Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметінталдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 18:40, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның тақырыбын «Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметін талдау»қазіргі уақытта қай ел болмасын бағалы қағаздармен жұмыс істейді.
Курстық жұмысымды үш негізгі бөлімдерге бөліп қарастырдым.
Бірінші бөлімде, бағалы қағаздар нарығын қарастырдым, оның пайда болуын, маңызын, кәсіби қатысушыларын қарастырдым.
Екінші негізгі бөлімде Қазақстан Республикасына талдау жүргіздім, яғни бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылардың қызметіне талдау жасадым.

Оглавление

Кіріспе...............................................................................................................3 бет.

1. Бағалы қағаздарнарығының кәсіби қатысушылары
1.1.Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі, маңызы........................5 бет.
1.2.Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары...................7 бет.
1.3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қызметінің заңнамалық негіздері........................................................................................8 бет
2.Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларның қызметіне талдау
2.1. Қазақстан Республикасының бағалы қағадар нарығының қалыптасуы және дамуы............................................................. ........12 бет
2.2. Бағалы қағаздар нарығының қазіргі уақыттағы жағдайын талдау
2.3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысуышлардың қызметіне талдау
3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін жетілдіру


Қорытынды.....................................................................................................30 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................32 бет.

Файлы: 1 файл

моя курсоваммя.doc

— 622.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

 

Экономикалық  факультет

 

Қаржы және несие кафедрасы

 

 

Курстық жұмыс

 

 

Тақырыбы: «Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметінталдау»

 

 

 

Орындаған: Фс-09қ тобының

студенті Нургожина Ж.Ш.

Тексерен: оқытушы Бақтыбаева Д.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Петропавл, 2012

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе...............................................................................................................3 бет. 

 

1. Бағалы қағаздарнарығының кәсіби қатысушылары

1.1.Бағалы қағаздар нарығы, оның қызметі, маңызы........................5 бет.

1.2.Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары...................7 бет.

1.3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қызметінің заңнамалық негіздері........................................................................................8 бет

2.Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларның қызметіне талдау

2.1. Қазақстан Республикасының бағалы қағадар нарығының қалыптасуы және дамуы............................................................. ........12  бет

2.2. Бағалы қағаздар нарығының қазіргі уақыттағы жағдайын талдау

2.3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысуышлардың қызметіне талдау

3.  Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін жетілдіру

 

 

Қорытынды.....................................................................................................30 бет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................32 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

           Курстық жұмысымның тақырыбын «Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметін талдау»қазіргі уақытта қай ел болмасын бағалы қағаздармен жұмыс істейді.

Курстық жұмысымды үш негізгі бөлімдерге бөліп қарастырдым.

Бірінші бөлімде, бағалы қағаздар нарығын қарастырдым, оның пайда болуын, маңызын, кәсіби қатысушыларын  қарастырдым.

Екінші негізгі бөлімде  Қазақстан Республикасына талдау жүргіздім, яғни бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қатысушылардың қызметіне талдау жасадым.

       Үшінші  бөлім бағалы қағаздар нарығының  қызметін жетілдіру жолдарын  қарастырдым.

 

      

 Бағалы қағаз нарығы  қаржы нарығының негізгі құрамдас  бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.

Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.

ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.

Жоғарыдағы факторларды  ескере отырып, бағалы қағаздар нарығы, оның мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі, таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.      

Бағалы қағаздар нарығы бойынша  шетелдік, ресейлік, қазақстандық ғалымдардың көптеген ғылыми еңбектері  бар. Бағалы қағаздар нарығы, оның қатысушылары, бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмі ресейлік ғалымдар А.А. Галанов, Я. Миркин, Е.Ф. Жуков, М.В. Романовский, Т.С.Селеванова, Б.Б. Рубцов еңбектерінде көрініс тапты. Шетелдік экономистер Д. Кидуэлл, Э. Найман бағалы қағаздар нарығы және шетелдік бағалы қағаздар нарығының даму сипатын көрсетті.

Шетелдік және ресейлік экономистермен қатар, көптеген қазақстандық ғалымдардың да бағалы қағаздар нарығы бойынша ғылыми еңбектері аз емес. Бағалы қағаздар нарығының негізгі теориялық және тәжірибелік тұстарын зерттеуде Г.Т. Абдрахманова, У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Э. Рузиева, Б.А. Көшенова, А.А. Ильясов, А.А. Адамбекова, А.А. Арыстанов, Г.Н. Шалгимбаева, Г.С. Сейтқасымов ғалымдардың  еңбектері қарастырылды.

Бағалы қағаздар нарығы тұтастай механизмнен тұратындықтан, оның элементтері, қаржы саясатының және мемлекеттік қаржылық реттеудің жағдайларына көңіл аудару қажеттілігі туындады. Қаржылық жүйе, қаржылық механизм, мемлекеттік қаржылық реттеудің негіздері, қаржы бойынша мәселелер және оларды шешу жолдары көптеген қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, В.Д. Ли, М.Х. Түсеева, С.Ш. Әуелбаев, К.Ж. Бертаева, В.Д. Мельников, С. Құлпыбаев, Д.А. Шыныбеков, Ж.М. Елубаева, Р.О. Смагулова ғылыми еңбектері жатқызылады.    

Аталған мәселелердің маңыздылығы  мен тақырыптың осы күнге дейін толыққанды зерттелмегендігі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, оның мақсаты мен міндеттерін айқындауға мүмкіндік берді.

Зерттеудің мақсаты  ретінде Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының теориялық-әдістемелік  және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, бағалы қағаздар нарығының даму бағыттарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдында келесідей міндеттер анықталған:  

- бағалы қағаздар нарығының теориялық пен тәжірибелік мазмұнын қарастыру;

- әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарықтарының үлгілерін, оны құрушы факторларды зерттеу;

- бағалы қағаздар нарығының  дамуы жағдайында Қазақстанда  мемлекеттік реттеудің сипатын  айқындау;

- ҚР эмиссиялық бағалы  қағаздар нарығының жағдайына  талдау жүргізу;

- ҚР бағалы қағаздар нарығындағы қатысушылардың өзара байланысының механизмін және олардың қызметіне бағалау жүргізу;

- бағалы қағаздар нарығының  даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру. 

 

       

1. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысуышлары

 

1.1. Бағалы қағаздар нарығы, онық қызметі, маңызы.

Бүкіл дүниежүзінде нарық тауар өндірушілер арасындағы байланыс түрі болып табылады. Оның негізінде еңбекті бөлуге және өндіріс құралдарына меншік нысандарына байланысты экономикалық қатынастар жатыр. “Нарықтың” ең қарапайым анықтамасы – сауда өтіп жатқан орын немесе жағдай. Нарықтық тетіктің негізгі элементтері: баға, сұраныс, ұсыныс. Құнды қағаздар нарығы (ҚҚН) барлық басқа нарықтардан ерекшеленеді, өйткені, оның ерекше тауары құнды қағаз болып табылады. 
Бағалы қағаздардың тауарлардан айырмашылығы – олар тұтыну үшін жасалмайды. Ол тек айналыста болу саласында өмір сүреді әрі ол көбірек айналыста болған сайын (алып-сатылған сайын) бағалы қағаздар нарығының қатысушылары үшін үлкен құндылыққа ие болады.  
Бағалы қағаздар нарығы үш бөліктен тұрады, олардан кез келген әлеуметтік қатынастар қалыптасады. Оларға мыналар жатады: 
1. Бағалы қағаздар немесе нарық объектілері. 
2. Нарыққа қатысушылар немесе оның субъектілері. 
3. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекеттері немесе олардың арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастар. 
Құнды қағаздар нарығының нысаны – бағалы қағаздар. 
Қазақстандық заңнамаға сәйкес құнды қағаз – бұл мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. Оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалған акциялар, облигациялар және құнды қағаздардың өзге де түрлері жатады. Заңнамада бағалы қағаз (туынды бағалы қағаздарды қоса) қаржы құралдары түрлерінің бірі ретінде белгіленген. 
Қазақстандық құнды қағаздар нарығында акциялар мен облигациялар басым.  
Акция – акционерлік қоғам тарапынан шығарылатын және акционерлік қоғамның басқаруына қатысуға таратылған кезде ол бойынша дивиденд және акционерлік қоғам мүлкінің бөлігін алуға құқығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. 
Облигация – мемлекет немесе кәсіпорын олардың иелеріне белгіленген кірісті алуға құқық беретін, беріліп отырған заем туралы борыштық міндеттеме ретінде шығаратын бағалы қағаз. 
“Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біздің елде “пай” деп аталатын бағалы қағаздың шығарылымына рұқсат етіледі.  
Пай – бұл инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз.  
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары кәсіби емес қатысушылар (ҚР кез келген азаматы) немесе эмитенттер және инвесторлар, кәсіби қатысушылар және нарықты реттейтін органдар болып табылады. 
Эмитенттер бағалы қағаздарды айналысқа шығарады. Ең көп тараған жағдайда олардың мақсаты – өздерінің коммерциялық қызметін кеңейту үшін капитал тарту болып табылады. Қосымша капиталға деген қажеттілік тұрақты болғандықтан эмитент бағалы қағаздар нарығымен тығыз өзара іс-әрекетте болуы тиіс. 
Инвесторлар – бұл өз капиталын эмитенттердің билік етуіне уақытша беретін нарықтың қатысушылары. Инвесторлар дара және институционалдық болып бөлінеді. Институционалдық инвесторлар жеке тұлғалардың капиталдарын өздерінің кәсіби қызметіне орай қаржы нарықтарында біріктіреді және қажетті дәрежеде оларды, әсіресе, бағалы қағаздарға салады. Оларға сақтандыру ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, банктер, сондай-ақ ұжымдық инвестициялау ұйымдары (инвестициялық пай қорлары) жатады. 
Инвестициялау мақсатына қарай стратегиялық, портфельдік және алыпсатарлықпен айналысатын инвесторларды ажыратады. Стратегиялық инвесторлар бағалы қағаздарға ие, бағалы қағаздар арқылы олар эмитентті басқару процестеріне белсенді қатысады. Портфельдік инвесторлар бағалы қағаздарды иеленуден кіріс алу мақсатында оларды сатып алады. Алыпсатарлықпен айналысатын инвесторлар бағалы қағаздарды иеленуден емес, нарықта бағалы қағаздарды алып-сатудан кіріс алуға ұмтылады. 
Нарықтың кәсiби қатысушылары эмитенттер мен инвесторлар арасында қарым-қатынастар орнатуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ нарықта бағалы қағаздардың шығарылымына және айналысына байланысты қызметтерді көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің түрлері заңда белгіленеді. Кәсіби қатысушы мәртебесін иелену үшін мемлекеттік лицензияны, яғни осындай қызметпен айналысу құқығына рұқсат алу керек. 
Кәсіби қатысушыларды екі топқа бөлуге болады: 
– сауда делдалдары, оларға брокерлер, дилерлер және басқарушы компаниялар жатады; 
– инфрақұрылым ұйымдары, оларға тіркеушілер, депозитарийлер, сауда-саттықты ұйымдастырушылар, оның ішінде қор биржасы жатады. 
Сауда делдалдары клиенттердің (эмитенттердің, инвесторлардың) тапсырмасы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарын жасау жөнінде қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, брокерлер клиенттің атынан және оның есебінен немесе өз атынан және клиент есебінен клиентпен жасалған өтеусіз шарт негізінде бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасайды, ал дилерлер мұндай мәмілелерді өз атынан әрі өз есебінен осындай қызметті жүзеге асыратын тұлғаның жариялаған бағалары бойынша белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату бағаларын ашық жариялау арқылы жасайды. 

 

1.2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары

 

Бағалы қағаздардың  айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың на- рығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Баға номиналдық, эмиссиялық, нарықтық бағасы бо- лады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қа- ғаздар нарығы мәмілелер сауда саттықты ұйымдастырушының ішкі құжатта-рына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасала-тын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда ─ саттықты ұйымдастырушысының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым ры-ногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистерінде дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған нарықта операциялар қатаң регламенттелген, ал ұйымдастырылмаған нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі. /2, 452б/  
 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары - өз қызметін акционер- лік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында лицензиясы бар заңды тұлға.  
 Сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы.  
 Өзін-өзі реттейтін ұйым бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға.  
 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби өкімдеріне – брокерлер ,дилерлер, ,касто- диан, депозитарийлер, джобберлер ,андеррайтерлер және басқалар жатады.  
 Брокер- бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.Ол келісім жасалатын әрбір нақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:  
 • Консалтинг (кеңес беру);  
 • Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;  
 • Инвестициялық қорларды құру мен оны басқару.  
 Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі, т.б. Сонымен қатар брокерлік фирма ақша нарығындағы банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру сияқты қызметтерді атқарады. Брокерлер өз қызметтерінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:  
 1.Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде.  
 2.Брокерлер клиенттің белгіленген сомасы ақша шамасында әрекет жасайды. Бірақ бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.  
 3.Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады.  
 4.Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет.  
 5.Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.  
 Сонымен қатар брокерлік фирма клиентке несие беріп, барлық операция-ларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табы- сына делдалдық үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.  
 Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралда рында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өзге де қаржы құралдары мен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.Олардың брокерлерден айыр- машылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің атқаратын қызметі:  
 1.Бағалы қағаздарды шығару,олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;  
 2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;  
 3.Бағалы қағаз нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қа-ғаздарды сату–сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.  
 4.Сатып алушы мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың ака- тализаторы ретінде жұмыс істейді.  
 Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаз нарығында кастодиандық қызметті заңдарға және шарттарға сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.  
 Орталық депозиторий– бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыру мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Ол коммерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құрылады.  
 Орталық депозиторийдың акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдары арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсіби қатысушылары сондай-ақ шетелдік депозиторийлер мен кастодиандар орталық депозиторийдің депоненттері болып табылады.  
 Андеррайтер– бағалы қағаздар рыногының брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді, бағалы қағаздар нарығында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.  
 Джобберлер– бағалы қағаздар нарығындағы конъюктура мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бақылайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғандықтан оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланады. /3, 106б/  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметінің заңнамалық негіздері

Кез-келген заң жиынтығы қоғамда нақты орын алады және даму үстіндегі экономикалық процестерге  негізделеді. Сондықтан да құқықтық норма жасау белгілі экономикалық мүдделерге бағытталады. «Халық шаруашылығының», «кеңестік» үлгісінен еркін дамитын нарықтық экономика үлгісіне өту, мұндай заң жиынтығын жасақтау үшін құқықтық базаны түпкілікті реформалауды талап етті. Сонымен бірге экономиканы мемлекеттік реттеуде (АҚШ, Ұлыбри-тания, Жапония) рыноктық типтегі дамыған мемлекеттердің жергілікті жағдай-ларға бейімделу мен зерттеу тәжірибесіне сүйену ұйғарылды, сөйтіп Қазақстан-ның бағалы қағаздар институтының құқығы мен бағалы қағаздар нарығын құ-қықтық қамтамасыз ету керек болды.  
 Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету ─мемлекет мүдделері максималды түрде тұрғындардың қажеттіліктерімен және кез келген нарыққа бағытталған қоғамның объективті экономикалық даму заңына сәйкес бағалы қағаз айналымы аса тиімді және мақсатты болатындай белгілі бір жағдай туғызу үшін соған сәйкес келетін заң жинақтарын қалыптастырушы арнайы өкілеттік орган тұлғасындағы мемлкеттік қызметті білдіреді.  
 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының актілері бағалы қағаздарды жүзеге асыруда ерекше орын алады.  
 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын қазіргі таңда Азамат-тық Кодексті есепке алмағанда 1997 жылдан бері қызмет ететін екі басты заңмен реттеледі. Ол «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Рес- публикасында бағала қағаздарды тіркеу туралы келісім» заңы.  
 «Бағалы қағаздар нарығы» туралы заң, ол Парламеттің қаралуында болатын, заң шығарушы органдардың жоғарғы деңгейлі заңдарымен шығарылған және  
 бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеумен айналысып, нарық объектілері мен субъектілері анықталған, институционалды инвесторлардың негізгі түрлері анықталған, инвестициялық қорлар, инвестициялық банктер, зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, ұйымдасқан бағалы қағаздар нарықтары, бағалы қағаз - дар нарығын өздігінен реттейтін ұйымдар және де бағалы қағаздарды мемлкеттік реттеудің негіздері кіреді. Заң жобаларын енгізілуінің басты себебі болып, Қазақстанның экономикалық жағдайының дүниежүзілік талапқа сай келмеуі болып отыр. /8, 18б/  
 Заң жобасының негізгі аспектісі болып инвесторлар үшін қажетті қосымша сапалы инвестициялау мүмкіншілігін іске асыратын қаржылық құралдардың көлемін кеңейту болып табылады. Бекітілген заң жобалары арқылы Қазақстан-ның бағалы қағаздар нарығын кеңейтуге және оны жетілдіруге, сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту жолындағы ұйымдардың жұмысын мақсатты бағыт бойынша қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бекітілген заң жобасы шығарылған акцияларды мемлекеттік тіркеуден өткізілуін қадағалап, олардың түрлі аукциондық қоғамдарда тиімді пайдалануын бақылайды. Осы арқылы Қазақстан экономикасының салаларында артық шығындардың шығарылуын болдырмауға тырысады. Заң жобасы бойынша шығарылған акцияларды мемлекеттік тіркеуден өтікілгенде заңда бекітілген органдармен жүзеге асырылады. Акциялар акционерлік қоғамдардың органдарынан тіркеуден өткен соң, оның бірінші реттілік нарығының жетілдірілуі қарастырылады. Заң жобасы бойынша шығарылған акция көлемін алты ай уақыт аяқталмағанға дейін есептеу жүргізілуіне болады.  
 Сонымен қатар, заң жобасы мемлекеттік облигациялардың шығарылуының белгілі бір ретпен мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етеді. Заң жобасы арқылы облигацияларды шығарумен айналысатын нақты анықталған эмитент-тің инвесторлық құқығын сақтауды жүргізеді. Ипотекалық несиелеуді және мемлекеттік саясатты дамытуда арнайы агенттік, ипотекалық облигацияларды шығаруды және реттеумен айналысатын құрал ол заң жобасы болып табылады.  
 Заңдық жоба бекітілмеген бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтық негізін қарастырмайды. Жобада эмиссиондық бағалы қағаздардың шығарылуын жою мәселелері қарастырылады, олар белгіленген соттық шешіммен және акционерлік қоғамның ликвидациялық бөлімімен қарастырылады.  
 Халықаралық тәжірибе бойынша кәсіптік бағалы қағаздардың түрлері жоба арқылы реттеледі. Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіптік бағалы қағазармен келісім белгілі бір қаржылық құралдардың жетіспеуінен жасалмай отыр. Құжат арқылы «шығарушы» бағалы қағаздардың түрлерін түсінуге мүмкіндік береді. «Шығарушы» бағалы қағаздарға ─ фьючерлер, опциондар, Қазақстандық депозиторлық қолхат жатады. Жоба арқылы аталған бағалы қағаздардың түрле-рімен кәсіби қатысушылардың келісімге келуіне болады. Қазақстандық депозиторлық қолхаттың болашақта қаржылық құрал ретінде шығарылуы қарас тырылуда, яғни сол арқылы табыс табуға, басқару ұйымдарында қатысуға және эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын сақтауға мүмкіндік береді.  
 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында жобаның түп нұсқасына қызығушылығын тудырады және эмиссиялық бағалы қағаздармен ретті түрде келісімге келу және номиналды бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының сақталуы.  
 Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымдық ұйымының қатысушылары-ның құқықтық негізін қорғауда заң жобасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби және басқа да қызметтерін ұсынады. Оларға ұйымның болашақтағы қызметінің жоғары кәсіби деңгейде құрылуы мен қызмет етуінің бағалы қағаздар нарығында жобаны лицензиялауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік орган бағалы қағаздар нарығының қызметтерінің құрылуын, қаржылық тұрақтылық критерийлерін және пруденциалды нормалардың құрылуындағы құқықтарын бекітіледі. Сонымен қатар, нарықтағы пайда болатын жағымсыз іс әрекеттердің болуына қарсы іс шаралар қолданылады. /9, 5б/  
 Заң жобасы арқылы инвесторлардың қызығушылығын қорғауға, олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге, бағалы қағаздар нарығын дамытуға,  
 ұйымдар мен эмитенттердің қызметтерінің жетілдірілуі, қаржы шаруашылық қызметтердің жоғарғы деңгейіне жетуіне бірден бір шара болып табылады.  
 Қазақстан Республикасының «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы  
 6 шілдесіндегі заңы. Ол бойынша инвестициялық қор құқықтық статусын анықтайды, олардың қызметін реттейді және құрылу ережелерін белглейді.  
 Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы заңы. Ол мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылу тәртібі мен қызмет атқаруын анықтайды.  
 Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы заңы. Ол акционерлік қоғам құрудың тәртібін олардың түрлерін және де АҚ, ЖАҚ, екінші деңгейлі банктердің, бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатынасушыларының және басқа да қаржы институттарының акция-ларын эмиссиялауды тіркеу тәртібін анықтайды.  
 Біздің пікірімізше, заң жобасы белгілі бір жетіспеушілікті иеленеді, елімізде бағалы қағаздардың әлуметтік-экономикалық басымдылығы артуы үшін біріншіден, инвесторлар мен эмитенттердің мақсат-мүдделері Заң бойынша қорғалып, екіншіден бағалы қағаздардан түсетін пайда әлеуметтік жағайларды көтеру үшін жұмсалуы қажет.  
 Қор нарығын тәртіпке келтіру оның барлық қатысушыларын яғни, эмитент-терді, инвесторларды, кәсіпқой қор делдалдарын, нарық инфрақұрылым ұйымдастыруды қамтиды. Сонымен бірге, қор нарығын тәртіпке келтіру барлық қызмет түрлерін және олармен операциялардың барлық түрлерін қамтиды: яғни, эмиссиялық, делдалдық, инвестициялық, спекулятивті, кепілдік-ті, трасттық және т.б.  
 Нарық қатысушыларын реттеу ішкі және сыртқы болуы мүмкін.  
 Ішкі реттеулер ─ бұл берілген ұйымның осы ұйымның қызметін оның бөлімшелерін және оның қызметкерлерін анықтайтын нормативтік құжаттары-на бағыныштылығын білдіреді.  
 Сыртқы реттеулер─ бұл аталған ұйым қызметінің мемлекеттің басқа ұйым-  
 дардың, халықаралық келісімдердің нормативті актілеріне бағыныштылығы болып саналады. /8, 24б/  
 Қор нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:  
§  Нарықтағы тәртіпті қолдау, барлық нарық қатынасушыларының жұмыс  
 жасауы үшін қалыпты жағдай туғызу;  
Нарық қатынасушыларын жекелеген ұйымның§  тұлғаларынан, қылмыс-  
 тық ұйымдардың адал еместігін алаяқтығынан қорғау;  
Бағалы қағазға сұраныс пен ұсыныс негізінде баға құрылу процесінің ер-§   
 кіндігі мен алшақтығын қамтамасыз ету;  
Барлық уақытта кәсіпкерлік§  қызметке ынталандыру бар болып табыла-  
 тын және де әрбір тәуекелге пара пар сыйақысы бар тиімді нарық құру;  
Белгілі бір жағдайларда жаңа нарық құру;§   
Қандай да бір қоғамның мақсатқа жету мақсатымен нарыққа әсер ету.§   
 Сонымен осы бөлімді қорытындылай келе, қор нарығын мемлекеттік реттеу-де арнайы нормативтік құқықтық актілер арқылы, нарық қатысушыларына міндетті талаптар жиынтықтарын қолдану арқылы, негізгі процедуралар мен нарыққа қатынасушылар тарапынан қолданыста жүрген заңдарды сақтауға мемлекет тарапынан бақылау арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік реттеу механизмдері болып, қор нарығын дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, кәсіпқой қатынасушылар мен клиенттер үшін бағалы қағаздар нарығының қауіпсізігін қамтамасыз ету болып табылады.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының қызметінталдау