Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 18:11, реферат
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.Жергілікті соттарға мыналар жатады:1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар):
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1) Сот құрылымы
2) Жоғарғы Сот
3) Сот ісін жүргізудің қалыптасуы
ІІІ. Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиет
Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:
Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндеті Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бірінің төрағасына жүктеледі.Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайдаТөрағаның міндетін уақытшы атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.
Қазақстан Республикасының Парламенті — елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.1995 ж. 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 ж. және 1999 ж.) сайланды.Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституц. заңмен белгiленедi.ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғ. палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.Парламент өз Палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; респ. бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмш.-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.Орт. атқарушы билiк органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметiн атқаруының тәртiбi “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” конституц. Заңмен (18.12. 1995), ҚР Үкiметiнiң 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекiтiлген ҚР-ның мин. (Мемл. к-тi) туралы үлгi ережемен және әрбiр мин., агенттiк, к-т туралы ережелермен реттеледi. ҚР-нда ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орт. атқарушы органдар: ҚР-ның министрлiктерi; ҚР-ның агенттiктерi; ҚР министрлiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын к-ттер, департаменттер және басқармалар.
ҚР-ның Министрлiгi мемл. басқарудың тиiстi саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетiлген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орт. атқарушы орган болып табылады. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрлiктiң басшысы болып табылатын министрдi де Премьер-Министрдiң ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жауап бередi. Ол лауазымы бойынша Қ. Р. Ү-нiң құрамына кiредi. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Үкiмет бекiтедi. Министрлiкте министрдiң орынбасарлары (вице-министрлерi), сондай-ақ, министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi құрамында министр басшылық ететiн алқа — кеңесшi орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет, ал жеке адамдар құрамын министр бекiтедi. Мин. өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен ҚР-ның барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады. Министрлiктiң қызметi тек мемл. бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрлiктер өзара тең болып табылады және бiр-бiрiне әкiмш. бағынышты емес, бiрақ олар өздерiнiң жұмыстарын үйлестiре алады, бiрлесiп қызмет атқару немесе әртүрлi құрылымдық бөлiмшелердiң бiрлескен iс-қимылдарын қажет ететiн
ҚР-ның агенттiгi де орт. атқарушы орган болып табылады. Агенттiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиiстi мемл. басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шекте салааралық үйлестiру мен өзге де арнайы және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. Агенттiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн басқа да орт. атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкiмет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы — төраға бекiтедi. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттiк төрағасының жанынан кеңесшi орган — алқа құрылады. Оның құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң құқықтық актiлерi болып табылады. Министрлiктер, агенттiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемл. мекемелердiң штат санының лимиттерiн Үкiмет бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемл. қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемл. комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Респ. бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп к-тi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемл. орган мәртебесi берiлген. Орт. атқарушы органның құрылымдық к-тi тиiстi орт. атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орт. атқарушы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемл. басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орт. атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемл. органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi. Жоғарғы Сот алқасының төрағасы судья міндеттерін де атқарумен қатар: алқаның отырысында төрағалық етеді; сот статистикасын жүргізу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттарды дайындауын қамтамасыз етеді; жалпы отырыста алқа қызметі туралы ақпарат береді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық міндеті: сот жүйесінің қалыптасуы мен құрылуының жаңа түрін енгізу, құқықты мемлекетке жататын толық көлемдегі соттың өкілеттігін беру, оның жоғарғы және әлеуметтік жауапкершілігін бекіту болып табылады. Жоғарғы Соттың төрағасы судья міндетін де атқарумен қатар: судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады, қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы; Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді; жалпы отырыстың қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді; Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне жалпы отырыс хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді; қажет болған жағдайда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады; Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді, алқалардың жұмысын үйлестіреді; Жоғарғы Сот кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді, жеке азаматтарды қабылдайды, өкімдер шығарады. Жоғарғы Соттың төрағасы сондай-ақ, елдегі өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықар. ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезінде отандық сот жүйесінің мүддесін қорғайды. Жоғарғы Сот төрағасының кез келген сот судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғауға құқығы бар
Қазіргі кезеңде облыс бойынша облыстық сот және 13 аудандық және оған теңестірілген соттары құрылған, соттардың ішінде ең үлкені болып 12 судьядан тұратын Ақтау қаласы № 2 соты болып табылады. Облыс бойынша 79 судья қызмет атқарады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі