Шпаргалка по "Уголовному праву"

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2012 в 18:08, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Уголовное право"

Файлы: 1 файл

кылмыстык жауаптары.doc

— 148.50 Кб (Скачать)

 

 

7. жауабы .Қылмыстық құқықтың қағидалары

Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.

Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:

1. Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.

2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі – бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.

3. Жауаптылық принципі – бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.

4. Әділеттілік принципі – бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.

5. Демократизм принципі – бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу,  егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.

6. Гуманзим принципі – бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.

7. Интернационализм принципі – бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

 

 

 

23.жауабы: III бөлiм Жаза

38-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары

Жаза дегенiмiз соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Жазаның негізгі мақсаттары:

              Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру,;

              сотталған адамды түзеу ;

              сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру

Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  12жауабы: Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн, ауырлататын мән-жайлар  ҚРҚ кодексі 4 бөлім.

53-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн

               мән-жайлар

      а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;

      б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;

      в) жүктiлiк;

      г) айыпкердiң жас балалары болуы;

      д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;

      е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;

      ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;

      з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында, жедел-iздестiру iс-шараларын жүзеге асыру кезiнде қылмыс жасау;

      и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;

      к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi

  3. Егер жеңiлдететiн мән-жай осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында қылмыс белгiсi ретiнде көзделген болса, ол өзiнен-өзi жаза тағайындау кезiнде қайталап ескерiле алмайды.

54-бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын

               мән-жайлар

      а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;

      б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;

      в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;

      г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;

      д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;

      е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;

      ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;

      з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;

      и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;

      к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;

      л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;

      м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;

      н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;

      о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;

      п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.

      3. Жаза тағайындау кезiнде сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген мән-жайларды ауырлатушы мән-жайлар деп тани алмайды.

 

 

 

 

15, 27 жауабы. Қылмысиық заң жүйесі

1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

      2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республика Парламенті қабылдаған құқықтық ережелер болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығытардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екенін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқықтық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық заң қандай әрекеттер (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктер) қылмыс болып табылатынын, оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін, қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін анықтайды.

Басқа құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылық базасы Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық режимдері жоғарғы соттың нормативтік қаулыларында және 1997 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексте тура көрсетіледі.

Қылмыстық заң Қылмыстық кодекстің 1 бабында көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шәңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.

Қылмыстық заң әр түрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты жеке нормалардан тұратын, бірқатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.

 

 

25,66 жауабы: III бөлім жаза тағайындау.

58-бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау

1. Қылмыстардың жиынтығы кезiнде сот әрбiр қылмыс үшiн бөлек жаза (негiзгi және қосымша) тағайындап, түпкiлiктi жазаны жеңiлiрек, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сiңiру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе iшiнара қосу жолымен белгiлейдi.

      2. Егер қылмыстар жиынтығында тек ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар қамтылса, онда түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен тағайындалады. 

      3. Егер қылмыстардың жиынтығында ауыр немесе аса ауыр қылмыс қамтылса, түпкiлiктi жаза қатаңдығы жеңiлiрек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру жолымен не жазаларды iшiнара немесе толық қосу жолымен тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жаза жиырма жылдан аспауы керек. 

      4. Егер қылмыстардың жиынтығында осы Кодексте жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы не өмiр бойы бас бостандығынан айыру көзделген, ең болмағанда бiр аса ауыр қылмыс қамтылатын болса, түпкiлiктi жазалау iшiнара немесе толық қосылып тағайындалады. Бұл орайда бас бостандығынан айыру түрiндегi түпкiлiктi жазалау жиырма бес жылдан аспауға тиiс. Егер қылмыстардың жиынтығына кiретiн қылмыс үшiн өмiр бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы тағайындалатын болса, онда түпкiлiктi жаза өмiр бойына бас бостандығынан айыру немесе тиiсiнше өлiм жазасы түрiнде тағайындалады.

      5. Қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негiзгi жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшiн тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкiн. Жекелеп немесе толық қосылған жағдайда түпкiлiктi қосымша жаза осы Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң сол жазалау түрi үшiн белгiленген ең жоғары мерзiмiнен немесе мөлшерiнен аспауы керек.

      6. Егер сотталған адамның iсi бойынша сот үкiм шығарғаннан кейiн оның бiрiншi iс бойынша үкiм шығарылғанға дейiн жасаған басқа бiр қылмысқа айыпты екенi анықталса, жаза нақ сол ережелермен тағайындалады. Бұл жағдайда соттың бiрiншi үкiмi бойынша өтелген жаза түпкiлiктi жазалау мерзiмiне есептеледi.

 

26 жауабы:Шартты түрде соттау: оның негіздемесі және қолданылу шарты

63-бап. Шартты түрде соттау

1.        Егер түзеу жұмыстары,

2.        әскери қызмет бойынша шектеу,

3.        бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.

      2. Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот

        жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн,

        айыптының жеке басын,

        соның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды ескередi.

      3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мiнез-құлқымен өзiнiң түзелгенiн дәлелдеуге тиiс сынақ мерзiмiн белгiлейдi. Сынақ мерзiмi 1-3 жылға дейiнгi, ал кәмелетке толмағандарға 6 айдан 1 жылға дейiнгi ұзақтықта тағайындалады.

      Шартты түрде сотталғандағы сынақ мерзiмi кезеңiнде ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкiн.

      4. Шартты түрде соттау кезiнде жазаның мүлiктi тәркiлеуден басқа қосымша түрлерi қолданылуы мүмкiн.

      5. Күшi жойылды - ҚР 2002.12.21 N 363 Заңымен.

      6. Шартты түрде сотталған адамның мiнез-құлқын бақылауды оған уәкiлдiк берiлген мамандандырылған мемлекеттiк орган, ал әскери қызметшiлер жөнiнде әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi жүзеге асырады.

      7. Күшi жойылды - ҚР 2002.12.21 N 363 Заңымен.

      8. Қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.

      Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.12.21 N 363, 2007.01.08 N 210, 2009.07.10 N 177-IV, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

 

 

45.              Қылмысқа қатысушыдағы экцесс.

2 бөлім Қылмыс

Эксцесс -

1. Әлдененің шектен шыға көрініс беруі; артықтық, өзін-өзі ұстай алмаушылық.

2. Шиеленіскен қақтығысу, қоғамдық тәртіпті бұзу

30-бап. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы

Қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшiн басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34.              Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен түрлері

7 бөлім.

88-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын  қолдану негiздерi

1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:

     91, а) есi дұрыс емес жағдайда осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген әрекеттердi жасаған;

      92,б) қылмыс жасағаннан кейiн психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкiн емес болып бұзылған;

      93,в) қылмыс жасаған және есiнiң дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетiн;

      94,г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкiн.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулi зиян келтiру мүмкiндiгiне не өзiне немесе басқа адамдарға қауiп төндiруiне байланысты жағдайларда ғана тағайындалады.

      3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқарушылық кодексiмен және денсаулық сақтау туралы заңдарымен белгiленедi. P950514

      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған және өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қауiп келтiрмейтiн адамдар жөнiнде сот бұл адамдарды емдеу немесе Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртiппен психиатриялық-неврологиялық мекемелерге жiберу туралы мәселенi шешу үшiн денсаулық сақтау органдарына қажеттi материалдар жiбере алады.

 

89-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын

               қолдану мақсаттары:

        аталған адамдарды емдеу

        олардың психикалық жағдайын жақсарту,

        олардың осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiндегi баптарда көзделген жаңа әрекеттердi жасауын болғызбау

         

90-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының

               түрлерi

1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының:

      а) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;

      б) жалпы үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

      в) мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;

      г) интенсивтi қадағаланатын мамандандырылған үлгiдегi психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерiн тағайындауы мүмкiн.

      2. Есi дұрыс күйiнде жасалған қылмысы үшiн сотталған, бiрақ алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеудi не психикасының есi дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеудi қажет ететiн адамдарға сот жазамен бiрге емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу түрiнде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

35.              Қылмыстық заңның кеңістегі күші. Экстрадиция.

“Ұстап беру” (экстрадиция – extraditition) деген француз сөзi мен ex, + tradititio беру деген латын сөзi) ұғымына халықаралық құқық теориясында көп көңiл бөлiнген. Профессор Л.Н.Галенская ұстап берудi мемлекеттiң қылмыскердi басқа мемлекетке халықаралық құқық нормаларына сәйкес, қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе қылмыстық жазаны қолдану үшiн беру процесi ретiнде айқындайды. Ал, профессор Р.М.Валеев қылмыскерлердi ұстап беру институтын халықаралық және ұлттық құқықтың тоғысындағы институтына жатқызады. Қылмыскерлердi ұстап беру институты халықаралық шарттар мен халықаралық құқықтың көпшiлiк мойындаған қағидаларына негiзделедi. Бұл мемлекеттiң аумағындағы айыпталушы немесе сотталушыны қылмыс жасаған немесе азаматы болып табылатын немесе қылмыстан зәбiр көрген мемлекеттiң сұратуы бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн ұстап беруден тұратын құқықтық көмек актiсi болып табылады.

  6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында

              қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиiс.

      2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

      4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

 

  7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының   шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға

          қатысты қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.

      2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделерiне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды.

      3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмысы үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

      4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдiктер қылмысы Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

 

 

 

 

 

 

41.              Қылмыстық құқық бойынша есі дұрыстық пен есі дұрыс еместіктіңң ұғымы

14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар

Есi дұрыс,

16       жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

Қылмыс жасаған адамдар

шығу тегiне,

        әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына,

        жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, сенiмiне,

        қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей.

16-бап. Есi дұрыс еместiк

1.        Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауiптi әрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған,

яғни созылмалы психикалық ауруы,

        психикасының уақытша бұзылуы,

        кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес.

2.        Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн.

17-бап. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы  бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы

1. Қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипатымен қоғамдық қауiптiлiгiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.

2. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мән-жай ретiнде ескередi және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады.

 

42.              Қылмысқа қатысушылардың қылмыстық жауаптылығының негіздері және шектері

2 бөлім.

29-бап. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы

1. Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысуының сипатымен және дәрежесiмен айқындалады.

2. Қоса орындаушылар өздерiнiң бiрлесiп жасаған қылмысы үшiн осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасамай, осы Кодекстiң нақ бiр бабы бойынша жауап бередi.

3. Ұйымдастырушының, айдап салушының және көмектесушiнiң жауаптылығы, олар бiр мезгiлде қылмысты қоса орындаушылар болып табылатын жағдайларды қоспағанда, жасалған қылмыс үшiн жазаны көздейтiн бап бойынша, осы Кодекстiң 28-бабына сiлтеме жасай отырып басталады.

4. Орындаушы өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда қылмыстың қалған қатысушылары қылмыс жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшiн жауапқа тартылады. Өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша басқа адамдарды қылмыс жасауға көндiре алмаған адам да қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылады.

5. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы аталған, қылмыстың субъектiсi болып табылмайтын, осы бапта көзделген қылмысты жасауға қатысқан адам осы қылмыс үшiн оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не жәрдемдесушi ретiнде қылмыстық жауапқа тартылады.

30-бап. Қылмысқа қатысушының шектен шығушылығы

Қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшiн басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

 

 

 

43.              Қылмыстарды санаттау және кретирийлері.

II бөлiм

Қылмыс

10-бап. Қылмыс санаттары

Қылмыстың санатын анықтау барысында қылмыс белгідері ескеріледі.

 

Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай

1.        онша ауыр емес қылмыстарға, Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза 2-5 бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

2.        ауырлығы орташа қылмыстарға, Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

3.        ауыр қылмыстарға Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

4.        ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

 

44.              Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын болдырмайтын мән-жайлар ұғымы және түрлері.

Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын болдырмайтын мән-жайлар ұғымы және түрлері.

     Қоғамдық  қатынастарға зиян келтіруге  бағытталған қауіпті  жою, тойтару  қоғамға  пайдалы іс-әрекет екені белгілі. Осы тұрғыдан іс-әрекеттің Қылмыс екенін  жоятын мән – жайларды алсақ,  бұл әрекет қоғамға  пайдалы болып  саналады. Себебі, адам  қарсы сес көрсету арқылы  тойтарыс  беріп, өз мүлкін, өмірін, қоғам мүлкін аман алып қалу.

Қылмыстық заң бойынша оған:

- қажетті қорғану,32 бап

- аса қажеттілік,34 бап

- психикалық мәжбүрлеу немесе  күштеу,36 бап

- орынды кәсіби  тәуекел,35 бап

Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады.

          Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ.

          Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. игілігін қорғаудың тәсілі болып саналады.

          Егер қажетті қорғануды өзінің  қателігін байқамаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап береді.

       Аса қажеттілкте қауіп құқықтық  норма  қорғайтын белгілі бір  мүддеге немесе мүдделерге төнеді.  Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын екі мүддеге зиян келеді. Мұндай жағдайда  келтірілген зиян мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болу керек.

        Орынды тәуекел  35 бапта қаралған.  Ол, бойынша, пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін тәуекел  кезінде заңмен  қорғалған құқықтық мүдделерге  зиян келтіру  қылмыс болып табылады.

       Егер адам өміріне, денсаулығына  қатер төндірген экологиялық апатқа, өзге де зардаптарға апарып соқтырса, тәуекел орынсыз деп саналады.

        Күштеп немесе психологиялық мәжбүрлеуде күштеу белгілі бір әректті істеуге мәжбүрлеу, яғни  бұрында жәбірленушіге күш қолданып, оның еркінен тыс әрекеттер

 

 

 

 

51.              Қылмыстық заңның кері күші.

1 бөлім. Қылмыстық заң

5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi

        Әрекеттiң қылмыстылығын

        жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты

        жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.

      2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс.

      3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.

'''Санкция''' — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные).

Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгі шегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі "Абайсызда кісі өлтіру", 134-бабының бірінші бөлігі"Баланы ауыстыру", және т. б. баптар бола алады.

 

Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл, қамауға — 1 ай, айыппұлға — Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы "Жалдамалылық", 181-бабының екінші бөлігі "Қорқытып алушылық", 241-бабы "Жаппай тәртіпсіздіктер" сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға болады.

Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.

 

52.Қате ұғымы және оның түрлері

Қате – белгілі бір мезетте жүзеге асқан істің, құбылыстың уақыт өткен соң теріс болғанын аңғартатын ұғым. Қате адам санасында қалыптасқан ережелердің, заңдылықтардың қарама-қайшы келуін, ойдың немесе іс-әрекеттің ақиқатпен үйлесім таппағанын білдіреді. Қате – адамның іс-әрекетіндегі жаңылыс, белгілі бір шешім қабылдаған кезде дұрыс жолдан ауытқу. Кез келген адамның ойлану, пікір айту, дәлелдеу барысында логика заңдарының бұзылуы да Қателердің пайда болуына әкеледі.

 

 

53.Қылмыстық құқық бойынша жаза жүйесінің ұғымы және мәні.

      38-бап. Жаза ұғымы мен оның мақсаттары

      1. Жаза дегенiмiз соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

      2. Жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектiрудi немесе адамның қадiр-қасиетiн қорлауды мақсат етпейдi.

      39-бап. Жазаның түрлерi

      1. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:

      а) айыппұл салу;

      б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

      в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

      г) түзеу жұмыстары;

      д) әскери қызмет бойынша шектеу;

      е) бас бостандығын шектеу;

      ж) абақтыда ұстау;

      з) алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.10. N 177-IV Заңымен;

      и) бас бостандығынан айыру;

      к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

      2. Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:

      а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;

      б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.

      3. Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де,

 

54.              Қылмыстық заңның түсіндірмесі.

  1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары

1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

      2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

 

57.              Қылмыс ұғымдары мен белгілері

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмыстың белгілері:

1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза тағайындалады.

Қылмыс құрамы толық анықталу қажет.

 

 

 

58.              Қылмыс құрамының ұғымы және белгілері.

 

Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің  және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

              Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы  жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

              Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар:

1.              қылмыс  объектісі

2.              қылмыстың объективтік жағы

3.              қылмыс субъектісі

4.              қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыс құрамына мұқияттылықпен  таңдап алынған түрлік  белгілер кіреді.

              Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.

              Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа  тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары болсада, оның  қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.

              Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке  қылмыстық заң нормасының талабына  сай баға беріп саралау болып табылады.

Саралау – адамға қоғамға   істеген  қауіпті іс-әрекетін  қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады.

 

 

59.              Қылмыстық құқықтағы қажетті қорғану ұғымы.

32-бап. Қажеттi қорғану

Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру,

1.        яғни қорғанушының

2.        өзге бiр адамның жеке басын,

3.        тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн

4.        басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.

      2. Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады.

      3. Нәтижесiнде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

      Адам өмiрiне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi қорғаныс шегiнен шығу болып табылмайды.

      Ескерту. 32-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

 

 

 

 

 

62.Аса қажеттілік ұғымы.

             

   34-бап. Аса қажеттiлiк

1. Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.

      2. Құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дәрежесiне және қатер жойылған жағдайға көрiнеу сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

34-1-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру

1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерiнiң не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-iздестiру шараларын орындауы кезiнде заңға сәйкес жасаған әрекетiмен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтiрген зияны, егер бұл әрекет бiр топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстармен келтiрiлетiн зиянға қарағанда онша мәндi болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнәлi адамдарды әшкерелеудi өзге тәсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмаса, қылмыс болып табылмайды.

      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi адамның өмiрiне немесе денсаулығына қатер, экологиялық апат, қоғамдық қасiрет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерiн төндiретiн әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды.

      Ескерту. 34-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.16. N 163 Заңымен.

 

 

63.              Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы.

11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы

1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады.

      2. Алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн сотталған не заңда белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды.

      4. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды.

      5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады.

     

 

 

 

61.              Қылмыс құрамының түрлері.

 

64.Қылмыс объектісі дегеніміз қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша  қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады. 

              Қоғамдық қатынастар қоғамдық қоғамдық экономикалық формацияларында байланысты пайда болады, дамиды, жетіледі.

 

      Қылмыс объектісі

         Жалпы

         Тікелей

         Топтық

             

         Жалпы объект – заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынты.

Толық объект – қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі.

Тікелей объект – заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуы.

       Тікелей  объект

         Негізгі тікелей  объект

         Факультативтік    тікелей  объект

         Қосымша тікелей       объект

 

Негізгі тікелей объект – қоғамдық мүдені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгі бойынша қылмыстық Кодекстің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні анықтау.

Қоысмша тікелей объект  - қылмыстық заң бойынша қорғалып негізгі объектіге зиян келтірілгенде негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативтік тікелей объект – қылмыс жасаған кезде зиян келтіру қаупі туатын, бірақ  қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын, қылмыстық  заңмен қорғайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Қылмыс заты – осы қылмыс құрамының факультативті белгісі болып табылады.

 

Қылмыстың объективті жағы қылмысты істеген адамның мінез құлқының  сыртқы көрінісін блдіреді.

              Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстық объективтік жағының белгісі болып табылатын « Қоғамға қауіпті  зардап» ұғымын білдіреді.

              Қоғамға қауіпті іс-әрекет одан туындайтын  зардаптың арасын байланыстыратын белгі себепті байланыс  деп аталады.

              Қылмыстың  объективтік жағының белгілеріне:

- әрекет пен әрекетсіздік

- қылмыстық зардап

- себепті байланыс

Жатса, ал, объективті  жағынан факультативті белгілеріне:

- қылмыс тәсілі

- қылмыс құралы істелу жағдайы

- қылмыс орны

- уақыты

жатады.

              Іс - әрекет - адамның мінез – құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болса, қылмысты зардап – қылмыстық заңда көрсетілген  қоғамдық қатынастарға әрект пен әрекетсіздік  арқылы келтірілген зиян болып табылады.

              Себепті байланыс – қоғамда қауіпті іс - әрекет одан туындайтын зардаптың арасын  объективті түрде  жалғастыратын себепті байланыс. Қылмысты объективтік жағының  факультатвитік белгілеріне келсек, қылмыс  тәсілі дегеніміз – кінәлі адамның іс-әректті істеудегі қолданылатын әртүрлі әдістері мен айлалары.

              Қылмы істелу орыны  1-деп, қылмыс істеген  кеңістікті,  2-деп, жер бетінің қай бөлігінде  қылмыс істегенін анықтайды.

              Жалпы, қылмыстың  объективтік жағы  болсын немесе объективтік  жағының факультативтік  белгілерінің негізінен үш түрлі маңызы бар:

1.              бұл белгілер қылмыс құрамының міндетті, қажетті белгілері болуы

керек

2.              белгілер қылмыс құрамының ауырлататын түрін белгілеуі мүмкін

3.              қылмысты саралауға әсер  болмаса да жазаны жеңілдететін немесе

ауырлататын мән-жайлар ретінде қарастырылады.

Қылмыс субъектісі – қылмыстың жауаптылыққа қабілетті адам. Заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын  қылмыстық субъектісі болып танылмайды.

             

61.Қылмыс субъектісі

         Арнаулы

         жалпы

           Есі дұрыстық, заңда көрсетілген жасқа таяу және жеке адам болу – барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігі.

          Осы жалпы  белгіні қоса қылмыс құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді  қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі борлып табылады.

           Сонымен, қылмыс субъектісі дегеніміз есі құрыс, заңда көрсетілген жасқа толған, жеке адам – осы есі дұрыстық, жасқа толғандық, жеке адам субъектісінің белгілері де болып табылады.

          Есі дұрыс емес адамдар  қылмыс субъектісі бола алмайды, оларға қылмыс істеген  жағдайда мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін

              Есі дұрыс еместік    Қ.к 16 бабы

Медициналық белгі (биологиялық)

Заңдық белгі (психологиялық)

Медициналық белгіге төрт ауру түрі жатады:

1.              Созылмалы психологиялық ауру.

2.              Психиканың уақытша бұзылуы.

3.              Кемақылдылық.

4.              Психиканың              өзге              де              дертке              ұшырауы.

Интелектуалдық

              Заңдық белгі

              Еріктілік екзең

Қылмыстық жасқа толу – субъектінің негізгі  белгісінің бірі. Яғни қылмыстық  жауапқа  тартудың  ең негізгі  шарттарының бірі – белгілі бір жасқа толғандық.

              Жас балалар (9-13) қылмыс  субъектісі бола алмайды.

 

71.Субъективтік жақ қылмыстың  ішкі  мәнін, мазмұнын білдіреді. Сондықтан субъективтік және объективтік белгі өзара тығыз байланысты.

    Қылмыстың субъективтік жағы    Ниет Мақсат Кінә

            Кінә - адамның қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс - әрекетіне, көзқарастың жиынтығы.

  Кінә түрлері Қасақаналық Абайсызда

  Зардап, қоғамға қауіптілік түсіну – кінәнің  әлеуметтік  мәнін құраса, сезіну мен еріктілік  - психологиялық көзқарастарды құрайтын элементтер болып табылады.

         Кінәнің қасақаналық түрінде адам өз істеген ісінің зардабын біледі, яғни соны тілейді.

Қасақаналық      Жанама

Кінәнің абайсыздық түрі  менмендікпен  немқұрайлықпен (Қ.К. 21 бап. 1 тармағы) жүзеге асырады.

Немқұрайлық екі түрлі белгілермен  сипатталады:

1. адам өз  әрекетінің заңды  зардаптарын болжауға  тиіс болса,;

2. болжай алатын болса.

           Бұл немқұрайлылықтың объективтік белгісі.

           Менмендікпен істелетін іс - әрекеттің  қауіпті  екенін  түсіну, зиянды зардаптың  болуы мүм кігн екенін  алдын – ала  білу немесе зардаптар болмас деп сену.

                                          Қылмыстық ниет және мақсат 

Қылмыстық ниет – белгілі бір  қажеттіліктер  мен мүдделердің іштей түрткі  болуна байланысты  адамның  соларды  басшылыққа ала отырып, саналы түрде қ ылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

Қылмыстық мақсат – адамның  қылмыс істеу арқылы болашаққа белгілі бір  нәтижеге  жетуін  айтамыз.

 

 

 

 

             

 

65.              Қылмыскерді ұстау

 

67 жауабы8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру

1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуге тиiс.

   2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн.

  

 

51-бап. Мүлiктi тәркiлеу

1. Мүлiктi тәркiлеу дегенiмiз сотталған адамның меншiгi болып табылатын мүлiктiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн мемлекеттiң меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз алу.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшiн сотталған адамның меншiгiнен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншiгiне берген мүлiк те заңнамада белгiленген тәртiппен тәркiлеуге жатады.

      2. Мүлiктi тәркiлеу пайдакүнемдiк ниетпен жасалған қылмыс үшiн белгiленедi және осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкiн.

      3. Қылмыстық-атқарушы заңдарда көзделген тiзбеге сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiк тәркiленбеуге тиiс.

      Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР-ның 2007 жылғы 21 шiлдедегi N 308 Заңымен.

 

68.              Қоғамдық жұмыстарға тарту         

42-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту

1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негiзгi жұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерiн жергiлiктi атқарушы органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары белгiлейдi.

      2. Қоғамдық жұмыстар 60-240 сағатқа дейiн белгiленедi және күнiне 4 сағаттан аспайтын, егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса - күнiне сегiз сағатқа дейiнгi, бiрақ аптасына 40 сағаттан көп емес уақытта өтеледi. Қоғамдық жұмыстардан әдейi жалтарған жағдайда олар осы Кодекстiң тиiсiнше 45, 46, 48-баптарында көзделген мерзiмдер шегiнде бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын шектеудiң, қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бiр күнi қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледi.

      3. Әскери қызметшiлерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.

      Ескерту. 42-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.12.21 N 363, 2009.12.10 N 228-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

 

69.              Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу.

36-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

1. Егер күштеп мәжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.

      2. Психикалық мәжбүрлеудiң нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiргенi үшiн соның салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне басшылық жасау мүмкiндiгiн сақтаған қылмыстық жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 34-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.

 

74.              Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату

69-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық

               жауаптылықтан босату

1. Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:

      а) кiшiгiрiм қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;

      б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;

      в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл;

      г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл.

      2. Ескiру мерзiмi қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi.

      3. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатылады. Бұл ретте ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi жиырма бес жыл өтсе және ескiру тоқтатылмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.

      4. Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай реттерде ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескiру мерзiмi өткенге дейiн адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбiр қылмыс бойынша ескiру мерзiмi дербес өтедi.

      5. Осы Кодекс бойынша өлiм жазасы немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкiн қылмысты жасаған адамға талап қою мерзiмiн қолдану туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот талап қою мерзiмiнiң бiтуiне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiн деп таппаса, өлiм жазасы өмiр бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмiр бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

      6. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс, сондай-ақ террористiк қылмыс жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.

     

75.              Сотталғандықтан арылу және оны жою.

77-бап. Соттылық

1. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адам соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезiне дейiн сотты болған деп есептеледi. Осы Кодекске сәйкес соттылық қылмыстың қайталануын айқындау кезiнде және жаза тағайындау кезiнде ескерiледi.

      2. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады.

      3. Соттылық:

      а) шартты түрде сотталған адамдар жөнiнде - сынақ мерзiмi өтуi бойынша;

      б) әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрiнде жазасын өтеген әскери қызметшiлер жөнiнде - iс жүзiнде жазаны өтеу бойынша;

      в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңiл түрiне сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн бiр жыл өтуi бойынша;

      г) кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн үш жыл өтуi бойынша;

      д) ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн алты жыл өтуi бойынша;

      е) аса ауыр қылмысы үшiн сотталған адамдар жөнiнде - жазаны өтегеннен кейiн сегiз жыл өтуi бойынша жойылады.

      4. Егер сотталған адам заңда белгiленген тәртiппен жазасын өтеуден мерзiмiнен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлiгi неғұрлым жеңiл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзiмi жазаның нақты өтелген мерзiмiн негiзге ала отырып, негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеуден босатылған кезден бастап есептеледi.

      4-1. Егер соттың үкiмi бойынша адамға негiзгi жазамен қатар қосымша жаза тағайындалса, онда соттылықтың жойылу мерзiмi негiзгi және қосымша жаза түрлерiн өтеу кезiнен бастап есептеледi.

      4-2. Адам әртүрлi ауырлық дәрежесiне жататын қылмыстар үшiн қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша сотталған кезде соттылық әрбiр қылмыс үшiн жеке жойылады, бұл ретте жойылу мерзiмi қылмыстардың жиынтығы немесе үкiмдердiң жиынтығы бойынша жазаны өтеу кезiнен бастап есептеледi.

      5. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейiн өзiн мiнсiз ұстаса, сот оның өтiнiшi бойынша соттылықты жою мерзiмi өткенге дейiн одан соттылықты алып тастай алады.

      Бұл норма ауыр немесе аса ауыр қылмыстары үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi қайталануы жағдайында жаза тағайындалған адамдарға қолданылмайды.

 

Информация о работе Шпаргалка по "Уголовному праву"