы арқылы). Басқаша айтқанда, президент  барлық кезде бірдей конгрестегі  көпшілікке ие болып отырған саяси  партиядан ұсыныла бермейді. Егер партиялардың бірі әр екі жылда өткізілетін  аралық сайлаулардьщ барысында аталған  көпшілікті жеңіп алса да және президенттің партиясы екі палатада көпшіліктен  айырылып қалған жағдайда да президент  өзінің қызмет орнында қала береді.  Мұндай вариант — президенттің ол ұсынған заң жобалары конгрестен өтуі кезінде өз дегеніне жету, бірақ  барлық кезде бұлай бола бермейді. Қандай жағдайда да президенті жүргізетін саясат ол заңдық күшіне ие болғанға  дейін өкілдер палаталары мен  сенаттың Қолдауына ие болуға тиіс.

Ішкі істерде де, сыртқы саясат мәселелерінде де президенттің, тіпті оның партиясы екі палатада да көпшілік орынға ие болып отырса да, бірден конгрестің қолдауына ие бола қоюы сирек кездесетін жағдай. Ол өзінің көзқарасының дұрыс екеніне  өкілдер мен сенаторлардың көзін  жеткізуге, келісім мен ымыраға  келуге жол іздеуге тиіс. Американдық  жүйенің мемлекет басшысы партияның  немесе көпшілік партиясының өкілі  болып табылатын парламенттік жүйеден  негізгі өзгешелігі міне осы. АҚШ-тың  атқарушы өкіметінің шеңберінде бірқатар департаменттер жұмыс істейдi. Қазіргі кезде бір мемлекеттік департамент және қорғаныс, қаржы, заң, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, сауда, еңбек, денсаулық сақтау және адам ресурстары, тұрғын үй және қаланы өркендету, транспорт, энергетика және білім беру департаменттері. Әрбір департаментті құру туралы шешім заң негізінде қабылданады.

Ал олардың атаулары сол  департаменттердің қызмет саласын  көрсетеді. Әрбір департаменттің басшысын президент тағайындайды, ал бұл тағайындауды сенат бекітуге тиіс.

Тағайындалған хатшылардың  бірде-бірі (әдетте департамент басшысын осылай атайды) өзінің қызметін конгрестегі  немесе басқа да мемлекеттік органдағы  қызметтермен қосып атқара алмайды. Олар тікелей президентке бағынады және өзінің қызметін президент белгілеген мерзімде атқара алады. Яғни департаменттің хатшылары мемлекет басшысының оның «кабинетін» құрайтын көмекшілері  мен кеңесшілері болып табылады. Бір президенттер шешім қабылдаған кезде өзінің кабинетіне жиі арқа сүйейді, ал екіншілері анда-санда болмаса, оған көңіл де бөлмейді.

Мемлекетте үшінші билік  заңдық (конгресс) және атқарушы (президент) биліктерге қосымша федералдық сот  жүйесі болып табылады. Оның негізгі  құралы — АҚШ-тың жоғарғы соты — қалған екі билікті қадағалау  қызметін атқарады.

Ол аталған биліктердің  заңдары мен актілері конституцияға  қаншалықты дәрежеде сәйкес келетінін  шешеді. Конгресс судьялардың санын  белгілей алады, бірақ ол жоғары сотқа  конституция берген өкілетті өзгерте  алмайды. Жоғарғы сот бас судьядан және сот мүшелерінен тұрады. Оларды президент сайлайды, бірақ сенат  мақүлдауы керек. Алайда, бекітілгендер  өз қызметін дүниеден өткенше атқарады. Жоғарғы соттьщ шешімі жөнінде қандай да бір сотқа шағым жасалынбайды. Президент те, конгресс те жоғарғы  соттың шешімін өзгерте алмайды. Бұған қосымша конгресс 11 федералдық апелляциялық сотты ал олардың қарамағында 91 федералдық округтік сотты құрды.

Жоғарғы сот тікелей юрисдикция құқына екі жағдайда ие болады: іс шетелдік дипломаттарға қатысты болған жағдайда және тараптардын, бір мемлекет болған кезде. Жоғарғы сотқа түскен барлық басқа сот істері төменгі инстанциядағы соттарда тыңдалған істер жөніндегі апелляция болып табылады. Жоғарғы сот олардық қайсысы тыңдауға қабылданатынын белгілейді. Көпшілік істер конституцияны түсіндірумен байланысты болады. Жоғарғы сот, сондай-ақ соттық қайта қарау құқына да ие, яғни оның федералдық, штат ішіндегі және жергілікті үкіметтердің заңдары мен шараларын конститу-циялық емес деп жариялауға құқы бар. Конституцияда айтылмағанымен, бұл ереже кейіннен бекітілді.

Конституция қызметтері айқын  ажыратылып көрсетілген үш билік  тармағын қалыптастыруды көздейді. Олардың  әр қайсысына берілген өкілеттіктер қалған екеуінің өкілеттіктерімен теңдестірілген. Әр билік басқаларды шектеп отырады, олардың шектен тыс күшейіп, өзінің жағдайын пайдалануына жол бермейді. Схемада олар қалай өзара жұмыс істейтіні және бір-біріне қалай тәуелді екені көрсетілген.

Конгрестің заңдарды қабылдауға өкілеттілігі бар, бірақ президент  конгрестің кез келген әрекетіне  вето қоя алады. Конгресс, өз кезегінде, әр палатанық үштен екі дауысымен  бұл ветоны жоюға, сондай-ақ президентке  ол сұраған қаржыландыруды беруден  бас тартуға құқысы бар.

Президент үкіметтегі маңызды  қызметтерге лауазымды адамдарды  тағайындайды, бірақ бұл тағайындауларды  сенат қолдауға тиіс. Соттар конгрестің барлық заң актілері мен президент  әрекетінін конституциялығын анықтайды  және конституциялық еместерін алып тастайды.

 

 

3 АҚШ менеджментіндегі стратегиялық  ерекшелігі,территориялдық бөлініс пен басқарудың жағымды әрі жағымсыз жақтары.

 

3.1 АҚШ территориалды басқару және муниципалды менеджментті ұйыдастырудың тиімділігі,басқа елдерге ықпалы мен әсері

АҚШ-ғы муниципалды басқару  органдарының соқтығатын проблемалар  басқа елдердегі муниципалды  басқару мәселелерімен ұқсас.Ондай  мәселелер қатарына:қаржыландырудың  жетіспеуі,жетілдірілмеген муниципалдық басқару жүйесі және бай қалалармен кедей қалалар арасындағы қиын қарым  қатынастар жатады.

АҚШ конституциясында муниципалды басқару жөнінде нақты анықтайтын белгілі заңдар қарастырылмаған.Муниципалдық жергілікті деңгейде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәжірибелік қолдану жағынан  АҚШ тәжірибесі қызығырақ болып  табылады, мұнда соңғы елу жыл  ағымында НББ тұжырымдамасының әртүрлі  модификациялары қолданылды және олар бұл саланың айтарлықтай басшылары  болып есептеледі. НББ-ді енгізу реформасының әр кезеңінде, Гувер комиссиясының  өткен жүзжылдықтың 40-шы жылдар соңындағы  АҚШ үкіметінің жұмысын қайта  ұйымдастыру аумағындағы жаңалықтарынан бастап, АҚШ-тың «Мемлекеттік мекемелер  қызметтерінің нәтижелерін бағалау  туралы» (1993 ж.) және «Теңестірілген бюджет туралы» (1997 ж.) заңдары сияқты кейінгі  ұсынымдарына дейін, мемлекеттік қаржыларды шығындауды нәтижелермен байланыстыратын  ерекше тәртіптер бекітілген.

АҚШ-тағы бағдарламалық-мақсатты бюджеттеуді қолданудың тәжірибесі мен тұжырымдамасы дамуының келесідей  кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1) Бағдарламалық-мақсаттық  бюджет (Performance Budget – PB, 1949-1962

Бұл жүйе негізгі акцентті мемлекеттік ресурстарды шығындаудан  нәтижеге жетуге бағытталған мемлекеттік  функциялардың орындалуына, қызметтердің іске асырылуына ауыстыруды көздеген. Федералдық бюджет мемлекеттік саясаттың  мақсаттарын шығындармен байланыстыратын  саяси құжат ретінде болған. Ол сонымен қатар тек шығындар бөлігіндегі шығыстар құрылымын (еңбек ақы, тауарлар сатып алу, үй-ғимараттарын жалға алу және т.б.) ғана емес бағдарламаны жүзеге асырудан немесе нақтылы мемлекеттік функцияны атқарудан күтілетін нәтижені сипаттады. Бірақ «Performance Budget»-тің күмәнсіз табысына қарамастан бюджеттік бағдарламаларды шығыстармен баламалы түрде байланыстыру мүмкіндігі болмады. Бұған себеп болғанның бірі басқару және басқа да жанама шығыстардың бюджеттік сыныптамада бейнеленуі мен бағдарламаларды басқаруды ұйымдастырудың бірыңғай принциптерінің жасалмауы болды.

2) «жоспарлау – бағдарламалау  – бюджеттеу» жүйесі (Planning – Programming – Budgeting System - PPBS, 1962-1971)

PPBS-ке өтудің негізгі себептерінің бірі бәсекелес бағдарламалар арасында бюджеттік ақша бөлу мен шығыс қажеттіліктерін анықтаудағы қателіктерге алып келген бюджеттік жоспарлау процесінің шамадан тыс орталықсыздандыруы болып табылады. PPBS қойылған міндеттемелерді орындаудың ұқсас амалдарын салыстыруға және ең жақсысын таңдауға мүмкіндік берді.  Бұл үшін әрбір федералдық министрлік (ведомство) өздері орындайтын қызметтердің  барлық түрлерін талдау, бұл қызмет түрлерін белгілі бір әлеуметтік мәні бар мақсаттарға жетуге бағдарланған бағдарламаларға топтастыру, мақсатқа жетуге апаратын міндеттердің немесе іс-шаралардың иерархиясын тұрғызу, бұл иерархияны базалық элементтерге дейін жеткізуге тиіс. Сонымен қатар болашақта бағдарламаларды іске асырудың толық құнын бағалау үшін бағдарламаның әрбір элементтерін орындау шығындарын бағалау қажет болды.

3) Мақсаттар бойынша басқару  (Management by Objectives - MBO, 1972- 1975)

Бизнес саласынан алынған  бұл әдіс мақсаттарды таңдау кезінде оларға жету құралын таңдау мәселесінде орталықсыздандырудан орталықтандыруды қарастырды. Негізгі белгісі ұйым алдына қойылған мақсаттарға жетуде министрліктің барлық қызметкерлерінің жауапкершіліктері деңгейінің күшейтілгендігі болып табылады. Ең бірінші рет MBO шеңберінде қол жеткен нәтижелердің әлеуметтік маңыздылығын бағалауға талпыныс жасалды. Осыған байланысты айта кететін жағдай НББ-ді енгізудегі басты қиыншылықтардың бірі мемлекеттік шығындар тиімділігінің әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер жүйесін құру болып табылды.

4) Бюджетті нөлден бастап  жоспарлау (Zero-Based Budgeting - ZBB, 1977-198)  

Федералды бюджеттің айтарлықтай  тапшылығы мен ұзақ мерзімді міндеттемелер  жағдайында АҚШ Президенті Картер министрліктер  басшыларын 1979 жылы бюджеттік өтініштерді  даярлау үшін ZBB пайдалануды міндеттеді. Бюджетті нөлдік негізде жасау кезеңнен кезеңге өтетін артық шығындарды айқындауға және жоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін министрліктер мен ведомствалар әрбір бекітілген мақсаттарға жету үшін деңгейлері әртүрлі шығыстар көрсетілген бірнеше бағдарлама ұсынулары керек болды. Сондай-ақ олардың кем дегенде біреуінде шығындар ағымдағы деңгейден төмен болуы керек, яғни мақсатқа қол жеткізудің неғұрлым арзан әдісін табу керек.

5) Нәтижелерге негізделген  бюджеттеу (Performance-Base Budgeting – PBB, 1993-1999

АҚШ-тың 1993 жылы қабылданған Government Performance Results Act» (GPRA) - «Мемлекеттік мекемелер қызметтерінің нәтижелерін  бағалау туралы» заңы бюджеттік  шығыстардың мемлекеттік саясатының негізгі мақсаттары мен осы мақсаттарға  жету жолдарын анықтады. Осы арқылы бұл құжатта бағдарламалық-мақсаттық  жүйе, НББ жүйесі заңды түрде бекітілген деп көрсетуге болады. GPRA мақсаты  – шешім қабылдағанда және есептерді  құрағанда басты назарды бөлінген субсидиялар немесе жүргізілген  тексерулер саны сияқты министрліктер  мен ведомствалардың көлемді  көрсеткіштерін өсіруге емес, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін жоғарылату, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың қажеттіліктерін толық  қанағаттандыру сияқты қызметтерінің  нәтижелеріне аудару керек.

Информация о работе АҚШ-тың территориалды басқару қызметінің ерекшеліктері