Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 15:58, курсовая работа
Қылмыстық жаза мемлекеттiк күштеу шараларының брi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2. Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
3. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау
4. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
5. Қылмыстардың қайталануы жағдайында жаза тағайындау
6. Үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау
7. Мерзімдерді қосу кезінде оларды белгілеу тәртібі және
жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу
ІІІ. Қорытынды
Жауаптылыкты жеңілдстстін нсмесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстык заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың, үлгі тізбегі ғана берілген, өйтксні жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, занда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға құқылы емес.
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген мемесе жеңілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе атауы жөнінен олар бір-біріне сәйксс болады. Мысалы, баска біреудің мүлкін қорқытып алушылықта ұйымдасқан топ жасаған қылмыс осы қылмыстың жетілдірілген құрамының белгісін көрсетеді. Сонымен бірге ұйымдасқан топ болып қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады. Сондықтан да мұндай мән-жай қылмыстың құрамының белгісі ретінде көрсетілсе, ол тағы да жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде жаза тағайындағанда есепке алынбайды. Ол туралы Қылмыстық кодекстің 3-бабында "бір қылмыс үшін ешкімді де кайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды" — деп көрсетілген. Қазакстал Рсспубликасы Жоғарғы Соты племумының 1993 жылғы 24 .маусымдағы № 3 Қаулысында "Егер заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай кылмыстың бір бслгісі рстінде Қылмыстық кодекстің айырықша бөліміндегі заңының, диспозициясында келтірілген болса, онда ол сол қылмысы үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін нсмесе ауырлататын жағдай ретінде қосымша есепке алынбайды деп көрсетілген. Мысалы, жан күйзелісі үстінде ашумен кісі өлтіруде жан күйзелу осы қылмыс үшін жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынбайды.
Қазақстан Республикасы
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;
б) айыпкердің кәмелетке толмауы;
в) жүктілік;
г) айыпкердің жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналык және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдык, зияннын орнын өз еркімен толтыру, кылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер;
е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау:
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәуелділігі себепті кылмыс жасау;
з) қажетті корғанудың кұкықтық, дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің, заңға кайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;
к) шын жүректен өкіну, айыбын мойындап келу, кылмысты ашуға, қылмысқа басқа катысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделмеген мән-жайларда жаза қолдану кезінде жеңілдетуші ретінде ескерілуі мүмкін.
3. Егер жеңілдететін мән-жай осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында қылмыс белгісі ретінде көзделген болса, ол өзінен-өзі жаза тағайындау кезінде кайталап есксріле алмайды.
4. Осы баптың бірінші бөлігінің д) және к) тармактарында көзделген жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазанын, мерзімі немесе мөлшері осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатан, түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс.
Енді осы жеңілдетілетін мән-жайлардын, ішкі мазмұнына тоқталайық;
1. Мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет онша ауыр емес кылмыс істеу. Бұл жерде іс-әрекетті жеңілдететін мән-жайға жатқызу үшін біріншіден, қылмыс тұңғыш рет істелуі, екіншіден, ол кылмыс онша ауыр емес қылмыс санатына жатқызылуы, үшіншіден, қылмыс кездейсоқ жағдайға байланысты істелуі керек. Кездейсок, жағдайда, мысалы, өте өнегелі адамның кылмыстық топқа ксздейсоқ катысып, қылмыска катысуы. Іс-әрекетті кездейсоқ жағдайға жатқызу немесе жаткызбау нақты жағдайға байланысты шешіледі.
2. Айыпкердің кәмелетке толмауы, жасы он сегізге толмай қылмыс істегенде көп жағдайда өмірлік тәжірибенін жеткіліксіздігінен, ересектердің теріс ықпал етуінен немесе үлкендерге еліктеп я болмаса баскалардан калмау мақсатымен, өзінің тентектігін көрсету аркылы істеледі. Бұл жерде бұлардын. ақылойының әлі жетіліп, қалыптаспағаны жастықтың салдарына ұстамдылық жасамай қылмыс жасайтыны еске алынып, олардың кәмелетке толмай кылмыс жасауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларға жатады. Республика Жоғарғы Сотының Пленумы қаулысында барлык соттарға жасы толмағандарға жаза тағайындағанда олардын қылмысын өте мұкият зерттеп, оларды мүмкіндігінше қоғамнан оқшауламайтын жаза түрін немесе жазаға жатпайтын тәрбиелік мәні бар шараларды кеңінен қолдану туралы бірнеше ұсыныстар берген. Жаңа Қылмыстық кодексте (VI бөлім) кәмелетке толмағандардын. кылмыстық жауаптылығы жеке берілген.
3. Жүкті әйелдің қылмыс істеуі. Қылмыстық заң адамгершілік принципін басшылыққа ала отырып, ана мен баланың мүддесін қорғайды. Жүкті әйелдін істеген қылмысын жауаптылықты жеңіддететін мән-жайларға жаткызу-осының, айғағы. Жүкті күйдегі әйелде психологиялык, физиологиялык өзгерістер болады. Осыған байланысты мұндай жағдайда олардың өзін-өзі ұстауы кеміп, ашуланшак., міншіл, кінәмшіл күйде болады. Көрсетілген жағдайларда жүкті әйелдер өзін-өзі ұстауы кеміп, кылмыс жасайды. Олардың бұл әрекеті жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.
4. Айыпкердің жас балалары болуы.
Жас балалар деп жасы он төртке толмағандар саналады. Егер айыпкердің жасы 14-ке толмаған бір баласының болуының өзі оған жеңілдік көрсетуге негіз болады. 14-ке толмаған басқа біреудің баласымен бірге тұру қылмыс істегенге айыпты адамға осы тұрғыдағы жеңілдікті колдануға негіз бола алмайды.
5. Қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, кылмыс пен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер.
Мұнда кінәлі істеген қылмысының зардабын қылмысты істегеннен кейін өз еркімен болғызбайды, мысалы, абайсызда адамды қағып кеткен жүргізуші жәбірленушіні дер кезінде ауруханаға жеткізіп,өлімнен алып қалады, осы көмектің арқасында қылмыстың зардабының кісінің қазаға ұшырауының болғызылмай қалуын айтамыз. Келтірілген зиянның есесін өз еркімен толтыру деп кінәлінің. жәбірленушіге немесе занды ұйымга өз қатесін түсініп, ерікті түрде келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянның орнын толтыруы. Мысалы, ұрланған заттың өзін немесе оның құнын төлеуі, жәбірленушіні корлаған жағдайда одан кешірім сұрауы. Келтірілген зиянды жою дегеніміз кінәлі адамның өзі істеген қылмыстың зардабын өз күшімен бұрынғы қалпына келтіруі, мысалы, біреудің мүлкін қиратса, оны дәл бұрынғы қалпына келтіріп жөндеп беру, жәбірленушіге дене жаракатын түсіргенде оны емдетіп, соған қажетгі шығынды өтеу сиякты әрекетгер жасау. Егер осы жоғарыда айтылған кылмыстың зиянды әрекеттері кінәлінің еркінен тыс, тергеу, сот арқылы одан күшпен өндірілген жағдайда, онда бұлар жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып есептелмейді.
6. Қылмысты адамның жеке басына, отбасына өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан істеу.
Кейбір кездерде ұстамсыз адамдар үшін осындай жағдайлар қылмыс жасау үшін жеткілікті болады. Жеке басына, отбасына және баска да себептермен қылмыс істеу әр түрлі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Олар кінәлінің өзінің, туысының ауыр науқаспен ауыруы, материалдык, жетіспеушілікке, жүмысындағы, отбасындағы ауыр жағдайға, отбасы мүшелерінің бимо-ральдық тәртібіне, тұрғын ұйдегі қолайсыз жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Жазаны жеңілдететін мән-жайларға қызметіне, окуына байланысты жәйттар, жалақысының азаюы, жұмыстан шығарылуы, төмен ақы төлейтін жұмысқа ауыстырылуы сиякты мәселелері де жатады. Жеке басына, отбасына және басқа ауыр жағдайлардың кездесуіне байланысты қылмыс жасау — кінәлінің қылмысты мінез-құлкының пайда болуын тікелей қоздырса немесе себепші болса ғана жеңілдететін мән-жайларға жатады. Сондыктан да мас болып, ауыр материалдык жағдайды сылтау етіп, ұрлық жасау жауаптылықты женілдететің мән-жайға жатпайды. Жеке басына, отбасына немесе баскд да ауыр жағдайлардың кездесуінен қылмыс істеу кінәлі адамдар үшін кездейсок, олардың тарапынан зұлымдық ниеттердің жоқтығын көрсеткен жағдайда, әлгіндей жағдайлар олардың басына тумаса, олардың қылмыс істейтін адамдар емес екендігін танытады.
7. Қылмысты күштеп немесе
Осы жағдайлардың жауаптылықты
жекілдетудің қатарына
Баска жағынан тәуелді болу деп қызмет жөнінен, некелік, отбасылык, туыстык жағынан болатын тәуелділіктер айтылады.
8. Қажетті қорғанудың дұрыстығының. шартын бұзу (аса мәжбүрлі) қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, орынды тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау.
Қылмысты кажетті қорғану шебінен асса да, коғамға кауіпті қиянаттан қорғану үстінде істеу. Мұндай жағдайда қылмыс істеу жауаптылықты жоймайды, бірақ жеңілдететін жағдайға жатады. Себебі кінәлі қоғамға, жеке адамға, тағы да басқа заң қорғайтын мүддеге қылмыстық қол сұғушылык болмаса, мұндай қылмысты істемеген болар еді. Қорғаңу шегінсн асса да, ол аса кауіпті емес қылмысты қоғамға қауіпті киянаттан қорғану үстінде істейді. Қорғану шегінен асқанға дейін оның мұндай әрекеті қоғамға пайдалы әрекет болып танылады. Қылмыстык, кодекстің 99, 109-баптарында көрсетілгең қажетті қорғану шегінен шығып, кісі өлтіру және денегс ауыр жарақат салу, осы қылмыстардың аса кауіпті емес тұрін сипаттайды.
Қазақстан Республикасы жаңа
Қылмыстық кодексінде қылмысты
мәжбурлік кажеттіліктен,
Қылмыс істеген адамды ұстау
— қоғамға пайдалы кылмысқа
қарсы күрес жүргізудегі
Мұндай шарттарға мыналар жатады:
— Проблеманы алдын ала теориялық жағынан терең зертгеу және талқылау;