Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 12:58, реферат
Қазіргі әлемдегі нарықтық қатынастардың жаппай жаһандану кезеңінде «бәсекеқабілеттілік» термини шаруашылық субъектілер үшін маңызды болып отыр. Себебі бәсекеқабілеттілік, дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. «Бәсекеқабілеттілік» дегеніміз, тауарлар мен қызметтердің (сала, кәсіпорын, аймақ, мемлекет және т.б.) аталған нарықта немесе әлемдік нарықта өз позициясын мүмкіндігінше ұзақ сақтап қалу және бәсекелесе алу артықшылығы немесе мүмкіндігі.
Бәсекелік күресті алғаш толықтай теориялық тұрғыда ХVIII ғасырдың ортасынан бастап ғана классикалық саяси экономияның ғалымдары қарастыра бастады.
Туристік өнімнің
Қазіргі әлемдегі нарықтық қатынастардың жаппай жаһандану кезеңінде «бәсекеқабілеттілік» термини шаруашылық субъектілер үшін маңызды болып отыр. Себебі бәсекеқабілеттілік, дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. «Бәсекеқабілеттілік» дегеніміз, тауарлар мен қызметтердің (сала, кәсіпорын, аймақ, мемлекет және т.б.) аталған нарықта немесе әлемдік нарықта өз позициясын мүмкіндігінше ұзақ сақтап қалу және бәсекелесе алу артықшылығы немесе мүмкіндігі.
Бәсекелік күресті алғаш толықтай теориялық тұрғыда ХVIII ғасырдың ортасынан бастап ғана классикалық саяси экономияның ғалымдары қарастыра бастады. Сол кезден бүгінгі таңға дейін ғалымдар «бәс
екеқабілеттілік» терминіне әртүрлі анықтамалар беріп келуде. Олардың кейбірі төмендегі кестеде келтіріліп отыр (кесте 1).
Кесте 1– «Бәсекеқабілеттілік» түсінігіне берілген анықтамалар
№ |
Анықтама авторы |
Анықтама мазмұны |
М. Эрлих, Дж. Хайн |
Бәсекеқабілеттілік – бұл мемлекеттің немесе фирманың өз тауарларын (қызмет) сата білу мүмкіндігі. | |
Р.А. Фатхутдинов |
| |
М. Портер |
Бәсекеқабілеттілік – бұл тауардың, қызметтің, нарықтық қатынастар субъектісінің нарықтағы ұқсас, алмастырушы бәсекелес тауарлар мен қызметтермен қатар болуы. | |
А.Б. Баринов |
Бәсекеқабілеттілік – бұл объектінің элементтерінің бәсекеқабілеттілігі және олардың мақсатқа жетудегі ұйымдастырушылық қабілеті. | |
Л.П. Кураков |
Бәсекеқабілеттілік – тауардың бәсекелес тауарға қарағанда қажеттілікті қанағаттандыру және оған кететін шығындардың деңгейімен ерекшеленуі. | |
Н.С. Яшин |
Бәсекеқабілеттілік – бұл объектінің нарықтық бәсеке жағдайына бейімделе білу қарқыны мен мүмкіндігі. | |
* Ескерту - автор [1],[2],[3],[4],[5] әдебиет материалдары негізінде дайындаған |
Бүгінгі таңда экономикада бәсекеқабілеттілік ұғымы әртүрлі деңгейдегі объектілерді бағалауда қолданылады:
Мемлекеттің бәсекеқабілеттілігі – елдің дүниежүзілік нарықтар талаптарына жауап беретін және ЖІӨ өсімінің тұрақты қарқынын қамтамасыз ететін жылдамдықпен мемлекеттік ресурстарды жетілдіру жағдайларын құру, тауарлар мен қызметтер өндіру қабілеті.
Аймақтың бәсекеқабілеттілігі – ЖІӨ өсімінің тұрақты қарқынын қамтамасыз ететін жылдамдықпен мемлекеттік ресурстарды жетілдіру жағдайларын құру, ішкі және әлемдік нарықтар талаптарына жауап беретін аймақтың тауарлар мен қызметтерді өндіру қабілеті және әлемдік баға деңгейінде халық өмірінің сапасы.
Саланың бәсекеқабілеттілігі – ішкі және әлемдік нарықтар талаптарына жауап беретін тауарлар мен қызметтерді өндіру және саланың базалық макротехнологиялық (жоғары қосылған құнмен, қайта өңдеудің тереңдігінің жоғары деңгейімен, жоғары ғылыми-техникалық потенциялымен өндірісті ұйымдастыру) негізінде кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігінің потенциялының өсуі жағдайын жасау қабілеті.
Саладағы бәсекені басқаратын күштердің М. Портер ұсынған үлгісі 4 факторды қарастырады (1 сурет):
Сурет 1 – М. Портер бойынша саладағы бәсекені басқаратын күштер
Кәсіпорын бәсекеқабілеттілігі – ол үш деңгейде қарастырылуы мүмкін:
«Бәсекеге қабілеттілік» түсінігінің иерархиясында базалық көрсеткіш ретінде «өнімнің бәсекеқабілеттілігі» табылады, ол тауарлардың әр түрлеріне (өндірістік-техникалық тағайындалуларға, тұтынушылық тағайындауларға, қызметтерге, ақпараттарға т.б.) байланысты көрінуі мүмкін. Өнімді өндірушілер ретінде кәсіпорындар, салалар, аймақтар, мемлекеттер болуы мүмкін, олар бәсекелік күреске тұтынушылар, нарықтар (тауарлық, салалық, территориялық); өндіріс факторлары (табиғи-шикізаттық, өндіріс-технологиялық, еңбектік, қаржылық ресурстар); инвестиция атынан түседі.
Өнімнің бәсекеқабілеттілігі – бұл бәсекелестермен салыстырғанда, қарастырылып отырған уақытта нақты нарықтың талаптарына жауап бере алу артықшылығы. Аталған түсініктемеде 3 мәселе айқындалған: 1) кеңістік – нақты нарық (мемлекет, нарық сегменті); 2) кезең – уақыттың нақты мерзімі; 3) салыстыруда анықталуы (нақты бәсекелес) [1].
Өнімнің бәсекеқабілеттілігін бағалауда нарықтың қарама-қарсы екі тарапы (субъектілері) деңгейінде қарастырылуы мүмкін (кесте 2):
Кесте 2 – Өнімнің бәсекеқабілеттілігін бағалау үрдісіндегі мақсаттар мен құралдардың қарама-қарсылық матрицасы
Субъектілер |
Бәсекеқабілеттілік факторы | |
Сапа |
Баға | |
Өндіруші |
1. Өнімді өндіру сапасы (құрал) |
3. Өнімді өндіруге кеткен |
Тұтынушы |
2. Өнім сапасы (мақсат) |
4. Өнімді пайдалануға кеткен шығындар (құрал) |
Жоғарыдағы матрицадан көріп отырғанымыздай, өндіруші үшін өнімнің пайдалылығы оны өндіруге кеткен шығындардың неғұрлым төмен болуымен бағаланады. Ал, тұтынушы үшін өнімнің пайдалылығы өнімнің сапалылығымен бағаланады. Сондықтан да, нарықтың екі субъектісі үшін де өнім (қызмет) бұл – өндірушінің де, тұтынушының да қажеттілігін қанағаттандыратын пайдалы көрсеткіштердің кешені болып табылады.
Өнім мен қызметтің бәсекеқабілеттілігін анықтаудың бірнеше көрсеткіштері бар (сурет 2):
Бәсекеқабілеттілік көрсеткіштері |
Сурет 2 – Өнім мен қызметтің бәсекеқабілеттілігін анықтау көрсеткіштері
Жоғарыдағы суреттен көріп отырған көрсеткіштердің саны мен түрлілігі зерттеліп отырған нарық объектісіне байланысты болады. Мысалы, 2004 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның (БЭФ) әдіснамасы бойынша елдердің жаһандық бәсекеқабілеттілігін анықтауда 12 көрсеткіш қолданылады. 2010 – 2011 жылғы осы рейтинг бойынша Қазақстан 139 мемлекеттің ішінде 72 орында (6 баллдық шкала бойынша 4,12 балл) (кесте 3):
Кесте 3– Бүкіләлемдік Экономикалық Форумның (WEF) әдіснамасы бойынша елдердің жаһандық бәсекеқабілеттілігінің рейтингі
Мемлекет |
2010-2011 жж. Рейтинг |
Балл |
2009 – 2010 жж. Рейтинг |
Швейцария |
1 |
5,63 |
1 |
Швеция |
2 |
5,56 |
4 |
АҚШ |
4 |
5,43 |
2 |
Германия |
5 |
5,39 |
7 |
Жапония |
6 |
5,37 |
8 |
Франция |
15 |
5,13 |
16 |
БАӘ |
25 |
4,89 |
23 |
Қытай |
27 |
4,84 |
29 |
Ресей |
63 |
4,24 |
63 |
Қазақстан |
72 |
4,12 |
67 |
Египет |
81 |
4,00 |
70 |
Греция |
83 |
3,99 |
71 |
Қырғызстан |
121 |
3,49 |
123 |
Чад |
139 |
2,73 |
131 |
БЭФ елдердің жаһандық бәсекеқабілеттілігін анықтауда қолданылған көрсеткіштер тізімі: Институттар сапасы, Инфрақұрылым,Макроэкономикалық тұрақтылық, Денсаулық және бастапқы білім, Жоғарғы білім және кәсіби дайындық, Инновациялық әлеует,Тауарлар мен қызметтердің тиімділігі, Еңбек нарығының тиімділігі, Қаржылық нарықтың даму деңгейі, Технологияның даму деңгейі, Ішкі нарықтың көлемі, Компаниялардың бәсекеқабілеттілігі.
Бүкіләлемдік Туристік Ұйымы жоғарыдағы суреттегі көрсеткіштер бойынша (2009 жылғы дерек бойынша) әлемнің 133 мемлекетін туризм және саяхат саласындағы бәсекеге қабілеттілігін анықтап талдау жүргізеді. Жалпы дүниежүзі бойынша елдерді БТҰ 5 негізгі аймаққа бөліп қарастырады:
Ал, 1975 жылы Мадридте құрылған Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның (UNWTO) мемлекеттерді туризм және саяхат саласындағы бәсеке қабілеттілігін анықтау әдіснамасында 14 негізгі фактор қарастырылады, оны басты 3 субиндекске топтастырады (сурет 3):
Сурет 3 – БТҰ (UNWTO) бойынша Туризм және саяхат саласының бәсеке қабілеттілік индексі
Қазақстан Бүкіләлемдік Туристік Ұйымға 1993 жылы мүше болып кірген болатын. Осы мерзімнен бастап, Қазақстанның әлімдік қызмет нарығындағы бәсекеқабілеттілігі сараланып келеді. Ұйымның жүргізген зерттеулерінің 2008, 2009 жылдардағы нәтижесінің салыстырмалы көрсеткіштерін төмендегі кестеде көрстетілген:
Кесте 4 – Бүкіләлемдік Туристік Ұйым бойынша Туризм және саяхат саласындағы елдердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері
Мемлекет |
2009 жыл |
2008 жыл | |
Ранг 133 мемлекет |
Балл |
Ранг 130 мемлекет | |
Швейцария |
1 |
5,68 |
1 |
Австрия |
2 |
5,46 |
2 |
Германия |
3 |
5,41 |
3 |
Франция |
4 |
5,34 |
10 |
Канада |
5 |
5,32 |
9 |
Түркия |
56 |
4,20 |
54 |
Ресей |
59 |
4,14 |
64 |
Қазақстан |
92 |
3,65 |
91 |
Қырғызстан |
106 |
3,45 |
113 |
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, 2008 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстан 91 орында болса, 2009 жылғы бағалауда Қазақстан бір орынға шегініп 92 орынды иеленген, себебі мемлекеттің бәсекеқабілеттілігін зерттеуге қатысқан елдердің санының өсуіне байланысты (130 мемлекеттен 133 мемлекетке артуы).
Мемлекеттің туристік саладағы бәскеқабілеттілігін бағалаудың интегралдық әдісі
Мемлекеттің туристік саладағы бәсекеқабілеттілігін бағалау – интегралдық көрсеткіштер әдісімен есептеледі, ол бір-бірімен тығыз байланыстағы екі бағалаудан тұрады:
0-ші деңгей 1-ші деңгей 2-ші деңгей
Сурет 17 –Мемлекеттің туристік саладағы бәскеқабілеттілігін бағалау моделі
* Ескерту - автор [5], [6] әдебиет көзі негізінде құрастырған
Мемлекеттің туристік саладағы бәскеқабілеттілігін бағалаудың интегралдық әдісі келесі формула бойынша анықталады:
Б = λ1 * ТөБ + λ2 * ТсБ (1)
Мұндағы:
ТөБ – туристік өнім бәсекеқабілеттілігінің кешендік көрсеткіші;
ТсБ – туристік саланың бәсекеқабілеттілігінің кешендік көрсеткіші
λ1, λ2 – факторлардың маңыздылық (құндылығы) коэффиценті (λ1 + λ2 =1)
Мемлекеттің туристік саладағы
бәскеқабілеттілігінің
Туристік өнім бәсекеқабілеттілігінің көрсеткіші (ТөБ) және туристік саланың бәсекеқабілеттілігінің көрсеткіштері (ТсБ) кешенді көрсеткіштер болып табылады, олар өз кезегінде екінші деңгейдегі факторларға тәуелді: туристік өнім бағасы, қызмет көрсету сапасы, туристік саланы мемлекеттік реттеу, туристік салаға инвестиция түсімі, туристік сала маркетингі, туристік сала мамандарының кәсіби біліктілігі, туристік инфрақұрылымның даму деңгейі.
Жоғарыдағы тарауды қорытындылай келе, туристік өнім түсінігінің кең ауқымды екендігі және туристік өнімнің бәсекеқабілеттілігінің көрсеткіштері мен әдістері әліде болса толық зерттелмегендігін, сондықтанда қызмет тұрғысындағы туризмнің бәсекеқабілеттілігін зерттеудің маңыздылығын ашып көрсетуге болады.
Информация о работе Туристік өнімнің бәсеке қабілеттілігі,түсінігі және оны есептеу әдістері